Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев президенттің алдында мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Наурыз мейрамына арналған мерекелік шараларға қатысқаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда қала әкімімен кездесті.

Ерболат Досаев 2024 жылдың екі айының қорытындысы бойынша қала экономикасының серпінді өсімі қамтамасыз етілгенін, Алматы қаласының қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіші 1,7%-ға өсіммен оң аймаққа енгенін хабарлады. Сондай-ақ, Алматы әкімі мынадай мәліметтерді баяндаған:

— жергілікті бюджетке түскен қаржы 55 пайызға, яғни 287,5 миллиард теңгеге дейін көбейген;

— негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі артып келеді. 190 миллиард теңге инвестиция тартылып, өсім көрсеткіші 24,5 пайызды құраған;

— қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының орындалуы жайында мәлімет берді:

— тұрғындар мен заңды тұлғалардың өтініштері бойынша биыл 23 қаңтардағы жер сілкінісінен кейін тексерілген 183 нысанға айтарлықтай зақым келмеген;

— 4 наурыздағы жер сілкінісінен кейін түскен өтініштер бойынша 363 нысанға кешенді тексеру жұмыстары басталған;

  • Алматыдағы жер сілкінісі: Бірінші қабаттағы пәтерлер мен жер үйлерге сұраныс артқан
  • Балалардың мойнына ысқырық пен аты жазылған бейджикті таққан: Алматы облысында оқушылар қабырғалары сөгілген мектепте оқиды

— 2024 жылы 13,2 мың нысанға сейсмоаудит жүргізіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен төтенше жағдай кезінде азаматтарды уақытылы құлақтандыру мақсатында биыл 1 маусымға дейін пилоттық режимде "Mass Alert" жүйесі енгізіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы одан әрі әртараптандыру, Алматының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сумен қамту және су тарту жүйесін жаңғырту жұмыстарын жалғастыруды тапсырғаны айтылады.

Бұған дейін Тоқаев Алматыда сейсмологиялық бақылаулар ұлттық ғылыми орталығының басшысын қабылдаған.

Алматыда болған жер сілкінісі

4 наурыз күні сағат 11:22-де Алматыда жер сілкінісі болды. Қалада жер сілкінісі кезінде қосылатын сиреналардың даусы шықты.

Алматылықтардың айтуынша, жер асты дүмпулері қаңтардағыдан да күштірек болған. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13,2.

MPV магнитудасы – 6,1. Тереңдігі – 10 км. Алматы қаласы бойынша қабылдау туралы ақпарат – 5 балл. Талдықорғанда 2 балдық жер сілкінісі сезілді.

Оның алдында Алматыда 23 қаңтар күні сағат 00:09-да күшті жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Алматыдан 264 шақырым жерде орналасқан. Алматыда сезімталдық бес баллды құрады. Көптеген тұрғындар көшеге шығып, жолдарда кептеліс пайда болды. Қалада сиренаның даусы шыққан жоқ.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.