Тергеуге куәгер ретінде шақырылған Солтүстік Қазақстан облысында аудандық білім басқармасының қызметкері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеуіне қатысқан соң өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Солтүстік Қазақстан облысында қылмыстық іс бойынша сотталушының қарамағындағы қызметкердің өзіне қол жұмсағаны белгілі болды. Ол тергеуге куәгер ретінде қатысты. Сондай-ақ облыс бойынша оның емін-еркін жүріп-тұруына шектеу қойылмаған еді. Полиция суицидке итермелеу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр”, – деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

  • Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі "Байсат" базарының бір бөлігі қайтарылды
  • "Ақшаны өлім-жітімге жинадық": Шымкентте парамен ұсталған бір топ экс-полицейлер наразылыққа шықты

Арман Тілеукеновтің айтуынша, сотталушы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы білім бөлімінің басшысы қызметінде болған. Марқұмның басшысы делдал арқылы 1,2 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінген.

“Ол бір мектептің күрделі жөндеуін аяқтағаны туралы актіге қол қойғаны үшін мердігер ұйымның өкілінен пара алған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз хатшысы.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұрәлі Әлиевке байланысы бар зілзаланың ескерту жүйесіне қатысты тексеруді бастаған еді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.