Қазақстанда Tele-2 мен Altel сатылғалы жатыр. Экономика министрлігі ҚР үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен аффилиирленген басқа да заңды тұлғалардың ірі еншілес және тәуелді ұйымдарының бәсекелес ортаға беру ұсынылып отырған тізімінен басымдық ретінде "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС алып тастау жоспарланып отыр. Бұл – Tele2 және ALTEL біріккен компаниялары.

Экономика министрлігі экономикалық өсуді ынталандыру және өндірістік базаны кеңейтуге және өндірісті жаңғыртуға бағытталған қосымша ресурстарды тарту қажет деп есептейді.

  • Мусин Қазақстанда не үшін интернеттің сапасы нашар екенін түсіндіріп, халықтан кешірім сұрады
  • Қазақстанда виртуалды ұялы байланыс операторы іске қосылады

Бұл тікелей мақсатты сатылым болатыны көрсетілген. Tele-2 мен Altel-ді биыл сату жоспарланып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда Kcell, Tele2 және Beeline ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталғаны хабарланған. Тергеу басталғаны туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлімдеген.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.