Тобылов Қ. Т., Даулетбаев Б. Т. ҚАржылық бақылау және аудит


Тарау 1 Қаржылық бақылаудың мәні,пәні және формалары



жүктеу 1.4 Mb.
бет2/8
Дата22.09.2017
өлшемі1.4 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Тарау 1 Қаржылық бақылаудың мәні,пәні және формалары


Мақсаты: Қаржылық бақылау мәнімен, түрлерімен, формаларымен таңысу. Қаржылық бақылауды жүргізу әдістері мен тәсілдерін танысу және оның жіктелуін анықтау.

Жоспар:

1.1 Қаржылық бақылаудың мәні,мазмұны мен пәні.

1.2 Қаржылық бақылаудың түрлері мен формулары.

1.3 Қаржылық бақылау тәсілдері.

1.4 Бақылау және аудит түрлерінің классификациясы.
1.1 Қаржылық бақылаудың мәні,мазмұны мен пәні
Қаржылық бақылау мамандырылған қызмет болып табылады. Қаржылық бақылаудың бар болуы объективті түрде, қаржыға экономикалық категория ретінде бақылау функциясы керек екенімен негізделінеді. Осы функция көмегімен қаржы бөлу пропорцияларын,фондардың пайда болу көздерін, олардың пайдалануын алдын ала ескертеді. Қаржылық бақылау функциясы қоғамның, ең алдымен мемлекеттің өндіріс, айырбас процесіне материялды игіліктердің бөлінуіне және пайдалануына ықпал етуге мүмкіндік береді.

Бақылаудың жүзеге асырудағы негізгі принциптер:



  • жиілілік,тұрақтылық,әмбебаптылық;

  • алдын ала болжау;

  • бақылау жұмысты дұрыс орындау нәтижесінде, жұмысты мұқият орындауында ғана жүзеге асатын әрекеттілік, нақтылық, жариялылық;

- бақылау органдардағы жұмысшылардың еркіндігі.

Қаржылық бақылаудың негізгі міндеттері:



  1. Қаржылық міндеттердің мемлекет,ұйым,халық алдында орындалуын тексеруі.

  2. Ақша ресурстарындағы субъектердің дұрыс пайдалануын тексеру.

  3. Субъектердің қаржылық операцияларды, төлемдерді орындау кезде, ақша төлемдерін сақтау кезіндегі тәртіпті сақтау тексерісі.

  4. Өндірістің ішкі резервтерін анықтау,шаруашылықтың рентабельділігін жоғарлату мүмкіншілігі,өндіріс еңбектерінің өсуі,айналым қаражаттарының айналымын тездету, материалды және ақша қаражаттарын неғұрлым үнемді пайдалану.

  5. Қаржылық тәртіптің бұзылуын жою және алдын ала ескерту.


1.2 Қаржылық бақылаудың түрлері мен формулары
Қаржылық бақылаудың классификациясы - субъектердегі ерекшеліктеріне, бақылау әрекеттілігінің өту уақытына,бақылаудың өту тәсіліне негізделген.

Субъектілерге байланысты қаржылық бақылаудың келесі түрлері ажыратылады:

Жалпы мемлекеттік бақылау-жекеменшік түрлеріне, бақылау ведомосына қарамастан кез-келген бақылау объектілерінде жұмсалады. Оны мемлекеттік билік және басқару органдары жүзеге асады.

Жалпы мемлекеттік бақылауда салықтың бюджеттік,валюталық және кеден бақылауларын бөлуге болады.

Үкімет мемлекеттік бюджеттің құрылуын және орындалуын бақылайды, мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асырайды. Өз өкілеттілігіне сәйкес бақылау функцияларын атқарушы органдар өз орнында орындайды.

Ведомстволық қаржылық бақылау, бөлек министрлігтің өкілеттілігі шегінде, кәсіпорын, ұйым,мекеме жүйесіне кіретін ведомост негізінде жүзеге асырылады.

Ведомстволық бақылауда ішкі шаруашылық бақылау, яғни нақты шаруашылық субъектілерде жүзеге асырылатын(фирмалаларда, компанияларда,мекемелерде, ұйымдарда) бақылау жүргізіледі.

Уақыт өтуіне байланысты қаржылық бақылау алдын ала,ағымдағы және келешекті болып келеді.

Бақылаудың осы формалары көптеген бақылаушы органдарға лайықты.

Алдын ала қаржылық бақылау ақша құрылу,бөлу және пайдалану операцияларына дейін жүргізіледі, сондықтан да, ол қаржы тәртібінің бұзылуын ескеруде маңызды рөл атқарады. Бұл арада, қаржылық қызметтің жүзеге асуының негізгі болатын құжаттар тексеріледі-бюджеттік жоба,қаржылық жоспар,кредиттік және кассалық мәлімдеме және т.б

Ағымдағы қаржылық бақылау-бұл ақша операциясы процесінде болатын бақылау(мемлекет алдындағы қаржылық борыштардың орындалуы,әкімшілік-шаруашылық шығындарға инвестициялауға ақша қаражаттарының алынуы мен пайдалануы және т.б.

Келешекті қаржылық бақылау-қаржылық операция біткен уақытта жүзеге асырылады.


1.3 Қаржылық бақылау тәсілдері
Қаржылық бақылау әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Нақты бір тәсілдің қолданылуы келесі факторларға тәуелді:қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мекеме қызметінің ерекше формалары,бақылаудың объектісі мен субъектісі.

Қаржылық бақылаудың келесі әдістері бар: ревизия,тексеріс,зерттеу жұмыстары,қаржы жоспарының жобаларын қарастыру, мәлімдемелер, қаржылық шаруашылықтың қызметіне есеп,баяндамалардың таңдалуы.

Қаржылық бақылаудың негізгі әдісі - ревизия - кәсіпорынның, мекеменің өткен уақыт кезеңіндегі қаржылық-шаруашылық қызметінің толық зерттелнуі.

Тексеріс объектілеріне байланысты ревизияның құжаттық,толық фактілік,таңдаулы түрлері бар.

Ұйымдастыру нысанына байланысты олар жоспарлы,жоспарлы емес, комплексті болып бөлінеді.

Құжаттық ревизия кезінде есеп пен сметалар ғана емес, сонымен қатар басқа да құжаттар, әсіресе ақша құжаттары (есептер, төлем ведомстволары, чектер, ордерлер, бағалы қағаздар) тексеріледі.

Фактілік ревизия құжаттарды ғана емес, сонымен қатар ақшаның, материалды құндылықтардың бар болуын тексереді.

Толық ревизия кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің өткен уақыт аралығындағы бар қызметін зерттеумен анықталады,

Таңдаулы ревизия кезінде бақылау қаржылық-шаруашылық қызметінің белгілі бір жақтарына бағытталған.

Тематикалық ревизиялар бірнеше біртүрлі кәсіпорындарда,ұйымдарда немесе қаржылық-шаруашылық қызметінің бөлек сұрақтарымен айналысатын министрлік пен ведомсволарда жүргізіледі.

Ревизияның қабылданылуы: материалды құндылықтардың нвентаризациясы,кассадағы ақша қорларының тексерісі,тексерілген объект қызметінің жоспарлық,нормативтік және есептік көрсеткіштерін салғастыру,құжаттық және қарсы тексерісі.

Тексерістер мен зерттеулер кәсіпорынның, ұйымның, мекемелердің қаржылық-шаруашылық қызметінің белгілі бір сұрақтармен айналысатын бақылау органдармен немесе қаржылық қызметінің белгілі бөлімдеріне сұрақ қою арқылы жүргізіледі. Сондықтан да тексерістер көбінесе тематикалық болып келеді. Камералдық тексеріс орынға шықпай орындалады және де шаруашылық мекеменің құжаттық тексерісін көрсетеді.

Қарсы тексерісі-тексерілетін шаруашылық субъектінің клиенттер операцияның тексерісі қаржылық-шаруашылық операцияларының нақтылығын анықтайтын тәсіл.

Есеп берудің есептік тексерісі 3 кезеңмен жүргізіледі. 1 кезеңде есеп беру формалар көрсеткіштерінің келісілуі анықталады; 2 кезеңде бөлек есеп көрсеткіштерінің бухгалтерлік есеп регистріндегі жазбалармен қиылысуы жүзеге асырылады;3 кезеңде алғашқы құжаттардың берілгендері арқылы есептік жазбалардың негізделенуі анықталады.


1.4 Бақылау және аудит түрлерінің классификациясы
Аудиторлық бақылау- кәсіпорынның, компанияның, банктің, қамсыздандыру компанияның иеленуші мен аудиторлық фирмамен қорытындалынған келісім-шарт негізінде қаржылық-шаруашылық қызметінің жағдайын анықтау болып табылады.

Бақылау мен аудит келісі стадиялармен жүргізіледі:



  1. Жоспарлану;

  2. бақылау мен аудит объектілері туралы ақпарат алу;

  3. бақылау мен аудит әдіс-амалдарын өндеу мен программаны дайындау;

  4. бақылау жүйесінің тексерісі мен тесті;

  5. бақылау мен аудит процедураларын жүргізу;

  6. аудиторлық қорытындының іске асуы.

Аудиторлық процедура өткен уақытында есеп мәлімдеменің толықтылығы,нақтылығы, дұрыстылығы жайында дәлелдеме беретін кілттік процедуралар анықталады.

Кәсіпорының,компанияның,фирманың ішкі бақылау жүйесінің негізгі бөлігі болып табылатын ішкі бақылау мен аудитті бөліп көрсетуге болады. Ішкі бақылау мен аудиттің объектісі болып,қаржылық,өндірістік және басқа қызметтері де бола алады.Бұған бухгалтерлік құжаттарының дұрыс орындалуы мен бар болу ревизиясы,тауарлы-материалдық қорлардың инвентаризациясының орындалуы, тауарлы-шаруашылық операцияларының бақылауы және т.б. жатқызуға болады.Ішкі бақылау мен аудит негізгі кәсіпорында, сонымен қатар қосалқы фирмалар мен филиалдарда жүргізіледі.


Бақылау сұрақтары:

  1. Қаржылық бақылаудың объективті қажеттілігі мен субъективті мүмкіншілігі қалай байқалады?

  2. Қаржылық бақылаудың объектісі мен қызметін қалай қарастыруға болады?

  3. Қаржылық бақылаудың принциптері қандай?

  4. Қаржылық бақылаудың есептері немен негізделінеді?

  5. Нарықтық қатынасқа өту жолында қаржылық бақылаудың рөлі қандай?

  6. Қаржылық бақылау классификациясының нысандарын атап, бақылаудың негізгі түрлерін атаңдар.

  7. Аудит деген не? Аудиттық қызметіне анықтама беріндер.

  8. Қаржылық бақылаудың негізгі тәсілдерін атап көрсетіндер.

  9. Ревизияның мазмұны.


Өзін-өзі тексеру тест сұрақтары:

1.Қаржылық бақылау қандай қызмет болып табылады.

А) Мамандандырылған

B) Өндірістік

C) Әлеуметтік

D) Саяси


E) Корпоративтік
2.Төмендегілердің қайсысы мамандандырылған қызмет болып табылады.

A) Өндірістік бақылау

B) Қаржылық бақылау

C) Салықтық бақылау

D) Қатаң бақылау

E) Саяси бақылау


3.Бұл функция көмегімен қаржы бөлу пропорцияларын, фондардың пайда болу көздерін, олардың пайдалануын алдын ала ескертеді.

A) Бөлу функциясы

B) Қайта бөлу функциясы

C) Бақылау функциясы

D) Қадағалау функциясы

E) Дұрыс жауабы жоқ


4.Бұл функция арқылы қоғамның, ең алдымен мемлекеттің өндіріс, айырбас процесінде материалды игіліктердің бөлінуіне және пайдалануына ықпал етуге мүмкіндік береді.

A) Қайта бөлу

B) Қадағалау

C) Ынталандыру

D) Қаржылық бақылау

E) Қадағалау және бақылау


5.Бақылаудың жүзеге асырудағы негізгі принциптерін көрсет.

A) Жиілілік, тұрақтылық

B) Әмбебаптылық

C) Алдын ала болжау

D) Әрекеттілік, нақтылық

E) Барлығы дұрыс


6.Бақылаудың жүзеге асырудағы негізгі принциптеріне жатпайтынын көрсет.

A) Жиілілік, тұрақтылық

B) Әмбебаптылық

C) Алдын ала болжау

D) Әрекеттілік, нақтылық

E) Дұрыс жауабы жоқ


7.Субъектердегі ерекшеліктеріне, бақылау әрекеттілігінің өту уақытына, бақылаудың өту тәсіліне негізделген.

A) Қаржылық бақылыу классификациясы

B) Бақылау принциптері

C) Бақылау міндеттері

D) Бақылау түрлері

E) Бақылау қызметтері


8.Жеке меншік түрлеріне, бақылау ведомосына қарамастан кез-келген бақылау объектілерінде жұмсалады, оны мемлекеттік билік және басқару органдары жүзеге асырады.

A) Ведомостволық қаржылық бақылау

B) Жалпы мемлекеттік бақылау

C) Алдын ала қаржылық бақылау

D) Ағымдағы қаржылық бақылау

E) Келешекті қаржылық бақылау


9.Бөлек министрліктің өкілеттілігі шегінде, кәсіпорвн, ұйым, мекеме жүйесіне кіретін ведомост негізінде жүзеге асырылатын бақылау.

A) Жалпы мемлекеттік бақылау

B) Алдын ала қаржылық бақылау

C) Ведомостволық бақылау

D) Ағымдағы қаржылық бақылау

E) Келешекті қаржылық бақылау


10.Уақыт өтуіне байланысты қаржылық бақылау қандай түрлерін ажыратады.

A) Жалпы және ведомостволық

B) Жалпы және алдын ала

C) Ведомостволық, жалпы және ағымдағы

D) Жалпы, алдын ала, келешекті

E) Алдын ала, ағымдағы және келешекті


11.Тексеріс объектілеріне байланысты ревизияның неше түрі бар?

A) 2


B) 3

C) 4


D) 5

E) 6
12.Кәсіпорынның, мекеменің өткен уақыт кезеніңдегі қаржылық-шаруашылық қызметінің толық зерттелуін көрсететін қаржылық бақылыаудың негізгі әдісі.

A) Ревизия

B) Тексеріс

C) Зерттеу жұмыстары

D) Мәлімдемелер

E) Баяндамалардың таңдалуы
13.Бұл ревизия кезінде есеп пен сметалар ғана емес, сонымен қатар басқа да құжаттар, әсіресе ақша құжаттары (есептер, төлем ведомостволары,чектер,ордерлер,бағалы қағаздар) тексеріледі.

A) Фактілік ревизия

B) Құжаттық ревизия

C) Толық ревизия

D) Таңдаулы ревизия

E) Барлығы


14.Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің өткен уақыт аралығындағы бар қызметін зерттеумен анықталатын ревизия.

A) Құжаттық ревизия

B) Толық ревизия

C) Фактілік ревизия

D) Таңдаулы ревизия

E) Тематикалық ревизиялар


15.Кәсіпорынның, компанияның, банктің, қамсыздандыру компанияның иеленуші мен аудиторлық фирмамен қорытындыланған келісім-шарт негізінде қаржылық-шаруашылық қызметінің жағдайын анықтау болып табылады.

A) Қаржылық бақылау

B) Қаржылық жоспарлау

C) Аудиторлық бақылау

D) Аудиторлық жоспарлау

E) Аудиторлық реттеу



Тарау 2 Мемлекеттік бақылау ұйымдастырылуы


Мақсаты: Мемлекеттік қаржылық бақылау мекемесімен, қаржылық бақылауды функциялары мен міндетін жүзеге асыратын органдармен танысу
Жоспар:

2.1 Жалпы мемлекеттік қаржылық бақылау

2.2 Парламенттік бақылау, Президент Аппаратының, Есептік комитетінің рөлдері, функциялары мен міндеттері

2.3 ҚР Үкіметінің бақылау органдары



2.1 Жалпы мемлекеттік қаржылық бақылау
Қаржылық бақылаудың эффектілігі мекеменің рациональдығымен анықталады: бақылау субъектісінің нақты тандауы және олардың құқықтары мен міндеттері, қаржылық бақылауды жасау әдісі мен түрі.

Жалпы мемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік бақылау органдары жүзеге асырады, Олар: Президент Аппараты, ҚР Парламенті, Үкімет және жергілікті басқару органдары (депуттар жиналысы). Бақылаудың бұл түрін республикалық бюджеттің дұрыс қолдануын Есептік комитет атқарады.

Жалпы мемлекеттік бақылау-жекеменшік түрлеріне, бақылау ведомосына қарамастан кез-келген бақылау объектілерінде жұмсалады. Оны мемлекеттік билік және басқару органдары жүзеге асады.

Жалпы мемлекеттік бақылауда салықтың бюджеттік,валюталық және кеден бақылауларын бөлуге болады.

Үкімет мемлекеттік бюджеттің құрылуын және орындалуын бақылайды, мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асырайды. Өз өкілеттілігіне сәйкес бақылау функцияларын атқарушы органдар өз орнында орындайды.

Ведомстволық қаржылық бақылау, бөлек министрлігтің өкілеттілігі шегінде, кәсіпорын, ұйым,мекеме жүйесіне кіретін ведомост негізінде жүзеге асырылады.

Ведомстволық бақылауда ішкі шаруашылық бақылау, яғни нақты шаруашылық субъектілерде жүзеге асырылатын(фирмалаларда, компанияларда,мекемелерде, ұйымдарда) бақылау жүргізіледі.
2.2 Парламенттік бақылау, Президент Аппаратының, Есептік комитетінің рөлі мен функциялары, міндеттері
Қаржылық бақылауды жасау барысында мемлекеттің құқықтық органдары өте көп рөл бөлінеді. Сондықтан ҚР Парламенті бақылаушы субъект және бақылау түрі парламенттік (депутатық) болады. Сол бақылаудың объектісі ретінде мемлекеттік шығындар болады. Олар:


  • мемлекеттік бюджет шығындарын көрсететін әрбір мейрамды қабылдау;

  • бюджеттік шығындарды тексеру мақсатымен заңдар қабылдау;

  • құрастырылған бюджетті тексеріс барысында.

Парламентік бақылаудың ең басты мақсаты: жалпы саясат, экономикалық және әлеуметтік жағдайларды жасау кезіндегі шығындарды анықтау. Құрастырылған бюджетті тексеру кезінде сметаға қосылған сандандардың дұрыстығы қарастырылады. Бұдан басқа, Парламент – Сенат және Мәжілісте экономика, қаржы және бюджет комитетінде органдары бар. Бұл органдар заң қабылдау барысында, мемлекеттік бюджет шығындары қаржылық – бюджеттік сферасында бақылау, алдын ала қабылданған сұрақтарды қарастыру. Палатаның қаржылық – бюджеттік сұрақтарының бағасы мен қорытындысын жасау үшін сәйкес мемлекеттік инстанциға және республика Үкіметі жіберіледі.

Республика Президентінің жарлығы мен бұйрығын жүзеге асыруды бақылау, Президент Аппаратында көрсетілген актілерді қабылдау үшін ұйымдастырушы - бақылау бөлімі құрастырылған. Президент Аппараты министірліктің, жергілікті әкімшіліктің және т.б. мемлекеттік басқаруды жүзеге атқарды. Аппарат қабылданған шаралар туралы Президентке хабар береді.

ҚР Президентінің қарамағындағы республикалық бюджеттің жұмыс істеуін бақылайтын мемлекеттік орган Есептік комитет болып табылады.

Есептік комитеттің мақсаты мен функциялары:

1 Республикалық бюджетті жасау барысында ҚР заңдары мен нормативтік актілерді бақылау;

2 Мемлекеттік басшысының республикалық бюджет туралы сұрақтарына жауап беру;

3 Республикалық бюджетке түскен құралдарды бақылау;

4 Мемлекеттік программа мен мемлекеттік қаржылық қажеттіліктерге республикалық бюджеттен бөлінген құралдардың дұрыс қолдануын бақылау;

5 ҚР Парламентіне берілген есепті таныстыру.
2.3 ҚР Үкіметінің бақылау органдары
Бақылау аймағында барлық мүмкіншіліктерді ҚР Үкіметі атқарады. Ол атқарушы органдардың жүйесін басқару министрлікке, атқарушы органдардың әкімшілік - территориялық бірлігіне байланысты сұрақтарды шешу, Президент қабылдаған заң, заңдық актілер және өзінің бұйрықтарын орындалуын басқарады. Үкімет республиканы дамыту жоспарын жасау және қарау барысында алдын ала бақылау жасайды, экономика, инвестицияның дұрыс бағытталуы және даму бағдарламасын құрады. Осы қызметтерді атқарғаннан кейін Үкімет қаржылық мақсаттың көлемі, мерзімі, жасаушылары бойынша ағымдағы бақылау жасайды.

Басқарушы органдар (маслихат, депутат жиналысы) бюджеттің және есептің жасалуын қарастыруында қаржылық бақылауды жүзеге асырады. Бақылау екі түрде атқарылады: алдын ала және келесі. Ағымдағы бақылау олардың жасау кезінде жалпы болып табылмайды. Бақылаудың ең басты әдісі тексеріс болып табылады. Бақылаудың объектісі жергілікті қаржылдық қоры болып табылады.

Жалпы мемлекеттік тбақылауды атқарушы органдарға Қаржылық Министрлік, ҚР Халық банкі кіреді.

Қаржылық Министрлік, мемлекеттің кіріс Министрлігі, жергілікті қаржылық және салық органдары әлеуметтік – экономикасының қаржы облысың барлық түрінде тексеріс жүргізеді.

Қаржылық Министрлік қаржылық бақылау Комитетін басқарып, ол мемлекеттің қаржылық құралдарын қолдануын бақылайды. Басқару комитеті министрлікке, басқа басқару органдарына, заң тыныштығын қорғау, мемлекеттің өндіріс кәсіпорындарына, құрылысқа, ғылымға, денсаулық сақтауға, халықтың әлеуметтік қорғанысы, мәдениет және ақпарат тарату құралдарына тексеріс жасайды.

Мемлекеттік бақылау өзінің өкілеттіктердің байланысты Қазыналық комитет құрайды. ҚР қаржылық Министрлігінің Қазынасында қарастырылған, Қазыналық органның ең басты мақсаты республикалық бюджеттің кассалық құрылуын бақылау жүзеге асыру және құру.

2001 жылдың басында жаңа заң сақтаушы жүйесі – қаржылық полиция құрылды, ол өзінің құрылымына орталық атқарушы органы қаржылық полиция Агенттігін қосады, олар ҚР Үкіметі және облыстағы, Алматы және Астана қаласының құрамына кірмейді. Қаржылық полиция органдары қаржылық операцияға байланысты қылмысты және заңбұзушылықты табу, зерттеу қызметін атқарады: жұмсау, мемлекеттік құралдарын ұрлау, бюджеттік ресурстардың дұрыс қолданбауын, салық төлемеушілікті, қаржылық құралдарын заңдастыру бюджетке кедендік жинақтар және басқа да міндетті төлемдер және т.б.

Қаржылық және салық органдары өз басты жұмыстарын атқаруына бақылау жасайды мемлекеттің кірістері мен шығындарын басқару. Қаржылық Министрлігіне және оның органдарына республика мен жергілікті органдарының бюджеттік құқық туралы заңның қарастырылуын бақылау. Бұл органдар бюджеттік ұйымдардың қаржылық қатынастарына бақылау мен тексеріс жүргізеді.

Қаржылық органдардың бақылауы ағымдағы және келешектегі бақылау түрімен жүзеге асырады. Бақылаудың ең басты әдісі ретінде есептік тексеріс болып табылады. Бөлімше басқармасының мамандары өз құрамына тексеріс бригадасын қосады.

Қаржылдық басқару органының ретінде білім беру дұрыстығы және орталықтандырылмаған қаржылық құралдар қорын қолдану сұрақтарын қарастырылады.

Шаруашылықтандыру субъектілерінің кірісін бақылауды ҚР мемлекеттік кіріс министрлігі және облыс, қала, райондағы жергілікті комитеті жүзеге асырады және салық органдары баға тәртібін бұзған үшін экономикалық санкцияларды қолдана алады. Айыппұлдар өте тез өседі және нарықтағы баға орнату механизмінің бірі болады. Айыппұлдан түскен пайда сол уақытта бюджетке түседі. Заңның ең қауіпті бұзушылығында материалдар іздестіруші органдарға беріледі.

Қоғамды бақылау органдарына әкімшіліктің жұмысын бақылау кәсіподақ ұйымы жатады, бұл бақылау кәсіпорындарға, ұйымдарға жүргізіледі. Қаржылық бақылау осы органдардың жұмысында ең жалпы болып табылмайды.

Әртүрлі қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, жастар қозғалыс ұйымы, мәдени орталықтары, техникалық, табиғат қорғау, спорттық, соғыс және еңбек ардагерлері, қайырымдылық қорларын қаржылық бақылау атқарады және аудиторлық фирмаларды өзіне тарта алады. Бақылау объектісі - бұл кірісті қабылдау тексерісі және бұйрық міндетіне сай келуін қарастыру.

Ақпарат тізімдік (ведомость) қаржылық бақылау республикасының министрлігі мен ақпартізімі, кәсіпорынға, ұйымға бағынышты жергілікті әкімшілік қатынастарын атқарады. Ақпартізімділік қаржылыық бақылау ағымдағы, алдын ала және келешектегі бақылау түрінде жүзеге асады. Бақылаудың ең басты әдісі қаржылық жоспарларды қарастыру және тексеру болып табылады. Бақылаудың объектісі ретінде орталықтандырылмаған қаржылық құралдар қоры жатады.

Ішкі шаруашылықтық бақылау шаруашылық бөлімше жүйесінің субъектісі. Басқарушылық функциялары қаржыландыру облысында басқарушылар, бухгалтерлер және қаржылық бөлімі атқарады. Сонымен қатар ең басты рөл бас бухгалтерге жатады. Ішкішаруашылық бақылау қаржылық бақылаудың барлық түрінде жүзеге асады. Оның ең басты міндеті тексеріс және ревизия (тексеру) болып табылады. Ішкішаруашылық бақылау коммерциялық жүйеде (акционерлік қоғамда, жеке кәсіпкерлікте және фирмаларда, биржада, банкте және т.б.) меншк иесі немесе басқарушы атқарады.
Бақылау сұрақтары:

1. Жалпы мемлекеттік қаржылық бақылауының жіктелуі?

2. Парламентік бақылаудың ең басты мақсаты?

3. Президент Аппаратының қаржылық бақылау мақсаты мен міндеттері.

4. Есептік комитеттің мақсаты мен функциялары.

5. Қаржылық Министрлігінің қаржылық бақылау органдарының бақылау міндеттері.


Өзін-өзі тексеру тест сұрақтары:

1.Мекеменің рациональдығымен анықталатын бақылау.

A) Қаржылық бақылау

B) Қаржылық бақылау эффектілігі

C) Қаржылық бақылау классификациясы

D) Аудиторлық бақылау

E) Салықтық бақылау
2.Жалпы мемлекеттік қаржылық бақылауды қандай органдар жүзеге асырады?

A) Мемлекеттік органдар

B) Мемлекеттік емес органдар

C) Кәсіпорындар

D) Діни бірлестіктер

E) Шаруа қожалықтары


3.Аталған жауаптардың қайсысы мемлекеттік органға жатады?

A) Президент Аппараты

B) ҚР Парламенті

C) Үкімет және жергілікті басқару органдары

D) Барлығы дұрыс

E) Дұрыс жауабы жоқ


4.Мемлекеттік бақылаудың және республикалық бюджеттің дұрыс қолдануын қандай комитет атқарады?

A) Қадағалау комитеті

B) Қайта бөлу комитеті

C) Есептік комитеті

D) Бақылау комитеті

E) Қайта қаржыландыру комитеті


5.Бұл жалпы саясат, экономикалық және әлеуметтік жағдайларды жасау кезіндегі шығындарды анықтау болып табылады.

A) Парламенттік бақылаудың мақсаты

B) Бақылаудың міндеті

C) Парламенттік бақылаудың қағидасы

D) Аппараттың қызметі

E) Үкімет органдарының қаулысы


6.Төмендегі жауаптардың қайсысы парламенттік бақылаудың объектісі ретінде мемлекеттік шығындар болып табылады.

A) Мемлекеттік бюджет шығындарын көрсететін әрбір мейрамды қабылдау

B) Бюджеттік шығындарды тексеру мақсатымен заңдар қабылдау

C) Құрастырылған бюджетті тексеріс барысында

D) Жоғарыдағылардың барлығы

E) Дұрыс жауабы берілмеген


7.Тексеру кезінде сметаға қосылған сандардың дұрыстылығын қарастырылады.

A)Бюджеттік шығындарды тексеру

B) Құрастырылған бюджетті тексеру

C) Мемлекеттік бюджетті тексеру

D) Қаржылық органдарды тексеру

E) Ревизиялық тексеру


8.Министрліктің, жергілікті әкімшіліктің және тағы басқа мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын орган.

A) ҚР Парламенті

B) ҚР Үкіметі

C) Президент Аппараты

D) Салық комитеті

E) Қаржы министрлігі


9.Аппарат қабылданған шаралар туралы мәселелерді кімге хабардар етеді?

A) Президентке

B) Премьер-министрге

C) Парламент төрағасына

D) Сенат төрағасына

E) Жергілікті әкімшілікке


10.Қандай комитет ҚР Президентінің қарамағындағы республикалық бюджеттің жұмыс істеуін бақылайды?

A) Салықтық комитет

B) Есептік комитет

C) Қадағалау комитеті

D) Бақылау комитеті

E) Дұрыс жауабы жоқ


11.Есептік комитеттің мақсаты мен функцияларын көрсет.

A) Республикалық бюджетті жасау барысында ҚР заңдары мен нормативтік актілерді бақылау

B) Мемлекет басшысының республикалық бюджет туралы сұрақтарына жауап беру

C) Республикалық бюджетке түскен құралдарды бақылау

D) ҚР Парламентіне берілген есепті таныстыру

E) Жоғарыдағылардың барлығы дұрыс


12.Бақылау аймағында барлық мүмкіншіліктерді қандай орган атқарады?

A) Президент Аппараты

B) ҚР Парламенті

C) Қаржы министрлігі

D) ҚР Үкіметі

E) Жергілікті әкімшілік


13.Қандай органдар бюджеттің және есептің жасалуын қарастыруында қаржылық бақылау жүзеге асырады?

A) ҚР Үкіметі

B) Басқарушы органдар ( маслихат,депутат жиналысы)

C) Президент Аппараты

D) Жергілікті атқарушы органдар

E) Дұрыс жауабы берілмеген


14.Бұл кірісті қабылдау тексерісі және бұйрық міндетіне сай келуін қарастыру.

A) Бақылау объектісі

B) Бақылау субъектісі

C) Бақылау мақсаты

D) Бақылау қағидалары

E) Бақылау қызметі


15.Қай жылы жаңа заң сақтаушы жүйесі – қаржылық полиция құрылды?

A) 2000ж


B) 2001ж

C) 2002ж


D) 2003ж

E) 2004ж




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет