Тұқым шаруашылығының аттестатталған субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге жыл сайын квота белгілеу қағидалары



жүктеу 57.26 Kb.
Дата22.12.2017
өлшемі57.26 Kb.


Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы « »

№ бұйрығымен

бекітілген

Тұқым шаруашылығының аттестатталған субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге жыл сайын квота белгілеу қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Тұқым шаруашылығының аттестатталған субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге жыл сайын квота белгілеу қағидалары (бұдан әрі –Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тарамағының 7-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялаудың бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат есебінен және шегінде тұқым шаруашылығының аттестатталған субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге жыл сайын квота белгілеу тәртібін айқындайды.

2. Бірегей және элиталық тұқымдарға квота белгілеу тетігі
2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы тиісті жылдың 10 қаңтарына дейінгі мерзімде аттестатталған тұқым өндірушілерді қоса алғанда, тиісті ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің түрлері бойынша өндіру, өткізу және сатып алу көлемдерін көрсете отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті жылы көбейту питомниктерінің тұқымдарын, ата-енелік нысандарды өндіруге суперэлиталық пен элиталық тұқымдарды сатып алуға арналған жазбаша өтінімдерді жинауды жүзеге асырады.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы аттестатталған тұқым өндірушілер мәлімдеген бірегей, суперэлиталық және элиталық тұқымды өндіру, өткізу және сатып алу көлемдерінің және тұқым тұтынушылар мәлімдеген тұқым сатып алу көлемдерінің негізділігін және әрбір сорт бойынша тұқым шаруашылығы схемасына сәйкестігін тексереді және тиісті жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудан әкімінің қолы қойылған, аудан бойынша тұқым өндірушілер бөлінісіндегі көбейту питомниктерінің тұқымдарын, ата-енелік нысандарды өндіруге және суперэлиталық пен элиталық тұқымдарды өткізуге арналған өтінімді облыстың (облыстық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына ұсынады.

3. Облыстың (облыстық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы тиісті жылдың 10 наурызына дейінгі мерзімде облыс бойынша ұйғарылып отырған егіс алқаңдарының құрылымына, сорт жаңарту мен сорт алмастырудың ғылыми-негізделген нормаларына, көбейту питомниктерінің тұқымдары мен ата-енелік нысандарды өндіруге және суперэлиталық пен элиталық тұқымдарды өткізуге арналған өтінімге сүйене отырып, облыстық бюджеттен тиісті жылға бөлінетін қаражат шегінде:

1) әрбір аттестатталған бірегей тұқым өндіруші бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің түрлері бойынша көбейту питомниктерінің тұқымдарын, ата-енелік нысандарды өндіру;

2) элиталық тұқым өсіру шаруашылықтары бөлінісінде әрбір тұқым түрі бойынша суперэлиталық және элиталық тұқымдарды өткізу квоталарын
бекітеді.

Элиталық тұқымдарды өткізу квоталары облыстағы ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру басымдығына (мамандандыру схемасы) және аудандардың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарына сүйене отырып, бекітіледі.

Тұқым шаруашылығының аттестатталған субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге жыл сайын

квота белгілеу қағидаларына

1-қосымша

      Нысан 



Көбейту питомниктерінің тұқымдарын, ата-енелік нысандарды өндіруге және суперэлиталық пен элиталық тұқымдарды сатып алуға арналған өтінім

___________________________________________________________ негізінде


                        (құрылтай құжаты)

әрекет ететін ________________________________________________ атынан


                  (шаруашылықтың атауы)

басшысы ____________________________________________________________


   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

20____ жылы мынадай тұқымдарды өндіру, өткізу және сатып алу (қажеттісінің астын сызу керек) туралы мәлімдейді:






Дақыл


Сорт,

будан


Тонна/дана

Ескертпе

1

2

3

4

5































Басшы ___________   ______________________________________________


       (қолы)    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Мөрдің орны

20__жылғы «___» ____________

Тұқым шаруашылығының аттестатталған субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге жыл сайын

квота белгілеу қағидаларына

2-қосымша

      Нысан 

________________________ауданы бойынша көбейту питомниктерінің тұқымдарын, ата-енелік нысандарды өндіруге және суперэлиталық пен элиталық тұқымдарды өткізуге арналған өтінім




Тұқым шаруашылығы субъектісінің атауы

Қызмет түрі

Дақыл

Сорт, будан

1

2

3

4

5






























кестенің жалғасы




Квоталар белгілеуге арналған өтінім


Ескертпе

тонна/дана

1 тонна тұқымның нарықтық құны, теңге

6

7

8


















__________________________

(ауданның облыстық маңызы бар

__________________________ әкімі

қаланың атауы) _________ _________________________

(қолы) (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда))



Мөрдің орны

20__ жылғы «___» _____________
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> География пәнінен облыстық олимпиада
2015 -> Сыздыкова Гульжанар Каримовна карабаева Самал Сериковна Исетова Венера Мухаметжановна Список граждан, допущенных к собеседованию на объявленный конкурс
2015 -> Ибраев Жомарт Омашұлы; Результат конкурса по осуществлению отбора кандидатов на занятие
2015 -> Географиядан теориялық тур сұрақтары ( 9 сынып) Аудандық олимпиада 2014 – 2015 оқу жылы
2015 -> Биографическая справка
2015 -> Bala Turkvizyon 2015» Түрік әлемі әндерінің Ұлттық іріктеу турының ережесі Байқауды ұйымдастырушылар: «Bala Turkvizyon 2015» Ұлттық Түрік әлемі әндері байқауының (ары қарай Байқау) ұйымдастырушылары «rimas televiziyon Radyo Produksyon A


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет