Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Осы жылдың 17 қаңтарында Алматы облысының vамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А. Абдрахмановқа және басқа да адамдарға қатысты үкім шығарылды", – делінген cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Судьяның заңсыз қызметін бұған дейін cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жоғарғы Сотпен бірлесіп тоқтатқан.

"А.Абдрахманов Қарасай ауданы vемлекеттік кірістер басқармасының Өндіріп алу бөлімінің басшысы А.Асилбековтың көмегімен екі ЖШС-ны банкрот деп танығаны үшін кәсіпкерден пара алды деп айыпталды", – делінген хабарламада.

Қонаев қалалық сотымен А.Абдрахманов 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ал А.Асилбековке 122,5 миллион теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы директоры 4,5 жылға сотталды

 

Қазақстанның аграрлық несие корпорациясының бұрынғы топ-менеджері алаяқтық үшін сотталды

 

Сонымен бірге пара беруші 3 жыл 6 ай мерзімге сотталды. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.

ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.