Ұтымды сұрақ – табысты сабақтың кепілі



бет1/3
Дата19.11.2022
өлшемі27.06 Kb.
#179046
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Мақала 1
Резюме в1

Ұтымды сұрақ – табысты сабақтың кепілі

Білім саласы туралы сөз еткенде, сұрақтың маңыздылығы күнделікті оқу мен оқыту үдерісінде дәлелденіп жүр. Дәстүрлі оқытуда болсын, оқушының дағдысын қалыптастыруға бағытталған қазіргі оқыту жүйесінде болсын, тақырыпты меңгерту сұрақсыз жүзеге асырылмайды. Алайда, біз сұрақты дұрыс қолданып жүрміз бе? Шын мәнінде білімді меңгерту үшін сұрақ маңызды ма? Рас, дәстүрлі оқыту барысында негізгі сұрақ қоюшы тұлға мұғалім болып танылды. Оқушыларға да сұрақ қоюға «рұқсат» беріледі. Алайда, бұл сұрақтардың дәрежесі білу мен түсіну деңгейінен аспайтын. Ол сұрақтар – соңғы кезде жиі атап жүрген жеңіл сұрақ, жіңішке сұрақ, төмен деңгейлі сұрақ, бір ғана сөзбен жауап беруге болатын сұрақ, жауабын оқулықтан табуға болатын сұрақ... Қазіргі білім беруде ше? Қазір де солай, тек сұрақтың деңгейіне басқаша талаптар қойыла бастады.


Ежелгі ойшылдар еңбегінде сұрақ табиғатына байланысты арнайы тақырып қозғамағанымен, танымды қалыптастырудағы оның маңызын мойындаған. Осы орайда Сократтың ақиқатты сұрақтар арқылы іздеп табу сияқты атақты әдісі мен кез келген ғылыми мәселені сұрақ түрінде қою, ұзақ уақыт бойы диалектика ретінде қарастырылып келген әңгіме жүргізу өнері және сұрақтарды шеберлікпен қиюластыру арқылы пікірталастыру мен соның арқасында даудың шешімін табу әдістерін атап кеткен жөн. Платонның диалог жүргізу шеберлігі жайлы еңбегі де сұрақты айналып өтпегендігі анық. Өйткені диалогтың негізгі қаңқасын құрайтын құрал сұрақ емес пе? Сондай-ақ, ойлаудың түрлі формалары жайлы сипаттап жазған Аристотель де өзінің пәлсапалық еңбектерінде сұрақты ойлаудың белгілі бір формасы ретінде қарастырған. Әсіресе, шешендік өнер саласына байланысты ой қозғаған еңбектерінде сұрақ қою мәселесіне кеңірек тоқталып өткен. Ол мәселе қою; жағдайды түсіну ережелері, әрбір атаудың мағынасын талдау және айырмашылықтар мен ұқсастықтарды табу сияқты дұрыс пайымдау әдістері; индуктивті және дедуктивті қорытындылар жасау ережелері сияқты бес бөліктен тұратын диалогтың құрылысын суреттей отырып, оның екі соңғы бөліктерін сұрақтарды құрастыру стратегиясы мен оған жауап беру стратегиясына береді. [3,106]
Л.Я. Аверьянов өзінің «Адамдар сұрақты не үшін қояды?» атты еңбегінде «Аристотельдің диалогтық әдісі – дәлелдер туралы оқыту» деген баға береді. [1] Ұлы ойшылдың осы тәсілді әзірлеу барысында шынайы білім алу үшін ойлаудың жалпы әдістерін беруді мақсат еткендігін айтады. Және бұл еңбекті логиканың даму тарихындағы сұрақты диалогтың негізі ретінде қарастырған алғашқы талпыныс деп таниды. Аристотель сұрақ арқылы жауап алу шынайы білім алудың негізгі тәсілдерінің бірі деп есептеген. Сондай-ақ, алғашқы сұрақ келесі сұрақтардың негізін қалап, пікірталас шеңбері тұйықталып, әрбір жаңа сұрақ сайын қайта жаңғырып отыратындығын айтады. Осыдан дұрыс әрі ұтымды сұрақтар кез келген пікірталас және талдау үдерісін діттеген мақсаттарға жеткізуге немесе бірнеше нұсқалы жауаптар мен іздену бағыттарына нұсқайтын тетік бола алатындығы жөнінде қорытынды жасауға болады.
Әл-Фараби өзінің диалектика жөніндегі түсініктемесінде сұрақты әңгіме жүргізу өнерінің құралы ретінде қарастырған. Оның пікірінше, сұрақ дәстүрлі логика шеңберінде силлогизм (ой қорытындысы) арқылы шешілетін қарама-қайшылықтан туындайды. Бұл тұрғыда оның «Диалектикадан» алынған бірінші тезисі бізді қызықтырады: «Диалектика – адамның силлогизм әзірлеу қабілетін игеруге бағыттайтын өнер. Ол силлогизм жалпы тезистің кез келген жай-күйін теріске шығаратын жалпы қабылданған пікірден туындайды. Ол пікір жалпы тезистің белгілі бір қарама-қайшылығын қорғауға талпынған жауап берушіде сәйкестіктер арқылы пайда болуы мүмкін. Ал бұл пікір жауап берушіден сұрақтар арқылы алынады. Жауап беруші жалпы тезистің бір жағының жай-күйін дәлелдеп беруге тырысса, сұрақ қоюшы оны жоққа шығаруға талпынады.» [5,361] Ұлы ойшыл қарсы жақтың жауабын теріске шығаруға бағытталған сұрақ қоюдың өзін өнерге балап отыр. Бұл еңбектерді пайымдай келе мынадай қорытындылар жасауға болады:

  • сұрақтар – шындыққа қол жеткізетін ойлаудың маңызды бір бөлшегі;

  • сұрақтар – дедуктивті жүйе арқылы силлогизмге (ой қорытындысы) бастайтын негізгі жол;

  • сұрақтар – қарсы пікірлер тудыратын немесе дәлелдемелер арқылы қорғалатын қарама-қайшылықтар.

Бұл аталған белгілер сұрақтар арқылы адамды ойлауға, дәлелдер арқылы ой қорытындысын жасауға мүмкіндіктер болатындығын көрсетеді.
Ал жоғарыда атап өткен зерттеуші ғалым Л.Я. Аверьяновтың пікірінше, жекелеген сұрақтардың сипатына талдау жасауға болмайды. [6, 69] Себебі жекелеген сұрақ болмайды, тек сұрақтар жүйесі болады. Осы жүйесі ішінде ғана әрбір сұрақ өзінің сипатына ие болып тұрады. Және осы сұрақтар жүйесі арқылы ғана шынайы білімге қол жеткізіп, танымды дамытуға болады.
Психология ғылымының кандидаты, психолог-кеңесші И.И.Aминoв: «Сұрақ қоя білу ақыл мен көрегенділіктің қажетті белгісі болып табылады», – дейді. [2] Оның ойынша, жақсы қойылған сұраққа ғана іскерлік сұхбатқа қатысушының жауап бергісі келеді, жауап бере алады немесе ол жөнінде ойланғысы келеді және ол әріптестікке қызығушылық танытатын болады.
Сондай-ақ, ғалым іскерлік сұхбатта жиі қолданылған сұрақтардың бірнеше түріне талдау жасап өтеді. Егерде ол ұсынылған сұрақтардың білім саласына аса қажеттілерін сұрыптап, түсінік беретін болсақ, төмендегідей сұрақтар жүйесі көрініс табады:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет