"Қазақмыс" корпорациясы заң бөлімінің басшысы бопсалады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: kazakhmys.kz

Ресми мәлімет бойынша, Қарағанды ​​облыстық ПД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы "Қазақмыс" корпорациясының қызметкерін ұстаған. 

"Қылмыстық кодекстің "бопсалау" бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС заң қызметі басқармасының орталық аймақтық заң басқармасының келісім-шарт және талап-арыздар бөлімінің басшысы ұсталды. Қазіргі уақытта А.М.Жұмабаевқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде", – делінген "Қазақмыс" компаниясының хабарламасында.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.