Тјжірибелік сабаќтыѕ таќырыптары


Азот пен күл тәрізді элементтердің биологиялық айналымы



жүктеу 0.97 Mb.
бет5/6
Дата19.09.2017
өлшемі0.97 Mb.
1   2   3   4   5   6

Азот пен күл тәрізді элементтердің биологиялық айналымы. Ормандағы биологиялық айналым – сүректің тіршілігі кезінде қоректік элементтердің теңдей мөлшері әлде неше рет айналым жасайтын құбылыс: топырақ→ ағаштар→ өсімдік қалдығы → орман қордасы→ топырақ.

Бұл құбылыс ауа мен топырақтан керек элементтерін тұтынудан, қорек элементтерінің өсімдікте ұсталуынан және оларды топыраққа қайтарудан (өсімдік қалдығымен қоса) жинақталады. Биологиялық айналымның кез келген басты көрсеткіштері – оның сіңімділігі және қарқындылығы.

Сіңімділік – айналымға қатысатын элементтің көлемі немесе қуаты.

Айналымның қарқындылығы- элементтің айналым циклын өтіп шығуы жылдамдығы.

Жалпы орман айналымын екіге бөледі:


  1. кіші биологиялық айналым –жапырақтар, ұсақ бұтақтар, түбірлер және топырақ арасында болатын қоректік элементтердің циклі;

  2. үлкен биологиялық айналым- қоректік элементтердің діндер, ірі бұтақтар және тамырлар құрамына кіру және ағаштар қурап кеткен соң топыраққа олардың қайта оралу цикілы.


Тапсырма:

  1. Кеппе шөптегі олиготрфтарға, мезотрофтарға және меготрофтарға биоморфологиялық сипаттама беріп, тамырларының көлденең кесіндісін микроскоп астында қарап, тамырлардың формаларына көңіл аударып суреттерін салу.

  2. Топырақ байлығына қатысты ағаш тұқымдастарын топтарға бөліп,

9- кестені толтыру.

Кесте 9- Топыраққа қатысты ағаш топтары




Топыраққа қатысты ағаш топтары

Ағаш тұқымдастары

Олиготрофтар

Сексеуіл,...

Мезотрофтар

Емен,

меготрофтар

Қайың,


Бақылау сұрақтары:

  1. Ағаш түрлерінің қажеттілігімен талап етуі жайында түсініктердің айырмашылығы не?

  2. Микроэлементтер дегеніміз не және олардың өсімдік тіршілігінде маңызы қандай?

  3. Орманның топыраққа әсерінің ерекшеліктері қандай?



Тақырып 11. Орман және фауна

Мақсаты: студенттерге орманда тіршілік ететін жануарлардың түрлерін, бір біріне байланысын үйрету.

Жоспар:

  1. Орман мен жануарлар арасындағы байланыс

  2. Орманда кездесетін жануарлар түрі


Әдістемелік нұсқау

Ормандарды мекендейтін хайуандар түрлерінің бірлестігі, орман фаунасын құрастырады. Орман хайуандарға қорек және баспана береді. Ол жерде олар ұялар салады, індер қазады, дәндер мен жемістерді, бұталарды, жапырақтарды, шөптерді, жәндіктерді және басқа хайуандарды жейді. Орман топтануы күрделене және түршелене келе азық көбейеді, баспана берік болып орман фаунасында әр түрленеді. Күрделі фауналық кешендер қалыптасады, олар орманның әр түрлі бөлігіне орайластырылады: топыраққа, төсенішке, шөптерге, бұталарға, ағаштарға.

Құстар мен аңдар бір – бірімен, өсімдіктермен, топырақпен, бедермен, климатпен тығыз қарым – қатынаста. Олар орманның құрамдық бөлігі. Мына құстар – тоқылдақ, қайшыауыз торғай, саңырау құр, қарабауыр, құр және сүт қоректілер – ақ тиін, алатышқан, бұлғын, аю орманның тұрғылықты мекендеушілері және оның сыртында өмір сүре алмайды. Орманда басқа да көптеген құстар мен аңдар бар, олар басқа алқаптарда таралған, бірақта ол жерге әрқашан келеді. Олар түлкі, қасқыр, ақкіс, көк қарға, сасықкөкек.

Орманды – далалы жердегі ормандарда болатындар сусар, борсық, орқоян құстардан – құтан, қаратаған, шәуқарға, қараторғай.

Орман фаунасының түрлік құрамына адам іс - әрекеті зор әсер етеді, ол орманды жалпы және талдап кесу, орман жерлерін жырту, құнды жануарлар мен құстарды жою. Ақ тиін, сусар және басқа жануарлар тегіс жоқ болып кетеді. Олардың орнына ашық жерлерді сүйетіндер келеді: бозторғай, қаратамақ торғай, бөдене, құр, көртышқандар, көптеген тышқандар.

Орман аймағының көптеген көлемін қаулап, фаунаның түрлік және сандық құрамын күрт өзгертетін, орман өрттері. Ол өртттер орманды, көптеген аңдар мен құстарды жойып жібереді, сондықтан орман өсімдіктері мен әсіресе жануарлар әлемі қалпына ұзақ уақыт келмейді.

Хайуанаттардың тиімді мағнасы көп салалы, ең маңыздысы дәндер мен жемістерді таратуда. Жануарлар оларды шәшіп өнуіне мүмкіндік береді. Аңдар мен құстардың ас қорытатын органдарынан өтіп өнгіштігін жоғарылатады және алыс жерлерге жайылады. Мысалы, барқылдық торғай жеміс өсімдіктерінің 30 түрінің дәндерін таратады. Тышқандар, ала тышқандар дәндер мен жемістердің қорларын жасағанда қалдықтары қолайлы жағдайларға түскенде өніп жаңа өсімдікке бастау береді. Сондықтан, өртенген, кесілген, зиянкестермен орман жойылған жерлерде орманды келтіруде құстар мен аңдардың мағнасы зор.

Көптеген жәндіктер орман ағаштары мен бұталары тозаңдануға әсер етеді. Жыртқыш және омыртқасыз жәндіктер, жәндіктер жегіш құстар, кейбір сүт қоректілер зиянды жәндіктерді жеп сандарын азайтады.

Жануарлар орманға белгілі зиян келтіреді, өйткені табиғи көбеюі дәндердің өнімділігі төмендеумен байланысты. Олар бағалы ағаш тұқымдарының дәндері мен жемістерін жейді. Дәндер мен жемістерді тышқандар мен сұртышқандар да белсенді жояды. Бір тышқан тәулігіне 1400 дәнге дейін жейді.

Сүт қоректілер қылқан және жапырақты жас өсімдіктерді қатты зақымдайды. Тышқандар және әсіресе сұртышқандар қардың астындағы жас ағаш өсімдіктерінің вегетативтік бөліктерімен қоректенеді. Олар өздігінен өсетін және жас өскіндерді 25% дейін жояды.Оларды сонымен қатар қояндар, бұландар, еліктер, бұғылар қабығын кеміріп және жұқа бұталарын тістеп зақым келтіреді.Әсіресе көп зақымдауларды бұландар жасайды.

Фауна шөп. Мүк және қына өсімдіктеріне, орман төсенішіне әсер етеді. Ормандық тұяқты аңдар мен кеміргіштер азық ретінде шөптерді, мүктерді, қыналарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді қолданады. Қарабауыр, құр, ақ құрлар көптеген жидектерді жиді. Сондықтан хайуандар жер бетіндегі өсімдіктердің түрлік құрамына әсер етеді.Көптеген орман құстары жәндік қоректі сондықтан орманның санитарлық жағдайын жақсартады. Зиянды жәндіктердің жұлдызқұрттары және құрттарымен азықтанатын мына құстар – көктеке, көкек, сары шымшық, сары торғайлар өте пайдалы.

Жәндіктер орманның ажыратылмайтын бөлігі. Олар топырақтағы заттар айналымын жеделдетеді, топырақ қалыптасу процесіне белсенді қатысады, ағаштар мен бұталарды тозаңдатады, көптеген аңдар мен құстардың азығы болады, зияды жәндіктерді жояды ж.т.б. Сонымен қатар жәндіктер орман және ауыл шаруашылығына орасан зор зиян келтіреді, паразиттер және жануарлар мен адамдарға аурулар жұқтырады ж.т.б.

Орман аңдары мен құстары аңшылық шаруашылығының құнды объектісі болып есптеледі.
Бақылау сұрақтары:


  1. Орманда қандай омыртқасыздар тіршілік етеді?

  2. Омыртқасыздардың орман тіршілігінде қандай пайдасы бар?

  3. Омыртқалылардың қандай түрлері орманда тіршілік етеді?

  4. Омыртқалылардың орманға келтіретін зияны мен пайдасы?

Тақырып 11.1 Орман және фауна бойынша зертханалық жұмыс

Мақсаты: студенттерге орманда тіршілік ететін жануарлардың түрлерін, бір біріне байланысын үйрету.
Әдістемелік нұсқау

Орманның доминанттары, эдификаторлары жəне негізгі өндірушісі (продуцент) болып ағаштар саналады. Оның құрамына жəне формасына аласа ағаштар тобының құрамы жəне құрылысы, жер бетіндегі тірі жабыны жəне де жануарлар мен саңырауқұлақтар түрлерінің құрамы жəне молдығы бағынышты.

Өсімдіктерден басқа компоненттерді былайша көрсетуге болады:

- Макрофауна – жабайы жəне үй жануарлары, құстар, ірі насекомдар, жыландар, шаяндар жəне т.б.

- Мезофауна – топырақ құрттары, моллюскалар, көпаяқтылар, əртүрлі насекомдар.

- Микрофауна – қарапайымдар (амеба, инфузория жəне т.б.) нематодтар, кенелер, жабайы қанатсыз насекомдар.

- Микрофлора – саңырауқұлақтар, микробтар, актиномицеттер, балдырлар.

Орманда өсімдіктердің фаунамен өзара тығыз байланысын қоректік тізбек арқылы бағалауға болады, бір организмді басқаларының жеуі нəтижесінде энергия ауысады. Қоректік тізбектің 2 түрін ажыратады: 1) жайылымдық жəне 2) детриттік (өсімдік қалдығы).

Бірінші жағдайда негізгі болып тірі ұлпалар, ал екінші жағдайда фитодетрит болады. Орманда бұның екеуі де мəнді рөл атқарады. Орманда қоректік тізбектің бұзылуы күтпеген жағдайларға алып келуі мүмкін. Мысалы, қасқырлардың жойылуы тұяқтылардың көбеюіне жəне бағалы төлге зиянын тигізеді. Қоректік тізбектер араласып жүйе түзеді. Жайылымдық жəне

детриттік тізбектер араласады. Кескен ағаштар қалдықтары жəне тамырлардың шектен тыс көбейіп кетуі ағаштарды бүлдіретін саңырауқұлақтардың дамып тірі ағаштарды ауруға шалдықтырады.Тізбектер өзара қатынастарды сапалық жағынан сипаттайды, ал сан жағынан сипаттауды немесе қауымның трофикалық құрылысын экологиялық пирамида (масса, сан, энергия) береді.Жайылымдық пирамиданың табанында өсімдіктер продуценттер болады, екінші қабатта тұяқтылар, кеміргіштер, құстар, насекомдар орналасқан. Одан жоғары жыртқыштар.Детриттік пирамиданың табанында детриттер келесі қабатта микроорганизмдер, саңырауқұлақтар, мезофауна (детритофагтар). Одан жоғары жыртқыштар орналасқан. Əрбір келесі қабат (немесе кезең) өнімділігі жағынан өткеннің 10-20% құрады. Қалған энергия өз басы тіршілігін қамтамасыз етуге жұмсалады. Биологиялық айналымда – органикалық затты пайдалануда, оны

майдалауда, ыдыратуда басты рөлді детритофагтар (лат. детрит – ыдырау, грек. фаг – жеймін) атқарады. Қоректік тізбекті жəне экологиялық пирамиданы сақтау əдеттегі биоайналымды жəне орман экожүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.Бірақ та өсімдіктер жəне жануарлар түрлері арасындағы өзара қарым-қатынас тізбектегі жəне пирамидадағыдан күрделірек. Өзара қарым-қатынастың əртүрлі түрлері бар: кооперация, бəсекелестік, мутуализм, комменсализм жəне т.б. Бұл мəселелер орманның климатқа жəне топыраққа бағыныштылығына қарағанда жеткіліксіз зерттелген. Бірақ та шаруашылықтағы əр қолданған шара жоғарыда келтірілген, ормандағы өзара қарым-қатынасқа əсер етеді. Экожүйелердің дамуы барысында олардағы қатынастар реттеліп, тепе-теңдікке келіп тұрақтылығын арттырады. Ол өзара қарым-қатынастар ағаштар жасының өзгеруіне қарай өзгеріп отырады.

Өсімдіктер эволюциясы жануарларға бағынышты жəне керісінше. Биоайналымға қосымша фауна орман түзуге қатысады (тозаңдану, тұқымдар тарату, өскіндердің тамырлануын тездету жəне т.б.). Фауна орманның құрамының өзгеруіне əсер етеді (бəсекелес породалар тұқымын алып келу, қабандардың жаңғақтарды жоюы, қылқан жапырақтылар өскіндерін тұяқтылардың зақымдауы, насекомдар личинкаларының тамырларды зақымдауы жəне т.б.).Өрттен, дауылдан жəне құрғақшылықтан кейін насекомдар жəне құстар орманның қалпына келуіне қатысады.


Тапсырма:

  1. Орман биоценозы үшін бір жайылымдық және бір детриттік қоректік тізбекке мысал келтіріп, суретіін салу;

  2. Орман биогеоценозына сипаттам жазыңдар. Сол биогеоценозды құрайтын ағзалар арасындағы байланысты тап беріңдер;

  3. Ормандағы қоректену тізбегіне мысал келтіріңдер.


Бақылау сұрақтары:

  1. Макрофауна дегеніміз не?

  2. Орманда қоректік тізбектің неше түрін ажыратады?

  3. Фауна орманның құрамына өзгеруіне қалай әсер етеді?



Тақырып 12. Орман фитоценозы

Мақсаты: студенттерге орман фитоценозы жайында білім беру және кәсіби біліктілігін жоғарлату

Жоспар:

  1. Орман фитоценозының құрамы


Әдістемелік нұсқау

Орман фитоценозы құрамына ағаштар доминант, эдификатор жəне негізгі өндіруші жəне шыбықтар (подрост), бұталар, аласа ағаштар (подлесок) топырақ бетіндегі тірі жабын кіреді.Подрост дегеніміз - жас ағаштар жиынтығы, олар ескі ағаштар шымылдығы астында болады.Ағаштар бір жасқа дейін көктеу деп аталады, 3-5 жасқа дейін өзі көктеп шыққан дейді. Топырақ бетіндегі тірі жабын – мүктердің, қыналардың, шөптесін өсімдіктердің жəне бұталардың жиынтығы.

Орман фитоценозына тəн белгі – ерекше микроклимат. Өйткені шымылдық арқылы жылу жəне жарық өте аз өтеді. Жел жоқ, жауын-шашын да түгел жетпейді. Орманның тағы бір ерекшелігі – төсеніш (топырақ бетіндегі қабат), өсімдіктер қалдықтарынан пайда болған. Төсенішіне байланысты оның ерекше микроклимат жағдайында ыдырауына байланысты топырақ процестерінде тиісті режим болады. Орман топырақтары өзінің морфологиясымен жəне физикалық-химиялық көрсеткіштерімен ерекшеленеді.Орман фитоценозы өздеріне тəн тік жəне көлденең құрылымымен сипатталады.

Тігінен ол ярустарға бөлінеді, ол ярустар өсімдіктердің əртүрлі тіршілік формаларынан жəне түрлерінен тұрады. Мұндай ярустар геоботаникада синузиялар деп аталады. Егер де ағаштар əртүрлі породалардан жəне əртүрлі жастағы болса онда олардың бөлшектенуі (синузияларға бөлінуі) қиындай түседі. Төменгі ярустар синузиялары құрамына бұталар, жартылай бұталар, бұташалар, шөптер, мүктер, қыналар кіреді.Фитоценоздың көлденең құрылымы да біркелкі емес, мозайкалық байқалады. Оны ағаштардың құрамының біркелкі еместігімен, ағаштардың топтана орналасуымен, микрорельефтің жəне топырақтың біркелкі еместігімен түсіндіруге болады. Орман мозайкасының жеке элементтерін парцелла деп атайды (кейбір геоботаникалық əдебиеттерде микротоптар, ценоэлементтер деп те атайды).

Ағаштардың жастары ұлғаюына байланысты парцелла құрылымы күрделіленеді. Піскен шырша ормандарында көктерек (Populus tremula - осина) немесе қайың (Betula - береза) парцеллаларын кездестіруге болады.
Бақылау сұрақтары:


  1. Орман фитоценозы құрамын атаңыз?

  2. Орман фитоценозына тəн белгі?

  3. Орман өсімдік жамылғысының құрамын атаңыз



Тақырып 12.1 Орман фитоценозы бойынша зертханалық жұмыс

Мақсаты: орманда кездесетін өсімдіктермен, олардың тіршілік формаларымен танысып, биоэкологиялық сипаттама беру.
Жалпы түсінік

Орман фитоценозын қарасытырғанда, аралас орман өсімдіктерін қарастырамыз. Құрамында немесе өсімдіктер бірлестігінде кең, - тар және қылқан жапыракты ағаш тектестер кездесетін орман түрін аралас орман дейді. Аралас орманда ағаш тектестерден басқа ірі бұта тектес, жартылай бұта тектес және шөп тектес өсімдіктер кездеседі. Жалпы жапырақты ағаш тектестер бірлестігінен тұратын орманды екіге бөледі: кең және тар жапырақты деп.

Орталық Қазақстанда негізінен аралас ормандарда басымырақ кездесетіндер тар жапырақты ағаш тектестер. Оларға қайың, көк терек, қандыағаш жатады, және бұлар температураға, топыраққа талғамы аз, бірақ жарық ылғал сүйгіш өсімдіктер. Сондықтан олар қылқан қылқан жапырақтылармен бірігіп аралас орман құрайды. Аралас орманда бұлардан басқа үйеңкі, шетен т.б., сонымен бірге бұта тектес есімдіктерден долана, үшқат, бөріқарақат, итмұрын, тобылғы, қара-қызыл қарақат, таңкурай, курил шәйіт.б. кездеседі.

Аралас орманда төменгі ярусты көпжылдық шөптесін өсімдіктер алып жатады. Оларда кездесетін ағаш тектестердің тұқымдары жел арқылы таралады, тұқымы ашық ылғалды жерге түссе, өскін пайда болып, олар жарық сүйгіш болғандықтан, күн сәулесінің қызуынан қорықпай тұтасып қаулап өсіп кетеді. Балашық ағаштар ылғал жеткілікті болса тез өсіп дамиды. еңсесі биіктеп бойлап кете береді. Бұлардан төмен орналасқан бұта тектес өсімдіктердің жемісі болғандықтан, олардың тұқымы мен жемісі жануарлар, құстар арқылы таралады, бірақ бұта тектестер вегетативтік жолмен де көбейе алады, мысалы, тамыр атпалары арқылы көбейеді.

Аралас орманда кездесетін бұта тектес өсімдіктердің халық шаруашылығында үлкен маңызы бар. Мысалы, итмұрын мен қызыл долананың жемістері витаминдер және дәрілік препараттар алу үшін пайдаланылады, ал кейбіреулерінің жемістері кәдімгі тамақ ретінде (таңқурай, қарақат т.б.) қолданылады. Аралас ормандағы ағаштар жапырақ жайғанша, орман іші жарық болып тұрған кезде, яғни ерте көктемде, ондағы көп жылдық шөп тектес эфемероидтар: көктемгі жанаргүл (Аdonis vеrnаlіs), қазжуа (Gаgеа), ұйқы-шөп, (Pulsatilla patens), орман желайдары (Аnеmоnе sіlvеstrіs), астық тұқымдастардан жатаған шағырбидай (Меlіsа nutаns) т.б. қар кетісімен вегетациялық дәуірге көшіп және оны қысқа мерзім ішінде аяқтап, гүлдеп, жемістері мен тұқымын береді. Аралас орманда кездесетін бұл өсімдіктердің жер астындағы тамыр сабақтарында, жуашықтарында, түйнектерінде өсіп дамуға қажетті қор заттары болады. Бұдан басқа бұлардың қыстаған және былтырғы жылғы күзде пайда болған гүл бүршіктері үстінен қалың төсеніш қабатпен, қармен жабылып тұрғандықтан, топырақ беті қатпайды. Олар суықтан, аяздан, желден қар кеткенше сақталып тұрады. Қар ерігеннен кейін топырақта және оның жеңіл үстіңгі қабатында ылғал көп уақытқа дейін сақталып тұрады. Эфемероидтар осы мүмкіндіктерді пайдаланып, куб жылына басталсымен, бірден вегетациялық дәуірге көшіп қарқынды өсіп дамиды. Ал ағаштар жапырақ жайып, орман іші көленкеленген кезде, олардың вегетациялық дәуірі аяқталып тыныштық дәуірге ауысады. Жазда экскурсия кезінде бұл өсімдіктерді әр түрлі орман өсімдіктерінің бірлестігінде ажырату қиын, оларды тек тұқымы мен жапырақтары арқылы ғана айыруға болады. Аралас орманда ағаштардың қабық бөлімінің түсінің өзгеруіне байланысты олардың жас ерекшелігін анықтауға болады. Экскурсия барысында аралас орманның бірінші ярусын құрайтын кейбір көп жылдық өсімдіктердің өсу кезеңдеріне, яғни жас ерекшелігіне, байланысты жапырақтарының пішінінің (формасы) өзгеріп отыратындығына көңіл бөлу керек. Мысалы, орман бүлдіргенінің жас шағында жапырағы жай жапырақты болып келсе, ал ересейген шағында олардың жапырағы - үшқұлақ күрделі-ауысады. Сол сияқты қала шыршайы мен өзен шыршайының (гравилат городской, гравилат речной) жас кезеңінде жоғарғы жапырағы лира тәрізді болып өзгереді. Аралас орманның ылғалды, көлеңкелі жерлерінде бұтақтанбаған жалғыз сабағында шоқтанып орналасқан төрт жапырағы, бір ғана қап-қара жидегі бар сирек кездесетін қарғакөз (вороний глаз) және сүйсіннің (ятрышник) екі түрі кездеседі - айыл жапыракты және Фукс сүйсіні. Олардың күлгін түсті, жай масақ, жапырағының бетінде қоңырқай дақтар болады. Бұдан басқа аралас орманда мәңгі жасыл өсімдікке жататын дөңгелек жапырақты алмұртшөп (грушанка) кездеседі. Паразитті өсімдіктерден — арамсояу (повилика) кездеседі, ол таңқурай мен қалақайдың сабағына жармасып, селбесіп паразитті тіршілік етеді. Аралас орманда төменнен жоғары қарай өсімдіктердің тік болып биіктігіне байланысты қалыптасуы, яғни ярустылығы, жақсы байқалады.
Тапсырма:

1 Кеппешөп даналарынан аралас орманда кездесетін мына эфемероидтарға: Жанаргүл (горицвет), қазжуа (гусиный лук), құндызшөп (прострел), айдаршөп (хохлатка), әйкен (чина) түрлері т.б. өсімдіктерге биоморфологиялық сипаттама беру. Олардың қыстаған бүршіктерінің орналасуына көңіл аудару.

2 Эфемероидтардың гүлдерінің құрлысын қарап, формуласын жазу.

Гетеростиллия (әр түрлі ұзындықтықты мойынды аналық) тән өсімдіктерді анықтау.

3 Аралас орманда кездесетін өсімдіктердің тізімін жасау.

4 Аралас орманда кездесетін өсімдіктермен, олардың тіршілік формаларымен танысып, биоэкологиялық сипаттама беру.

5 Аралас орманның: ағаш тектес, бұта, жартылай бұта тектес және шөп тектес өсімдіктермен танысып, олардың ярустық (биіктігі бойынша) орналасу ерекшеліктерімен танысу.

6 Орман өсімдіктерінің жапырақтарының пішініне, категориясына, жапырақ мозаикасына көңіл аудару, аналогиялық, гомологиялық органдары бар өсімдіктермен танысу. Қыстаған бүршіктерінің орналасуына қарай, Раункиер бойынша, өмір сүру, яғни тіршілік формалары. әр түрлі өсімдіктерді зерттеу.

7 Аралас орманда кездесетін өсімдіктер бірлестіғінің флоралық құрамын анықтап түрлеріне биоморфологиялық, фенологиялық сипаттама беру.

8 Үлгі бойынша дәптерге байқаудың нәтижелерін жазу.


Кесте 10 - Аралас орман өсімдіктерінің түрлерінің құрамы


№ р/б

Тұкымдасы, түрі

Фенологиялық фазасы

Молдығы (обилие)

Табылған жері

Өмір сүру (тіршілік) формасы
























































Бақылау сұрақтары:

1. Аралас орманда кездесетін өсімдіктерді атаңыз?

2. Аралас орманда кездесетін өсімдіктер бірлестігінің флоралық құрамы

Тақырып 13. Орманға антропогендік факторлардың тигізетін әсері

Мақсаты: адамдардың орманға тигізетін зияндылығын көрсетіп, оларды сақтап қалу жолдары жайында білім беру

Жоспар:


  1. Адамның табиғатқа тигізетін зияны

  2. Орман өрті


Әдістемелік нұсқау

Республикамызда ормандар аз және олардың жағдайы мәз емес. Оның негізгі себептері – адам факторы, өрт, ауа райының өзгеруі мен айнала қоршаған ортаның ластануы. Орманды қорғау біздің міндетіміз. Орманның адам мен жалпы биосфера үшін маңызы зор. Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын тұрақтандырады. Ылғалды жер өсімдік жамылғысы мен жан-жануарлардың көбейе түсуіне ықпал етеді. Орманды алқаптардағы жер асты сулары өзен мен көлдерді қоректендіреді. Орман аң мен құстың мекені, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен жеміс-жидектердің панасы әрі қолайлы тіршілік ортасы болып табылады. 
Ормандардың егістік алқаптарын қорғауда да рөлі зор. Орманды жерде топырақ, су және жел эрозиясы болмайды. Ал ормансыз жердің топырағы кеуіп, шөлге айналады. Ағаштарды қар тоқтату үшін де отырғызады. 
Орманның ауаны тазартатын да қасиеті бар. Мысалы 1 га орман бір күнде 220-280 кг көмірқышқыл газын сіңіріп, 180-200 кг оттек бөліп шығарады. Яғни ауаның құрамын толықтырып отырады. 
Орман сонымен бірге денсаулық сақтау ортасы. Сондықтан курорт пен сауықтыру кешендері, т.б. демалыс орындарының тек қана орманды жерде салынуытектен-текемес.
Қазақстанда орманға қарағанда табиғи жайылымдар басым. Өсімдіктің біздің жерімізде 57000 түрі өседі. Оның 506 түрі қорғауды қажет етіп отыр. Жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтап қалу мақсатымен 1981 жылы «Қызыл кітап» шығарылды. Оның мақсаты құрып бара жатқан өсімдіктерді есепке алып, оларды сақтап қалу. Ол үшін көптеген мемлекеттік шаралар жүргізіледі.

Орманды жерге саяхат жасағандағы ең қауіпті нәрсе - өрт. Өрт, көбіне адамдардың жіберген ағаттығынан болады. Олар негізінен отқа деген жауапсыздықтан туады. Әсіресе қылқан жапырақты ормандар өртін сөндіру қиынға түседі. Жыл сайын адамның ағаттығынан мыңдаған гектар ормандар, тоғайлар өрт құшағына оранды. Дүние жүзінде болатын өрттің 97-ы адамдардың табиғатқа селқос қарауынан болады. Кейбір тропикалық ормандардағы өрттер 2-3 айға созылып, үлкен қауіп – қатер туғызады.

Орман өртi - орман ауданы бойынша таралып жатқан басқарылмайтын жану. Орман өрттері жануды объектісіне және олардың тарату сипаты бойынша сипатталады.
Қазақстанның барлық аумағында орман, дала және орман дала өрттері тіркеледі. Олар хайуанаттар дүниесін, тал-шыбықтарды, бұталарды, дала мен орманда дайын өнімдерді, құрылымдарды және ғимараттарды жояды. Орман өрттері төменгі, жоғарғы және жер асты болып бөлінеді. Өз кезегінде төменгі және жоғарғы,  тұрақты және тұрақсыз болады.
Тұрақты төменгі өрттер орманның төменгі қабаттары бойынша аз жылдамдықпен (минутына 0,5м) ағаштардың топырақ бетіне шыққан тамырлары бар төменгі бөліктерімен (топырақ қабаты, бұталар, ұсақ шырпылар өртенеді)  таралады.
Тұрақсыз төменгі өрттер топырақтың тірі және өлі бөлігін, шырпылрды, орман егістерін, бұталарды өртейді, бірақ қолайлы жағдайлар есебінен жылдамдығы минутына 0,5-1 м және өрттің жоғары болуымен, дымқылдығы жоғары орындардан өтіп кетіп таралады.
Төменгі өрттер үшін кең таралған өрттің формасы тән.

Орман өрттер әр түрлi себептермен болады. 90 % өрттерге дейiн еңбек және демалыс орындарында өрт қауiпсiздiгi шараларының тұрғындардың бұзуы,  сондай-ақ жөнделмейтін техниканы пайдалану нәтижесінде болады. Табиғи өрттер найзағайлардан болады. Әсіресе жиі өрттер  қолайсыз метеорологиялық жағдайларында (ауаның жоғары температурасы, жаңбырдың көп уақыт боламуы) болады. Өрттер жиі табиғи объектілер жағдайын бақылау қызметтерінің жеткіліксіз бақылауы және жекелеген өрт ошақтарының пайда болғаны туралы сәйкес органдарға уақытында хабарланбағандығынан, сондай-ақ жағдайды объективті емес бағалау нәтижесінде болады. Осының барлығы жекелеген өрт ошақтарының ірі, болып, табиғи апатқа айналады. Республикамызда орман өрттерінің шығына ондаған миллион теңгемен бағаланады.

Өрт қауiптiлігі жоғары болып Ақмола, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан, Қостанай облыстарды аумақтағы орман массивтері жатады.
Бақылаудан шығып кеткен орман және дала өрттері орман массивтерін, ауыл шаруашылық мәдениетінің егіндерін және жайылымдарын жояды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет