1-2 ақпанда Алматыда бірқатар маңызды көшелер ішінара жабылады. Бұл қалада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтуіне байланысты болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 1-2 ақпанда Алматыда Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей үкіметі басшыларының және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы төрағасының қатысуымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді.

Сонымен қатар осы күндері мегаполисте дәстүрлі түрде жыл сайынғы Digital Almaty форумы ұйымдастырылады. Осыған орай, шараның ауқымы мен шақырылған қонақтардың санын ескере отырып, Алматы полиция департаменті 1-2 ақпанда көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылатынын хабарлады:

— 1 ақпанда әл-Фараби даңғылы, Шығыс айналма автомобиль жолы, Құлжа тас жолы, Саин, Шаляпин, Майлин, Бұқтырма көшелерінің аймағы жабылуы мүмкін.

— 2 ақпан – әл-Фараби, Сейфуллин даңғылдары, Саин, Жароков, Шаляпин көшелеріне де өзгеріс енгізіледі.

  • Семейде полицейлер мас жүргізушіні тоқтату үшін оқ атты
  • "Түр-әлпетін өзгертіп жасырынған": Полиция 26 жыл бойы жасырынып жүрген 90-жылдардағы қылмыстық топтың мүшелерін ұстады

Полиция жол шектеулері қоғамдық көліктердің жұмысына әсер етпейтінін ескертеді.

"Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды және кептелістерді болдырмау үшін алдын ала бағыттарын реттеуді сұраймыз", – деп қосты полиция.

Қоса кетейік, бұған дейін Қазақстанда медицина қызметкерлеріне жасалған агрессияны полицияға жасалған шабуылмен теңестіру ұсынылғаны хабарланған. Айта кетсек, Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін жұмыс кезінде бейтаныс адам соққыға жыққан еді. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.