Зомби-вирус немесе Мафусаил микробтарының штаммдарынан әлемде жаңа пандемия пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ғалымдардың пікірінше, ежелгі Сібір вирустарының оянуы жаһандық жылынуға байланысты болмақ.

Марсель университетінің генетигі Жан-Мишель Клавери жаһандық ғылыми қауымдастық климаты жылы елдерде аурудың өршу қаупіне назар аударғанымен, солтүстіктегі қауіпке мән бермей жатқанын айтты.

"Бүгінгі таңда пандемия қаупінің анализі оңтүстік аймақтарда пайда болуы мүмкін, содан кейін солтүстікке таралуы мүмкін ауруларға бағытталған. Керісінше, індет қиыр солтүстікте пайда болып, содан кейін оңтүстікке таралуы да мүмкін", – деді ғалым.

  • Әлемде мысықтар арасында вирустық пандемия жүруде

Роттердамдағы Эразмус медициналық орталығының вирусологы Марион Купманс да осы пікірге келісті. Ол мұзда қатып қалған вирустардың бірі түрлі ауруды, мысалы, полиомиелиттің ежелгі түрін тудыруы мүмкін екенін атап өтті.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.