«Тәуелсіздік» алаңы 20. 09. 2014 ж сағ. 12. 00



жүктеу 69.25 Kb.
Дата16.09.2017
өлшемі69.25 Kb.
түріСценарий

«ӘНІМ СЕНСІҢ, АРУ ҚАЛАМ - БАЛҚАШЫМ!» ҚАЛА КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ПОЭЗИЯ КЕШІНІҢ СЦЕНАРИЙІ

«Тәуелсіздік» алаңы

20.09.2014 ж. сағ. 12.00.



Фанфар беріледі

Жүргізуші:



Армысыздар, құрметті балқаштықтар, қала қонақтары! Баршаңызды бүгінгі қала күні мерекесімен құттықтаймыз! Осы орайда, С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхана «Қандай көркем, туған өлкем – Балқашым!» атты жергілікті ақын-жазушылардың Балқаш қаласына арнау шығармаларын оқудан поэзия сағатына қош келдіңіздер дейміз!

Ведущий:


Добрый день, балхашцы и гости города! Центральная библиотека имени С.Сейфуллина рада приветствовать вас на вечере поэзии, посвященный нашему любимому городу Балхаш.

Жүргізуші:


Баршамыздың тағдырымыз Балқашпен жалғасқан. Балқаш десе жүрегіміз дірілдеп, кеудеміз күмбірлеп, қуанышымыз тасып тұрады. Балқаш бүгінде ұрпақтар ұясы, аңыздар атасы. Аталар даңқы көше аттарында қалды, граниттен қашалған бетінде қалды. Аңыз естеліктерде жаңғырды.

1938 жыл, қарашаның 24-і. Балқаш тарихының ең жарқын беті... Комбинаттың алтын әріппен жазылған шежіресі. Дүниеге ең алғашқы Балқаш мысы келді. Айналасы 10-ақ жылдың ішінде болашақтың әсем қаласы орнап, болашақ күндердің игілігіне бағышталған Балқаш мысы таң нұрындай алаулап туды.



Ведущий:


Сегодня для города годы становления – это годы рассвета, это судьбы десятков тысяч людей, которые в суровых условиях строили, добывали и обогащали руду, выпускали медь, цветной прокат и другую продукцию, возводили дома и цеха, растили, учили, воспитывали детей.

Любой балхашец сегодня о своем городе, о своей улице с гордостью может сказать: «Мой город, моя улица, где я живу прекрасны и я горжусь этим». На самом деле так и есть, ибо он построен золотыми и мастеровыми руками тех людей, о которых город вспоминает и долгие годы еще будет вспоминать с гордостью.

И на камнях, где не росло и травки,

Встал Балхаш, заводами гремя,

А меж домов уже шумели парки

И множилась балхашская семья.

Казахи, белорусы, россияне,

Украинцы, татары, чуваши

Не перечислить всех, кто в казахстане

Для Балхаша трудился от души




Ән (Коновалов)

Жүргізуші:

Поэзия – адам баласының рухы. Поэзияға тән рухты әдебиеттің басқа жанрларынан табу қиын. Адам бар жерде поэзия бар. Өмірдің өзі – тұнып тұрған поэзия. Алайда сол өмірді, сол керемет табиғатты көретін көз, танитын талант, сезетін сезім керек. Сезіну бар да, сезімін сезімдерге айтып жеткізу, мойындату бар. Міне, осы тұста адамдар дараланады. Әр халық өзінің сезім дүниесінен енші бөліп, сеніп тапсырып, дүниеге өзінің сезімтал елшілерін жібереді. Оның аты – Ақын. Адамның сезімі – алынбас қамал. Ендеше, сол сезім қамалының жаулаушысы да, иесі де – ақын.

Жүргізуші:

Туған жерім, Балқаш құтты мекенім

Алыс кетсем аңсап саған жетемін.

Шежірелі, сырға толы тарихыңды,

Бәрін оқып, жырға қосып өтемін, - кезекті есімдері қаламызға танымал ақын ағаларымызға берейік.


Әбіл Кәріпбайтегі 1945 жылы 15 қаңтарда Балқаш қаласына қарасты «Қызыл октябрь балық пунктінде» дүниеге келген. 1964 жылы Абай атындағы орта мектебін бітірген. 1969 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің тіл мен әдебиеті факультетін тәмамдаған. Мамандығы – мұғалім. Ондаған жылдар бойы қасиетті өлең өлкесіне із салып, туған елінің тілін, тіршілігін, жырына арқау етіп келеді. «Аман бол, қараша там, қараша шал», «Тұлымды тұлғалар», жыр жинақтары жарық көрген. Әбіл Жомақожаұлы – аймаққа әйгілі әулие Кәріпбай қожа Үпіұлының туған немересі. Баба рухына да жемісті жырымен бас иеді, табынады. «Жұлдызды жырыммен жұрт жүрегін жылытсам», - деп армандайды Әбіл Жұмақожаұлы.

  • Сіздердің алдарыңызда қалаға арнау өлеңімен Әбіл Кәріпбайтегі.

(Әбіл Кәріпбайтегінің өлең оқуы)

Ведущий:

Скляров Николай Данилович родился 26 ноября 1928 года в с.Павловка Жамбылской области. 1954-1959гг. - обучался в Казахском горно-металлургическом институте. Окончил его по специальности горный инженер-геолог. Творческое увлечение – поэзия и проза. Издал три полновесных сборника стихов, двухтомник повестей и рассказов «Была война народная» и романы «Метаморфоз века» и «Родные люди».

  • Встречайте Скляров Николай Данилович

(Скляров Н.Д. өлең оқуы)

Жүргізуші:


Мөлдір Бөлекова 1958 жылы Ақтоғай ауданы, Қоңырат кеншарында дүниеге келген. 1974 жылы Нарманбет ауылындағы №6 орта мектепті бітіріп, Жезқазған қаласындағы педагогикалық училищесіне оқуға түседі. Оқуды тәмамдаған соң жолдамамен еңбек жолын Гүлшат кентінің №27 орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастайды. 1982-1988 жылдары ҚазМҰУ-ң филология факультетінде оқиды. Өмір бойы ұстаздық қызметпен шұғылданып келеді. Алғашқы өлеңдері мектеп табалдырығында жүргенде-ақ, «Арқа еңбеккері» газетінде жарияланған. 2003 жылы «Өлеңім менің, жан досым» атты жыр жинағы жарық көрген.

  • Алдарыңызда Мөлдір Бөлекова ханым

(Мөлдір Бөлекованың өлең оқуы)

Жүргізуші:


Нұрдос Кәрімов Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Нұркен селолық округінде 1985 жылы 6 маусымда дүниеге келген. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің журналистика бөлімінің 2008 жылғы түлегі. «Ақтоғайдан Алашқа» атты шағын эссе кітабының авторы. Аудандық, қалалық, облыстық мүшайраларының жеңімпазы. 2011 жылғы облыс әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығының иегері. Бүгінде «Балқаш өңірі» газетінің тілшісі.

  • Сахна төрінде Нұрдос Кәрім қала күніне жыр-шашуымен

(Нұрдос Кәрімнің өлең оқуы)

Жүргізуші:


Бақытжан Аринов 1968 жылы 7 наурызда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Бірлестік, қазіргі Жалаңтөс батыр ауылында дүниеге келген. 1989-1995 жылдар аралығында Қарағанды, Семей, Жезқазған, Балқаш қалаларында өткен ақындар айтысының жүлдегері. Қарқарылының «Коммунизм таңы», Ақтоғай аудандық «Арқа еңбеккері», Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» және аймақтық «Балқаш өңірі» газеттерінде 1986 жылдан бері өлеңдері жарық көріп келеді.

  • Қарсы алыңыздар Бақытжан Аринов

(Бақытжан Ариновтың сөз сөйлеуі)

Жүргізуші:


Бағдат Мүбәрәк 1978 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында туған. Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің филология факультетін 1998 жылы тәмамдаған. Облыстық, республикалық жыр мүшәйралардың лауреаты. 2009 жылы мемлекеттік тапсырыспен «Жалын» баспасынан «Құсни хат» атты жыр жинағы жарық көрген.

  • Сахна төрінде Бағдат Мүбәрәк

(Бағдат Мүбәрәктың өлең оқуы)

Жүргізуші:


Мақсат Күземханов 1988 жылы тамыздың 1 күні Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Ақши ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Балқаш қаласындағы №2 Абай атындағы лицейді бітірген. 2005-2010 жылдары Орталық Қазақстан техника және менеджмент институтының түлегі. Қалалық, облыстық мүшайралардың жүлдегері.

  • Қарсы алыңыздар Мақсат Күземханов

(Мақсат Күземхановтың өлең оқуы)

Жүргізуші:


Балқаш - жастық қаласы. Өнер мен білім отауы. Спорт пен мәдениет ошағы. Мәдениеті гүлденген Көкше теңіздің жағасындағы жасыл желекті қала өнері де шарықтап биікке өрлеумен келеді. Бүгінгі поэзия сағатымызға ақын ағаларымыздың ізін басып келе жатқан «Кәусар» әдеби жастар клубының мүшелері де келіп отыр. Кезекті осы жастарымызға берсек.

Өмірбаев Абылайхан Азаматұлы Балқаш қаласында 1997 жылы 30 желтоқсанда дүниеге келген. Қазір №15 жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің 11 сынып оқушысы. Абылай өзі туралы: «Әр адамның бұл дүниеде өзінің таңдаған жолы болады.Сол секілді менің де өмірлік бағдарым бар. Жастайымнан өлең жазуға құмар болғандықтан, осы іспен айналысу-менің маңдайыма біткен-ау деп кейде ойлаймын. Сол себепті де, әдебиет- менің жаным мен тәнімнің бір әрі бірегей бөлшегі деп толық сеніммен айта аламын», - деген екен.



  • Қарсы алыңыздар сахнада Өмірбаев Абылайхан.

(Өмірбаев Абылайханның өлең оқуы)

Жүргізуші:


Сағынтай Шырын Абзалқызы 1996 жылдың 10 маусымында дүниеге келген. Қалалық және облыстық Абай, Мағжан, Мұқағали оқуларының жеңімпазы, қалалық мүшайралардың жүлдегері. Қазір Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы – техникалық колледжінің жалпы бастауыш білім беру мамандығы бойынша оқиды.

(Сағынтай Шырынның өлең оқуы)

Жүргізуші:


Ерлерім бар қадыр тұтар өткенін

Қайта оралтып өлгені мен өшкенін.

Елін сүйер азаматтар сау болсын,

Құтты болсын тойың бүгін текті елім.



Қадірлі қонақтар! Құрметті жерлестер! Бүгінгі қала күні мерекесіне арналған кешіміз өз мәресіне жетті. Қаламыздың әрбір отбасына қуаныш, шаттық, бақыт орнасын. Қала күні құтты болсын!

Ведущий:


Мы еще раз поздравляем всех с днем города! Мы благодарны нашим поэтам и писателям, за ваши песни, труд, за ваш след на балхашской земле! Пусть муза поэзии вас никогда не покидает! Здоровья и всех благ! С праздником, дорогие балхашцы!

Каталог: files -> userfiles -> metodicheskaya sluzhba
metodicheskaya sluzhba -> Д. А.ҚОнаевтың туғанына 105 жыл толуына орай «ДӘуір данасы» даналық баспалдағының Өткізілу сценарийі
metodicheskaya sluzhba -> «балалар әдебиетін зерттеу» АҚпарат сағаты
metodicheskaya sluzhba -> Экранда слайд көрсетіліп тұрады
metodicheskaya sluzhba -> Семинар «современные формы библиотечной работы как способы активации продвижения чтения»
metodicheskaya sluzhba -> «Қарттарым – асыл қазынам» атты аталар мен әжелер сайысының Өткіщілу сценарийі
metodicheskaya sluzhba -> Семинар-практикум ының бағдарламасы: 31 наурыз 2016 ж. 09-00
metodicheskaya sluzhba -> «Бақытты балалық шақ» атты акварельмен сурет салу байқауының ережесі жалпы ережелер Осы ереже «Бақытты балалық шақ»
metodicheskaya sluzhba -> Балқаш қаласының 80-жылдығына орай, Наурыз мейрамына арналған ұзын бұрымды қыздар арасындағы «Бұрымды қыз» атты байқауының ережесі
metodicheskaya sluzhba -> Сценарий 1 жүргізуші: Қош келдіңіздер, қала қонақтары, балқаштықтар!


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет