Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Абай облысы Абай ауданында үш күн бұрын жоғалып кеткен шопан аман-есен табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: polisia.kz

Полицияға 14 ақпан күні сағат 07:00-де Абай ауданының полиция бөліміне хабар-ошарсыз кеткен шаруа қожалықтарының бірінің 54 жастағы шопаны туралы ақпарат келіп түсті. Ер адам жайылымға 532 бас қой бағып кеткен.

Шопан іздеу бойынша жедел штаб құрылды, аудандық полицияның, төтенше жағдайлар бөлімінің, сондай-ақ Абай ауданы әкімдігінің жеке құрамы жұмылдырылған. 

30-дан астам қызметкер 4 УАЗ автокөлігінде, ЗИЛ-131 көлігінде және 2 Нива-МАРШ көлігінде ауарайының қолайсыздығына қарамастан қойшыны іздеген. 

“Аяз күшейе түсті, дрон ұшыру қиын болды, төмен температураға байланысты ол істен шықты, іздеу аумағын жаяу айналып өту керек болды", — деді жедел уәкіл Бектұрсын.

Іздеу екі тәулік бойы жүргізілді. Нәтижесінде іздеу топтарының бірі өзінің қыстауынан 30 шақырым жерде шопанды тірі және жарақатсыз тапты.

Ер адам далада қатты дауылдың салдарынан бағытын өзгерткен. Ол зардап шеккен жоқ. Сол күні қойшыны дәрігерлер тексерген, оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Мал да шаруа қожалығына шығынсыз қайтарылды.

Еске сала кетсек, Абай облысында бұған дейін 8 жасар бала таңертең атпен мал іздеуге шығып кетіп жоғалып кеткен еді. Кейіннен аман-есен табылды.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.