Типтік оқу бағдарламасы биология



жүктеу 230.6 Kb.
Дата07.03.2018
өлшемі230.6 Kb.
түріБағдарламасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Республикалық оқу- әдістемелік кеңес


ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

БИОЛОГИЯ

тілдік дайындық деңгейін арттыру бойынша жоғары оқу орындарының дайындық бөлімі тыңдаушылары үшін


6 кредит (270 сағат)

Қарағанды 2016



АЛҒЫ СӨЗ
1. Типтік оқу бағдарламасы дайындық бөлімі бойынша оқу-әдістемелік бірлестікпен әзірленген.

2. Типтік оқу бағдарламасы орта білім беру оқу бағдарламасының «Биология» пәні бойынша ҚР СТ.1.4.002-2012 жалпыға міндетті стандарты негізінде әзірленген.

3. Типтік оқу бағдарламасы Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің мәжілісінде бекітілген. ҚР БҒМ 30 маусым., 2016 ж. № 2 хаттама.


ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ
«Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы жөніндегі» ҚР Президентінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы №3308 Жарлығының және «ҚР Көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 29 қазандағы №1371 Қаулысын жүзеге асыру мақсатында еліміздегі жоғары оқу орындарында қазақ диаспорасы өкілдері мен оралмандар үшін дайындық бөлімдері ашылған болатын. Бұл дайындық бөлімдері келешек талапкерлерге жоғары оқу орындарына түсу үшін мектеп бағдарламалары негізінде қосымша білім беріп, бейінді пәндер бойынша жан-жақты дайындауға бағытталған.

Дайындық бөлімінде биологияны оқытудағы негізгі міндет, ол тыңдаушылардың білімін барынша толықтыру және түлектердің кешендік тестілеуден (ТКТ) өтуіне дайындау болып табылады.

Жоғары оқу орнына түсуші тыңдармандарды даярлаудың мазмұнын қайта құрумен байланысты қоғамның қазіргі дамуының өзекті қажеттіліктері Қазақстанда білім беру саласының алдына күрделі міндеттер қойып отыр.

Дайындық бөліміне түскен тыңдаушы биология пәнін таңдау арқылы болашақ армандаған мамандығына қол жеткізе алады. Мектеп бітіруші биология пәнін меңгеру арқылы бірнеше мамандық түрлеріне түсуге мүмкіндік алады.

Дайындық бөліміне түскен шет елден келген қазақ балалары бұл пәннің ішкі мазмұнын еліміздің тілдік қолданысындағы стандартына сәйкес түсіне алады. Биология пәнінде кездесетін кейбір тілдік ерекшелігімізге сәйкес қолданылатын терминдер мен ұғымдарды толық түсініп меңгеру арқылы білімдерін толық қалыптастыру мүмкіндігіне ие болады.

ЖОО-на түсуші тыңдаушыларды оқыту МЖМБ стандартына «Биология» пәнін енгізу қажеттігін негіздейді.



ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ




Тақырыптардың атауы

1

Цитология негіздері

1.1

Жасушаның химиялық құрамы

1.2

Жасушасыз тірлік құрылымы. Вирустар дүниесі

1.3

Прокариоттар

1.4

Эукариоттар. Саңырауқұлақтар, өсімдіктер және жануарлар жасушасының құрылымы

1.5

Жасушаның тіршілік әрекетінің негізгі үдерісі

2

Ботаника – өсімдіктер туралы ғылым

2.1

Өсімдік ұлпалары

2.2

Вегетативті және генеративті мүшелер

2.3

Өсімдіктің тіршілік әрекетінің үдерістері

2.4

Өсімдіктер дүниесінің негізгі бөлімдері

2.5

Жабық тұқымды өсімдіктердің сипаттамасы

3

Зоология – жануарлар туралы ғылым

3.1

Қарапайымдар

3.2

Омыртқасыз жануарлар

3.3

Омыртқалы жануарлар

4

Анатомия және адам физиологиясы

4.1

Адамның негізгі ұлпалары

4.2

Эндокриндік жүйе

4.3

Жүйке жүйесі. Мінез және психика

4.4

Тірек-қимыл мүшелер жүйесі

4.5

Ағзаның ішкі ортасы.. Жүрек-қантамырлар жүйелері

4.6

Тынысалу жүйесі. Ыдырау өнімдері

4.7

Асқорыту жүйесі. Зат алмасу

4.8

Адамның жеке дамуы

5

Генетика және селекция негіздері

5.1

Тұқымқуалаушылық заңдылықтары

5.2

Өзгергіштік заңдылықтары

5.3

Селекция және биотехнология негіздері

6

Эволюция ілімі

6.1

Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы теориялар

6.2

Эволюциялық идеялардың дамуы. Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі

6.3

Микроэволюция

6.4

Макроэволюция

6.5

Жердегі тіршіліктің пайда болуы және дамуы

6.6

Адамның шығу тегі. Антропогенез

7

Экология негіздері

7.1

Ағза және негізгі тіршілік орталары

7.2

Популяциялық экология

7.3

Қауымдастық экологиясы. Биоценоздар

7.4

Биосфера туралы ілім

7.5

Ғаламдық экологиялық мәселелер

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспе

Биология – тіршілікті жан-жақты зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Ол тірі организмдердің құрылысын, қызметін, өсіп дамуын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын зерттейді.

Биология пәнін оқудың басты мақсаты – тірі табиғат және оның құрамдас бөліктері туралы білімді қалыптастыруға, тірі ағзаларды жасушалық деңгейден тұтастай ағзалық деңгейге дейін жан-жақты түсінуге, ағзалардың өсіп-өну заңдылықтарын білуге, адамның жаратылысын түсіндіреді.

Биологияны оқытудың басты міндеттері:



  • тыңдаушыларды негізгі оқыту білімімен, биология ғылымының зерттеу әдістері, теориялары, терминдері және түсініктермен таныстыру;

  • тыңдаушылардың пәнді оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ЖОО-на түсу үшін биология пәнін жетік беріп даярлау, олардың мақсат жігерін арттыру;

  • еліміздегі ЖОО-на түсу үшін даярлық бөліміне түскен шет елден келген тыңдаушыларға биология пәнінде кездесетін терминдер мен ұғымдармен таныстыру;

  • Курстың құрылымы

  • ҚР МЖМБС сәйкес Дайындық бөліміндегі «Биология» пәнінің құрылымы 120 сағат дәрісханалық сабақ, 120 сағат СОӨЖ және 120 сағат СӨЖ, яғни 8 несие көлемінде оқытуды қарастырады.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ЦИТОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ

Жасушаның химиялық құрамы

Цитологияның мақсаттары мен міндеттері. Жасуша теориясы. Жасуша – тіршіліктің элементарлық, құрылымдық және қызметтік бірлігі. Тірі материяның химиялық құрам бірлігі. Саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар және бактериялар жасушасының құрылымы. Органикалық заттар: көмірсулар, ақуыздар, нуклеин қышқылы, АТФ, липидтер, олардың құрылымы мен жасушадағы маңызы. Ферменттердің жасушада атқаратын ролі мен қызметі.


Жасушасыз тірлік құрылымы. Вирустар дүниесі

Вирустардың құрылысы мен атқаратың қызметі. ИТИС вирусы, оның алдын алу жолдары. Ауру туғызатын вирустар олардан келетін залалдар.


Прокариоттар

Бактериялардың жалпы сипаттамасы, прокариоттық жасушардың құрылымы, бактериялардың таралуы. Ұлғайтқыш құралдар: микроскоп, лупа. Жасуша құрылымы: плазмалық жарғақша, жасуша қабығы, цитоплазма, сақиналы ДНҚ, рибосома, қосындылар. Бактериялардың пішіні, тыныс алу, қоректенуі бойынша сан алуандығы. Бактериялардың таралуы. Бактериялардың табиғаттағы, халық шаруашылығындағы маңызы (экологиялық, ауру туғызатын, биотехнологиялық).


Эукариоттар. Саңырауқұлақтар, өсімдіктер және жануарлар жасушасының құрылысы

Жануарлар жасушасының құрылымы: плазмалық жарғақша, цитоплазма, эндоплазмалық тор, Гольджи жиынтығы және лизосома, митохондрия оның құрылысы мен атқаратын қызметі. Ядроның құрылымы мен атқаратын қызметі, химиялық құрамы мен хромосома құрылысы. Өсімдік пен жануар жасушасын салыстыру. Пластидтер, жасуша қабығы, вакуоль. Біржарғақшалы, екіжарғақшалы және жарғақшасыз органоидтар. Саңырауқұлақтар тіршіліктің ерекше тобы. Саңырауқұлақтар ағзасының өсімдік пен жануарға тән ерекшеліктері, жасуша құрылысы, тіршілігі. Қоректенуі, тыныс алуы және споралық жолмен көбеюі. Көп жасушалы саңырауқұлақтар. Қалпақшалы саңырауқұлақтар. Микориза туралы түсінік. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар. Паразит саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Зең саңырауқұлақтары: мукор, пеницилл. Біржасушалы саңырауқұлақ – ашытқы саңырауқұлағы. Қыналар, олардың құрылысы, ерекшелігі, қоректенуі мен көбеюі. Қыналардың сан алуандығы. Қыналардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы. Қыналар табиғаттың индикаторы.


Жасушаның тіршілік әрекетінің негізгі үдерісі

Жасушада зат және энергия алмасу, пластикалық және энергетикалық алмасу. Фотосинтез. Фотосинтездің жарық және қараңғы фазалары, су фотолизі. Хлорофилдің ролі. Жасушалық тыныс алу. Гликолиз. Хемосинтез және оның биосферадағы ролі. Генетикалық ақпарат. Диплоидты, гаплоидты хромосомалар жиынтығы. ДНҚ - ақуыздар синтезінің тізбегі. Генетикалық код. Генетикалық кодтың қасиеттері. Ақуыздардың биосинтезі. Белоктардың биосинтезі, ДНҚ тізбегі бойынша и-РНК қалыптасуы. ДНҚ репликациясы. Жасушаның тіршілік циклі. Митоз және оның фазалары. Митоздың биологиялық мәні. Мейоз және оның биологиялық мәні. Мейоздың фазалары. Сперматогенез. Овогенез.


БОТАНИКА – ӨСІМДІКТЕР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ

Өсімдік ұлпалары

Өсімдік ұлпалары туралы түсінік. Өсімдік ұлпаларының түрлері: түзуші, жабын, негізгі (қор жинаушы фотосинтездеуші), өткізгіш (сүзгілі түтіктер, өткізгіш шоқтар), тірек, бөліп шығарушы. Өсімдік – көп жасушалы ағза.


Вегетативті және генеративті мүшелер

Вегетативті және генеративті мүшелер туралы түсінік. Өсімдіктің вегетативті мүшелері ретінде тамырдың сыртқы және ішке құрылысы. Тамыр бөлімдері. Тамырдың өсуі. Тамыр түрлері. Тамыр және тамыр жүйесі. Тамырдың түрөзгерістері. Өркендердің құрылысы мен маңызы. Өркендер мен бүршіктер. Бүршік – бастапқы өркен (вегетативті және генеративті). Өсімдіктің бұтақтануы. Жапырақ. Жапырақтың сыртқы және ішкі құрылысы. Лептесік. Жапырақтың сан алуандығы мен оның маңыздылығы. Жапырақ өсімдіктің газ алмасуы мен фотосинтезіне қатысатын басты мүше. Жапырақтың түрөзгерісі. Сабақ. Сабақтың ішкі құрылысы. Сабақтың биіктігі мен жуандығы. Камбий жасушасының ролі. Жылдық сақиналар. Сабақтың сан алуандығы. Сабақтың түрөзгерістері. Гүл оның құрылысы мен мәні. Гүлшоғырлар. Гүлшоғырдың биологиялық мәні. Өсімдіктің гүлдеу және тозаңдануы. Тозаңдану түрлері. Гүлдердің қосарлы ұрықтануы. Тұқымның сыртқы және ішкі құрылысы. Тұқымның типтері. Дара жарнақты және қос жарнақты өсімдік тұқымдарының құрылысы. Тұқымның органикалық және бейорганикалық заттары. Өсімдік ұрығы. Жемістер. Жеміс түрлері.


Өсімдіктің тіршілік әрекетінің үдерістері

Өсімдіктердің минералдық қоректенуі. Тыңайтқыштар. Жасыл өсімдіктердің автотроф ретінде ролі. Өсімдіктің тыныстауы. Өсімдіктердің тыныс алуы және тыныс алу процестерінің қоршаған ортаға тәуелділігі. Өсімдік тіршілігіндегі судың маңызы. Өсімдіктің жынысты және жыныссыз көбею және оның биологиялық мәні. Өсімдік шаруашылығында вегетативті көбеюді қолдану. Вегетативті көбеюі және оның биологиялық мәні. Өсімдіктің өсуі мен дамуы. Өсімдіктің даму сатылары.


Өсімдіктер дүниесінің негізгі бөлімдері

Өсімдік систематикасы туралы түсінік. Балдырлар бөлімі. Біржасушалы және көпжасушалы балдырларға жалпы сипаттама. Жасыл, қоңыр және қызыл балдырлар. Балдырлардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы. Мүктәріздестер бөлімі. Мүктердің сан алуандығы. Жоғары споралы өсімдік ретінде жасыл мүктерге жалпы сипаттама. Шымтезек мүгі. Мүктердің көбеюі мен дамуы. Мүктердің табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Қырықжапырақтар бөлімі. Қырықжапырақ, плаун, қырықбуындардың өсуі мен дамуына жалпы сипаттама. Табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Ашық тұқымдылар бөлімі және оларға жалпы сипаттама. Қылқан жапырақты өсімдіктердің тұқым арқылы көбеюі мысалы кәдімгі қарағай. Жабық тұқымдыларға (гүлді) жалпы сипаттама. Гүлді өсімдіктердің қос жарнақты және дара жарнақты кластарға бөлінуі.



Жабық тұқымды өсімдіктердің сипаттамасы

Шаршыгүлділер тұқымдасы. Раушангүлділер тұқымдасы. Алқа тұқымдастар. Бұршақ тұқымдастар. Күрделігүлділер тұқымдасы. Лалагүлділер тұқымдасы. Пияз тұқымдасы. Астық тұқымдастары. Гүл, жемістің тіршілік әрекеті мен құрылыс ерекшеліктері. Жабайы, мәдени, дәрілік, халық шаруашылығында маңызды өсімдіктер. Мәдени өсімдіктердің көптүрлігі мен пайда болу тарихы.




ЗООЛОГИЯ – ЖАНУАРЛАР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ

Біржасушалы жәндіктер немесе қарапайымдар

Жауарлар систематикасы. Қарапайымдылар немесе біржасушалы ағзалар. Қарапайымдылардың табиғаттағы алуантүрлігі. Тамыраяқтылар (Саркодиналар). Кәдімгі амеба, сыртқы және ішкі құрылысы. Біржасушалы ағзаның тіршілік әрекеті: қозғалуы, қоректенуі, тыныс алуы, бөлінуі, осморегуляциясы, көбеюі. Талшықтылар. Жасыл эвглена. Шоғырлы талшықтылар. Инфузориялар. Туфелька – инфузория. Жыныстық үдеріс. Ауру қоздырғыш қарапайымдар. Қарапайымдылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңыздылығы.


Омыртқасыз жануарлар

Ішекқуыстылар типі. Тұшы су гидрасы. Сыртқы пішіні және тіршілік әрекеті. Ішкі құрылысы. Екі қабаттылығы. Жасушаның әртүрлігі. Гидраның көбеюі. Теңіз ішекқуыстылары. Медуза және көқармалауышты маржандар. Табиғаттағы және адам өміріндегі маңыздылығы. Жалпақ құрттар типі. Ақ сұламаның құрылысы, көбеюі, тіршілік әрекеті. Паразитті жалпақ құрттар. Аралық иелері мен даму циклі. Жұмыр құрттар типі. Аскарида және үшкірқұрт, және олардың құрылысы, тіршілік әрекеті. Адам мен жанауарлар үшін маңыздылығы. Буылтық құрттар типі. Буылтық құрттардың көп түрлігі, сыртқы және ішкі құрылысы мен маңыздылығы. Ұлулар типі. Былқылдақденелілердің көп түрлігі, сыртқы және ішкі құрылысы мен маңыздылығы. Ұлулар класы: бауыраяқтылар, қосжақтаулылар мен басаяқтылар. Табиғаттағы және адам өміріндегі маңыздылығы. Буынаяқтылар типі және оларға жалпы сипаттама. Шаянтәріздестер. Сыртқы құрылысы. Мекен ортасы мен тіршілік әрекеті. Кенелер ауру таратушы өкілдер. Бунақденілелер класы. Көптүрлілігі. Бунақденелілердің көбеюі мен дамуы. Даму типтері. Бунақденелілердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңыздылығы. Тікентерілер типі. Теңіз жұлдыздары, теңіз кірпілері, теңіз қиярлары. Көбеюі мен дамуы. Жәндіктерді қорғау.


Омыртқалы жануарлар

Желілілер типіне қысқаша сипаттама. Бассүйексіздер тип тармағы. Қандауырша – бассүйексіздер өкілі. Балықтар жоғары класы. Сыртқы және ішкі құрылысы мен ерекшелігіне жалпы сипаттама. Балықтардың көбейуі және дамуы. Балықтар миграциясы. Шеміршекті және сүйекті балықтар класы. Балық шаруашылығының маңыздылығы. Қосмекенділер класы. Өліп біткен қосмекенділер және олардың ертедегі саусаққанатты балықтардан пайда болуы. Қосмекенділердің көптүрлілігі. Көбеюі мен даму ерекшелігі. Қосмекенділердің табиғат пен адам өміріндегі маңыздылығы. Жорғалаушылар класы. Сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктері. Жорғалаушылар құрлық ортасының нағыз тіршілік иелері. Қоректенуі мен мінез құлқы. Көбеюі мен дамуы. Жорғалаушылар отрядтары. Жорғалаушылардың табиғат пен адам өміріндегі маңыздылығы. Құстар класы. Құстардың сыртқы және ішкі құрылыстарының ерекшелігі. Ұшуға бейім болуы. Жылықандылар. Көбеюі мен дамуы. Жыл құстары. Құстардың көптүрлілігі мен экологиялық топтары. Құстардың биогеоценозбен адам өміріндегі маңыздылығы. Кәсіптік құстар, оларды тиімді пайдалану мен қорғау. Үй құстары. Сүтқоректілер класы, немесе Аңдар. Сүтқоректілердің сыртқы және ішкі құрылыстарының ерекшелігі. Сүтқоректілердің тіршілік ортасы. Көбеюі және дамуы. Сүтқоректілердің көптүрлілігі. Жұмыртқа салушы ілкіаңдар. Қалталы және ұрықжолдасты сүтқоректілер. Ұрықжолдастылардың аса маңызды отрядтары. Сүтқоректілердің негізгі экологиялық топтары. Оларды тиімді пайдалану мен қорғау шаралары.


АНАТОМИЯ ЖӘНЕ АДАМ ФИЗИОЛОГИЯСЫ

Адамның негізгі ұлпалары

Адамның негізгі ұлпалары: эпителий, дәнекер, бұлшық ет, жүйке. Ағзадағы бұлшықеттер ұлпасының жеке топтары (қаңқаның бұлшықет ұлпасы, жүректің бұлшықет ұлпасы, ішкі мүшелердің бұлшықет ұлпасы). Жүйке ұлпасы: нейрон, дендрит, аксон, синапс, рецептор.


Эндокриндік жүйе. Гуморальдық реттелу

Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері. Эндокриндік жүйе. Мүшелердің үздіксіз жұмыс істеуінде гормондардың алатын орны мен маңыздылығы. Гормондардың қасиеті. Гипофиз. Өсу гормоны. Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі. Қалқанша бездің бұзылуынан пайда болатын аурулар. Қалқаншамаңы бездері. Қалқаншамаңы бездің құрылысы мен қызметі. Айырша бездің ерекшелігі. Бүйрекүсті бездері және оның атқаратын қызметі. Ұйқы безінің маңызы. Инсулин. Қант ауруы. Адамның жыныстық дамуына гипофиз, ұйқы безі, қалқанша безі, бүйрекүсті безі мен жыныстық бездердің гормондарының маңыздылығы. Аралас бездер: ұйқы бездері, жыныс бездері. Сыртқы секреция бездері.


Жүйке жүйесі. Мінез және психика

Жүйке жүйесінің маңызы, оның құрылысы және қызметі. Қозу мен тежелу. Рефлекс және рефлекстік доға. Орталық және шеткі жүйке жүйесі. Жұлын және оның құрылысы. Жұлынның құрылысы мен қызметі. Жұлынның рефлекстік және өткізгіштік қызметі. Ми. Мидың құрылысы, бөлімдері. 12 жұп бас ми жүйкелері. Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелері. Сезім мүшелері және анализаторлар туралы түсінік. Көз мүшесі. Көздің құрылысы мен қызметі. Көру орталығы. Көз гигиенасы. Есту мүшесі мен есту анализаторы. Құлақтың құрылысы мен бөлімдері. Есту орталығы. Құлақ гигиенасы. Тепе теңдік мүшесі: вестибулярлы аппарат. Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері және олардың анализаторлары. Сипап сезу ролі. Анализаторлардың өзара іс қимылдары. Шартты және шартсыз рефлекстер. Адамның жоғары жүйке әрекеттерінің ерекшелігі. Сөз, сана еңбектің қызметі. Адамның танымдық үдерісі: сезіну, қабылдау, есте сақтау, қиял, ойлау. Назар. Эмоция. Адам денсаулығы және қоршаған орта.


Тірек-қимыл мүшелер жүйесі

Сүйектер, бұлшық ет, сіңірлер - тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктері. Олардың мәні. Қаңқа бір-бірімен байланысқан сүйектерден құралады. Буындардың құрылысы. Сүйектердің құрылысы мен құрамы, олардың пішіні мен қызметі. Сүйектің ішкі құрылысы. Сүйектің қызыл кемігі майы. Адам қаңқасының негізгі бөлімдері. Омыртқа бөлімдері. Омыртқа құрылысы. Кеуде қуысы. Бассүйек және иық, жамбас белдеулері мен қол-аяқ сүйектері. Сүйектердің құрылысы, құрамы, өсуі, байланысы. Сіңір созылғанда, буын шыққанда, сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем. Сүйектің сынуы. Бұлшықет, бұлшықет топтары және олардық құрылысы мен маңыздылығы. Дене еңбегі мен дене шынықтырудың тірек-қимыл жүйесіне әсері.


Ағзаның ішкі ортасы. Жүрек-қантамырлар жүйелері

Қан, үлпа сүйықтығы және лимфа-организм ішкі ортасының құрам бөліктері. Олардың айналымы мен байланысы. Қан құрамы: плазма және қан жасушалары. Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі. Эритроциттердің оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдауы. Гемоглобиннің ролі. Артерия мен вена қантамырлары. Лейкоциттер, олардың құрылысы мен қызметі. И.И.Мечников фагоцитозды ашқан ғалым. Иммунитет. Иммундық жүйенің мүшелері. Иммундық реакция. Қарсыденелер мен қарсыгендер. Иммунитет түрлері: табиғи, жүре пайда болған, жасанды. Қан топтары, резус-фактор, қан құю. Жүрек құрылысы. Құлақша мен қарыншаның ролі. Жүрек қақпақшалары. Жүрек қызметінің фазалары. Қантамырлар және олардың түрлері. Қантамырлар: артерия, қылтамырлар, вена. Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері. Қанның артериялық қысымы. Тамырдың соғуы. Жүрек қызметі. Жүректің құрылысы. Жүрек және қан тамырлар жүмысының реттелуі. Гуморальдық реттелу. Жүрек – қантамырлар жүйесінің аурулары. Қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы жәрдем. Жүрек қантамырларына зиянды заттардың әсері.


Тынысалу жүйесі. Ыдырау өнімдері

Тыныс алудың маңызы. Тынысалу мүшесі: тынысалу жолдары мен өкпе. Мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, ауатамырлар олардың құрылысы мен қызметі. Өкпенің құрылысы, өкпе мен ұлпалардың газ алмасуы. Тыныалу қозғалысы және оның реттелуі. Тынысалу орталығы. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тынысалу мүшелерінің аурулары және оның гигиенасы. Ыдырау өнімдері. Зәршығару мүшесі. Бүйректің құрылысы. Нефрон. Зәрдің түзілуі мен шығарылуы. Бүйрек жұмысының реттелуі. Бүйрек аурулары мен гигиенасы. Терінің құрылысы. Тері аурулары. Тері шелмай қабаты. Дене температурасының реттелу тетігі. Тері күйгенде, үсігенде, күн өткенде көрсетілетін алғашқы жәрдем.


Асқорыту жүйесі. Зат алмасу

Тағамның маңызы. Тағамдық өнімдер және қоректік заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер, су, минералды тұздар. Асқорытудың мәні. Асқорыту жүйесінің бөлімдері. Ауыз қуысында астың қорытылуы. Тістің құрылысы мен қызметі. Тіс күтімі. Сілекей бездерінің асқорытуға қатысуы. Жұтқыншақ. Өңеш. Қарын. Асқазанда астың қорытылуы. Асқорыту ферменттері. Қарын және ішек сөлі. Бауыр мен ұйқыбезінің құрылысы мен қызметі. Бауырдан бөлінетін өттің асқорытудағы маңызы. Асқорыту мүшелерінде астың қорытылуы мен сіңуі. Қарында, ішекте, тоқ ішекте астың қорытылуы. Асқорыту мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу жолдары. Тағамнан улану. Дұрыс тамақтану және денсаулық. Тамақтану ережесі. Ағзада заттар мен энергияның алмасуы. Энергетикалық алмасу және оның кезеңдері. АТФ. Витаминдер және олардың маңызы.


Адамның жеке дамуы

Адамның ұрпақ жаңғыртуы және дамуы. Жыныс мүшелерінің құрылысы мен қызметі. Аналық жыныс мүшелер жүйесі. Аталық жыныс мүшелер жүйесі. Жыныстық жетілу. Ағзаның жеке дамуы (онтогенез) туралы түсінік. Ұрықтандыру. Жүктілік. Эмбриональдық даму кезеңдері: дробление, бластула, гаструла, нейрула, органогенез. Туу. Туғаннан кейін дамуы. Адам өмірінің кезеңдері. Шылым шегу, ішімдік ішу, есіркенің адам денсаулығына зияны.


ГЕНЕТИКА ЖӘНЕ СЕЛЕКЦИЯ НЕГІЗДЕРІ

Тұқымқуалаушылық заңдылықтары

Генетиканың даму тарихы. Белгілердің Г.М.Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары. Гибридологиялық әдіспен тұқымқуалаушылықты зерттеу. Моногибридті будандастыру. Доминанты немесе ажырау заңы. Гомозиготалы және гетерозиготалы дарақтар. Генотип және фенотип. Аллельді гендер. Толықтай немесе жартылай доминанттар. Гаметалар тазалығы ережесі. Анализдік будандастыру. Дигибридті будандастыру. Тәуелсіз тұқымқуалаушылық. Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы. Жыныстың генетикалық анықталуы, гомогаметалы және гетерогаметалы жыныстар. Жынысқа тіркесті тұқым қуалау. Т.Морганның тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теория заңы. Хромосомалық және цитоплазмалық тұқым қуалаушылық. Адамның генетикалық аурулары.


Өзгергіштік заңдылықтары

Модификациялық және тұқым қуалаушылық өзгергіштігі. Реакция нормасы. Тұқымқуалаушылық өзгергіштіктерінің типтері. Гендік, хромосомалық, геномдық мутациялар. Тұқым қуалау өзгергіштігіндегі гомологиялық қатарлар заңы. Генетика және медицина. Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері. Адамның кейбір тұқым қуалаушылық ауруларын емдеу жолдары.


Селекция және биотехнология негіздері

Селекцияның міндеттері мен әдістері. Селекция үшін қажетті бастапқы материал. Н.И.Вавилов мәдени өсімдіктердің шығу орталығын анықтады. Өсімдіктер мен жануарлардың селекциясы. Селекция әдістері. Жасанды сұрыптау, гибридтендіру, будандастыру түрлері. Өсімдіктер селекциясындағы полиплоидия. Қазіргі селекцияның жетістіктері. Биотехнология. Микроағзалар, саңырауқұлақтар, прокариоттар биотехнологияның негізгі нысандары. Гендік инженерия, оның дамуы мен болашағы.


ЭВОЛЮЦИЯ ІЛІМІ

Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы теориялар

Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы теориялар. Алғашқы атмосфера. Л.Пастер мен Ф.Реди тәжірибесі бойында тіршіліктің өздігінен пайда болуы. Панспермия теориясы. Жерде тіршіліктің пайда болуы жөнінде қазіргі заман көзқарасы. С.Миллер тәжірибесі, А.И.Опарин бойынша абиогенез теориясы. Коацерваттар. Биологиялық эволюцияның бастапқы кезеңдері: фотосинтез, эукариот, жыныстық үдеріс пен көпжасушалықтың қалыптасуы.


Эволюциялық идеялардың дамуы. Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі

Эволюциялық идеялардың дамуы. Эволюциялық түсініктердің шығуы және дамуы. Эволюционизмнің алғы шарттары. Дарвинге дейінгі биологияның дамуы. Өсімдік және жануар систематикасы бойынша К.Линней жұмысы. Ч.Дарвин және оның түрлердің пайда болу теориясы. Эволюцияның дәлелдемелері.



Микроэволюция

Харди-Вайнберг заңы бойынша мутациялардың эволюциялық ролі, популяциядағы генетикалық үдеріс. Табиғи сұрыпталу формасы. Тұрақтандырушы сұрыптау. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар. Изоляция. Ағзалардың тіршілік ортасына бейімделуі – табиғи сұрыпталудың нәтижесі. Түрлердің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар: географиялық және экологиялық.


Макроэволюция

Эволюциялық үдерістің негізгі бағыттары. Биологиялық прогрес және биологиялық регресс. Биологиялық прогрестің негізгі жолдары. Эволюцияның негізгі заңдылықтары: дивергенция, конвергенция, параллелизм. Аналогиялық және гомологиялық мүшелер. Ароморфоз және идиоадаптация.


Жердегі тіршіліктің пайда болуы және дамуы

Архей және протерозой заманында тіршіліктің дамуы. Жануарлар әртүрлігінің дамуы. Полезой заманында тіршіліктің дамуы: Кембрий, Ордовик, Силур, Девон, Карбон, Пермь. Мезозойда тіршіліктің дамуы: Триас. Юра. Бор. Кайнозойда тіршіліктің дамуы: Палеоген. Неоген. Антропоген. Төрттік дәуір: сүтқоректілердің эволюциясы. Органикалық дүниенің алуантүрлілігі.


Адамның шығу тегі. Антропогенез

Адамның тірі табиғаттағы ролі. Саналы адам Homosapiens-тің тіршілік әлеміндегі орны. Адам шығу тегінің дәлелдемелері. Антропогенездің алғышарттары. Алғашқы адамдар. Ежелгі адамдар. Ертедегі адамдар. Қазбадан табылған осы заманғы типтес адамдар. Адам нәсілдері. Нәсілшілдіктің дәрменсіздігі. Нәсілшілдіктің кертартпалық мәні.



ЭКОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ

Ағза және негізгі тіршілік орталары

Экология пәні. Ортаның экологиялық факторлары: абиотикалық, биотикалық, антропогендік. Факторлардың әсер ету белсенділігі. Шектеуші факторлар. Орта факторларының өзара әрекеттесуі. Шыдамдылық шектері. Организмдердің тіршілік ортасына бейімделуі.


Популяциялық экология

Популяция туралы түсінік. Түрдің алуантүрлігі, саны, популяция тығыздығы. Түрішілік қарым-қатынастар: бәсекелестік, паразиттік. Популяциядағы дарақтардың тіршілік формасы.


Қауымдастық экологиясы. Биоценоздар

Қауымдастықтар, Экожүйелер. Бірлестіктердегі организмдердің қызмет атқаратын топтары. Экожүйелердің мысалдары. Экологиялық пирамида. Экожүйелердің өнімдері. Экожүйелердің қасиеттері. Продуценттер, консументтер, редуценттер. Энергия ағымы және қоректік тізбектер. Өздігімен реттелу. Экожүйлер алмасуы. Агроценоздар.


Биосфера туралы ілім

Биосфера туралы В.И.Вернадскийдің ілімі. Биосфераның құрамы: тірі зат, түрлік құрамы. Биосферадағы зат және энергия айналымы. Биосфера қабаттары: атмосфера, литосфера, гидросфера. Биосферадағы биокосты, бионегізді, биогенді заттар. Тірі заттардың қызмет әрекеті. Топырақ және шөгінді жыныстарды құраудағы тірі ағзалардың ролі.


Ғаламдық экологиялық мәселелер

Адамның биосферадағы ролі. Ғаламдық экологиялық мәселелер. Қоғам және қоршаған орта. Тұрғындар санының өсуі. Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы. Табиғатты қорғау. Биосфералық қорықтар. Экологиялық мәдениет, тәрбие, білім беру. Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары. Тұрақты даму.


ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАРЛЫҚ) САБАҚТАРҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ҮЛГІЛІ ТАҚЫРЫПТАР

  1. Жасушаның құрылымы мен қызметі.

  2. Прокариоттардың құрылысы.

  3. Эукариоттар жасушасының құрылысы.

  4. Өсімдік ұлпалары туралы түсінік.

  5. Өсімдіктердің вегетативті және генеративті мүшелері.

  6. Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер олардың көбею даму ерекшеліктері.

  7. Ашық тұқымды өсімдіктер.

  8. Жабық тұқымды өсімдіктердің вегетациялық кезеңдері.
  9. Біржасушалы жәндіктер немесе қарапайымдылар.

  10. Көпжасушалы жануарлар олардың тіршілік әрекеті.

  11. Омыртқасыздар олардың көптүрлілігі.

  12. Бассүйексіздер тип тармағы.
  13. Омыртқалы жануарлар олардың кең таралуы.

  14. Адамның биоәлеуметтік табиғаты.

  15. Жасуша органоидтері.
  16. Мүшелер жүйесі олардың қызметі.
  17. Гендік және жасушалық инженерия..

  18. Мейоздың фазалары.

  19. Өзгергіштіктің заңдылықтары.

  20. Эволюциялық идеялардың дамуы.

  21. Эволюциялық түсініктердің шығуы және дамуы.

  22. Ч.Дарвин және оның түрлердің пайда болу теориясы.

  23. Адам шығу тегінің дәлелдемелері.

  24. Организмнің тіршілік орталарына бейімделуі.

  25. Бірлестіктер, экожүйелер.


ОҚЫТУШЫМЕН БІРГЕ ТЫҢДАУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҰСЫНЫЛАТЫН ҮЛГІЛІ ТАҚЫРЫПТАР

  1. Жасушаның ашылу тарихы.

  2. Жасушаның құрылымы мен қызметі.

  3. Жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуі.

  4. Өсімдіктердің белгілері.

  5. Өсімдіктердің тіршілік жағдайлары, оларға әсер ететін негізгі экологиялық факторлар.

  6. Өсімдік ұлпаларының түрлері.

  7. Балдырлар бөлімі олардың өсу заңдылықтары.

  8. Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің даму ерекшеліктері.

  9. Ашық тұқымды өсімдіктердің өсіп өнуі.

  10. Гүлді өсімдіктердің мүшелері, жемістері, тұқымдары.

  11. Жануарлардың негізгі жүйелік топтары.

  12. Қарапайымдар немесе біржасушалы ағзалар.

  13. Көпжасушалы жануарлар дүние тармағы.

  14. Желілілер типтері.

  15. Сүтқоректілердің дамуы мен көбеюі.

  16. Адам туралы ғылымдар.

  17. Мүшелер жүйесінің үйлесімдігі.

  18. Мінез-құлық және психика.

  19. Генетиканың даму тарихы.

  20. Белгілердің Г.М.Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары.

  21. Эволюциялық түсініктердің шығуы және дамуы.

  22. Эволюцияның синтетикалық теориясының шығуы.

  23. Экология пәні зерттеу объектісі.

  24. Организмдердің тіршілік ортасына бейімделуі.

  25. Адамның биосферадағы рөлі.



ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиеттер

  1. Қ.Жүнісқызы, Р.Әлімқұлова, Қ.Жұмағұлова. Биология 6 – сыныпқа арналған оқулық. Алматы, «Атамұра» 2012 ж.

  2. Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков, Ә.Әметов, Ж.Қожантаева. Биология 7 – сыныпқа арналған оқулық, Алматы, «Атамұра» 2012 ж.

  3. Р.Әлімқұлов, Р.Сәтімбеков. Биология 8 – сыныпқа арналған оқулық. Алматы, «Атамұра» 2012 ж.

  4. Е.Очкур, Л.Аманжолова, Р.Жұмабаева. Биология 8 – сыныпқа арналған оқулық. Алматы, «Атамұра» 2012 ж.

  5. Ж.Шілдебаев, Ж.Қожантаева, Л.Аманжолова. Биология 9 – сыныпқа арналған оқулық. Алматы, «Атамұра» 2012 ж.

  6. М.Гильманов т.б. Биология 9 – сыныпқа арналған оқулық. Алматы, «Атамұра» 2012 ж.

  7. А.Сартаев, М.Гильманов. Биология 10 – сыныпқа арналған оқулық. Алматы, «Атамұра» 2012 ж.

  8. Р.Сәтімбеков. Биология 11 – сыныпқа арналған оқулық. Алматы, «Атамұра» 2012 ж.Биология


Қосымша әдебиеттер

  1. Қ.Қайым, Б.Муханов, Р.Сәтімбекұлы, М.Шаймарданқызы. Жануартану. Биология 7-8, Орта мектептің 7-8 сыныптарына арналған оқулық, Алматы «Рауан» 1998 ж.

  2. Е.П.Сидоров. Общая биология для поступающих в ВУЗЫ, части 1,2.

  3. Жалпы биология. Әдiстемелiк нұсқау. Т.Қасымбаева., А.Қисымова. –Мектеп, 2006.

  4. Жалпы биология есептері мен тапсырмалары. А.Сартаев. –Мектеп. 2007.

  5. Биология. Әдiстемелiк нұсқау. Р.Сәтімбеков., Р. Әлімқұлова, Ж.Шілдебаев. – Мектеп. 2007.

  6. Биология. Оқулық. А.Ковшарь, А.Соловьева, Қ.Қайым. – Атамұра. 2007.

  7. В.Захаров, С.Мамонтов,Н.Сонин, Ә.Қисымова Жалпы биология. Оқулық. Кітап. 2008.

  8. Р.Сәтімбеков. Қызықты биология. Жануарлар дүниесі (омыртқасыздар).

  9. Қазақстан флорасы мен фаунасы. (7-сынып). Ә.Қисымова. - Таймас.2008


Авторы: Кейкин Е.Қ. – жаратылыс ғылымдарының магистрі, ботаника кафедрасының аға оқытушысы.





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет