Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі


Жазушы С.Елубайдың «Ақ боз үй» романы бойынша сабақтың әдістемелік сценарийі



жүктеу 1.1 Mb.
бет4/6
Дата13.09.2017
өлшемі1.1 Mb.
1   2   3   4   5   6

Жазушы С.Елубайдың «Ақ боз үй» романы бойынша сабақтың әдістемелік сценарийі.
Сабақты жазушының шығармашылық өмірбаянынан қысқаша мағлұмат бере отырып, бастау керек. Тақтаға жазушының портретін іліп, кітаптарының көрмесін қою қажет. Сондай-ақ, интерактивті тақтаны пайдаланып, роман оқиғасына байланыстырып ашаршылық жылдарының суреттерінен көріністер жасалғаны құба-құп. 9-11 сыныптарда да, 5-8 сыныптардағыдай, әдеби шығармаларды оқып-үйрену, талдау жұмысы көркемсөз мәтінін оқу, оның мазмұнын ұғынудан басталады. Шығарманы оқып, оның идеялық-тақырыптық мазмұнын оқушылар алдын ала түсініп келмейінше, ешқандай талдау жұмысын жүргізу мүмкін емес. Сондықтан С.Елубайдың «Ақ боз үй» романын оқушыларға күні бұрын үйден оқып келуге тапсырған жөн. Романның мәтінімен танысқан соң ғана оқушылар ол жайындағы пікіралмасуға белсене қатысатын болады.

Сабақтың тақырыбы: С.Елубайдың «Ақ боз үй» романындағы ашаршылық, зұлмат кезеңінің шындығы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: а) жазушының қазақ тарихының шынайы көріністерін суреттеуге қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу;

ә)шығарма кейіпкерлерінің шынайы образдары, олардың азаматтық рухы, төзімділігі, сенімі мен үміті.

Тәрбиелік: а) оқушылардың туған халқының өткендегі тарихына құрметпен қарауына, қайғысына ортақтасу, келешегіне сену сүйіспеншілігіне тәрбиелеу.

Ә) оқушыларға имандылық, азаматтық. Гуманистік қасиеттер дарыту.

Дамытушылық: а) көркем шығармадағы өмір шындығын танып-білу, одан қорытынды түю, тұжырымды пікір жасау дағдыларына үйрету;ә) жазушының суреттеу шеберлігіне, тарихи тақырыпты ұғыну ерекшеліктеріне үңілу.

Сабақтың көрнекілігі:

  1. С.Елубайдың шығармашылық өмір жолын бейнелейтін слайд журнал.

  2. С.Елубайдың «Ақ боз үй» роман-трилогиясы кітаптары.

  3. С.Елубайдың «Ақ боз үй» роман-трилогиясы үшін ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолынан медаль алып жатқан сәттері бейнеленген бейнекөріністер.

  4. Жазушының газет, журнал басылымдарына берген сұхбаттарының топтамасын жеке папка ретінде ұсыну.

  5. Үнтаспа, бейнетаспа арқылы жазушының сөздерін тыңдату.

  6. Ашаршылық жылдарындағы қазақ халқының босып бара жатқан суреттерінің көріністері бейнеленген кинокадрды пайдалану.

Сабақтың барысы: Оқытушы интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жазушы шығармашылығы туралы мәліметтерін айтады. «Ақ боз үй» романының жазылу тарихы жайында айтқан жазушының сөздерін дерек ретінде келтіреді. Шығарма Кеңес заманы тұсында жазылғанымен, ол кезде басылмағанын, оның саяси, әлеуметтік мәселелерінен терең мағлұмат бере кетеді. Тек шындықты айтуға және жазуға тәуелсіздік заманында ғана қол жеткізгенімізге тоқталады. Қазақ тарихының ақтаңдақ беттерін тәуелсіздік алған уақыттан бастап айтып, жаза бастағанымызға мән беріледі. Ашаршылық, сталиндік қуғын-сүргін зұлматтардың қазақ халқының рухани және экономикалық дамуына тигізген зардаптары баса айтылады. Сонымен қатар, романның кейбір тарауларынан үзінділер оқылып, оқушылардың алған әсерлері мен толғандырған сауалдарына жауаптар берілуі және пікір алмасулары тиісті.

  1. Оқылған үзінділерден жазушының қандай ой айтпақ болғанын аңғардыңдар?

  2. Жазушы қандай көркемдік суреттеу құралдарын пайдаланған?

  3. Ой нақтылығы, суреттеу шеберлігі туралы не айтуға болады?

Келесі кезекте оқушылармен бірлесе отырып «Не білдік, не таныдық, не үйрендік?» деген сұрақтар төңірегінде ой бөлісу, оқушыларды ойлау және түйсінуге жетелеу қажет.

Жұмыстың нәтижесі:

Мұғалімдердің репродуктивтік сипатта, шығармашылық сипатта, зерттеу сипатындағы жұмыстары оқушылардың танымдық әрекетінің қалыптасуына мүмкіндіктер туғызады; білім мазмұнын игерудің қайнар көзіне айналады. Жазушының зер салып, таныған дүниесі –қазақ даласының ашаршылық, қуғын-сүргін замандардағы тыныс-тіршілігі мен қасіретті тағдыры болды. Соны қазақ баласының зердесіне көркемсөз арқылы жеткізіп, халқының қиын тағдырына куә еткізеді. Сол арқылы оқушыларға елін, жерін, Отанын сүйетін өскелең ұрпақ тәрбиелеуге күш салынады.

Сабақтың түрі – аралас сабақ. Бірақ пікірсайысқа және өткенге саяхат жасалатын сабақ. Сабақта оқушылардың тарих сабағынан ашаршылық, қуғын-сүргін, сталиндік репрессиялардан алған білімдері де басшылыққа алынуы тиіс. Сол арқылы қазақ әдебиеті мен Қазақстан тарихы пәндерінің өзара байланыстары ескеріледі. Яғни, қандай да бір оқиға (көркем туынды болса да) белгілі бір тарихи кезең аясында өтетіні белгілі. Сабақтың соңында оқушыларды АЛЖИР, КАРЛАГ, СТЕПЛАГ сияқты мұражайларға саяхатқа апарып, сабақты қорытындылауға болады. Теориялық білімді практика жүзінде іске асырудың маңызы өте зор болар еді. «Мың рет естігеннен, бір рет көрген жақсы» деген мақалдағыдай көзбен көру арқылы да шындықтың шырайы ашыла түседі.

Әдебиетті оқытудағы ендігі бір ұтымды тәсіл-мәнерлеп оқу. Ең алдымен, мұғалім мәнерлеп оқудың үлгісін өзі көрсетуі керек,шәкірттерге соның ұнамды үлгісін беруі тиіс.Тек сонда ғана мұғалім шәкірттерін де мәнерлеп оқуға баули алады.

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқытуда «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясын қолдануда қазақстандық мұғалімдер біршама жақсы тәжірибе жинақтап келеді. Көркем шығарманы талдаудың тәжірибеде кеңінен тараған әдістемелік жолдары мыналар:

  • тұтастай (немесе автор ізімен) талдау;

  • образ бойынша талдау;

  • проблемалық-тақырыптық талдау.

Бүгінде оқытудың жаңа технологиялары кеңінен қолданылуда. Жаңа стратегиялар мен оқытудың жаңа технологияларының көбі Қазақстанға «Сорос-Қазақстан» қоры тарапынан ұйымдастырылған «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» бағдарламасының жобасы арқылы жетті.

СТО жобасының инновациялық мүмкіндіктері негізінде оқушыларды шығармашылыққа баули оқытудың мақсаты – ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, жаңашыл көзқарастағы шығармашылыққа бейім ортаны қалыптастыру.

Көздеген мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер шешілуі керек:

  • жоба элементтерін тақырыпқа сәйкеc түрлерін жүйелеу;

  • қазақ әдебиеті сабақтарында «ББҮ», INSERT, кубизм, Венн диаграммасы, «Концептуалдық кесте», т.б. стратегиялары арқылы оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытуға қолайлы орта жасау;

  • оқушылардың әдебиет сабақтарында сыни тұрғыдан ой қорытындысын жасау, өзіндік пікір білдіру дағдыларын дамыту және шыңдау.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу;білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге,жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.Білім берудің маңызды шарты-оқу үрдісін жаңарта отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабылеттерін дамыту, олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру.

«Қазақстан – 2050» стратегиясы – Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республиксы Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында және ғылыми мақалаларында біліктілікті жоғарлату, интеграцияланған орталықтар ашу, білімнің қажеттілігін арттыру, жастардың бойына патриоттық, адамгершілік, заңға бағынушылық сияқты қасиеттерді дарыту, отандық ғылымдарды жаңғырту, инновациялық әлеуетті өсіру басты міндеттер ретінде аталған. «Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс, білім беру жүйесін ақпараттандыру жүйелі жүргізілуі қажет» деп атап көрсетілген Жолдауда.

Қазақстан әлемдегі елдер арасында бәсекеге төтеп беретін инновациялық экономикасы тұрақты дамыған, білікті, білімді мамандары бар, мемлекетті жаңаша басқаруда ерекше ойшыл басшылары бар ел болуы тиіс. Бұл – Елбасы алға қойған мақсат.

Өздігінен ой толғай білу, күрделі даму жағдайында дәстүрлі емес шешім қабылдай білу – қазіргі заман мұғалімінің кәсіби келбетіне тән қасиет. Бүгінгі мұғалім балаларға тек білім беріп қана қоймай, олардың жаңа қалыптасып келе жатқан ой-санасын жоғары рухта байыта білуге, ойы алғыр, қиялы ұшқыр оқушы тәрбиелей білуге міндетті. Бұл – өмір талабы.

Әрине, сабақтың нәтижелі өтіп, алға қойған міндеттің орындалуы үшін мұғалім мен оқушы арасындағы әрекеттің келісімділігі, сондай-ақ оқушылардың сабаққа дайындығы анықтаушы рөл атқарады. Мұндай жағдайда оқушылардың ойын сергітіп, миын шынықтыруға негізделген әдіс-тәсілдерді пайдаланудың тиімді болатыны белгілі.

Оқыту барысында өз сабақтарымда қолданып жүрген технологиялар ішіндегі «Сын тұрғысынан ойлау жобасы» стратегиялары әдебиет пәніне арнап құрастырылған десем, артық айтқаным болмас.

Сын тұрғысынан ойлау үш сипатқа ие:

Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.

Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қабілеті жоқ, керсінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыруы мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.

Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.

RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың
60 түрлі стратегияларынан – әдістерінен тұрады. Мақсаты – шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.


Әдебиет сабағында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып тұлға қалыптастыру тәжірибесін сабақтарда қолданудамын. Сын тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді, негізін ашады, сұрыптайды, талқылайды, сын көзбен қарайды,пікірін дәлелдейді, пікір алмасады, ортақ пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін – өзі басқарады, топпен жұмыс істеуге үйренеді, жан дүниесін өзгертеді, ойлауды дамытады, қызығушылықты дамытады, қызығушылықты арттырады, кез – келген сабақты меңгертеді, оқушы өзін – өзі тәрбиелейді.

Жаңа әдістерді пайдалануда өзіміз қолданып жүрген әдістерді жаңа жағдайға бейімдей пайдалануымыз керек.

Өзім қолданып жүрген «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасына тоқталсам, бұл жүйеде қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлануды қажет ететіндей беріледі. Оқушы сондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Жаңа материалдарды талдауға үйренеді.

Сын тұрғысынан ойлау бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.

Сын тұрғысынан ойлаудың нәтижелері:

  1. әдістердің көптүрлілігі;

  2. белсенді практикалық іс-әрекетте болу;

  3. басқалармен қарым-қатынас жасай білу;

  4. басқаларды тыңдай білу;

  5. қажет болса өз көзқарасын өзгерту;

  6. топтық тұжырымдарға келе білу;

  7. топ алдына шығып, өз тұжырымын айта білу, қорғау;

Осының бәрі өздігінен білім ала білуін, сын тұрғысынан ойлауіскерлігін, кейбір әдістемелік тәсілдерді дағдыларға айналдыруын қалыптастырады.

Бағдарлама үш деңгейден тұрады:

  1. қызығушылықты ояту;

  2. мағынаны тану;

  3. ой толғаныс.

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңіндегі үйрену процесі. Бұл бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Кез келген өтілетін тақырыптың атын, затын түсінуінен бастаймын. Мысалы: сөздің синонимін табу, қимылмен көрсету. Бұл процесс бойынша, бұл туралы оқушы не біледі, не айта алатындығынан бастаймын. Осы кезеңде «Топтау», «Ойлану», «Болжау» т.б. әдістер бар.
«Сыни тұрғыдан ойлау» жобасы арқылы оқыту бойынша сабақтың әдістемелік сценарийі
Сабақтың тақырыбы: Несіпбек Айтұлы «Бәйтерек» поэмасы

Сабақтың мақсаты:

білімдік – тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясынан ерекше орын алатын іргелі, көркем туындының бірі – Несіпбек Айтұлының «Бәйтерек» поэмасы туралы білімдерін жүйелеу;

дамытушылық – ақынның суреткер ретіндегі ойшылдық шеберлігіне, тереңдігіне ену. Оқушылардың өз бетінше салыстыра білу, зерттеу, қорытынды, тұжырым жасау сияқты дағды-машығын дамыту;

Тәрбиелік – елін, жерін сүюге тәрбиелеу.Бәйтеректі Астананың ғана емес қазақ халқының кешегі ертегі-арманының, бүгінгі ақиқатқа айналған мақтанышының символы ретінде қарастыра отырып, ауызбіршілікке, ынтымақшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: географиялық карта, Н.Назарбаевтың портреті, ақынның портреті, «Бәйтерек» монументі, сызбалар.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: топтастыру, кубизм, түсініктеме күнделігі, кейіпкерге хат стратегиялары.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, қазақ тілі.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі. а) амандасу; ә) түгендеу; б) сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ. Сабақты бастау

Қызығушылықты ояту сатысы

Ой шақыру. а) Н.Айтұлы кім? ә) Ақын поэмасында қандай мәселелерді көтереді? б) Бәйтерек деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Топтастыру. Оқушылар интерактивті тақтада мазмұнға сүйене отыра басты тірек сөздерді топтайды.





Нысанның идеясының авторы – Елбасы Н.Назарбаев.

  • орналасқан жері – Астана қаласы;

  • салмағы 70 тонна;

  • антеннаның төбесі – 105 метр

  • шатыры – 97 метр;

  • металдан, әйнек пен бетоннан жасалған.


«Бәйтерек» поэмасынан үзінді

ІХ

Ақмола кеше ғана басқа қала,

Айналды Бәйтеректі Астанаға!

Еміреніп өз анасы емізбесе,

Сәбиге шайнап берген ас бола ма?
Бақытым басымда тұр талай күткен,

Сеземін келмегенін оңайлықпен.

Үзіле жаздап еді өндіршегім,

Өзекке тепкілеген өгейліктен.
Көңілге сәуле құяр Сарай нұры,

Астана – ел тірегі, ел айбыны!

Кемері шалқып жатқан Қазақстан –

Мұхиттың аласұрған көк айдыны.
Тіршілік түзегенде көркін жаңа,

Сұрапыл соқпаса екен толқын жара.

Армысың, Азаттықтың астанасы –

Талпынған арманына еркін қала!
Жаөанның жанарында жаңа қала,

Жұлдыздай туы қалған өліарада.

Бес жылда бой көтерген ғимараттар,

Жайнап тұр шомылғандай самалаға!
Жырламас ғажайыпты кім мұндағы,

Жеткенше сөздің дәмі, тілдің нәрі.

Алғысын жаудырады Елбасыға,

Болашақ бұл шаөардың тұрғындары.
Қарашы, шаңырағы жас қаланың,

Аспанның бұлтыг серпіп тастағанын!

Бүгіннен басталатын шежіресі,

Авторы – Назарбаев Астананың! ..
Самсаған қара орманым – байтақ елім,

Сынға сап сан жақсыны байқап едің.

Еңсесін елдігіңнің биіктеткен,

Ортаңда бойлап өскен Бәйтерегің!
Өтінде арпалысқан өмір-майдан,

Бәйтерек – болашағың тамыр жайған.

Немесе Елбасының өр тұлғасы,

Қолымен өзі әкеліп Тәңір қойған!
Туыңдай қанат керген желді күнгі,

Танытты кең әлемге теңдігіңді.

Тұрғанда Бәйтерегің көкке шырқап,

Ұстай біл Асқақтатып Елдігіңді!

Поэмадан алынған үзінді оқылып, интерактивтік тақта арқылы түрлі көрнекліктер арқылы таныстырылған соң келесі сатыға көшеміз.

Мағынаны тани білу сатысы.

Кубизм. Кубикті иіреді, қай жағы түссе, сол жағының сұрағына жауап береді.

  1. Суреттеңіз. Елбасы бейнесі

  2. Зерттеңіз. Бәйтеректі тақырып етіп алудағы ақынның мақсаты. Қазақ халқының өткен өмірі поэмада қалай көрініс тапқан?

  3. Байланыстыр. Поэмадағы қазақ халқының өткен тарихы мен бүгінгі заманын салыстыр.

  4. Қолданыңыз. а) Кейіпкер іс-әрекетіне байланысты қандай нақыл сөз, мақал-мәтел айтар едіңіз? ә) Шығармадағы сөз кестелерін, ой айшықтарын тап. Қыл қобыздай, алмастай жарқылдаған, пайғамбардай, ошақтың үш бұтындай, сиырдың бүйрегіндей, ұршықтай, көкжалдай-теңеу, Алатаудың мұзбалағы, Сарыарқа сайын дала-жер кіндігі, Нұрсұлтан-арқа тірек, алтын діңгек, халқы-бала, самсаған қара орманым-байтақ елім-метафора, қызыл тіл, ақ қағаз алтын қалам, ақ сарай, қара қылды, көк дауылы, көк семсер, сайын дала, қара орманым-эпитет).

  5. Талқылаңыз. Азаттық, тәуелсіздік жайында

  6. Салыстырыңыз. Н.Айтұлының «Бәйтерек» поэмасы мен Маралтай Ыбыраевтың «Көшбасшы» поэмасындағы ортақ идеяны салыстыр.

Түсініктеме күнделігі. 1) пірім-қолдап-қорғаушы рух, аруақ. 2) Құлқын-тамақ, кеңірдек. Қара бастың қамы, өз пайдасы. 3) Пақыр-халі мүшкіл байғұс, сорлы. 4) Томаға-қыран құстың көзін жауып тұру үшін басына кигізіп қоятын былғары тұмылдырық. 5) Тулақтай-жүн сабау үшін немесе төсеніш үшін пайдаланатын, кептіріп қатырылған шикі тері. 6) Тарпаңдай-жабайыланып кеткен жылқы. 7) Ғазауатқа-мұсылман діні жолындағы қасиетті соғыс.

Ой толғаныс сатысы.

РАФТ кестесін сызамыз. Кейіпкерге хат (2-кесте).
2-кесте – Кейіпкерге хат


Рөл

Аудитория

Формат

Тақырып

Оқушы



Ақын

Елбасы

Тарихи тұлғаларға


Ойтолғау

Хат

Хат
Бәйтерек

Ризашылығын білдіру

Сырласу

Құрметтеу

Астана -Тәуелсіздік белгісі


Үй тапсырмасы. Үзінді жаттау.
«Сыни тұрғыдан ойлау» жобасы бойынша тағы бір сабақтың әдістемелік сценарийі ұсынылады.

Сабақтың тақырыбы: Темірхан Медетбек «Тәуелсізбін» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

  • білімділік – ақынның өмірі мен шығармашылығы. Өлеңнің тақырыбы мен идеясы туралы;

  • дамытушылық – өлеңнің құрлысы, ақынның тіл шеберлігіне назар аударта отырып, оқушылардың ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту. Оқушылардың салыстыра білу, зерттеу, қорытынды, тұжырым жасау сияқты дағды-машығын дамыту;

  • тәрбиелік – ұлтжандылыққа, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Тәуелсіздіктің қадірін білуге шақыру.

Көрнекілік: Қазақстан тарихы, географиялық карта, ақынның портреті, үнтаспа, сызбалар.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: семантикалық карта, түртіп алу, бес жолды өлең, еркін жазу стратегиялары.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, қазақ тілі.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ.

I. Ұйымдастыру кезеңі. а) амандасу; ә) түгендеу;

б) сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ. Сабақтың құрылымы.

Қызығушылықты ояту сатысы


Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабақтың мақсатымен таныстыру, топқа бөлу.
Сабақтың негізгі бөліміне көшу үшін оқушыларды 3 топқа бөлемін. Ол үшін ел, жер туралы мақал-мәтелдер, тәуелсіздік туралы өлеңдердің атауы, Т.Медетбектіңтәуелсіздік туралы өлеңдері жазылған қағаздар үлестіріледі. Мақал-мәтелдерді оқып, тәуелсіздікті тіл өнері арқылы берілуін айтып «Тіл- құдірет» (мақал-мәтелдер) тобын құрады, бір әнді орындап, тәуелсіздікті саз өнері арқылы берілуін дәлелдейді де «Саз сыры» (әндер) тобын құрады, тәуелсіздік туралы шығармаларды атап, жазу өнері арқылы ана құдіретінің берілуін көрсетеді де «Сырлы қалам» (әңгімелер) тобын құрады.

Семантикалық карта –әңгіменің тірек терминдері арқылы оқушылардың ассоциацияларын анықтауға бағытталған графикалық органайзер болып табылады.

Мұғалім:

  • Құрметті оқушылар, бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіз болмысын жырлаған жырмен танысамыз. Сіздерге ең алдымен, мынаны ұсынамын: біріге отырып «Тәуелсіздік» деген сөздің мағынасы туралы ойланайық. Мен сендердің жауаптарыңды семантикалық картаға жазып қоямын.

Оқушы: -тәуелсіз болушылық,еріктілік,бостандық

Мұғалім: – Кімге тәуелді болмау, экономикалық, саяси жағынан қандай айырмашылығы болады?

Оқушы:- дербес экономиканың болуы. Басқа мемлекеттермен тең әріптестік жағдайда жұмыс жасау

Оқушы: Толық еркі бар, ерікті, бағынышты емес.

Мұғалім: Ал енді келесі: Тәуелсіздік, дербес экономика, басқа мемлекеттермен тең, ту, азаттық, тіл, Мәскеу сөздері туралы ойланыңыздар. Осы сөздермен қандай әңгіме құрай алар едіңіздер? Осы заттармен байланысты өлеңдегі оқиғаны елестете отырып, бірнеше минут ойланыңыздар.

Үш минуттан кейін-ал енді көршіңізге бұрылыңыз, өз идеяларыңызды ортаға сала отырып, бірлесіп әңгіме жазып шығыңыз. Содан соң біреулеріңіз сол әңгімені айтып бересіз.

Бес минуттан кейін –өз оқиғасымен кім бөліседі?

Оқушы: Тәуелсіздік! Қанша рет айтсаңда жүрегіңе нұр құятын киелі сөз. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған күні емес пе бұл!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет