Тісжегі қуысы туралы ұғым. Тісжегі қуысын егеп тазалаудың негізгі қағидалары мен кезеңдері. Тісжегі қуысының орналасуына байланысты егеп тазалау. Атипиялық тісжегі қуыстары және тістің тісжегі емес зақымдануы



жүктеу 89.65 Kb.
Дата07.09.2018
өлшемі89.65 Kb.

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯНЫҢ ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ




Модуль – терапиялық стоматологияның пропедевтикасы

Пән, пәннің коды - терапиялық стоматологияның пропедевтикасы, ПДО 01

Мамандық - 051302 «Стоматология»



«ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯНЫҢ ПРОПЕДЕВТИКАСЫ»


ПӘНІНЕН ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Тақырыбы: Тісжегі қуысы туралы ұғым. Тісжегі қуысын егеп тазалаудың негізгі қағидалары мен кезеңдері. Тісжегі қуысының орналасуына байланысты егеп тазалау. Атипиялық тісжегі қуыстары және тістің тісжегі емес зақымдануы.


Оқу сағаттың саны – 30 сағат
Курс - 4

Семестр - 7

Алматы, 2011

Дәріс жинағын дайындағандар: д.м.н. проф. Баяхметова А.А., к.м.н. доц. Кунанбаева Т.С., к.м.н. доц. Баскакова И.В., к.м.н. доц. Сагатбаева А.Д.,


Терапиялық стоматологияның пропедевтикасы модулінің отырысында талқыланды

Хаттама № 1 «__31____» __тамыз___________ 2011 ж.


Модульдің жетекшісі

М.ғ.д., проф. _________________Баяхметова А.А.

8дәріс
1. Тақрыбы. Тісжегі қуысы туралы ұғым. Тісжегі қуысын егеп тазалаудың негізгі қағидалары мен кезеңдері. Тісжегі қуысының орналасуына байланысты егеп тазалау. Атипиялық тісжегі қуыстары және тістің тісжегі емес зақымдануы.

2. Мақсаты: Тісжегі қуысын егеп тазалаудың негізгі қағидалары мен кезеңдері білу, тісжегі қуысының орналасуына байланысты егеп тазалауынқұрастыру, атипиялық тісжегі қуыстарына және тісжегі емес ақауларына мәлмет беру.

3. Дәрістің тезистері:

Тістің қатты тіндерінің патологиялық деминерализацисынан пайда болған ақауын тісжегі қуысы деп атайды.

Тісжегі қуысында табанын, қабырғаларын, жиектерін ажыратады. Қуыстың табаны болып ұлпаға қараған қабырғасы саналады.

Тісжегі қуысын емдейтін тек қана бір әдіс белгілі- бұл қатты тіндердің ақауын егеп тазалап басқа материалмен қайта қалпына келтіру.

Тісжегіні дұрыс егеп тазалау тістің арқарай бұзылуынан сақтап, пломбаны тұрақты бекітілүін қамтамасыз етеді, сонымен қатар тістің мықтылығын бұзбайды.

Тісжегі қуысын егеп тазалаудың негізгі қағидасы – патологиялық өзгерген тіндерді толығымен алып, сау тіндерді барынша сақтауға жағдай туғызу.

Дәрігер стоматолог өз жұмысында сонымен қатар мынадай қағидаларды сақтап жұмыс істеу керек:

- деонтологиялық

- анестезиологиялық

- ұтымдылық қағидасы

- ұқыптылық қағидасы

Тісжегі қуысын егеп тазалау әдісін таңдау науқастың тістерінің тісжегіге төзімділігімен және пломбалық материалдардың қасиеттерімен байланысты.

Тісжегі қуысын егеп тазалауының кезендері


  1. Жансыздандыру

  2. Тісжегі қуысын ашу

  3. Қуысты кеңейту (ыдыранды дентинді алу- некрэктомия)

  4. Қуысты қалыптастыру

Тіс тіндерінің зақымдануына қарай сызаттағы, апроксимальды (жанасу бетіндегі), тіс мойындағы және циркулярлық тісжегі болып бөлінеді. Блек ұсынған (1887) жүйесі бойынша 5 класқа бөлінеді.

Атипиялық қуыстар немесе 6 класс:



  • Циркулярлы тісжегі –тістің барлық беткейлерінде орналасқан қызыл иектік қуыстар

  • Үлкен және кіші азу тістердің төмпешіктерінде орналасқан қуыстар

  • Алдыңғы тістердің кескіш қырларында орналасқан қуыстар жатады

Блек бойынша тістерде кариесрезистентік және кариеске төзімді аймақтар болады. Тістің экватор, төмпешіктер, кесу қырларын (яғни дөңесжерлері)Блек «иммундық аймақтар» деп атады, себебі бұл жерлер жақсы тазаланып, онда тіс табақшасы жиналмайды, сондықтан кариес бұл бетерінде болмайды. Ал тістің сайларында, жанасу беттерінде, мойын бөліктерінде тіс табақшасы көп жиналады. Блек бұл аймақтарды тісжегіге төзімді деп атады. Осы себебтен тісжегі қуысын егеп тазалағанда әртүрлі егеу тактикасын пайдалану керек.

Бірінші класс бойынша орналасқан тісжегі қуыстарын егеп тазалауды Блектің профилактикалық егеу әдісімен жүргізуге болады. Бұ әдістің негізгі қағидасы тісжегі қуысты иммундық аймаққа дейін профилактикалық кеңейтумен негізделген. Қуыс жашік тәрізді пішінге келтіріледі.

Жақсы жағы: пломбаның беріктігі, екіншілік кариес сирек болады.

Кемшіліктері: тістің зақымданбаған тіндері көп мөлшерде алынады, тіс сауытының мықтылығы төмендейді, әдісті жүргізуге көп уақыт және материал жұмсалады. Бұл әдіс амльгама және вкладкалар мен пломбылағанда қолданылады.

Биологиялық мақсатқа сәйкестілік әдісі (Лукомский) бойынша тістің зақымданбаған тіндері сақталып қалады. Тісжегіні егегенде тек қана ыдыраған тіндер алынады.

Жақсы жағы: тістің зақымданбаған тіндері сақталады, қарапайым, аз және материал уақыт қажет ететін әдіс.

Кемшіліктері: пломбаның айналасында екіншілік кариес тез пайда болғандықтан пломба тез сынады да бұзылады.

ART- техника (atraumatic restorative treatment) - профессорTaco Pilot (1994) жете зерттеп ұсынған. Бұл әдіс бойынша тісжегі қуысы егелмей кариеске қарсы қасиетке ие материалдармен пломыланады.

Жүргізу тәсілі: эксковатордың кқмегімен қуыс тазаланады, кептіріледі, сонан соң шыныиономерлі пломбамен пломбаланады. Егер емдеу тісжегінің бастапқы кезеңдерінде жүргізілсе, кариестің дамуын мүлдем тоқтатуға болады.

Жақсы жағы: минимум керекті аспаптар, стоматологтың жоғары дөрежелік мамандығын керек етпейді, арзан, ауру сезімді білдіртпейді.

Қолдану көрсеткіштері:


  1. Эмигрантарға, жарлы адамдарға, қашқындарға стоматологиялық көмек көрсеткенде,

  2. Емханаға келген науқастар өте қатты стоматологиялық шаралардан қорқатын болса, сонымен қатар:

  • Қарт адамдарға

  • Инвалидтар мен мешеу адамдар

  • Ауыр соматикалық дертері бар адамдаға

Химиялық-механикалық әдіс (Cariesolv) 1997 жылы Швецияда ұсынған.

Cariesolv жүйесі арнайы гелмен және өзгеше дайындалған қолмен ыдыранды дентинді алатын аспаптармен камтамасыз етілген.

Әртүрлі зарядты Үш аминокышқыл гелді құрайды. Екіге бөлінген шприцте гелмен қатар натрий гипохлорит ерітіндісі бар. Осы екі затты араластырып тісжегі қуысына еңгізгенде химиялық реакция басталады, соның саласында амин қышқылдарының хлоринаты пайда болады. Бұл қоспа тұрақты емес, белсенділігі тез жоғалады, бірақ тісжегі қуысында болған уақытта дентиннің коллаген талшықтарымен реакцияға отырады. Осы салдардан дентиннің коллагені коагуляцияланады, сондықтан дентин қуыстан жылдам алынады. Өткір жұмысшы бөлігің әртүрлі пішінді болғандықтан эксковаторлардің көмегімен ыдыранды дентин алынады.



Жақсы жағы:

  1. Тіс тіндеріне Минимальная инвазивность

  2. Тістің зақымдалмаңан тіндерін сақтап қалу

  3. Ауру сезімсіз тісті тазалау

  4. 10 -15 минут арасында тіс тазаланады

Клиникалық қолдану көрсеткіштері

  1. 5 класстың және тіс түбірінің кариесі

  2. 1 класс бойынша орналасқан кариес

  3. Екіншілік кариес, пломбаның астанда басталған

  4. Жасанды сауытпен тістің шекарасында орналасқан кариес

  5. Терең тісжегі

Cariesolvты мынадай науқастарда қолдануға болады:

  1. Емдеу шараларында тіс тіндерін барынша сақтау керек болған науқастар

  2. Балалар

  3. Қарт адамдардың тіс түбірлері жалаңаштанған кезде

  4. Ауруға жоғары сезімталдығы бар науқастар

  5. Жергілікті анестетиктерге аллергиясы бар аурулар

2 класс бойынша орналасқан қуыстарды егеп тазалаудың бірнеше ерекшелері бар. Тісжегі қуысына шайнау, оральды немесе вестибулярлы бетінен жетуге болады. Сонымен қатар, қызыл иекке қараған қабырғаларын өңдеу өте маңызды: шайнау қысымын тарату үшін қосымша алаңдар жасау қажет.

Тоннель тәрізді егеу 2 класс бойынша орналасқан моляр және премолярдағы қуыстарды егеуінің альтернативті әдісі болып табылады. Бұл әдісті ΧΧ ғасырдың 60-шы жылдарында Джинкс ұсынған.

Тоннель тәрізді егеу кезңде тісжегі қуысына шайнау бетінен жетеді, бірақ жанасу қабығасы егелмейді.

Хант пен Найт 80-ші жылдары 2 класс тісжігі қуыстарын барынша сақтап егеудің әдісі деп ұсынды.

Жүргізу тәсілі: Карбид борымен ыдыранды дентин толығымен алыну керек. Шайнау бетіндегі валиктен 2 мм ғашықтықта орналасқан тесік тісжегі қуысына жету нүктесі болып табылады. Кіреукені егегенде бор тістің өсімен бірдей бағытта орналасады, доступ сопақша болып келеді, оның узын көлемі вестибулярлы-оральды бағытта. Дентинде бор тісжегі қуысына қарай бұоылып жүреді. Сонан соң шар тәрізді бормен микромотор көмегімен тісжегі егеп-тазаланады. Зондпен дентинның қаттылығын тексеріп отыру қажет.

Жақсы жағы: Жанасу нүкте және шеттегі эмаль сақталып қалады

Кемшіліктер: тісжегі қуыстары тбеткей болу керек;

Кариеске қарсы қасиетті материалдармен пломбалау;



Пломбалауда тісжегі қуысы жаман көрінеді

Қолдану көрсеткіштері: азу тістердің кіреукесі өте аз мөлшерде бұзылған жанасу нүктесінен төмен орналасқан терең емес тісжегі қуыстары.

«Латеральді тоннел тәрізді егеу», немесе slot-препарирование (щелевидное), Вильсон мен Маклинн 1988 жылы ұсынған. Кіші көлемді тіжегі қуыстарға жету орны вестибулярлы немесе оральды бетінен сай тәрізді жасалады. Пломбылауға рентгеноконтрасты өте мықты шыныиономерлер немесе компомерлер қолданылады.

4. Көрсетілетін құрал-жабдықтар.

  1. Микротаблица «Методы препарирования кариозных полостей»

  2. Слайд «Т3сжегі қуысты егеп тазалау кезеңдері»

  3. Слайд «1 класс бойынша орналасқан тісжегі қусты егеп тазалау әдістері»

  4. Слайд «Особенности препарирования кариозных полостей по 3 и 4 классам»

  5. Пленки «Разновидность боров для препарирования кариозных полостей»

  6. Презентация

5. Әдебиеттер

  1. Николаев А.И. Препарирование кариозных полостей:современные инструменты, методики, критерии качества. М.,2006.-208 С.

  2. Боровский Е.В. Терапевтическая стоматология.- 2002.- 504С.

  3. Максимовский Ю.М., Фурлянд Д.Г. Средства и методы препарирования//Новое в стоматологии.-2001,№2.-с.3-11

  4. Hugo B., Stassinakis A., Hotz P. Разработка нового метода препарирования для лечения первичных апроксимальных кариозных поражений// Новое в стоматологии.-2001, №2.-с.12-26.

  5. Биденко Н.В. Стеклоиономерные материалы и их применение в стоматологии.-М.,2003.-с.87-117.


6. Бақылау сұрақтар (обратная связь):

  1. Тісжегі сирек болатын аймақтарды Блек қалай атады?

  2. Бормашинамен егемей тісжегі қуысын емдейтін әдіс қалай аталады?

  3. Химиялық-механикалық әдісінде қандай химиялық заттар қолданылады?

  4. Лукомский бойынша егеп тазалаудың мәні

  5. Профилактикалық егеп тазалаудың мәні



беттің беті



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет