Тјжірибелік сабаќтыѕ таќырыптары



жүктеу 0.97 Mb.
бет6/6
Дата19.09.2017
өлшемі0.97 Mb.
1   2   3   4   5   6

Бақылау сұрақтары:

  1. Адам әрекетінен орманға қандай зиян келтіреді?

  2. Орман өрті дегеніміз не?

  3. Орманда болатын өрттердің себептерін атаңыз?



Тақырып 13.1 Орманды өртке қарсы орналастыру жобасы

Мақсаты: желдің орманға тигізетін әсерін анықтау және орман үшін желдің маңыздылығын таныстыру.

Жалпы түсінік

Өртке қарсы орналастыру жобасын кұруға төмендегі бөлімдер кіреді:

а) екпе ағаштардың жануын анықтау;

ә) өрт картасын кұру немесе сызу;

б) өртке қарсы іс-шараларды жобалау және өртке қарсы орналасу ведомосін кұру.

Өртке қарсы орналастыру жобасы орман шаруашьшығының барлық аумағындағы екпе ағаштардың жоспары негізінде құрылады.

Ағаштардың жануын анықтау

Ағаштардың жануын проф. В.Т.Нестеровтың өрт қауіптілігі шкаласы бойынша анықтайды. Өрт қауіптілігі класы өрт картасында қара қаламмен сиректетілген сызықтармен сызылады:

I класс - тік сызықтармен;

II класс - қиғаш (диагональ) сызықтармен,

III класс - көлденең сызықтармен.

Кластардың шекаралары қара сиямен бастырылады. Ал олардың әріппен белгіленуі, бастырылған участоктың ортасына жазылады.

Ағаштар мен балауса қылқандылар орналасқан учаскелер өрт телімшелерінің ішіне қара қаламмен бастырылып, тор кездендіріліп сызылады.

Өрттен корғайтын минераландырылған алқаптар мен орлар

Өрттен корғайтын минераландырылған алқаптар - магистральді, кедергілі және екпе ағаштар үзілімдеріне, кварталдвіқ соқпақтарға, жалпы пайдаланудағы жолдың бойына, қылқанды балауса және екпе ағаштардын, айналасына, орман кенттерінің айналасына, кәсіпорындар, орман қорықшыларының кордонына және басқадай өрт көздеріне салынады. Минераландырылған алқаптар мен ертең жерлерді, тазартылмаған кеспеағаштарды, қоңырсыған учаскелерді жеке айырады. Темір жолдардың айналасында жолдың осінен ара кашыктықтары 50-100-150 метр болатын мйнераландырылған алкаптар жүйесі қүрылады. Минераландырылған алкапқа қосымша ені 10-12 м болатын, өртке қарсы кедергілер мен орман кордовдарын, кештерді, өрт қауіпіндегі ағаштардағы қызмет бабында салынған құрьшыстарды айырып, бөлу керек.

Қорғаныс орлары шым тезектерде орналастырылады. Олардың ені шым тезек қабатынын қалыңдығына қарай, 0,75-1,0м (тереңдігі бойынша) болуы керек. Терендігі - судың немесе топырақтың минералды қабатына дейін болады. Қорғаныс орлары төтенше жағдайда ғана аса маңызды қорғаныс объектілерін қорғауға қүрылады.

Су көздерін құру.Табиғи суаттардан суды пайдалағанда судың жиегін түбіне дейін тазартып, тереңдетуді; жағалауды тазалауды; жағалауға өрт агрегаттарын (машиналарды) орналастыру үшін қолайлы орын немесе алаң құруды құрастырған жөн.

Өртке қарсы бағытталған жолдарды құру. Мұндай жолдарды жобалау кезінде ең бірінші, қазіргі уақытга бар жол жүйелерін есепке алу керек. Жаңа салынатын жолдарды осы бүрынғы бар жолдарға қосымша ретінде карастыру керек. Жаңа трассаларды салуды ескеру мақсатында қосымша жолдарды балшықтан аулақ, жүруге қиын жерлерге емес, өртке қарсы үзілімдерге, кварталды соқпақтарға жобалаған дұрыс.

Байланыс. Байланысты жобалау барысында төмендегі түрлері қарастылылуы мүмкін:

а) телефон байланысы;

ә) радио байланысы;

б) шабарманның (жаяулы, аттылы, мотоциклді, тағы басқалары) кемегі арқылы байланьіс.

Орман шаруашылығының кеңсесі аудан орталығымен, орманшылықпен, орман қорықшының кордонымен, өрт-химиялық станциясымен, өрт мұнараларьшен жэне орман шаруашылығы айналасына жақын орналасқан ауылдармен сеыімді байланыс түрлері (телефон, радиомен) қамтамасыз етілуі керек. Қосымша телефон жүйесін жобалау кезінде оның линиясын жолдың бойына, соктактар мен өртке қарсы, үзілімдерге қарсы жүргізу керек. Телефон сьщы орман арқылы тікелей жүргізуге болмайды, өйткені ол жоспарда каралмаған жаңа трассаларды салуға мәжбүр етеді.

Шолғыншы-карауылдылық қызмет. Жобада шолғыншы-қарауылдылық қызметтің темендегідей объектілері қаралуы мүмкін: өрт мұнаралары және орман қорықшьшарының кордондары.

Өрт мұнаралары әлсіз қиылысқан бедермен 1-ші және 2-топтағы ормандарда жобаланады. Олардың орман шаруашылығы территориясына орналасуы мұнарадан тек қана шаққан өртті керу ғана емес, оның орнын да дәл анықтау үшін, кажет. Мұнаралардын ара қашықтығы 10-12 км-ден аспауы керек» Олар кордондар мен елдімекендерден белгілі бір қашықтықта, төбеді жерде орнадасуы керек. Орман қорықшыларының кордондары бір обходтың екінщісіне.тиетің орман аумағына жобаланады. Ол орман топтары мен олардың жануына байланьістьі 1500-5000 га болуы мүмкін. Кордондар елді-мекендерде немесе оларға жақын жерлерге орналасуы керек. Кордондарды салғанда құдықтың қондырғыларын, сарайды, өртке қарсы құрал-саймандарды сақтайтын орынды, мініс ат, оған ер-тұрман, арба, әбзелдер т.б. қарастыру керек.

Өрт-химиялық станциясы және олрдың жабдықталуы. Өрт-химиялық станциялары орманның ішіне автомашиналар мен ат көлігі жүретін қара жолдар көбірек салынған жерлерге жобаланады. Мұндай станцияларды әр орманшылықта атты-моторлы бүргіштер базасында қолданған пайдалы, ал орталык мекендерде- өрт автомашинасы базасында устаған дұрыс. Өрт станциясының жабдыкталуына төмендегілер кіреді: негізгі агрегатган басқа, калқа, гараж, ерт сөндіргіш сұйық кұйьшған кеспек, асынатын бүріккіштер, аралар, шелектер, сыпырғыштар, балталар, ауыз су қү-йылган үлкен ыдыстар және осы құрал-саймандарды сақгайтын баспана.

Орман қорғауды насихаттайтын және көрнекті үгіт құралдары. Тұрғындардың арасында жүргізілетін жалпы түсіндіру жұмысының негізгі звеносы орманды өрттен қорғау ісі болып табылады. Мұндай жүмыстарға төмендегідей шаралар жатады: радио арқылы әңгіме өткізу, жергілікті баспаға мақала жазу, тұрғындардың арасынан ерікті өрт сөндірушілер дружинасын ұйымдастыру, мектептерде «орман достары» атты үйірмелер мен қоғамдар құру, көрнекі үгіт құралдарын (плакат, аншлагтар) халық көп баратын жерлерге (орман кенітері, кордондар, орман шаруашылығы кеңсесі және орманшылық, демалатын орындар, жалпы пайдаланудағы жолдарға, жолдың бұрылыстарына, көпір, өткелдерге т.б.) орналастыру керек. Өртке қарсы басқа да іс-шараларға пропускілі-бақылау пункттерін құруды және өрт қаупіндегі маусымда орман жолдарының бір болігін жабуды жобалауға болады.

Ормандарды өрт каупіне қарсы орналастыру бойынша жұмыстардың кезектілігі

Ормандарды өрт қаупіне қарсы орналастыру жұмыстарының барлық көлемін бір жылдың ішінде орындау мүмкін емес. Сондықтан, орманның жануын, өрттің басталу себебіи, оттың неден щыққанын және т.б. ескере отырып, бірінші кезекте шығын аз кететін, эрі жақсы нэтиже беретін жүмыстарды жоспарлау керек, ал жыл сайынғы шығындардың сомасы 10-жылдық кезеңге біркелкі белінеді.

Жүргізілетін жұмыстардын кезектілігі «Жұмыстардың кезектілігінің ведомосіне» түсіріліп, жобаның текстік бөлімінде дәлелді түрде көрсетіледі.


Бақылау сұрақтары:

  1. Адам әрекетінен орманға қандай зиян келтіреді?

  2. Орман өрті дегеніміз не?

  3. Орманда болатын өрттердің себептерін атаңыз?



Тақырып 14. Қазақстан ормандары

Мақсаты: Қазақстанда кездесетін орман топтарымен танысып, олардың экологиялық жағдайына көңіл аудару

Жоспар:

  1. Қазақстанда кезедесетін орман топтары

  2. Орманды қалпына келтіретін ағаш түрлері


Әдістемелік нұсқау

Қазақстанда шамамен 600 ағаш жəне бұталар түрлері өседі (лесная энциклопедия, 1986). Орман түзуші қылқан жапырақты тұқымдар (породалар) – кəдімгі қарағай, Шренк (Тянь-Шань) жəне Сібір шыршалары, Сібір балқарағайы, сирегірек Кедр қарағайы, Түркістан жəне Казацкий аршасы, жапырақты тұқымдардан – ақ сексеуіл, қара сексеуіл, зайсан сексеуілі, үлпек жəне қотыр қайыңдар (Betula), көктерек (Populus tremula), қаратерек – тополь черный (Populus nigra), ақтерек – тополь белый (Populus alba), тау терек – ива древовидная (Salix arbuscula), қара қандыағаш (ольха черная).Қазақстан ормандары - орман өсімдіктері жағдайына байланысты 7 топқа бөлінеді:



  1. Орманды дала;

  2. Дала;

  3. Жартылай шөл;

  4. Шөл аймақтары;

  5. Алтай жəне Сауыр;

  6. Солтүстік Тянь-Шань.

Орманды дала ормандары - қайыңнан жəне көктеректен тұратын шоқ ағаштар.

Дала аймағында сирек қайыңдар жəне көктеректен тұратын шоқ ағаштар жəне арал тəрізді қарағайлы ормандар, ұсақ шоқыларда –қарағайлықтар (сосняки), Ертіс өзені маңында таспалы қарағайлы ормандар, Орал, Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері аңғарында аңғарлық ормандар (Ветла терек) болады.

Жартылай шөлдер аймағындағы ормандар жазықтықта ұсақ шоқыларда орналасқан. Оларда аңғарлық ормандар болады.

Шөл аймағында сексеуілдер жəне тоғайлардағы ормандар Іле жəне үшкіржеміс жиделер, ақтал, Жоңғар, Іле, Каспий талдары жəне т.б., теректер (тораңғы), жыңғылдар түрлері Сырдария, Іле, Шу, Қаратал жағалауларында кездеседі.

Алтай жəне Сауыр тауларындағы ормандар 600 м - 2500 м дейін орналасқан. Ол ормандар - Қалбы тау жотасының қарағайлы ормандары, Алтайда Рудныйдың қара қылқан ормандары жəне оңтүстік Алтай жəне Сауыр жапырақты ормандары болып бөлінеді.

Қазақстанда мемлекеттік орман фондының жалпы ауданы - 21,1млн га (1989). Ормандылық – 3,35%, бір адамға 0,61 га орман келеді. И. И. Ролдугин, А. М. Родионов (1999) мəліметтері бойынша,Қазақстанда орман фондының жалпы ауданы - 25 млн га., оның ішінде орманмен жамылғаны 11,4 млн га., ормандылығы - 4,2%. Орманмен жамылған мемлекеттік орман фондының ауданы - 8,9 млн га., оның ішінде қылқан жапырақтылар - 18,1%, қатты жапырақтылар – 52,4%,жұмсақ жапырақтылар - 14%, қатты жапырақтылар тұқымдарына қайың, емен, шамшат, граб, шаған (ясень), үйеңкі, сексеуіл жатады.Олар қатты сүректер береді. Жұмсақ жапырақтылар тұқымдарына – көктерек, қандыағаш, жөке, терек, тал жəне т.б. жұмсақ сүрек беретін породалар жатады.

Орманды қалпына келтіруде пайдаланылатын негізгі тұқымдар –кəдімгі қарағай (Pinus sylvestris) – сосна обыкновенная, қотыр қайың (Betula pendula) – береза повислая, терек (Populus) – Солтүстік Қазақстанда; Сібір шыршасы, Сібір самырсыны, Сібір балқарағайы,кəдімгі қарағай, қотыр қайың – Шығыс аудандарда, Шренк шыршасы, Сиверс алмасы, кəдімгі өрік жəне т.б. – Оңтүстік Қазақстан тауларында, қара сексеуіл – шөлді аймақта. Қазақстанда қорғайтын екпе ағаштар ауданы - 120 млн га., оның ішінде егістік қорғайтын орман алқаптары - 80 мың га (1980). Егістік қорғауға егілетін негізгі тұқымдар бұтақты қараағаш (Ulmus pinnataramosa- вяз перистоветвистый), қотыр қайың (Betula pendula - береза повислая), бальзамды терек (Populus balsamifera - тополь бальзамический), ақтерек (P. alba - тополь белый), лавр жапырақты терек (P. lanciferia - тополь лавролистный), үшкіржеміс жиде (Elaeаgnus охусагра - лох остроплодный) жəне т.б.
Бақылау сұрақтары:


  1. Қазақстанда қандай орман топтары кездеседі?

  2. Қазақстанда қылқанжапырақты сүректілердің қандай түрлері өседі?

  3. Орманды қалпына келтіруде қандай ағаш түрлерін пайдаланады?



Тақырып 14.1 Қазақстан Шренк шыршасы ормандары ормандары бойынша зертханалық жұмыс

Мақсаты: шыршалы орманда кездесетін Шренк шыршасымен танысып, биоэкологиялық сипаттама беру.
Әдістемелік нұсқау

Қазақстан ормандары ішінде ғылыми тұрғыдан жан-жақты терең зерттелгені – шыршалар орманы (Быков, 1985). Шыршаның таулардағы түрлерінің ылғал жəне топырақ қорғап сақтаудағы рөлі зор. Шыршаның түрлеріне Кавказда өсетін Picea orientalis, Қиыр Шығыс тауларындағы - Picea ajanensis, Тянь-Шандағы Picea schrenkiana жатады. Шренк шыршасы фитоценоздары жоғары өнімді жəне сымбаттылығымен жəне сұлулығымен ерекшеленеді.Picea schrenkiana Fisch. et Mey – Шренк шыршасын 1842 жылы

Ф. Г. Фишер жəне К. А. Мейер Жоңғар Алатауынан жиналған данасы бойынша сипаттады. Бұл мəңгі жасыл қылқанды ағаш биіктігі 45-50 м жəне одан да биік болуы мүмкін.Шренк шыршасы – полиморфты. Қазіргі кезде оның бірнеше түр тармақтары, вариациялары жəне формалары бар. Шренк шыршасының полиморфизмдігі - оның генофондының молдығының

дəлелі, тек морфологиясын, биологиясын жəне экологиясын, адаптациясының кең мүмкіншілігін ғана емес, оларға қосымша ценотикалық жəне трофикалық байланыстарын дəлелдейді. Шырша туысы - алғашқы юра дəуірі шөгінділерінен белгілі. Яғни тіршілік ете бастағанына 175 млн жыл болды.Академик Б. А. Быковтың (1985) пікірінше, Шренк шыршасының бүкіл ареалдарын (бұрынғы КСРО шекарасында) 7 ауданға бөлуге болады:

1. Сауыр – ең солтүстіктегі шырша орманының кішкентай

учаскесі.

2. Жоңғар – Жоңғар Алатауының солтүстік беткейлеріндегі шырша ормандары Abies sibirica қатысады.

3. Солтүстік Тянь-Шань – ең жоғарғы өнімді шырша ормандары. Ол ормандар Іле Алатауында жəне Күнгей Алатауында жəне Талас, Теріскей Алатауларында орналасқан.

4. Солтүстік Тянь-Шань (Іле Алатауының жəне Күнгей Алатауының шығыс сілемдері, Кетпентау, Иныльчек жəне Куйлю).

Бұл ормандар Солтүстік Тянь-Шань жəне Орталық Тянь-Шань ормандарына өте жақын ерекше Arctous alpina өсімдігінің қатысуымен.

5. Орталық Тянь-Шань салыстырмалы аласа жəне өнімділігі аз Талас Алатауы (оңтүстік макроклин) Сусамыртау, Нарынтау, Атбашитау ормандары.

6. Батыс Тянь-Шань Picea schrenkiana subsp. tianschanica доминант ормандар

7. Алай-Шренк шыршасының ең оңтүстігіндегі ормандары. Алай жəне Заалай жоталарындағы биік таудағы қайыңды шыршалықтар.
Тапсырма:


  1. Шыршалы орманның жарық көп түсетін және ашық, құрғақ жерлерінде кездесетін өсімдіктермен, олардың өсу ортасымен танысып биоморфологиялық сипаттама жасау;

  2. Шренк шыршасының даму циклімен танысу.


Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстан ормандары ішінде терең зерттелгені қандай орман?

  2. Шренк шыршасы Қазақстанның қандай аймақтарында тараған?

  3. Шренк шыршасының бүкіл ареалдарын неше ауданға бөлуге болады?



Тақырып 15. Орманды қорғау шаралары

Мақсаты: студенттерге ормандарды қалпына келтіру жолдары мен сақтап қалу үшін жүргізілетін іс шаралар жайында білім беру.

Жоспар:

  1. Орманды қорғау және орманды қайта қалпына келтіру

  2. Ормандарды өрттерден қорғау 


Әдістемелік нұсқау

Орманды қорғау және орманды қайта қалпына келтіру.


Орман қорғау- орман қорын тиімді пайдалану,оны толықтыру,өрттен,зиянкестерден және аурулардан қорғау, сондай-ақ,ағаш өнімін арттыру шаралары. Орманды алқаптарда орман қорғау шараларын тиянақты жүргізу үшін орман бірнешетелімдерге бөлінеді де,олардың әрқайсысы бір орманшыға бекітіледі. Орман қорғау жұмысында өртке қарсы шаралардың мұқият орындалуы бақыланады. Орманды рұқсатсыз кеспеу,ағаш дайындаушылар мен пішен шабушылардың,малшылардың,т.б орман қорын сақтау бақыланады. Қазақстанда орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты,орман шаруашылығы мекемелері, т.б айналысады 
Ормандарды өрттерден,заңсыз кесулерден,орманды пайдаланудағы ережелердің бұзылуынан және басқа да ормандарға зақым келтірулерден қорғау үшін орман орналастыру кезінде арнайы іс шаралар жобаланады. 
Іс шаралар қолданыстағы ережелер,бұйрықтар мен басқа құжаттардың негізінде және өткен тексеру кезеңіндегі шаруашылық жүргізуді талдау нәтижелері ескере отырып жобаланады. 
Ормандарды өрттерден қорғау. Орман орналастыру жобаларының түсіндірме жазбасында мына мәселелер қаралады: 
1) орман пайдаланушылардың шекараларын табиғи өрттердің шығуына байланысты белгілеу. Олар әр орам немесе оның бөлігі үшін орман шаруашылығының ғылыми өндірістік орталығында жасалған және Қазақстанның ерекше өрт қаупі бар ормандардағы орман өртерінің алдын алу шараларының жүйесіндегі келтірілген ұсынымдардағы орман қоры аумақтарын табиғи өрт қауіптілігі кластарына жатқызу шкаласы бойынша анықталады. 
2) әр орам немесе оның бір бөлігі үшін табиғи өрт қаупінің орташа класы, соған кірген телімдердің аудандары арқылы анықталады. Содан кейін орамдар немесе олардың бөліктері,табиғи өрт қауіптілігінің класына байланысты бір өрттік телімдерге біріктіріледі. Өртке қаупі бар телімдердің ең кіші ауданы сүлбе картасына қарағанда анық көрінеді (шамамен карта масштабында ол 10 мм 2 кем болмайды). Орманшылықтың өрт қаупі кластарына бөлінуі бойынша қорытынды мәліметтер орман орналастыру жобасының түсіндірме жазбасында келтіріледі; 
3) Ормандарды өрттен қорғау іс шараларына томендегілер жатады: 
Орман өрттерін болдырмауға алдын-алу шаралары(елді мекендерде өртке қарсы дәрістер жүргізу; ормандағы өрт қауіасіздігін сақтауды бақыдау; демалушыларды және саңырауқұлақ, жеміс-жидек жинаушыларды жұмылдыру); 
Өрттің шыққан жерін табу (станционарлы бақылау матчаларын жасау, әуеден жәнежерден бақылау, телефон және радио байланыстарымен қамтамасыз ету); 
Өртті өшіру құралдары мен күштерін ұйымдастыру (химиялық өрт станциясын ӨХС), өртке қарсы құралдар мен жабдықтарының пунктік орталығын салу,орманды қорғау қызыметімен әуе қызметін ұйымдастыру,тік ұшақта қонатын алаңдарды дайындау,өрт болғвн жағдайда,жергілікті кәсіп орындармен тұрғындарды өшіруге жұмылдыру); 
Орманды өрттен қорғауды материалдық – техникалық және қаржылай қамтамасыз ету.

Бақылау сұрақтары:

  1. Орманды қорғау дегеніміз не?

  2. Орманды қорғауда қандай іс шараларды жүзеге асыру қажет?

  3. Өрттің орман үшін қауіптілігі қандай?

  4. Қазақстанда орманды келешек ұрпаққа сақтап қалуда қандай жұмыстар жүргізіледі?



Тақырып 15.1 Орманды қорғау шаралары бойынша зертханалық жұмыс

Мақсаты: желдің орманға тигізетін әсерін анықтау және орман үшін желдің маңыздылығын таныстыру.
Әдістемелік нұсқау

Орман қорғау– орман қорын тиімді пайдалану, оны толықтыру, өрттен, зиянкестерден және аурулардан қорғау, сондай-ақ, ағаш өнімін арттыру шаралары. Орманды алқаптарда орман қорғау шараларын тиянақты жүргізу үшін орман бірнеше телімдергебөлінеді де, олардың әрқайсысы бір орманшыға бекітіледі. Орманшының жұмысынатехникалық орман қорғау инженері басшылық етеді, бақылайды. Орман қорғау жұмысында өртке қарсы шаралардың мұқият орындалуы бақыланады. Орманды рұқсатсыз кеспеу, ағаш дайындаушылар мен пішен шабушылардың, малшылардың, т.б. орман қорын сақтау ережелерін орындауы қадағаланады. Зиянды жәндіктер мен жануарлардың, өсімдік ауруларының пайда болуы бақыланып, қажет жағдайда тиісті мекемелерге тез хабарланады, күрес шаралары ұйымдастырылады. Орманда аң аулау, оның маусымдық ережелерін сақтау бақыланады.Орман қорғау ісінде, орман шаруашалығында радиостанция, телефон болуы керек, өрт-химия станцияларықұрылып, өрт сөндіру топтары ұйымдастырылады. Орман ұшақ, тікұшақтармен барланады. Қазақстанда орман қорғау жұмысымен Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты, орман шаруашылығы мекемелері, т.б. айналысады.
Тапсырма:

  1. Қостанай қаласының маңындағы ормандарды қорғау шараларына анализ жасаңыз.

  2. Өртке қарсы профилактикалық шараларды ұйымдастырудың жоспарын құрыңыз.

  3. Өртке қарсы насихаттауға үндеудің суретін салыңыздар.


Бақылау сұрақтары:

  1. Орман өрттерінің пайда болуын алдын ала ескертетін іс шараларды атаңыз?

  2. Орман өрттерінің жайылуна қарсы жүргізетін іс шараларды атаңыз

  3. Орманда демалыс кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін атаңыз?

  4. Өрт сөндіру құралдарын сипаттаңыз.

  5. Орманда өрттерді сөндірудің жолдарын атаңыз.

Қолданған әдебиеттер тізімі



  1. Атрохин В. Г., Курамшин В. Я. Ландшафтное лесоводство. М.: Экология, 1991. 176 с.

  2. Агальцова В. А. Горки Ленинские. Сохранение и восстановление ланд-шафтов. М.: Агропромиздат, 1987.

  3. Боговая И. О., Фурсова Л. Н. Ландшафтное искусство: Учебник для вузов. М.: Агропромиздат, 1988. 233 с.

  4. Николаевская 3. А. Садово-парковый ландшафт. М.: Стройиздат, 1989.

  5. Пронин М. И. Лесопарковое хозяйство: Учебник для техникумов. М.: Аг-ропромиздат, 1990. 175 с.

  6. Рекомендации по изысканию и проектированию лесопарков. М.: ВГПИИ «Союзгипролесхоз», 1984.

  7. Строительство и реконструкция лесопарковых зон на примере Ленингра-да / В. С. Моисеев, Л. Н. Яновский, В. А. Максимов и др. М.: Стройиздат, Ле-нингр. отд., 1990. 288 с.

  8. Справочник лесничего Казахстана.Астана, 2010.156 с.

  9. Тюльпанов Н. М. Лесопарковое хозяйство. Учебное пособие для техникумов. Изд. 2-е, перераб. Л., Стройиздат, Ленннгр. отд-ние, 1975, 160 с.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет