Тендірлік құжаттама дезинфекциялау құралдарын сатып алу үшін



жүктеу 455.65 Kb.
бет1/2
Дата14.03.2018
өлшемі455.65 Kb.
  1   2

«БЕКІТЕМІН»
"Семей қаласының № 5 емханасы" ШЖҚ КМК кәсіпорн бас дәрігері________________Жумагельдина З.Т.

Приказ № 142-л от «16» марта 2017 года



Тендірлік құжаттама

дезинфекциялау құралдарын сатып алу үшін
Тендірлік құжаттама дезинфекциялау құралдарын сатып алу үшін (әрі қарай – Тендірлік құжаттама) "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысы және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2017 жылдың 18 қаңтардағы №20 бұйрығы негізінде жобаланған.
Тапсырыс берушінің атауы және / тендерлік (сатып алу) ұйымдастырушының мекен-жайы:

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Семей қаласының № 5 емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, заңды мекен-жайы: 071402, ШҚО, Семей қ., ул. Қабанбай батыр көшесі, 79; нақты мекен-жайы: 071402, ШҚО, Семей қ., ул. Қабанбай батыр көшесі, 79; БСН: 080 540 020 175; ЖСК KZ62826F1KZTD2002140; Банк: филиал АҚ «АТФ Банк» Семей қ., БСК: ALMNKZKA; КБЕ: 16.
Жарияланаты ақпаратты орналастыруға жоспарланып отырған интернет-ресурстың электрондық пошта мекенжайы: www.poliklinika-5.kz


  1. Тендерлік құжаттаманың құрамы, Әлеуеттi өнім берушi сәйкестігін растау, оның ұсынылуы тиіс құжаттар тізбесі:


1.1. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары:

К потенциальным поставщикам товаров предъявляются следующиеквалификационные требования:

Тауарлардың әлеуетті өнім берушілеріне мынадай біліктілік талаптары қойылады:

1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекет қабілеттілігінің болуы (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);

2) Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы (бұл талап өндірушілерге қолданылмайды);

3) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары және (немесе) жарналары бойынша берешегінің болмауы;

4) банкроттық не таратылу рәсімдеріне жатпауы;

5) жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесінде болмауы;

6) рұқсат беру органдары лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асыратын қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыруға жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға рұқсатының болуы.

Әлеуетті өнім берушінің бірлесіп орындаушысы осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келеді.


1.2. Дәрі-дәрмектерге, медициналық мақсаттағы бұйымдарға, Ережеде белгіленген сатып алуда қойылатын талаптар:
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған сатып алынатын және босатылатын (фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде) дәрілік заттарға, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға мынадай талаптар қойылады:

1) Кодекстің ережесіне және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды тіркеудің болуы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен дәріханаларда дайындалған дәрілік препараттарды, орфандық препараттарды, тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қоспағанда, Кодекс ережелеріне сәйкес және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қорытындысының (рұқсат беру құжатының) болуы, бұл ретте тіркеу тіркеуді растайтын қолданыстағы құжаттың көшірмесімен немесе сараптама ұйымының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылатын Мемлекеттік тізілімнің ақпараттық ресурсынан алынған үзінді көшірмемен не Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және қолдануға уәкілетті органның рұқсатының нотариат куәландырған көшірмесімен расталады.

Тіркеу қажеттілігінің болмауы дәріханаларда дайындалған дәрілік препараттарды қоспағанда, сараптама ұйымының немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хатымен расталады.

Дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды әкелу және (немесе) өндіру кезінде тіркелгенін растайтын құжаттың қолданылу мерзімі өткенге дейін мәлімделген санының, жарамдылық мерзімінің және осы Қағидаларда көзделген оларды сақтау тәртібінің болуын растайтын құжаттарды ұсыну қажет;

2) дәрілік заттар, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар уәкілетті орган бекіткен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау қағидаларына сәйкес олардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда сақталады және тасымалданады;

3) дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың таңбалануы, тұтыну қаптамасы және қолдану жөніндегі нұсқаулықтары Кодекстің талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес келеді;

4) тапсырыс берушіге өнім берушінің жеткізу күніне дәрілік заттардың, профилактикалық препараттардың (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) және медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарамдылық мерзімі:

қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде елу пайызды (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);

қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде он екі айды (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;

5) бірыңғай дистрибьюторге өнім берушінің жеткізу күніне дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарамдылық мерзімі:

қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде алпыс пайызды (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);

қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінен кемінде он төрт айды (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;

6) биосимилярлардың сараптама ұйымы растаған бірегей биологиялық дәрілік препараттың салыстырмалы зерттеулерінде олардың сапасы, қауіпсіздігі, тиімділігі және иммундық-гендік ұқсастығын және (немесе) сәйкестігін растайтын деректері болуға тиіс;

7) орфандық дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тіркелген бағаларының болуы.


1.3. Требования к оформлению тендерной заявки:

1) Тендерлік өтінім негізгі бөліктен, техникалық бөліктен және кепілдікті қамтамасыз етуден тұрады. Бірлесіп орындаушы тартылған жағдайда әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімге рұқсат беру органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асыратын қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыруға бірлесіп орындаушының құқығын растайтын рұқсатты да, әлеуетті өнім беруші мен ол тартып отырған бірлесіп орындаушы арасында жасалған шартты да ұсынады.

2) Тендерлік өтінім тігілген және нөмірленген түрде ұсынылады, соңғы беті қол қойылып куәландырылады. Тендерлік өтінімнің техникалық ерекшелігі және сатып алудың кепілдікті қамтамасыз ету түпнұсқасы тендерлік өтінімге жеке қоса беріледі және тендерлік өтініммен бір конвертке салынып жабылады. Техникалық ерекшелік тігілген және нөмірленген түрде ұсынылады, оның соңғы беті заңды тұлғаның уәкілетті адамының немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның қолымен куәландырылуға тиіс.

3) Тендерлік өтінім басылып шығарылады не өшірілмейтін сиямен жазылады және оған әлеуетті өнім беруші қолы қояды. Грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болатын жағдайларды қоспағанда, тендерлік өтінімнің мәтініне жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

4) Әлеуетті өнім берушінің атауы мен заңды мекенжайы көрсетілетін тендерлік өтінім конвертке салынады. Конверт тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының тендерлік құжаттамасында көрсетілген мекенжайы бойынша жіберілуге тиіс және мынадай жазулар болуы тиіс: "________сатып алу жөніндегі тендер (тендердің атауы көрсетіледі)" және "________ дейін ашпаңыз" (тендерлік құжаттамада көрсетілген конверттерді ашу күні мен уақыты көрсетіледі)".
1.4. Тендерге қатысуға ниет бiлдiрген әлеуетті жеткізушінің тендерлік өтінімі қамтуы тиіс:

1) тендерге қатысуға өтінім 2 қосымша бойынша. Электрондық жеткізгіште 3 Қосымща бойынша өтінімге қоса берілетін құжаттар тізімдемесі ұсынылады;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;

3) заңды тұлға үшін жарғының көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, сондай-ақ құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді немесе құрылтай шартының көшірмесі немесе хабарландыру күнінен кейін жұмыс істеп тұрған акцияларды ұстаушылардың тізілімінен үзінді ұсынылады);

4) заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін тиісті мемлекеттік орган берген құжаттың көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері;

5) рұқсаттардың (хабарламалардың) не мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жолданған) электрондық құжат түріндегі рұқсаттардың (хабарламалардың) көшірмелері. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жолданған) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;

6) конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салықтық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

7) конверттерді ашу күнінің алдында бір айдан ерте емес берілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше банктің немесе шетел банкінің клиенті болып табылса, онда әлеуетті өнім берушінің шетелде орналасқан филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда, осындай банктердің әрқайсысынан анықтама ұсынылады) әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстанның даму банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарына сәйкес үш айдан астам созылатын міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқ екендігі туралы әлеуетті өнім беруші қызмет алатын банктің қол қойылған анықтамасының түпнұсқасы;

8) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тендірлік құжаттың 5 Қосымша нысан бойынша біліктілік туралы мәліметтер;

9) егер әлеуетті өнім беруші басым құқыққа үміткер болса, тиісті өндірістік практика талаптарына (GMP) немесе халықаралық стандартқа (дәрілік заттарды сатып алу үшін) және (немесе) тиісті дистрибьюторлық практика (дәрілік заттарды сатып алу үшін) (GDP) және тиісті дистрибьюторлық практика (GPP) талаптарына объектінің сәйкестігі туралы сертификаттың көшірмесі (фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін);

10) егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасында салық төлеуші ретінде тіркелмесе, онда оларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органының осы әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының бейрезиденті және салықтық есепте тұрмайтыны туралы хаттың түпнұсқасын немесе көшірмесін ұсынады;

11) әлеуметті өнім беруші мәлімдеген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың және (немесе) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің, қосалқы көрсетілетін қызметтердің бағасын қоса алғандағы соңғы бағасы қалыптасатын, әлеуетті өнім берушінің нақты шығындарын қамтитын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша әлеуетті өнім беруші мәлімдеген бағалар кестесі;

12) қосалқы көрсетілетін қызметтер;

13) тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;

14) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау үшін жағдайлардың болуын тексеру актісінің, қажет болған кезде "салқындату тізбегінің" болуы туралы санитариялық-эпидемиологиялық зерттеу актісінің көшірмесін (актілер өтінімдері бар конверттер ашылған күнге дейін бір жылдан кешіктірілмей берілуге тиіс). Әлеуетті өнім беруші тиісті дистрибьюторлық практика сертификатын (GDP) ұсынған жағдайда жоғарыда көрсетілген актілер ұсынылмайды;

15) тендерлік құжаттамада көзделген басқа да құжаттар.

Тендерлік өтінімнің техникалық бөлігі мыналарды қамтиды:

1) мәлімделген тауардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің нақты техникалық сипаттамалары көрсетілген қағаз жеткізгіштегі техникалық ерекшелік (медициналық техниканы мәлімдеген кезде *doc форматында электрондық жеткізгіште де);


2) осы Қағидалардың талаптарына және тендерлік құжаттамаға ұсынылатын тауарлардың және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растайтын құжаттар.
1.5. Өтiнiмдi қамтамасыз ету кепілдігін төлеу тәртібі, формасы және уақыты:

1) Әлеуетті өнім беруші тендерлік өтініммен бірге тауарларды сатып алу үшін бөлінген сомадан бір пайыз мөлшерінде кепілдікті қамтамасыз етуді енгізеді.

2) Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету (бұдан әрі – кепілдікті қамтамасыз ету) мынадай:

- тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына:

ИИК KZ62826F1KZTD2002140; Банк: филиал АО «АТФ Банк» г. Семей, БИК: ALMNKZKA; КБЕ: 16;



- банк кепілдігі Тендрлік құжаттаманың 7 Қосымшасына сәйкес ұсынылады.

3) Кепілдікті қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімінен кем болмайды.

4) Кепілдікті қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушіге бес жұмыс күні ішінде мынадай жағдайларда қайтарылады:

1) тендерлік өтінімнің мерзімі өткен (тендер жеңімпазының тендерлік өтінімін қоспағанда);

2) тендерлік өтінімді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін әлеуетті өнім беруші оны қайтарып алғанда;

3) тендерлік құжаттаманың ережелеріне сәйкес келмеу негіздемесі бойынша тендерлік өтінім қабылданбағанда;

4) басқа әлеуетті өнім беруші тендердің жеңімпазы деп танылғанда;

5) тендердің жеңімпазын айқындаусыз сатып алу рәсімдері тоқтатылғанда;

6) сатып алу шарты күшіне енгенде және сатып алу шартын орындауды кепілдікті қамтамасыз етуді тендер жеңімпазы енгізгенде.

5) Кепілдікті қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушіге, егер ол:

1) тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алса немесе өзгертсе;

2) тендердің жеңімпазы деп танылғаннан кейін жеңімпаз сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге шарт жасаудан жалтарса;

3) жеңімпаз болып танылса және сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге шартты кепілдікті қамтамасыз етуді енгізбесе не уақтылы енгізбесе қайтарылмайды.


    1. Тендрлік өтінім қай тілде болуы, сатып алу шарт талаптары:

Тендрге қатысу өтінімі орыс тілінде, бірақ басқа да тілдегі болуы мүмкін, егер нотариальді аудармасы орыс тілінде. Тілдер жайлы мағлұматтар тендірлік құжаттаманың 8 к Қосымшасында келтірілген.
2. Әлеуетті өнім берушінің тендірлік өтінімді қайтарып алу мүмкіндігі:

1) Әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін оны жазбаша түрде қайтарады.

2) Не допускается внесение изменений в тендерные заявки после истечения срока представления тендерных заявок.
3. Әлеуетті өнім берушілердің тендерлік құжаттаманың мазмұны бойынша түсініктеме алу үшін жүгіну, қажет болған кезде олармен кездесу өткізу тәртібінің нысандары:

1) Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде тапсырыс берушіге, сатып алуды ұйымдастырушыға тендерлік құжаттама бойынша жүгіне алады, оған тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы сұратуды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей сұрату авторын көрсетпей, сұрату түскен күніне тендерлік құжаттама алған барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберілетін түсініктеме береді.

2) Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы қажеттілігіне қарай өзінің жеке бастамасымен немесе әлеуетті өнім берушілердің сұратуына жауапқа тендерлік құжаттамаға өзгерістер енгізеді, бұл туралы тендерлік өтінімдер берген немесе тендерлік құжаттаманы алған барлық әлеуетті өнім берушілерге дереу хабарланады. Бұл ретте тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік бес күнге ұзартылады.

3) Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы қажеттілігіне қарай белгілі бір жерде және белгілі бір уақытта тендерлік құжаттамада айқындалған тендер шарттарын түсіндіру үшін әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізеді, бұл туралы кездесудің барысы және мазмұны туралы мәліметтерді қамтитын хаттама жасалады, ол тендерлік өтінімдер ұсынған немесе тендерлік құжаттама алған барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.


4. Тендрлік өтінімдерді қабылдау орны, уақыты және өтінімдердің қолданылу мерзімі

4.1. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін тендерлік құжаттама ережелеріне сәйкес жасалған тендерлік өтінімді мөрленген түрде 071402, ШҚО, Семей қ., Қабанбай батыр көшесі, 79, есеп бөлімі (2 қабат), өтінімдерді қабылдап, тіркеуге жауапты тұлға: Апишева Айжан Мырзагалиевна, сағат 12/00 5 сәуір 2017 жыл ұсынады.

4.2. Тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы күнінен бастап есептелетін кемінде күнтізбелік қырық бес күнді құрайды. Қолданылуы мерзімі ең қысқа тендерлік өтінім қабылданбауы тиіс.

4.3. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін түскен тендерлік өтінім ашылмайды және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.


5. Техникалық сипаттамалар қоса алғанда, тауарларды Техникалық және сапалық сипаттамалары, тендірлік құжаттаманың 1 Қосымшасында келтірілген.
6. Сатылып алынатын тауардың көлемі, соммасы, тендірлік құжаттаманың 1 Қосымшасында келтірілген.
7. Тауарды жеткізу орны және басқада жеткізу шарттары тендрлік құжаттаманың 1 Қосымшасында келтірілген, жеткізілу: 071402, ҚР, ШҚО, Семей қ., Қабанбай батыр көшесі, 79 (д

Место, сроки и другие условия поставки товара: согласно сроков поставки, указанных в Приложении 1 к настоящей Тендерной документации, по адресам: 071402, РК, ВКО, г. Семей, ул. Кабанбай батыра,79 (дәрі дәрмек қоймасы).
8. Төлем шарттары және сатып алу келісім шарт жобасы Тендрлік құжаттамның 8 Қосымшасында келтірілген.
9. Тендрлік өтілімде көрсетілген валюталар, бірыңғай сатып алу эвивалент бағасы көрсетілген:

Тендрге қатысушы Қазақстан Республикасының резиденті болған жағдайда оның тендірлік өтінім бағасы – теңге. Егер Қазақстан Республикасының резиденті емес болаған жағдайда тендірілк өтінім бағасы басқа валютада болуы мүмкін.

Тендрге қатысушылардың баға ұсыныстары әр түрлі валютада болған жағдайда, ҚР-ның ортақ валютасына ауыстырылады.

10. Орны, күні, уақыты және тендрлік өтінімдер салынған конверттерді ашу процедурасы:

1) Тендрлік өтінімдер салынған конверттер 2017 жылы 5 сәуірде сағат 15/00, 071402, ШҚО, Семей қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 79, есеп бөлімі (2 қабат) ашылады.

Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері қатыса алады.



2) Конверттерді аша отырып, тендерлік комиссияның хатшысы тендерлік өтінімдер түскен әлеуетті өнім берушілердің атауы мен мекенжайын, әрбір лот бойынша мәлімденген бағаларды, жеткізу шарттары мен ақы төлеуді, тендерлік өтінімдерді қайтару тәртібін, тендерлік өтінімді құрайтын құжаттар туралы ақпаратты хабарлайды және осы мәліметтерді конверттерді ашу хаттамасына енгізеді.
11. Тендрлік өтінімдерді қарау процедурасы:

11.1. Тендерлік комиссия тендерлік өтінімдерге бағалау және салыстыруды жүзеге асырады. Тендерлік өтінімде қамтылған ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына күмәнданған жағдайда жетіспейтін құжаттарды толықтырумен не тендерлік өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстырумен байланысты комиссия әрекетін қоспағанда, комиссияға қажетті шараларды қабылдауға жол беріледі.

Әлеуетті өнім берушілердің олардың банкроттық не таратылу рәсімдеріне жатқызылмауы бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкестігін нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттық немесе таратылу рәсімдерінің жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған олардың жосықсыз әлеуетті өнім берушілерінің тізбесінде болуы бөлігінде ақпаратты қарайды, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсындағы ақпаратты қарайды.



11.2. Тендерлік комиссия мынадай жағдайларда:

1) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес тендерлік өтінімнің кепілдікті қамтамасыз етілуі ұсынылмағанда;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік көшірмелерін не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, жеке куәлік көшірмесі ұсынылмағанда;

3) жарғының көшірмесі немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзіндінің немесе акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді немесе осы Қағидаларда көзделген жағдайларда құрылтай шарты ұсынылмағанда;

4) тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлғаны құрмай, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың көшірмелері, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі ұсынылмағанда (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға үшін);

5) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде олар туралы мәліметтер расталатын Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) электрондық құжат түріндегі рұқсаттардың (хабарламалардың) көшірмелері не рұқсаттар (хабарламалар) ұсынылмаған не мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылмағанда;

6) конверттерді ашу күнінің алдында бір айдан ерте емес "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің жоғы (бары) туралы мәліметтер ұсынылмағанда;

7) тиісті мемлекеттік кірістер органының мәліметтерінде салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі туралы ақпарат болғанда (берешектің жалпы сомасында көрсетілмеген олар бойынша төлем мерзімдері өзгертілген сомаларды қоспағанда);

8) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес уақыты өткен берешектің жоқ екені туралы қол қойылған банк анықтамасының түпнұсқасы ұсынылмағанда;

9) банктің немесе банк филиалының анықтамасында осы анықтаманы беру күнінің алдындағы үш ай бойы төленбеген әлеуетті өнім берушінің міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегі болғанда;

10) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша біліктілік туралы мәліметтер ұсынылмағанда;

11) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес техникалық ерекшелік ұсынылмағанда;

12) әлеуетті өнім беруші тендерлік құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшелік ұсынғанда;

13) дәйексіз ақпарат ұсыну фактісі белгіленгенде;

14) банкроттық, таратылу рәсімі қолданылған және (немесе) жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің тізбесінде болғанда;

15) осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген талаптарға ұсынылған тауарлардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растайын құжаттар ұсынылмағанда;



16) әлеуетті өнім беруші GDP тиісті дистрибьюторлық практикасының сертификатын ұсынған жағдайды қоспағанда, дәрілік заттардың айналысы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері берген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтауға және тасымалдауға арналған жағдайлардың болуын тексеру актісінің, қажет болған кезде осы Қағидалардың 65-тармағының 14) тармақшасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық тексерудің "салқындату тізбегінің" болуы туралы актісінің көшірмесі ұсынылмағанда;

17) мәлімделген медициналық техниканың техникалық ерекшелігі тіркеу куәлігінде және (немесе) тіркеу деректерінде айқындалған техникалық сипаттамаға және (немесе) құрауыштарына сәйкес келмеген;

18) осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда осы Қағидалардың18-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;

19) осы Қағидалардың 26, 30-тармақтарында белгіленгендер;

20) егер тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі тендерлік құжаттаманың шарттарында көрсетілгенге қарағанда қысқа болса;

21) егер бағалар кестесі ұсынылмаса не қол қойылмай ұсынылған;

22) сатып алу бағасы тиісті лот бойынша сатып алу үшін бөлінген бағадан және (немесе) уәкілетті орган белгілеген шекті бағадан жоғары бағалар кестесі ұсынылған;

11.3. Егер тендер тұтастай немесе оның қандай да бір лоты өткізілмеді деп танылса, осы Қағидалардың 2-бөліміне сәйкес тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы тендердің мазмұны мен шарттарын өзгертеді және тендерді қайта өткізеді.

11.4. Тендер жеңімпазы ең төменгі баға негізінде анықталады.

11.5. Тендердің қорытындылары тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде шығарылады.

11.6. Тендердің қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілерге хабарлама және қорытынды хаттамасының көшірмелерін жіберу арқылы тендерге қатысқан әлеуетті өнім берушілерге тендер нәтижелері туралы жазбаша хабарлайды.

11.7. Тендердің қорытындылары туралы хаттама тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.


12. Отандық тауар өндірушілерді қолдау:

12.1. Егер тауарды сатып алуға отандық тауар өндіруші болып табылатын және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысса, онда сатып алу өткізілмеді деп танылады. Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор отандық тауар өндіруші болып табылатын осы әлеуетті өнім берушілерден бір көзден сатып алу тәсіліне ауысады.

12.2. Егер тауарды сатып алуға екі және одан көп әлеуетті өнім беруші қатысса, оның біреуі отандық тауар өндіруші болып табылған және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда, онда сатып алу өткізілмеді деп танылады. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор отандық тауар өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім берушілерден бір көзден сатып алу тәсіліне ауысады.

12.3. Егер тауарды сатып алуға отандық тауар өндірушілер болып табылатын және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін екі және одан көп әлеуетті өнім беруші қатысса, онда осы лот бойынша отандық тауар өндірушілер болып табылатын әлеуетті өнім берушілер ғана жіберіледі және қалған әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдері қабылданбайды.


13. Кәсіпкерлік бастаманы қолдау:

13.1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде шарттар жасау басымдығына:

1) дәрілік заттарды сатып алу кезінде тиісті өндірістік практика (GMP) және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу;

2) дәрілік заттарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тиісті дистрибьюторлық практика (GDP);

13.2. Сатып алу немесе жеткізу шартын жасауға басымдықты алу үшін әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімге дәрілік заттарды сатып алу және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарын жасау кезінде тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына объектінің сәйкестігі туралы сертификатты; тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды

13.3. Егер лотқа бір әлеуетті өнім беруші ғана қатысса немесе аукционға осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін тендерлік өтінімді және объектінің GMP немесе GDP талаптарына сәйкестігі туралы сертификатты ұсынған әлеуетті өнім беруші ғана жіберілсе, онда комиссия бұл лотты өткізілмеді деп таниды. Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор осы әлеуетті өнім берушіден бағасы бойынша оның баға ұсынысынан аспайтын бір көзден сатып алу тәсіліне ауысады.

13.4. Егер лотқа осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін тендерлік өтінімді және объектінің GMP немесе GDP талаптарына сәйкестігі туралы сертификатты ұсынған екі және одан көп әлеуетті өнім беруші қатысса, онда комиссия олардың тендерлік өтінімдерін ғана қарайды, ал басқа қатысушылардың тендерлік өтінімдерін (олар болған кезде) қабылдамайды.
14. Порядок заключения договора о закупе:

1) Сатып алу қорытындылары шығарылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютор жеңімпазға, Тендрлік құжаттамада көрсетілген 8 к Қосымша бойынша жасалған қол қойылған жеткізу шартының жобасын жібереді

2) Жеңімпаз, әлеуетті өнім беруші жеткізу шартының жобасын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қол қояды және оны тапсырыс берушіге ұсынады немесе жеткізу шартының талаптарымен келіспейтіні туралы немесе оған қол қоюдан бас тартатыны туралы жазбаша хабардар етеді

Егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші осы тармақта белгіленген мерзімдерде жеткізу шартының жобасына қол қоймаса, тапсырыс беруші жеңімпаз жеткізу шартын жасасудан жалтарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге қол қойылған жеткізу шартының жобасын жібереді. Екінші орын алған әлеуетті өнім беруші жеткізу шартының жобасына қол қояды және жеткізу шартының жобасы оған ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны тапсырыс берушіге ұсынады.

.

3) Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, жеткізу шарты оған тараптар қол қойған кезден бастап күшіне енеді.



4) Жеңімпаз деп танылған не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларда белгіленген мерзімдерде тапсырыс берушіге қол қойылған жеткізу шартын немесе жеткізу шартын жасасқанымен, шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда, онда мұндай әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарды деп танылады және осы Қағидаларға сәйкес тендер өткізу тәртібіне сәйкес қайтадан конкурс өткізіледі.

5) Жеткізу шартына өнім берушіні таңдауға негіз болып табылған ұсыныстың мазмұнын өзгертуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді және (немесе) жаңа шарттарды (бағаны, көлемді азайтуды қоспағанда) енгізуге, оның ішінде жеткізу шартында көрсетілген тауардың саудалық атауын басқа тауардың саудалық атауымен алмастыруға (техникалық сипаттамасы мен сапасы өзгермеген кезде) жол берілмейді.

6) Сапаның және өнім берушіні таңдауға негіз болған басқа да шарттардың өзгермеуі жағдайында жасалған жеткізу шартына:

1) тараптардың өзара келісімі бойынша тауарлардың бағаларын және тиісінше шарттың бағасын азайту бөлігінде;

2) тауарлардың көлемін өзгерту бөлігінде өзгерістер енгізуге жол беріледі.

7) Тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының сатып алу туралы, фармацевтикалық қызмет көрсету туралы шартқа қол қойылғанға дейін тауардың не фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасын азайту мақсатында тендер жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім берушімен келіссөздер жүргізуіне жол беріледі. Әлеуетті өнім беруші өзінің қалауы бойынша тауардың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасын азайтуға келісетіні немесе келіспейтіні туралы шешім қабылдайды, ол тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының тендер жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім берушімен шартқа қол қоюдан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.



15. Шарттың орындалуын кепілдікті қамтамасыз ету

15.1 Кепілдікті қамтамасыз ету сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартының бағасының үш пайызын құрайды және ол:

1) тапсырыс берушіге қызмет көрсетілетін банкке салынатын ақшалай қаражат түріндегі кепілді жарна;

2) Тендрлік құдаттың 10 к Қосымшасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілген банк кепілдемесі түрінде ұсынылады.

15.2. Ақшалай қаражатты кепілді жарна түрінде кепілдікті қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің тиісті шотына енгізеді.

15.3. Егер сатып алу шартының бағасы тиісті қаржы жылына арналған айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспаса, кепілдікті қамтамасыз ету енгізілмейді.

15.4. Сатып алу шартының немесе орындалуын кепілдікті қамтамасыз етуді өнім беруші, егер өзі өзгешені көздемесе, күшіне енген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.

Сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартының орындалуын кепілдікті қамтамасыз етуді тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіге мынадай жағдайларда:

1) өнім беруші шарттық міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты сатып алу шарты бұзылғанда;

2) жеткізу шарты бойынша өзінің міндеттемелерін орындамағанда немесе тиісінше орындамағанда (жеткізу мерзімдерінің бұзылуы, сапасыз дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу және шарттың басқа да талаптарының бұзылуы);

3) орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін сатып алу шартында көзделген айыппұл санкциялары төленбегенде қайтармайды.

Тендрлік құжаттамаға

2 Қосымша

(Кімге)___________________________

(тапсырыс берушінің, сатып алуды немесе

бірыңғай дистрибьютордың атауы)

(Кімнен)__________________________

(әлеуетті өнім берушінің атауы)

Тендерге қатысуға өтінім
(кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар және заңды тұлғалар үшін)

___________________________________________________________________

(тендердің/екі кезеңдік тендердің атауы)

Тендерді/хабарландыруды жүргізу бойынша тендерлік құжаттаманы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 қазандағы №1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің және міндетті түрде әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің кепілдік берілетін көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін қарап, осы арқылы алуды куәландыратын (тендерлік құжаттама алынған жағдайда белгіленеді)

______________________________________________________________

______________________________________________________________

(әлеуетті өнім берушінің атауы)

мына лоттар бойынша тендерлік құжаттамаға (хабарландыру шарттарына) сәйкес тауарларды, фармацевтикалық қызметтерді беруді жүзеге асыруды ұсынады:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

(тауарларды және фармацевтикалық қызметтерді егжей-тегжейлі сипаттау)

Осы тендерлік өтінім мыналарды қамтиды:

1. _____________________________________________

2. _____________________________________________

3. _____________________________________________

Осы тендерлік өтінім тендерлік өтінім салынған конверттерді ашқан күннен бастап

______________ күннің ішінде жарамды.

(толық жазу)

Қолы, күні лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты

( бар болса)

Мөрі

(бар болса)



_______________________________________________________________

(әлеуетті өнім берушінің атауы) атынан және тапсырмасы бойынша тендерлік өтінімге қол қоюға барлық өкілеттілігі бар.



Тендрлік құжаттамаға

3 Қосымша

 

 

Каталог: images
images -> Конверттерді ашу хаттамасы
images -> Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама Б. Аманшин атындағы қазақ орта мектебі
images -> Педагогиканы ң жалп ы негіздер І
images -> Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидасын бекіту туралы
images -> Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
images -> Бағдарламасы 11. 09. 2017-17. 09. 2017 ДҮйсенбі, 11 қыркүйек 7: 00 ҚР Әнұраны 7: 00 "Ауырмайтын жол ізде"


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет