Тјжірибелік жўмыс №1



жүктеу 192.51 Kb.
Дата12.04.2019
өлшемі192.51 Kb.

Қазақстан Республикасы бiлiм беру және ғылым министрлiгi

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк университетi


Факультет металлургии, машиностроения и транспорта

Металлургия кафедрасы



ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ НЕГІЗДЕРІ

пәнiнен тәжірибелік жұмыстарды орындауға

арналған әдiстемелiк нұсқау

Павлодар
УДС 001.891. (07)

ББК 72 я 7

О 75
С. Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми кеңесі ұсынған


Пікір сарапшы:

т.ғ.к., профессор Сүйіндіков М.М.



Құрастырушы: Кеңпейілова С.Ж.
О 75 Ғылыми зерттеу негіздері. «Металлургия» және «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандықтарына арналған әдістемелік нұсқау / Құрастыр.: Кеңпейілова С.Ж. – Павлодар : С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2006. – 17 б.

Осы әдістемелік нұсқау 050709 «Металлургия» мамандығының ҚР МЖМБС 3.08.335. – 2006, 050724 «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының ҚР МЖМБС 3.08.350. – 2006, жұмыстық оқу жоспарына және оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылды.


Осы әдістемелік нұсқау тәжірибелік сабақтан тұрады, онда негізі сұрақтар, ғылыми зерттеулер мен әдістер.

УДС 001.891. (07)

ББК 72 я 7
©Кеңпейлова С.Ж., 2006

©С.Торайғыров атындығы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006



Пікірсарап
«Ғылыми зерттеу әдістемесі» пәні бойынша тәжірибелік сабақтардың әдістемелік нұсқауына берілді. Бұл нұсқау «Металлургия» және «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандықтарының студенттеріне арналған. Әзірлеген магистр, аға оқутушы С.Ж. Кеңпейілова.

Әдістемелік нұсқау 050709 «Металлургия» мамандығының ҚР МЖМБС 3.08.084 – 2004, 0507024 «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының ҚР МЖМБС 3.08.099 – 2004 жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес құрастырылған.

Тәжірибелік жұмыстарда зерттеу тақырыптарын анықтау, ақпараттарды талдау, жаңашылдық жіктелімі мен патенттік ізденіс жұмыстар, жаңашылдық прототипін талдау сияқты мәселелердің басы ашылып, оларды меңгеруге әдістемелік нұсқамалар берілген.

Университет студенттерін ғылымға жетелеуге, ғылыми тұрғыдан білім алуға жағдай жасайтын пән бойынша әдістемелік нұсқамалар қазақ тілінде оқып жүрген жастарға бірден-бір көмекші дүние болып саналады деп баспаға ұсынуға әбден болады.



Т.ғ.к., профессор М.М. Сүйіндіков

Кіріспе
«Ғылыми зерттеу негіздері» пәніен бакалаврларды дайындау барысында оқу жоспарына кіретін, жоғарғы білімді мамандарды сапалы дайындауға қажетті маңызды құрал болып табылады.

Қазыргі заманғы дамыған өндіріс, қарқынды ұлғайған ақпарат тасқыны, білімнің тез ауысып және жаңаруы жағдайында, өздігімен жасампаз жұмысқа қабілетті, жаңа және прогрессивті нәтижелерді өндіріске енгізе алатын мамандарды дайындау ерекше маңызды үрдіс болып табылады.

Ғылыми танымның негізгі әдістері мен талаптарын, тәжірибелерді жоспарлау, алғышарттарды талдап әрі оларды өндеу реттерін жүйелеп үйрету, ғылыми жұмыстардың нәтижелерін бекітіп, оларды өндіріске енгізу ұсынысын дайындап, ғылыми ұжымда жұмыс ұйымдастыруды оқытып үйрету «Ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің негізгі мақсаттары мен мәселелері болып табылады.

Студенттердің өздігімен ғылыми жұмыс жүргізу машықтары мен алған теориялық білімдерін бекіту жүйелеріне үйренуі ғылыми зерттеу жұмыстарының (ҒЗЖ) негізгі мақсаты болып табылады.

ҒЗЖ бастар ладында, студенттер университет кафедраларында ғылыми зерттеулердің маңызы және оларды жүргізу әдістері жөнімен курстық дәрістер тыңдаулары қажет.

Студент ҒЗЖ-ын оқытушының немесе кафедраның ғылыми жетекшілігімен орындайды.

1 Тәжірибелік жұмыс. Зерттеу тақырыптарын анықтау,

зерттеу тақырыбы бойынша ақпараттарға тандау жүргізу
Жұмыс мақсаты

Зерттеу тақырыптары бойынша ақпараттарға талдау

жүргізу, жинақтау дағдыларын игеру.


    1. Ғылыми шолу барысындағы жұмыс кезеңдері

Ғылыми-зерттеу жұмысы белгілі бір ретпен, тәртіппен

орындалады. Ғылыми зерттеулер барысын келесі түрдегі логикалық тізбек арқылы көрсетуге болады:



  1. таңдалған тақырыптың өзектілігін негіздеу;

  2. зерттеудің мақсаты мен нақты міндеттерін қоя білу;

  3. нысанды анықтау және зерттеу пәнін білу;

  4. әдіс-амалды таңдау, зерттеу тәсілін білу;

  5. зерттеу үрдісін сипаттау;

  6. зерттеу нәтижелерін талдау;

  7. алынған нәтижелерді бағалау, тұжырымдар.

1.1.1 Әдебиет көздеріне библиографиялық ізденіс жасау.

Ғылыми зерттеу әрқашан барлық нәрсеге сыни тғрғыда назар аударудан басталады. Бұл үшін ең алдымен зерттеу тақырыптарына әдеби шолу жасалынады. Шолу кезеңінде әдебиет көздерінің барлық түрлері қарастырыла бермейді, зерттеу тақырыбы мазмұнымен үндестері қаралуы қажет. Оларға енетіні – түрлі басылымдардағы, жинақтарда жарияланған материалдар, құжат түрлері (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырма жұмыстары жайлы есеп, қолжазбалар, өндірістік фирмалар материалдары), арнаулы материалдар.

Құжаттар бастапқы және қосалқы болып бөлінеді. Бастапқы құжаттар – ғылыми зерттеулер мен даярламалар нәтижелері, жаңа ғылыми мәлімет деректер немесе белгілі идеялар мен деректердің тұжырым-түйіндері. Қосалқы құжаттар түріне – бастапқы құжаттардың бір немесе бірнеше түрінің аналитикалық және логикалық қайта өңделу тұрпаты жатады.

Бастапқы құжаттар жарияланған басылымдар мен жарияланбайтын түрге бөлінеді. Бастапқы құжат түріне кітаптар мен брошюралар енеді. Олардың ішінде ең маңызды мәнге ие болатындары монографиялар, ғылыми еңбектер жинақтары, оқулықтар енеді. Ақпараттың шұғыл көздері – мерзімді басылымдар: журналдар, газеттер, ғылыми еңбектер жинақтары, институт, университет басылымдары. Олар көбіне-көп мына атаулармен беріледі: «Еңбектер», «Ғалым жазбалары», «Ақпарат айдыны».

Техникалық басылымдардың арнаулы түрлеріне нормативті-техникалық құжаттар «стандарттар, нұсқаулар, типтік ережелер» кіреді. Стандартқа енетіні: ГОСТ «мемлекеттік», ОСТ «салалық», СТП «өндіріс стандарты» және т.б.

Ғылыми зерттеу жумыстарында негізгі мәнге ие болатыны-патенттік құжат. Бастапқы, жарияланбайтын құжаттар – ғылыми-техникалық есептер, диссертация, қолжазбалар, құрастырмалар құжаттары, ғылыми-техникалық конференциялар, семинарлар жайлы мәлімдемелер.

Қосалқы құжаттар мен басылымдар былайша бөлінеді: шолу, анықтамалық, рефератты, библиографиялық журналдар мен жинақтар. Реферативті басылымдарға реферативті журналдар, жинақтар, экспресс-ақпараттар, ақпараттық парақтар жатады. Шолу басылымдарына белгілі бір тақырып көлеміндегі шолу бағытындағы еңбектер, шолу жинағы енеді.

Жаратылыстану және техникалық ғылымдар салаларрында орталықтандырылған жинақтау және өңдеу үрдістерімен, негізгі құжаттармен ВИНИТИ институты айналысады, НИР және ОКР есептерімен, қорғалатын диссертациялармен – ВНТИЦ, нормативті-техникалық құжаттармен – ВНИИКИ айналысвды.

Қосалқы жарияланбайтын құжаттарға тіркеу және ақпараттық

карталар енеді, диссертацияның есептеу карточкалары, қолжазбалар көрсеткіштері, ақпараттық мәселелер бойынша ақпараттарды іздестіруде ерекше мәнге ие болып отырған-интернет жүйесі.

1.1.2 Әдебиеттермен жұмыс, деректік материалдарды іріктеу. Тақырыптың зерттелуінде барлығын ақпаратты басылымдармен танысудан бастаған дұрыс, оның мақсаты – шұгыл ақпараттарға не болу. Аталмыш ізденіс ақпараттың бастапқы көздерін зерделеу үшін қажет, ғылыми еңбектердің (монография, жинақ) қандай деңгейде болатындығын саралауға арналады.

Әдебиеттерді таңдалған тақырып бойынша қарастыру жалпы жұмыстардан бастау алады, таңдалған тақырып бойынша қандай еңбектер барын қарастыра келе, әрі қарай жаңа материалдарды іздестіру басталады. Ғылыми жарияланымдарды тану бірнеше кезеңдерден тұрады:

– туындымен жалпы танысу;

– материалдың орналасын қалпына қарай оқу, тану;

– туындының белгілі бір бөлімін іріктей оқу;

– қызығушылық тудыратын нұстары жазып алу;

– жазылған дүниеге сыни көзқарас, пікір жазу.

Ғылыми мақалалармен жұмыста кез келген деректерді жинауға

болмайды, тек ғылыми деректерді жинаған дұрыс. Ғылыми деректердің өз ерекшеліктері бар: жаңашылдық, дәлдік, объективтілік, нақтылық. Жинақталған іріктелген деректік материал тиянақты тіркеледі, топталады, қарама-қарсы қойылады, салыстырылады, жіктеледі.

1.1.3 Ғылыми шолу құрылымы. Ғылыми шолу – мәтің белгілі сауалдар бойынша ақпараттың синтезделген мазмұнын құрайды, бастапқы құжаттар негізіне енеді. Ғылыми шолулар мақалалар ретінде журналдарда, басылымдарда, конференция еңбектерінде монографиялар мен ғылыми-зерттеу есептерінде көрініс табады. ГОСТ 7.23 – 96 стандартына сай шолу келесі элементтерді қамтиды:

– реферат;

– кіріспе бөлім;

– аналитиқалық бөлім;

– түйін-тұжырындар;

– нұсқаулар;

– қосымша.

Шолудың кіріспе бөлімінде таңдалган тақырып, оның өзектілігі, шолу тағайындалымы, талданатын кезеңнің уақытша интервалы, қолданылған әдебиеттер тізімі, қарастырылатын сұрақтарға талдау орын алады.

Аналитикалық бөлім талдау мен оның нәтижелерін жинақтау және бағалауға ерекшеленген деректерін нысанға алып, қолданылатын әдіс-амал жиынтығы, зерттеу жағдайы мен әзірлемелері қол жеткізген ғылыми-техникалық деңгей, ұйымдастырушылық-экономикалық акуал, даму тенденциялары орын алады.




    1. Тапсырма

Оқытушының берген тапсырмасы бойынша ақпараттарды

талдау мен жинақтау. Ғылыми шолу әзірлеу.





    1. Жұмыстың орындалуы барысында нұсқаулар

Ізденіс монографияларға, ғылыми журналдарға, патенттік қорға


сүйенеді. Әрі қарай ақпарат талданады және нұсқау жіктелінеді.

Бақылау сұрақтары





  1. Ғылыми зерттеу жүргізудің негізгі кезеңдері қандай?

  2. Ғылыми шолудың негізгі құрылымдық бірліктері қандай?

2 Тәжірибелік жұмыс. Жаңашылдық жіктелімі және



оларға деген патенттік ізденіс
Жұмыс мақсаты

Ғылыми-техникалық міндеттерді шешудегі икемді дағды,

машықты игеру.
2.1 Жалпы мәлімет

2.1.1 Жаңашыл мәндегі деректерді жіктеу. Мамандарды тез, әрі

толық жеткізу үшін өнертапқыштардың халықаралық жіктелімі (ӨХЖ) 1954 жылдан бері әрекет етуде. ӨХМ бойынша барлық жаңалықтар сегіз тарауға бөлінеді, олар латын белгілерімен таңбаланады:

А – тұтыну заттары;

В – өндірістік үрдістер;

С – химия және металлургия;

Д – текстиль және қағаз;

Е – құрылыс үрдісі;

F – механика жарықтандыру және жылу;

G – физика;

H – электр жүйесі.

Әр тарау кластарға бөлінеді, олар сандық индексімен және екі мәнді араб санының 01 – ден 99 – ға дейін сандарымен белгіленеді. Мысалы, F тарауы (құрылыс ісі) 5 класқа бөлінеді. Бірінші класс жол құрылысын, темір жол құрылысы мен көпірлер желісін қамтитын, 01 санымен белгіленеді. Екінші класс гидротехникалық құрал-жабдықтарды (02), су жабдығын, канализацияны қамтиды (03). Үшінші класс жер құрылысы (04).

Кластар қосалқы кластарға бөлінеді, оларда латын алфавитінің бас әріптерімен белгіленеді. Мысалы: Е 04 С – құрылыс құрастырмаларының элементтері, құрылыс материалдары. Әр қосалқы класс бөлімшелерге бөлінген, олар рубрика деген атауға ие. Рубрикалар арасынан негізгі түрлері бөлінеді, топтар индексімен таңбаланады, қосалқы класс индексі ретті белгілермен таңбаланады. Мысалы, Е 04С1/СО – блок көрінісіндегі құрылыс элементтері, мекеменің қосалқы жабдықтары үшін қолданылады. Көптеген топтар қосалқы топтарға ажырап, негізгі топтарға бағынған. Қосалқы топтар индексі қосалқы класс индексінен тұрады: Е 04С1/24.

Жана рубрикалардың енуі үш және төрт мәнді сандар белгілерін қолдануға әкелді.Үшінші және төртінші сандар қосалқы топтардың әрі қарай жіктелімін қамтамасыз етеді. Мысалы Е 04 С1/24-1/24 қосалқы тобында мына жүйені аңғартады 1-24 2,1-24 2 және т.б.

Республикалардың бағыныштылық сатысы жолдардың қатыстық қозғалысымен көрініс табады.Қозғалыс шамасы нүктелермен белгіленеді. Бір нүкте қосалқы топтарға да әсер береді. Екі және одан да көп нүктелер осы топтың қосалқы тобында тиісті денгейді байқатады. Мысалы 1/00 тобы – құрылыс элементтері блок көрінісінде мекеменің жекелеген бөліктері ретінде қосалқы топтарға ие:

– 1/04 – қабырғалар мен тірек жабдықтары үшін;

– 1/06 – шектік белгілермен;

– 1/07 – толық жабық жүйелермен.

Осылайша, топтар мен қосалқы топтардың бөлінуі мына принцип бойынша жүзеге асады: жалпыдан-жалқыға.

ӨХМ – мен жұмыс жүйесі алфавитті – заттық көрсеткіштерді қолдануда халықаралық жіктемелер ынғайына да жақын. Патентті ізденіс техникалық шешім денгейін нақтылау үшін өткізіледі, патент иелушінің құқықтарының ауқымы мен оларды жүзеге асыру жағдайлары белең алып, белгілі құрылымның прототипі ретінде көрініс табады. Мақсаттың ынғайына қарай патенттік ізденістің бірнеше түрлері бар: тақырыптық, атаулы, нөмірлік және патенттік ізденіс аналогиялық, жиі туындайтын түрі – тақырыптық ізденіс. Оны жаңалықтар айқындауда, зерттелінетін сұраққа қатысты мәселелерді зерделеуде қажет. Бұндай ақпаратқа деген қажеттілік, мысалы, жаңа техника мен технологияны әлемдік стандартқа сай реттеуде қажет. Қазіргі уақытта жаңа машиналар құрастыруда, қазіргі өндіріс технологиясын жандандыруда, жабдықтарды әзірлеуде ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін пайдаланбай іске асыру мүмкін емес.

Атаулы ізденіс нақты тұлға мен фирманың қорғаныс құжаттарын реттеуге бағытталған. Нумерациялық ізденіс мақсаты көптеген жағдайларды нақтылауға қатысты: оның тақырыптық ретін, басқа құжаттармен байланысын, құқықтық статусын нысанға алады.

Патент – аналогтарды іздестіру патенттерді нақтылаумен жүргізіледі, ізденістің бұл түрі өнертапқыштар мен эксперттер үшін тиімді. Өнертапқыштар қолданысында қарастырылатын мәселе барысында ақпарат жинақталып, ал эксперттер өз мүмкіндік – қажеттіліктерін орындайды. Патентті ізденіс көп жағдайларда көрсеткіштер жүйесіне сүйенеді. Алайда, қорлардағы көп көлемді құжаттарды нақтылауда әр түрлі ақпаратты-ізденіс жүйелері қолданылады. Олар: құжатты деректік, аралас болып бөлінеді. Құжатты жүйелерге енетін мәліметтер құжат мазмұнынан көрініс береді. Құжатты жүйелерге деректер енгізіліп, құжат мазмұнынан көрініс береді. Бұл жағдайда құжат ізденіс үлгісінде сақталынады, мысалы, терминдер сөз тіркестері тізімі ретінде. Құжаттар мазмұнының нақты көрінісі ізденіс бейнесінде ізденіс жүйесіне ене отырып, жүйеде ақпаратты-ізденіс тілі мен мәндік сәйкестік өнімдерін қолданумен анақталады. Фактографиялық жүйелерде сақталынатын деректер құжат мәлімет тұрғысында сақталынады (библиографиялық сипаттау элементтері, сандық параметрлер, формулалар) ізденіс жүргізу алғышарты болып есептелінеді. Аралас жүйелер де – ізденіс жүргізу негізі, құжат мазмұнына талдау жасауға да қатысты. Соңғы жылдары ізденіс жүйелері даму үстінде, онда ізденіс автоматты түрде мәндік өлшемдерге сәйкес жүргізіледі және автоматтандырылған ізденіс жүйелері деп аталынады. Бұндай жүйелерге, мысалы, ізденіс жүйелері, ПЭВМ құрылымдары жатады.


2.2 Тапсырма

Алфавитті – заттық көрсекіштермен танысу, жаңашылдықтың халықаралық жіктелімін назарға алу кілтті сөздер негізінде техникалық әзірлемелер класын айқындау.



2.3 Лабораториялық қондырғы мен өлшем әдістері

Жаңашылдық жіктелімі мен патентті ізденіс АПУ бойынша жүргізіледі және патентті кітап жаңа жіктегішімен.


2.4 Жұмысты орындауға нұсқау

Әзірлемені ерекшелендіретін кілтті сөздер бойынша классификатор тарауының ыңғайын тану. АПУ бойынша әзірлеме класын айқындау. Тараулар классификаторлары бойынша топты нақтылап, әзірлеменің қосалды тобы белгілі болады. Нақтыланған класс пен топтарда қызығушылық тудыратын аналогты анықтау.


2.5 Есептің мазмұны

Есепте жаңалықтар тарауы көрініс табады және нақтыланған аналогтар мәні өз жүйесінде орын алады.



2.6 Қауіпсіздік шаралары

Жұмысты орындауда міндетті түрде техниканың, қауіпсіздік ережелерін назарда ұстап, өрт қауіпсіздігі шаралары орындалуы тиіс. Еңбекті қорғау мен өндірістік, өнеркәсіптік санитарлық үрдістер кафедра лабораториялары жұмыстарында қолданылады.



Бақылау сұрақтары


  1. Жаңалықтар жіктелімі не үшін енгізілген?

  2. ӨХМ – индексі түрлері?

  3. Патенттік ізденіс түрлері?

  4. Жаңалықтар жіктелімі мен ізденісті дамыту жолдары?

3 Тәжірибелік жұмыс. Жаңалықтардың сипатталуын



талдау
Жұмыстың мақсаты

Аналогтарға талтау мен және ғылыми-техникалық міндеттер

шешу икемдерін қалыптастыру.
3.1 Жалпы мәліметтер

Жаңашыл еңбектерді сипаттау негізгі құжат болып есептеледі. Жаңашыл тұрғысындағы дүниелер деп халық шаруашылығының кез-келген арнасындағы техникалық шешімдердің іске алу үрдісі, әлеуметтік-мәдени құрылыс немесе елді қорғау саласында қалыпты нәтижелерге қол жеткізу.

Шешімдер жаңа деп танылуы да оның мерзімінің жағдайына да қатысты. Шешім қабылдану барысында түрлі өлшемдер нысанға алынады, ғылым мен техника саласында белгілі жұмыстардың өзі жаңа белгі ерекшеліктерімен толықтырылса, қарастырылады. Жаңалық, жаңа тұрпатты дүниелер нысаны болып есептелінеді: жаңа құрылымдар, амал-тәсіл, зат, бұрынғы қолданылған құрылым жаңа ерекшелік ыңғайында болса. Жаңа мәндегі еңбектер деп есептелмейтіндер қоғамдық қызығушылық тудыра алмаса, адамгершілік принциптеріне қайшы келсе және ешбір пайдасы болмаса. Негізгі белгілері бойынша әртүрлі жіктелімге бөлінумен қоса қабат, жаңа дүниелер негізгі, қосымша, бір нысанға тән немесе топтық болып бөлінеді; сызбалық шешімге сай түрлері болады.
3.2 Тапсырма

Жаңа тұрпатты дүние сипаттамасымен танысу, сипаттамада негізгі құрамдас бөліктерін ерекшелендіріп, талдау түрін жүргізе білу.


3.3 Лабораториялық қондырғы және өлшем тәсілдері

Талдауды арнаулы оқытушы ұсынған сызбаға лайықтандырып жүргізеді. Сипаттама реті негізгі құжат болып табылады, техникалық мәнін айқындап, лайықты ақпарат көзіне ие болады. Құрастырмалық немесе технологиялық жүйесіне көңіл аударылып, пайдалану реті қарастырылады: міндеттердің техникалық шешімдерінің болуы, жаңашылдық, қалыпты, мәнді тиімділік. Әрқайсысының орны ерекше, мәні зор, техникалық шешім талаптарына үндесу негіздері әр қилы.

Жаңашылдық сипаты келесі тараулардан тұрады:



  1. жаңашылдыққа енетін дүниенің атауы және халықаралық

жіктелім түрі нақты көрсетіледі;

  1. техникалық саласы, осы жаңа тұрпаттағы дүние қай деңгейге,

салаға енеді;

  1. жаңа дүниелердің аналогтар ерекшелігі;

  2. өтініш беруші таңдаған прототип ерекшелігі;

  3. прототипке сын;

  4. жаңашыл үрдіс мақсаты;

  5. жаңашылдық үрдістері мәні және оның ерекше белгілері;

  6. графикалық көріністер фигураларының тізімі;

  7. нақты орындалым үлгілері;

  8. технико-экономикалық тиімділік;

  9. жаңашыл дүние формуласы;

  10. ақпарат көздері осы дүниені құрастыруда нысанға

алынған.

Жаңашыл дүние аналогы техникалық мәні мен нәтижеге,

қолданыста қол жеткізген жетістіктеріне қатысты.



Прототип орындалудағы қол жеткізген нәтиженің техникалық

мәні.


Жаңашылдық мақсаты қолданыстан күтілетін қалыпты нәтиже. Жаңашылдық формуласы лайықты ережелерге сәйкестендіріле құрастырылған қысқа мәнді ерекшелік белгі, жаңашылдықтың техникалық мәні де нысанға алынады. Өз құрылымы бойынша жаңашылдық формуласы шектеулі бөлімнен тұрады, оның өзіндік белгілері шешім мен прототипке жалпы болып есептелінеді, өзіндік белгілерімен орын алады. Іс әрекеттегі ережелерге сай формуланың көрсетілген бөліктері жаңа дүниенің мақсаты тұрғысынан нәтиже беруіне орай топтарға ажыратылады.
3.4 Жұмыстың орындалу барысындағы нұсқаулар

Жұмысқа қатысты әдістемелік нұсқаулармен танысу және

жаңашыл дүние сипаттамаларын білу.
3.5 Есептің мазмұны

Есепте жаңалық формуласы орын алады, жаңалықтың қалыпты

кездері мен оның кемшіліктерін бөле көрсетуге болады. Кемшіліктерді жою, болдырмау жолдары қарастырылады.
3.6 Қауіпсіздік шаралары

Жұмысты орындауда міндетті түрде техника қауіпсіздігінің

жалпы ережелері сақталады, еңбекті қорғау мен кафедра лабораторияларындағы өнеркәсіптік санитарлық акуалды сақтау назарға алынады.
Бақылау сұрақтары


  1. Жаңашыл дүние нысандарының түрлері.

  2. Жаңа дүниелерді сипаттау ерекшелігі.

  3. Сипаттаудың шектік бөлімінің ерекшеклігі.

  4. Сипаттаудың ерекше бөлімінің ерекшелігі.

4 Тәжірибелік жұмыс. Жаңашылдық прототипі талдауы



негіздемесі
4.1 Жалпы мәліметтер

Жаңашыл дүние – интеллектуалды меншіктің бір түрі, оларда



жаңа әзірлеме, даярламалар орын алып, техникалық міндеттер шешімін табады, яғни, бұл-туындаған немесе алға қойымған міндеттердің даяр шешімі, басқа сөзбен айтқанда-ойлар жиынтығы, жаңа, тиімді, ерекше техникалық шешімдерге бастар жол. Өнімді, оңтайлы жұмыс үшін жаңашылдық сипатымен қоса-қабат, біріншіде, анықтау мен іздестіру, екіншіден, прототипті қарастыру, зерттеу. Сипаттаманы нақтылау мына сызба бойынша жүргізіледі: алфавитті-пәндік көрсеткіш бойынша (АПК), кілтті сөздер негізінде жаңашыл дүниенің жіктелімі нақтыланады (класс, қосалқы класс нақтыланады). ХАЖЖ (халық аралық жаңашылдық жіктелімі) лайықты тарауда нақты жіктелімдерді нақтылауда көкейтесті негіздемелер нысанға алынып, жан-жақты қарастырылады. Егер жаңашыл дүние нөмірі белгілі болса, онда ізденісті жаңашыл дүниенің бюллетені бойынша атқарған дұрыс, яғни бұл бюллетендерде барлық жаңашыл идеялар нөмір ретіне қарай қалпын иеленді. Бюллетендегі нақтыланған формулаларда айқындалғаны формалаға сүйеніп оның мәнін айқындауға, сонымен бірге библиографиялық деректерді нақтылауға болады. Жаңашыл жүйедегі дүниені сипаттау құрылымында аналогтар мен прототип ерешеліктері қарастырылған. 1 000 000 санына дейінгі номірлерді қамтитын жүйелерде прототип мәнін жеңіл анықтауға, үрдісті тез қабылдауға болады.
4.2 Тапсырма

1 Аналогты анықтау, прототипті нақтылау оқытушы тарапынан

cоның басшылығымен іске асады.

2 Нақтыланған аналог пен прототипке талдау жүргізу.


4.3 Лабораториялық жабдықтар

Жұмыс облыстық патентті қорда өткізіледі.


4.4 Жұмыстың орындалуы барысында нұсқаулар

Қолданылған дерек көздер жаңалықтың сипаттамаларында

келтіріліп, сипаттау соңында. Оларды міндетті түрде қарастыру керек, бастапқы дерек көздері ретінде оларда міндетті түрде мәнді белгілерді іріктеп, сыни тұрғыда назар аударған жөн.
4.5 Есептің мазмұны

Есепте жаңалық дүниесі прототипі формулаларын ұсынып, осы дүниенің жетістіктері мен кемшіліктеріне назар аудару керек.
4.6 Қауіпсіздік шаралары

Жұмыстарды орындауда міндетті түрде техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі ережелері сақталып, еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік санитарлық ахуал, кафедра лабораториялары мен кітапханаларда сақталынады.
Бақылау сұрақтары


  1. Жаңадүниені сипаттау ерекшеліктері.

2 Сипаттаудың шектік бөлімдері ерекшелігі.

3 Сипаттаудың ерекше бөлімі ерекшелігі.

4 Жаңашыл дүниенің прототипі ерекшелігі.
Әдебиет


  1. Баптизманский В.И. Основы научных исследований в

черной металлургии / В.И. Баптизманский, Г.А. Воловик. – Киев: Высшая школа, 1985. – 205 с.

  1. Исагулов А.З. Творческая изобретательская деятельность в

подготовке инженеров / А.З. Исагулов, З.Р. Рахимов, В.М. Плотников, Т.П. Смолькина. – Алматы: Гылым, 1998. – 200 с.

  1. Исагулов А.З. Расчеты элементов литейной формы и

процессов формообразования / А.З. Исагулов, В.В. Егоров. – Караганда: Издательство КарПТИ, 1988. – 88 с.

  1. Кане М.Л. Основы научных исследований в технологии

машиностроения: учеб. пособие для вузов. – Минск: Высшая школа, 1987. – 231 с.

  1. Крутов В.И. Основы научных исследований. – М. : Высшая

школа, 1989. – 400 с.

  1. Налимов В.В. Логические основания планирования

эксперимента / В.В. Налимов, Т.И. Гоиков. – М. : Металлургия, 1996. – 300 с.

  1. Никитин Г.М. Методические указания к выполнению

курсовой работы по дисциплине «Курсовая научно-исследовательская работа». – Павлодар: ПГУ им. С. Торайгырова, 2003. – 13 с.

  1. Новик Ф.С. Оптимизация процессов технологии металлов

методами планирования экспериментов / Ф.С. Новик, Я.Б. Арсов. – М. : Машиностроение; София: Техника, 1980. – 304 с.

  1. Палев П.П. Методы обработки и оценки погрешности

технических измерений. – Караганда: Издательство КарГТУ, 2002. – 135 с.

  1. Спирин Н.А. Оптимизация, идентификация и оценивание

теплотехнических процессов в металлургии: учебное пособие /

Н.А. Спирин, В.В. Лавров, В.С. Шаврин. – Екатеринбург: УГТУ, 1996. – 188 с.



  1. Чистяков В.В. Методы подобия и размерностей в литейной

гидравлике. – М. : Машиностроение, 1990. – 224 с.

Мазмұны
№ 1 Тәжірибелік жұмыс.............................................................................4

№ 2 Тәжірибелік жұмыс.............................................................................7

№ 3 Тәжірибелік жұмыс...........................................................................10

№ 4 Тәжірибелік жұмыс...........................................................................12

Әдебиет...............................................................................................14



БЕКІТЕМІН

Оқу жұмысының

проректоры

___________Н.Э.Пфейфер

« ___ » __________200 __ж.
Құрастырушы: магистр, аға оқытушы Кеңпейлова С.Ж.

Металлургия кафедрасы


Кафедра отырысында ұсынылды, № __ хаттама, « __» _______2006 ж.

Кафедра меңгерушісі __________________М.М.Сүйіндіков

Металлургия, машина жасау және көлік факультетіның әдістемелік кеңесі қолдады « __» _______2006 ж., № __ хаттама
ОӘК төрағасы __________________ Н.С.Дудак

КЕЛІСІЛГЕН

ММЖжКФ деканы ____________Т.Т.Токтаганов « __» ______2006 ж.

МжС бөлімінің

нормабақылаушысы_____________Г.С.Баяхметова « __» _____2006 ж.



ОӘБ МАҚҰЛДАДЫ

ОӘБ бастығы ___________Л.Т.Головерина « __» _______2006 ж.




Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Ќазаќстан Республикасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі
buuk -> Академик Ќ
buuk -> С. Т. Дүзелбаев, Р. М. Алтыбасаров, А. Б. Бөбеев, Р. К. Омарбекова, Е. К. Сарымов, Ш. Н. Сарымова машина қҰрастыру негіздері павлодар
buuk -> Программа практики одд-31
buuk -> Т¦рышев айтм¦хамет
buuk -> Ќазаќстан Республикасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі
buuk -> У. А. Ажіғалиева Болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығын халық педагогикасы құралдары арқылы қалыптастыру
buuk -> Іскери – КӘсіби қазақ тілі
buuk -> Т¤леген хамет¦лы сматаев


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет