Тәрбиелік әсердің психологиялық негіздері



Дата23.04.2022
өлшемі146.47 Kb.
#173199
Байланысты:
Психология 03.04.2022

Тәрбиелік әсердің психологиялық негіздері


Орындаған: Сагат Диана

Тәрбиенің мақсаты.....

Тәрбиенің мақсаты.....

Біріншіден- қоғам үшін саналы,белсенді,ізгіленген,іскер азаматты қалыптастыру болса,

Екіншіден- жеке адам үшін оны өмір сүре білуге ,өзін қоршаған ортамен қарым қатынас жасай білуге үйрету.

Тәрбие процесі деп – қоғамның талап тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл ойын ,сана сезімін ,ерік жігерін мінез құлық ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып ,дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекетін айтамыз.


ТӘРБИЕ

Тәрбие біртұтас процес.Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру жеке дара атқарылмайды , керісінше бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады.

Тәрбие ұзақ әрі , күрделі процесс.Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді.Адам баласы туғаннан бастап есейгенге дейін жалғасып отырады .

Тәрбиелеу барысында қоыйлған мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болмайды.Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың әсері мол.

Тәрбие көпжақты процесс.Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу,қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті ,ортақ мақсаты.

Тәрбиелік әсердің психологиялық негіздері


ӘСЕР ЕТУ- бұл өзара әрекет агенттеріне басқа әрекет қатысушыларынан мақсатты түрде ақпараттар мен мәліметтерді беру немесе іс әрекетті жүктеу болып табылады.Сәйкесінше , тәрбие де әсер ету үрдісі іске асатын арақатынас болып табылады .Мұндағы психологиялық әсер ету оқушының бойындағы қажеттіліктерін , ұстанымдарын ,қатынастарын , қабілеттерін,іс әрекеттерін өзгертуге бағытталған.

Осыған орай психологтар психологиялық әсер етудің бірнеше стратегиясын бөліп көрсетті

А.Г.Ковалев стратегиялардың манипулятивтік және дамытушы түрлерін көрсетті

Б.Г.Ананьев мұғалімнің балаға әсер етудегі бағаның ,бағалаудың әсерін ерекше атап өткен

Әсер етулердің сипаты ересектердің авторитетінен айқын көрінеді. Авторитет дегеніміз ,яғни,балалардың алдында мәртебесі мен билігін қолдана отыра балаға әсер етеді,ал бала өз ретінде бұл адамға өзі үшін шешімдер қабылдауға мінез құлқын өзгертуге мүмкіндік береді.Әр бір адамға бірінші авторитет тұлға ,ол оның ата аналары болып табылады.Бала мектепке бара бастаған кезде ол үшін мұғалім авторитет бола бастайды .

А.С.Макаренко достық ,жылулық,жолы борлғыш адам авторитеттерін бөліп көрсетеді.Ал Антон Семеновичтің пікірі бойынша авторитет орнату және тыңдату бұл мақсат емес,сондықтан баланы дұрыс тәрбиелеу қажет деген пікір қалдырады.


Психологиялық тәрбие әсері адамдарға әлеуметтік нұсқаулар береді

  • Психологиялық тәрбие әсері адамдарға әлеуметтік нұсқаулар береді
  • Тәрбиенің әлеуметтік нұсқауларымен сәйкес келуі тиіс. Балаға әлеуметтік нұсқау мен педагогикалық әсер төрт кезеңнен тұрады. Баланың зейінін кейбір маңызды, негізгі сұрақтардың болуына назар аударуы, қызыушылығын туғызу, жаңа ақпараттық хабармен, дәлеледемелерді ұсыну керек. Баланы әлеуметтік нұсқауларға сай тәрбиелеу үшін нұсқаудың объектісіне көңілін бөліп, бағыттау қажет. Психологтардың зерттеулері бойынша зейін әлеуметтік нұсқауларға үлкен әсерін тигізеді. Бала өзін әлеуметтік нұсқауларға байланысты қоршаған ортадағы адамдар мен салыстырып баға бере алады. Егер бала бағаны дұрыс қоя бiлсе, ол дұрыс және тез дамиды. Егер де баға дұрыс қойылмаса (шектен тыс мақтау н/е көп ұрысу, жеку) баланың психикасы баяу түрде дамиды. Егер бала өзіне деген сенімділігін жоғалтып, «істей аламын» деген сезімі жойылады. Шектен тыс мақтау баланы мақтаншақ, менменшіл, менің айтқаным дұрыс деп қайтпайтын етіп тәрбиелейді. Жасынан-ақ баланың дұрыс және бұрыс қасиеттері мен қылықтарына көңіл боліп дер кезінде қатесін түзетіп отыру керектігін ескерту қажет. Мектепке дейінгі бала өзінің қандай екенін үлкендердің айтуы бойынша берген бағамен (баға беруі бойынша) есептейді. Балаға тәрбиешілер мен ата–анасының дұрыс баға беріп, оған жәй сөзбен мынауың «дұрыс», мынауың «дұрыс емес», мынауың «жақсы» деп т.б. Сөздер арқылы түсіндіріп жеткізу керек. Бала ересектер, актерлер, мұғалім, тәрбиешінің ішіндегі өзіне ұнаған бір жеке адамына қарап, еліктеп өзін-өзі тәрбиелей алады. Балаға дұрыс әсер ете білу қажет, өйткені бала барлығын тіке, өз қалпында қабылдайды. Сондықтан ересектер дұрыс әсер етіп, баланың қабылдауына күшті ықпалын тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет