Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулі



Дата30.04.2019
өлшемі164 Kb.
#126868

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ ПРОПЕДЕВТИКАСЫ МОДУЛІ

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА




Модуль -терапиялық стоматология пропедевтикасы.

Пән, пәннің коды – Терапиялық стоматология пропедевтикасы, ПДО 01

Мамандық : 051302 «Стоматология»

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА
Тақырып «Тіс шөгінділері. Жіктелуі. Тіс шөгінділерінің құрамы. Тіс шөгінділерінің тісжегінің және пародонт патологияларының туындауына және дамуына тигізетін септігі. Тіс шөгінділерін алу тәсілдері мен бірізділігі. Аспаптар және жабдықтар. Тіс шөгінділерін алғаннан кейін тіс бетін жылтырату».

Оқу сағатының көлемі – 3 академиялық сағат

Курс: 4

Семестр - 8

Алматы, 2012 ж.


Құрастырған: м.ғ.д. профессор Баяхметова А.А.

Асс.Манғытаева Б.Б.


Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулінің отырысында талқыланды

хаттама «___ » ________ 2012ж.


Бекітілді:

Терапиялық стоматология пропедевтикасы модулінің жетекшісі

м.ғ.д., профессор __________ Баяхметова А.А.

1. Тақырып. Тіс шөгінділері. Жіктелуі. Тіс шөгінділерінің құрамы. Тіс шөгінділерінің тісжегінің және пародонт патологияларының туындауына және дамуына тигізетін септігі. Тіс шөгінділерін алу тәсілдері мен бірізділігі. Аспаптар және жабдықтар. Тіс шөгінділерін алғаннан кейін тіс бетін жылтырату.
2.Мақсаты:

1) Білімін қалыптастыру:

- тіс шөгінділерінің сипаттамасы бойынша,

- тіс шөгінділерінің түзілу механизімі, жіктелуі бойынша,

- тіс шөгінділерінің микробтық және химиялық құрамы бойынша,

- тіс шөгінділерінің тісжегісі мен пародонт патологиясының дамуындағы орны,

- тіс шөгінділерін алу тәсілдері мен бірізділігі бойынша,

- тіс шөгінділерін алғаннан кейін тіс бетін жылтырату бойынша білімін қалыптастыру.

2) Жұмыстың операциональды дағдыларын қалыптастыру-

- тіс қақтары бар науқастардың шағымдарын анықтау және талдау,

- тіс қақтары бар нуқастарды негізгі және қосымша зерттеу әдістерін жүргізу және нәтижелерін интерпретациялау

-тіс шөгінділеріне диагностика жүргізу және идентификациялау

-науқастан тіс шөгінділерін алу әдісін меңгеру -арқылы жұмыстың операциональды дағдыларын қалыптастыру.



3) Коммуникативті дағдыларын жетілдіру:

-тіс қақтары бар науқастармен психо-эмоционалды контакт құру арқылы,

- жаңа терминдер және түсініктер ендіру арқылы: «тіс кутикуласы », «тіс пелликуласы», «жұмсақ қақ», «тіс тасы», «шылым шегушілер қағы», «Пристлей қағы», «қызылиек асты тіс шөгінділері», «қызылиек үсті тіс шөгінділері».

4) Тісжегінің пародонт патологиясының дамуында этиологиялық маңызы бар «Тіс шөгінділері. Оларды алу әдістері» тақырыбын оқуға студенттердің мотивациясын жетілдіру.
3. Оқытудың мақсаттары:

1) Тіс –жақ жүйесінің қызмет жасау үрдісі кезінде қалыптасатын тіс шөгінділері туралы

көзқарасты қалыптастыру.

2) Тіс шөгінділерінің жіктелуін қарастыру.

3) Тіс шөгінділерінің түзілу механизімен таныстыру.

4) Тіс және микробты тоға туралы көзқарасты қалыптастыру;

5) Тісжегі және пародонт патологиясының дамуында микроб тоғасының рөлі туралы көзқарасты

қалыптастыру.

6) Тіс шөгінділерін анықтау әдісімен танысу.

7) Тіс шөгінділеріналу әдістерінің жіктелуімен таныстыру.

8) Тіс шөгінділерін алу әдістері және сауыт бетін тегістеп-жылтырату әдістерімен таныстыру.

9) Жаңа түсініктер ендіру және жаңа терминдерге анықтама беру: «тіс кутикуласы», «тіс пелликуласы», «жұмсақ қақ»,«тіс тасы», «шылым шегушілер қағы», «Пристлей қағы», «қызылиек үсті тіс шөгінділері», «қызылиек үсті тіс шөгінділері».


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Тіс шөгінділері- анықтамасы.

  2. Тістің органикалық қабығы.

  3. Тіс қақтарының(шөгінділерінің) жіктелуі.

  4. Тіс немесе микроб тоғасы,құрамы, түзілу мезанизімі

  5. Тісжегі және пародонт патологиясының дамуында тіс тоғасының рөлі

  6. Пристлей қағы,шылым шегушілер қағы, жұмсақ ақ қақ, түзілу механизімі.

  7. Қатты тіс шөгінділері,түрлері түзілу механизімі.

  8. Тіс қақтарын (шөгінділерін) анықтау әдістері.

  9. Тіс қақтарын(шөгінділерін) алу әдістері.

  10. Тіс қақтарын(шөгінділерін) алу кезіндегі іс-әрекеттің реттілік алгоритімі және сауыты бетін тегістпе-жылтырату .


5. Оқыту әдістері: демонстрация, түсіндіру, альбомға және жұмысшы дәптерлеріне тапсырмаларды орындау, студенттердің операциональді және коммуи\никативті дағдыларын тікелей бақылау, кері байланыс.

Оқыту құралдары: «Тістің органикалық қабығы. Микробты тіс тоғасы. Тіс шөгінділері » мультимедийлі презентация, схемалар: «тіс шөгінділерінің жіктелуі», «Тіс шөгінділерін анықтау әдістері», «тіс шөгінділерін алу әдістері», Шиллера-Писарев ертіндісі, стоматологиялық инструменттер жиынтығы.

.

Сабақтың қысқаша хронометражы




п/п

Сабақтың кезеңі

Сабақ кезеңінің мазмұны

Оқыту әдістері

Бақылау әдістері

(оқытушының таңдауы бойынша)

Кезеңге берілген уақыт этап

1.

Кіріспе бөлімі

Амандасу, түгендеу тақырып, мотивациялық сипаттама, сабақтың мақсаты мен міндеттері.

-

-

5 минут

2.

Бастапқы білімін тексеру-

Бастапқы білімін деңгейін анықтау

-

1.Ауызша сұрау

2.Жазбаша сұрау

3.Тығыздалған сұрақ

4.Блиц-сұрақ

5.Тест жүргізу


45 минут




Үзіліс










10минут

3.

Негізгі кезең

1.Оқытушы мультимедиялы презентация және салыстырмалы диагностиканың схемасын көрсетедікөрсетеді.

2.Оқытушы тіс шөгінділері бар науқатарға клиникалық талдау жасайды.

3. Шағын топпен жұмыс жасау. Студенттербір-бірінің ауыз қуысына қарап-тексеру әдісін жүргізеді және тіс шөгінділерін анықтайды.

Гигиеналық индексті анықтай отырып ауыз қуыстарының гигиеналық деңгейін анықтайды. Тіс қақтарын алу әдісін жүргізеді



Демонстрация.

Түсіндіру







50 минут



Демонстрация.

Түсіндіру.


Оқытушының жұмысын бақылау


Операционалды және коммуникативті дағдаларды тікелей бақылау









Үзіліс










10 минут

4.

Сапасын тексеру сатысы

1. Білімді қортынды бақылау



1. Жазбаша сұрау

2.Тығыздалған сұрақ

3.Тестілеу

4. күнделік толтыру сапасын тексеру



15 минут

2.Кері байланыс құру







15 минут

3.Бағалау рубрикасын толтыру (чек-парақтарды), баллдарды санау.







10 минут

4.Бағаларды айту және оны оқу журналына қою.







5 минут

5. Келесі, үйге берілетін сабақтың тақырыбына комментарии жасау.







5 минут




Барлығы

170минут (50 минуттан 3 академиялық сағат = 150минут, үзіліс 10минуттан 2рет- 20минут)


6.Әдебиет:

Негізгі:

1. Боровский Е.В. и др. Терапевтическая стоматология. - Москва. Медицина. 2002.

2. Борисенко А.В. Терапевтическая стоматология. – Киев, 2009.

3. Дмитриева Л.А. и др. Терапевтическая стоматология. - Москва «Медпресс - информ» 2003.



Қосымша:

1. Зазулевская Л.Я. Практическая пародонтология.- Алматы. Верена. 2006.

2. Иванов В.С. Заболевания пародонта. - М. Медицина, 2005.

3. Грудянов А.И. Заболевания пародонта. – М. МИА. 2009.


7. Бақылау

7.1 Когнитивті компетенцияны бағалау:

7.1.1.Сұрақтар:

  1. Тіс қақтары (шөгінділері)- анықтамасы.

  2. Тістің органикалық қабығы.

  3. Тіс қақтарының жіктелуі.

  4. Жұмсақ тіс қақтары

  5. Шылым шегушілер қағы, Пристле қағы

  6. Минералданған тіс қақтары.

  7. Тіс тоғасының түзілу механизімі.

  8. Тісжегі мен парадонт ауруларының дамуындағ тіс тоғасының рөлі.

  9. Тіс қақтарын (шөгінділерін) анықтау әдістері.

  10. Тіс қақтарын(шөгінділерін) алу әдістері.

  11. Тіс қақтарын (шөгінділерін) алатын аспаптар.

  12. Тіс қақтарын(шөгінділерін) алу кезіндегі іс-әрекеттің реттілік алгоритімі.


Тест түріндегі тапсырмалар:

1тапсырма

Біріншілік түзілген тіс қағында аталған микроорганизмдердің қайсысы көп болады?

1) +Стрептококктар

2) Фузобактериялар

3) Энтерококктар

4) Лактобактериялар

5) Бактероидтар

2тапсырма

Тіс тоғасында аталған микроорганизмдердің қайсысы басым болады?

1) +Кокктар

2) Спирохеттер

3) Вибриондар

4) Актиномицеттер

5) Қарапайымдылар

3тапсырма

Тіс қағының құрамына төмендегі компоненттердің, ТЕК біреуінен басқасының, барлығы кіреді:

1) Микроорганиздер

2) Муцин

3) Түлеген эпителиалді клеткалар

4) Лейкоциттер

5) +Гистиоциттер

4тапсырма

Пелликуланың қызметі қандай?

1) Сенсорлы

2) +Қорғаныстық

3) Пластикалық

4) Трофикалық

5) Амортизациялаушы

5 тапсырма

Тіс қағының түзілу қарқындылығы төменде берілген факторлардың, ТЕК біреуінен басқасының, барлығына тәуелді:

1) Сілекейдің мөлшеріне

2) Сілекейдің тұтқырлығына

3) Тағамның сипатына

4) Ауыз қуысын гигиеналық күту

5)+Жынысқа

6тапсырма

Төменде аталған ферменттердің қайсысын бактериялар синтездейді және дәнекер тіннің сруктуралық компонеттерін бұзады?

1) Лидаза

2) ДНК-аза

3) Трипсин

4) Химотрипсин

5) +Гиалуронидаза

7тапсырма

Коллаген талшықтарының бұзылу үрдісіне қандай бактериалды фермент қатысады:


  1. Лидаза

  2. ДНК-аза

  3. Трипсин

  4. Химотрипсин

  5. +Коллагеназа

8тапсырма

Қызылиек үсті тіс тасы НЕҒҰРЛЫМ жиі орналасады:



  1. +Мойын бөлігінде

  2. Тістердің жанасу беттерінде

  3. Тіс экваторы аймағында

  4. Тістің шайнау бетінде

  5. Пародон қалтасында

9 тапсырма

Қызылиек асты тіс тастырына төменде айтылғандардың, ТЕК біреуінен басқасының, бралығы тән:



  1. Тістің мойын бөлігінде орналасады

  2. Салыстырмалы түрде борпылдақ консистенциялы

  3. Ақшыл түсті болады

  4. Қарап тексергенде оңай анықталады

  5. +Табиғаты сары судан пайда болған

10тапсырма

Қызылиек асты тіс тасына төменде айтылғандардың, ТЕК біреуінен басқасының, барлығы жатады:



  1. Тіс мойынынан төмен жатады

  2. Түбір цементімен берік байланысқан

  3. +Ақшыл түсті болады

  4. Қан пигменттерімен боялған

  5. Қан сары суынан пайда болған

11тапсырма

Тіс тасындағы минералды заттың орташа құрамы:



  1. 40 - 45%

  2. +20 - 25%

  3. 30 - 35%

  4. 50 - 55%

  5. 65 - 70%

12тапсырма

Тіс тасындағы органикалық заттың орташа құрамы:



  1. 40 - 45%

  2. 20 - 25%

  3. 30 - 35%

  4. 50 - 55%

  5. +65 - 70%

13тапсырма

Тіс тасының органикалық негізіне төменде аталған компоненттердің, ТЕК біреуінен басқасының, барлығы жатады:



  1. Түлеген эпителий

  2. Лейкоциттер

  3. Муцин

  4. Микроорганизмдер

  5. +Гистиоциттер

14 тапсырма

Тіс тасының құрамында төменде аталған неорганикалық компоненттердің қайсысы басым болады:



  1. +Кальции фосфаты

  2. Кальции карбонаты

  3. Магний

  4. Темір

  5. Мыс

15тапсырма

Қызылиек тіс тасының түзілуіне төменде аталған факторлардың, ТЕК біреуінен басқасының, барлығы себепші болады:



  1. Рационда жұмсақ тағамның көп болуы

  2. Қызылиектің созылмалы қабыну

  3. Сілекей рН сілтілік жаққа ығысуы

  4. Сілекейдің тұтқырлығының жоғарылауы

  5. +Ауыз қуысына адекваты гигиеналық күтім

16 тапсырма

Дәрігер - стоматолог науқасқа Федоров-Володкин гигиеналық сынымасын жүргізгенде көрсеткіші 1,3 болды. Науқастың гигиеналық көрсеткіші қалай бағаланады.

1. + жақсы

2. қанағаттанарлық

3. қанағаттанарлық емес

4. нашар


5. өте нашар

17тапсырма

Дәрігер - стоматолог науқасқа Федоров-Володкин гигиеналық сынымасын жүргізгенде көрсеткіші 1,7 болды. Науқастың гигиеналық көрсеткіші қалай бағаланады.


  1. жақсы

  2. +қанағаттанарлық

  3. қанағаттанарлық емес

  4. нашар

  5. өте нашар

18 тапсырма

Дәрігер - стоматолог науқасқа Федоров-Володкин гигиеналық сынымасын жүргізгенде көрсеткіші 2,3 болды. Науқастың гигиеналық көрсеткіші қалай бағаланады.



  1. жақсы

  2. қанағаттанарлық

  3. +қанағаттанарлық емес

  4. нашар

  5. өте нашар


7.2 Операциональді компетенцияны бағалау –студенттердің операциональді дағдыларын тікелей бақылау арқылы және күнделіктерін толтыруын бағалау арқылы жүргізіледі.
7.3 Аксиологиялық компетенцияны бағалау (коммуникативті дағдылар) – науқастың,волентердің гигиеналық деңгейін анықтау және тіс қақтарын алу барысында психоэмоциональді байланыс орнату кезінде коммуникативті дағдыларын тікелей бақылау нәтижесінде жүргізіледі және жаңа түсініктерді және терминдерді ұғыну нәтижесін бағалау арқылы жүреді: «тіс кутикуласы», «тіс пелликуласы», «жұмсақ қақ», «тіс тасы», «шылым шегушілер қағы, «Пристлей қағы», «қызылиек үсті тіс шөгінділері», «қызылиек асты тіс шөгінділері».


13беттің беті



Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет