Түркістан облысында тереңдігі 40 метрлік құдыққа құлап кеткен 29 жастағы келіншек көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Оқыс оқиға 18 наурыз күні таңертең Түлкібас ауданындағы Майлытөбе ауылында болған.

Марқұм ашық алаңда тұрған дренаж құдыққа құлаған. 40 метр тереңдікте ауа болмаған соң, құтқарушылар арнайы құрылғымен оттегін жіберіп отырды. Арада үш сағат өткен соң беліне арқан байлаған құтқарушылардың бірі тереңде жатқан қызды алып шыққан. Алайда жер бетіне шығарылған келіншек көз жұмды. Қазір қызды әлдекімнің итеріп жібергені, әлде байқаусызда құлағаны тексеріліп жатыр. 

Еске салсақ, бұған дейін Түркістанда құдық құбырына құлап кеткен 29 жастағы келіншек құтқарылғаны туралы жазған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.