Ұто директоры Қ. C.Әбдиев 2015 ж. 5B020500 – Филология: қазақ тілі мамандығы үшін



жүктеу 44.92 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі44.92 Kb.

Бекітемін

ҰТО директоры

___________ Қ.C.Әбдиев



2015 ж. «____»____________

5B020500 – Филология: қазақ тілі мамандығы үшін



«Жалпы тілі білімі» пәні бойынша

Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тестіге «Жалпы тілі білімі» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген:





Мазмұны

Тест тапсырмалар саны

1

Тіл білімі тарихының кезеңдері. Көне дәуір тіл білімі. Тілді зерттеудегі семасиологиялық және ономасиологиялық бағыттардың тууы. Көне Үнді, Ежелгі Греция, көне араб және түркі тіл білімдері.

1

2

Орта ғасыр тіл білімі (ХІІІ-ХІҮғ.); Қайта өрлеу дәуірінің тіл білімі (ХҮ-ХҮІғ.) – Ю. Скалигердің грамматикалық теориясы. ХҮІІ ғасыр тілі білімі – Пор-РОяль грамматикасы. Қайта өрлеу дәуірі лингвистикасының мәселелері.

1

3

Филогенетикалық тіл білімі. Тіл философиясы. (Г.Лейбниц, Д.Локк, Ж-Ж.Руссо. ХҮІІ-ХҮІІІғ.). Тілдің шығуы туралы философиялық концепциялар.

1

4

ХІХ ғасыр лингвистикасы (Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің І кезеңі – ХІХғ. 20-70 жылдар; салыстырмалы-тарихи тіл білімінің ІІ кезеңі -1870-1900 жылдар. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі Ф.Бопп «Үндіеуропа тілдерінің салыстармалы грамматикасы» (1833-1849), Р.Раск «Көне исланд тілінің шығу тегін зерттеу» (1817), Я.Гримм «Неміс тілі грамматикасы» (1819), В.Гумбольдт және А.Х. Востоков «Славян тілдері жөніндегі пікірлер»

1

5

ХІХ ғ. аяғындағы тіл білімі. В. Фон Гумбольдттың лингвистикалық концепциялары. ХІХғ. лингвистикалық жаңа бағыттардың пайда болуы: натуралистік бағыт; психологиялық бағыт және «Жас грамматистер» мектебі.

1

6

ХХ ғасыр тіл білімі: «Сөздер мен заттар» мектебі; эстетизм, неолингвизм, социологиялық мектеп, Женева социологиялық мектебі, структурализм т.б.

2

7

Тіл және таным. Ойлау мен танымдағы тілдің рөлі туралы неогумбольдтшылық теория. Сепир-Уорф болжамы – лингвистикалық ықтималдық болжамы.

2

8

ХХғ. ортасындағы жүйелік-құрылымдық және функционалды тіл білімі. ХХғ.глоссематика: Копенгаген структурализмі. Прага лингвистикалық мектебі.

2

9

Тіл жүйесі мен тіл құрылымы. Тілдің негізгі қабаттары мен әр деңгейдің бірліктері. Тіл жүйе ретінде. Тілдің ішкі құрылымы. Парадигматика және синтагматика. Тіл және сөйлеу.

2

10

Жалпы фонетика, фонетиканың лингвистикалық пәндер жүйесінде алатын орны. Тіл және олардың типтері.

2

11

Грамматика. Жалпы морфология, морфема ұғымы. Морфемалардың классификациясы. Грамматикалық мағыналардың әсем тілдерінде берілу тәсілдері.

2

12

Жалпы синтаксис және тілді сипаттау теориясында алатын орны.

2

13

Лингвистикалық типология тілдік құрылымдық ұқсастық (изоморфизм) туралы ғылым.

2

14

Лингвистикалық әдістер туралы түсінік. Сипаттамалы, таксономиялық, лингвогенетикалық, типологиялық әдістер және сандық талдаудың әдістемесі.

2

15

Ғылыми зерттеу әдістемелері. Дескриптивтік лингвистика: өкілдері, ғылыми негіздемелері мен әдістері. Лингвистикадағы жалпы ғылыми зерттеу әдістері: бақылау, эксперимент, картаға түсіру, модельдеу т.б. Лингвистикалық талдаудағы негізгі әдістер.

2




БАРЛЫҒЫ:

25


4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Бағдарлама мазмұнында лингвистика ғылымының жалпы мәселелерімен бірге (тіл жүйе ретінде, тіл және қоғам, тіл және мәдениет және т.б. курстың пәні, міндеттері мен жекелеген лингвистикалық пәндер – әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, когнитивтік лингвистика материалдары) тіл теориясының негізгі бөлімдері (жалпы фонетика, жалпы морфология, жалпы синтаксис, жалпы семантика) қамтылады. Басты назар қазіргі тіл білімінің теориялық, сондай-ақ қолданбалы сипаттағы мәселелеріне аударылады.



5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.



Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:

Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет