Тобылов Қ. Т., Даулетбаев Б. Т. ҚАржылық бақылау және аудит


Тарау 7 Ақша қаражаттары қозғалысының операциондық бақылау мен аудиті



жүктеу 1.4 Mb.
бет5/8
Дата22.09.2017
өлшемі1.4 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Тарау 7 Ақша қаражаттары қозғалысының операциондық бақылау мен аудиті


Мақсаты: ақша қаражаттары қозғалысының операциондық бақылау мен аудиттің міндеттерімен және әдістермен танысу
Жоспар:

7.1 Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептемесі, оның құрылымы

7.2 Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептеменің мәліметтерін ашу әдістері

7.3 Ақша қаражаттары қозғалысын бақылау және аудиті



7.1 Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептемесі, оның құрылымы
Қазақстан Республикасының шаруашылық субъектілері үшін қаржылық есептемесінің негізгі түрі Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептемесі болып табылады. Ол «Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептемесі» Бухгалтерлік есеп стандартымен бекітілген. Бұл есептемеде белгілі бір кезеңде субъект қаражаттарының қайнар көздері анықталады және олар қалай қолданылатыны көрсетіледі. Ол қолданушыларды есептік кезеңде операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметтер тұрғысында ақша қаражаттарының түсуі және шығуы туралы ақпараттарымен қамтамасыз ете отырып субъектің қаржылық жағдайындағы өзгерістеріне баға беруіне мүмкіндік беред.

Операциондық қызмет деп инвесициялық және қаржылық қызметтеріне жатпайтын субъектің табыс алу мен байланысты негізгі қызмет.

Инвестициялық қызмет – бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелетін несиелерді беру және алу.

Қаржылық қызмет – бұл нәтижесінде меншікті капиталдың және қарыздық қаражаттардың құрамы мен мөлшерінде өзгеріске әкелетін қызмет.

Бұл қызметтердің барлығы ақша қаражаттарының түсу және шығуының негізгі арнар б.т.
7.2 Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептеменің мәліметтерін ашу әдістері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.

Баланс - есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесігіде дүрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушьшар қаржылық талдаудьщ бағытьш анықгайды.

Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарынын мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, кеп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды.



Бухгалтерлік баланс - қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағьшдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.
7.3 Ақша қаражаттары қозғалысын бақылау және аудиті
Алайда кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізгенде баланс көрсеткіштерімен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының көрсеткіштері колдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойғы барлық табыс сомасын осы кәсіпорынның өзінің қызметін жүргізу ушін жұмсалған барлық шығындар сомасымен салыстырудан тұратын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепті қолдану керек, оның баланстан айырмашылығы ол кәсіпорынның мезеттік суреті және қатып қалған қаржылық жағдайы емес, ол капитал қозғалысы, есепті кезеңдегі субъектінің қаржылық нәтижесі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның балансына қарағанда, бұл құжат талдаушы адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттық болып табылады. Ол бұл кәсіпорын табыс немесе (шығын) зиян әкелетіндігін анықіау үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қызмет нәтижесіне баға береді.

Субъект қызметінің қаржылық нәтижесі туралы есеп бухгалтерлік есептің "Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп" стандартымен анықталады. Табыстар мен шығындар баптарының арасын ажырату да субъектінің жұмысының нәтижесін көрсетуге мүмкіндік береді.

Есепті кезеңде табылған табыстар мен шығындардың барлық баптары есепті кезеңнің таза табысын немесе шығынын анықтау барысында есепке алынады. Осылайша кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп, каржылық есептің қалған екі элементі туралы - яғни табыс пен шығындар туралы мәліметтерден тұрады.

"Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі" Қазақстан Республикасының шаруашылық субъектілерінің қаржылық есеп беруіндегі жаңа үлгі болып табылады. Бұл есепте кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі ақша қаражаттарының көздері анықталады және оларды пайдаланылу жолдары көрсетіледі. Кәсіпорынның есепті кезеңіндегі жұмсаған ақша қаражаттарын жабу үшін негізгі қызметтен алынатын қаражаттары жеткілекті ме, соны көрсетеді. Ол сондай-ақ қолданушыларды кәсіпорынның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің белгілі бір бөлігіндегі есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының» келіп түсуі мен шығыны туралы ақпараттармен қамтамасыз ете отырып, оларға кәсіпорынның қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауга мүмкіндік береді.



Ақша қаражаттары - бұл кассадағы және банк шоттарындағы қолма-қол ақша. Операциялық қызмет деп субъектің табыс алу жөніндегі негізгі қызметін, сондай-ақ оның инвестиция- лық және қаржылық қызметіне қатысы жоқ, басқада бір қызметін түсінеміз.

Инвестициялық қызмет дегеніміз - бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелінетін несиелерді беру және алу.

Қаржылық қызмет, бұл нәтижесінде меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының қүрамы мен мөлшері өзгеріске ұшырайтын су бъектінің қызметі болып табылады. Субъект қызметінің барлық осы гүрлері ақша қаражаттарының келіп тусуі мен шығуының негізі арналары болып табылады.

Сонымен, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаған кезде тек бухгалтерлік баланс мәліметтері ғана емес, сонымен бірге басқа да қаржьшық есеп беру нысандарыньщ көрсеткіштері, түсіндірме хаттағы мәліметтер және де есеп берудегі қосымша ақпараттар мәліметтері де қолданылады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Ақпараттық бақылау және аудит базасы құрамы?

  2. Кассадағы Бақылау және аудиттің мақсаты мен міндеттері?

  3. Касса инвентаризациясының сатылары?


Өзін-өзі тексеру тест тапсырмасы:

  1. Бұл есептемеде белгілі бір кезеңде субъект қаражаттарының қайнар көздері анықталады және олар қалай қолданылатыны көрсетіледі

А) Меншік капиталдағы өзгерістер туралы есеп

В) Бухгалтерлік баланс

С) Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептемесі

D) Кірістер мен шығыстар туралы есеп

Е) Түсіндірме хаттамалар
2. Ол қолданушыларды есептік кезеңде операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметтер тұрғысында ақша қаражаттарының түсуі және шығуы туралы ақпараттарымен қамтамасыз ете отырып субъектің қаржылық жағдайындағы өзгерістеріне баға беруіне мүмкіндік туғызады

А) Меншік капиталдағы өзгерістер туралы есеп

В) Бухгалтерлік баланс

С) Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептемесі

D) Кірістер мен шығыстар туралы есеп

Е) Түсіндірме хаттамалар


3. Инвестициялық және қаржылық қызметтеріне жатпайтын субъектің табыс алу мен байланысты негізгі қызмет – ол ...

А) оперативтік

В) операциондық

С) ағымдағы

D) инновациондық

Е) инновациялық


4. Бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелетін несиелерді беру және алу қызметі

А) инвестициялық

В) операциондық

С) ағымдағы

D) қаржылық

Е) инновациялық


5. Бұл нәтижесінде меншікті капиталдың және қарыздық қаражаттардың құрамы мен мөлшерінде өзгеріске әкелетін қызмет

А) инвестициялық

В) операциондық

С) ағымдағы

D) қаржылық

Е) инновациялық


6. Операциондық қызмет дегеніміз не ?

А) Бұл нәтижесінде меншікті капиталдың және қарыздық қаражаттардың құрамы мен мөлшерінде өзгеріске әкелетін қызмет

В) Инвестициялық және қаржылық қызметтеріне жатпайтын субъектің табыс алу мен байланысты негізгі қызмет

С) есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады

D) Бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелетін несиелерді беру және алу қызметі

Е) меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады


7. Инвестициялық қызмет дегеніміз не ?

А) Бұл нәтижесінде меншікті капиталдың және қарыздық қаражаттардың құрамы мен мөлшерінде өзгеріске әкелетін қызмет

В) Инвестициялық және қаржылық қызметтеріне жатпайтын субъектің табыс алу мен байланысты негізгі қызмет

С) есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады

D) Бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелетін несиелерді беру және алу қызметі

Е) меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады


8. Қаржылық қызмет дегеніміз не ?

А) Бұл нәтижесінде меншікті капиталдың және қарыздық қаражаттардың құрамы мен мөлшерінде өзгеріске әкелетін қызмет

В) Инвестициялық және қаржылық қызметтеріне жатпайтын субъектің табыс алу мен байланысты негізгі қызмет

С) есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады

D) Бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелетін несиелерді беру және алу қызметі

Е) меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады


9. Бұл есепте кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі ақша қаражаттарының көздері анықталады және оларды пайдаланылу жолдары көрсетіледі

А) Меншік капиталдағы өзгерістер туралы есеп

В) Бухгалтерлік баланс

С) Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептемесі

D) Кірістер мен шығыстар туралы есеп

Е) Түсіндірме хаттамалар


10. Ол бұл кәсіпорын табыс немесе (шығын) зиян әкелетіндігін анықіау үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қызмет нәтижесіне баға береді

А) Меншік капиталдағы өзгерістер туралы есеп

В) Бухгалтерлік баланс

С) Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептемесі

D) Кірістер мен шығыстар туралы есеп

Е) Түсіндірме хаттамалар



Тарау 8 Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есепайырысуды тексеру мен бақылау


Мақсаты: еңбекақы бойынша қызметкерлермен есепайырысуды тексеру мен бақылаудың әдістері мен нысандармен танысу.
Жоспар:

8.1 Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есепайырысуды тексеру мен бақылаудың мақсаттары мен нысандары

8.2 Еңбекақыны есептеу дұрыстығының бақылауы мен аудиті

8.3 Жалақыдан ұстап қалудың бақылауы мен аудиті



8.1 Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есепайырысуды тексеру мен бақылаудың мақсаттары мен нысандары
Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есепайырысуды тексеру мен бақылаудың негізгі нысаны жалақыны есептеу, одан ұстап қалу кезінде нормативті – құқықтық актілерді ұстауды және еңбекақы бойынша субъектінің жұмыскерлерімен есепайырысуды жүргізудің дұрыстығын тексеру болып табылады.

Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есепайырысуды тексеру мен бақылау кезінде аудитор келесінгі анықтау қажет:



  • аудирлинетін субъектімен еңбекақының қандай формалары қолданатытынын;

  • тарифтік мөлшерлемелердің немесе еңбекақынның уақытша формасы кезінде келісім-шартының қолданудың дұрыстығын;

  • нормалар мен бағалардың қолданудың нақтылығын, кесімді еңбекақы кезінде жұмыстың сандық және сапалық көрсеткіштерін орындалуын;

  • штаттық кестенің бар болуын;

  • жұмыс уақытының оперативтік есепбінің мәліметтерінің дәлділігін;

  • жұмыс ететін тұлғаның саны, бұл кезде құжаттарды, жұмыс уақыты есебінің табельдерін, материалды жауапкершілікті тұлғалрдың есеп беруін, қызметкерлік хаттамаларды талдау қажет;

  • кесімді түрде жұмыс істейтіндердің жұмыс жасаған уақыты фактілік өнімділігін көрсететін құжаттармен расталады;

  • орындалған жұмыс есебіне жауапты лауазымды тұлғалардың біріншілік құжаттарда қол таңбаларының бар болуы, барлық реквизиттердің толтырылуының дұрыстығы;

  • жалақыны есептеу алгоритмінің нақтылығы;

8.2 Еңбекақыны есептеу дұрыстығының бақылауы мен аудиті
Еңбекақыны есептеу дұрыстығын тексеру кезінде келісілерді белгілеу қажет:

  • жасалған жұмыс уақыты үшін штаттық кестеге сай қызметтік айлықақы бойынша жалақыны есептеу;

  • қосымша төлемдердің, сыйақылардың дәйектілігі;

  • жұмыс істеген уақыты негізінде демалыс күндер санын есептеу, ал әкімшілік демалысты жұмысшының қалауы бойынша есептеу;

  • уақытша еңбекке қабілетсіздігі бойынша жәрдемақыны рәсімдеу, оларға хатамманың дұрыстығы мен бар болуы;

Жалақыны есептеудің дұрыс еместігінен келесі бұзушылық пайда болады:

  • жұмыскердің ресурстары себепсіз аударылады, сәйкесінше жұмыскерлер негізделмеген табысқа иемденеді және керісінше корпоративтік табыл салығын жасыруға әкеліп соғатын субъектінің табысының төмендеуі;

  • тым артық есептеулер қосымша салық төлемдердге әкеледі, яғни жұмыскерлердің субъектінің ақшалай басқа да қаражаттарын иемдену әдісінің бірі болып табылады;

  • жалақыны аз есептеу жұмыскерде меншіктік қызығушылықты түсіреді, бір жақтан жеке табыс салығы мен әлеуметтік салығын жасыруға, екінші жағынан корпоративтік табыс салығының артық төлеуге әкеледі.

  • Еңбекақы сомасының дұрыс еместігі дайын өнімнің (қызмет көрсету, жұмысты орындау) өзіндік құнын төмендетеді, осымен жұмыскерге зиян келтіреді.


8.3 Жалақыдан ұстап қалудың бақылауы мен аудиті
Жалақыдан ұстап қалуларды тексеру кезінде келісілердің дұрыстығын анықтау керек:

  • Жинақтық зейнетақы қорларына 10 пайыз көлемдегі аударымдарды;

  • «Салықтар мен басқа да бюджетке төленетін төлемдер туралы» ҚР-ның Кодексіне сәйкес жеке табыс салығының сомасын анықтау және есеп беруді құру;

  • Айдың бірінші жартысына берілген сомалар бойынша қарыздар өтеу;

  • Қолданылмаған есептік сомаларды қайтару;

  • Субъектіге жұмыскерлермен келтірген материалдық зиянды өтеу;

  • Жұмыскерге ұсынылған қарыздар, ссудаларды өтеу;

  • Кредитке сатылған тауарлардан ұстап қалу;

Жалақыдан ұстап қалу заңнамаға сай жүзеге асырылады (жинақтық зейнетақы қорларына аударымда, жеке табыс салығы), басқалары – жұмыскердің келісімімен.

Сонымен бірге аудитор бухгалтерлік жазбаның дұрыстығын тексереді. Еңбекақыны есептеу «Қызметкерлермен жалақы бойынша есеп айырысулар» кредит шоты бойынша көрсетіледі, ал дебит шоты бойынша одан ұстап қалулар жүзеге асырылады, сондықтан аудитор олардың кезектілігі мен заңдылығына қарайды.


Бақылау сұрақтары:

  1. Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есепайырысуды тексеру мен бақыладың мақсаты мен нысандары.

  2. Жалақыны есептеудің түрлері.

  3. Жалақыны дұрыс есептемегеннен пайда болған бұзушылықтың түрлері.

  4. Кесімді еңбекақы кезінде қандай көрсеткіштердің орындалуы тексерілуі қажет?

  5. Жұмыскерлердің жұмыс уақытының есебі қандай құжатта тіркеледі?

  6. Уақытша еңбекке қабілетсіздігі бойынша ненің рәсімделуінің дұрыстығы белгіленеді?

  7. Жалақыдан ұстап қалу заңнамаға сай жүзеге асырылатындар


Өзін-өзі тексеру тесттік тапсырмасы:

1. Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есепайырысуды тексеру мен бақылаудың негізгі нысаны

А) жалақыны есептеу, одан ұстап қалу кезінде нормативті – құқықтық актілерді ұстану

В) жалақыны кассадан берілуін және берілмеген жалақының ақша қаражаттарын есепайырысу шотына қайтарылуын дұрыстығын тексеру,

С) еңбекақы бойынша субъектінің жұмыскерлерімен есепайырысуды жүргізудің дұрыстығын тексеру

D) А), В) және С)

Е) А) және С)
2. Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есепайырысуды тексеру мен бақылау кезінде аудитор келесіні анықтау қажет

А) аудиттелетін субъектімен еңбекақының қандай формалары қолданатынын

В) тарифтік мөлшерлемелердің немесе еңбекақынның уақытша формасы кезінде келісім-шартының қолданудың дұрыстығын

С) кассада жалақы берілгенін растайтын құжаттардың дұрыстығы

D) А), В) және С)

Е) А) және В)


3. Тарифтік мөлшерлемелердің немесе еңбекақынның уақытша формасы кезінде қандай құжаттын дұрыстығы анықталуы қажет

А) келісім-шарт

В) төлем құжаттар

С) жұмысшының жеке іс құжаттары

D) уақытша жұмысқа қабілетсіздігі қағазы

Е) дұрыс жауабы жоқ


4. Кесімді еңбекақы кезінде қандай көрсеткіштердің орындалуы тексерілуі қажет?

А) жұмыстың сандық көрсеткіштері

В) жұмыстың нормалар мен бағалар көрсеткіштері

С) жұмыстың сапалық көрсеткіштері

D) А), В) және С)

Е) А) және С)


5. Қызметкерлермен есепайырысуды тексеру мен бақылау кезінде аудитор қандай кестенің бар болуын анықтайды?

А) статистикалық

В) сандық

С) сапалық

D) аналитикалық

Е) штаттық

6. Қызметкерлермен есепайырысуды тексеру мен бақылау кезінде аудитор жұмыс уақытының қандай есебінің мәліметтерінің дәлділігін анықтайды?

А) операциондық

В) оперативтік

С) операторлық

D) статистикалық

Е) сандақ


7. Жұмыскерлердің жұмыс уақытының есебі қандай құжатта тіркеледі?

А) келісім - шарт

В) төлем құжаты(ведомосы)

С) табель

D) есептік-төлем құжаты(ведомосы)

Е) кіріс кассалық ордер


8. Орындалған жұмыс есебіне біріншілік құжаттарда қандай тұлғалардың қол таңбаларының бар болуы тексеріледі?

А) орындалған жұмыс есебіне жауапты лауазымды тұлғалардың

В) кассирлердің

С) кадр бөлімінің тұлғалары

D) А), В) және С)

Е) А) және С)


9. Еңбекақыны есептеу дұрыстығын тексеру кезінде келісілерді белгілеу қажет

А) қосымша төлемдердің, сыйақылардың дәйектілігі

В) жасалған жұмыс уақыты үшін штаттық кестеге сай қызметтік айлықақы бойынша жалақыны есептеу

С) жұмыс істеген уақыты негізінде демалыс күндер санын есептеу, ал әкімшілік демалысты жұмысшының қалауы бойынша есептеу

D) А), В) және С)

Е) тек қана А) және С)


10. Жасалған жұмыс уақыты үшін штаттық кестеге сай қандай ақы бойынша жалақыны есептейді?

А) қызметтік күндік

В) қызметтік айлықақы

С) қызметтік жылдық

D) қызметтік тоқсандық

Е) қызметтік апталық


11. Уақытша еңбекке қабілетсіздігі бойынша ненің рәсімделуінің дұрыстығы белгіленеді?

А) жәрдемақыны, оларға хаттаманың дұрыстығы

В) табельдің және кіріс кассалық ордердің

С) есептік-төлем ведомосы, оларға хаттаманың дұрыстығы

D) табельдің және кіріс кассалық ордердің, есептік-төлем ведомосы, оларға хаттаманың дұрыстығы

Е) жәрдемақыны, табельдің және кіріс кассалық ордердің, оларға хаттаманың дұрыстығы


12. Жалақыдан жинақтық зейнетақы қорларына неше пайыз көлемде аударымдар жасалынады?

А) 15%


В) 20%

С) 5%


D) 10%

Е) 12%
13. Жалақыдан алынатын аударымдарға келесілер жатады

А) жинақтық зейнетақы қорларына, қолданылмаған есептік сомаларды қайтару

В) жинақтық зейнетақы қорларына, депозитке салымдар

С) жинақтық зейнетақы қорларына, корпоративтік табысқа салынатын салық

D) жинақтық зейнетақы қорларына, депозитке салымдар және жеке табыс салығы

Е) жинақтық зейнетақы қорларына, депозитке салымдар, корпоративтік табысқа салынатын салық
14. Жалақыдан ұстап қалу заңнамаға сай жүзеге асырылатындар

А) депозитке салымдар, жинақтық зейнетақы қорларына

В) жинақтық зейнетақы қорларына, депозитке салымдар және жеке табыс салығы

С) жинақтық зейнетақы қорларына, жеке табыс салығы

D) жинақтық зейнетақы қорларына, корпоративтік табысқа салынатын салық

Е) жинақтық зейнетақы қорларына, корпоративтік табысқа салынатын салық және жеке табыс салығы


15. «Қызметкерлермен жалақы бойынша есеп айырысулар» шотында кредитінде төмендегілердің қайсысы көрсетіледі?

А) еңбекақыны есептеу және ұстап қалулар жүзеге асырылады

В) ұстап қалулар мен кассадан есеп айрысу жүзеге асырылады

С) еңбекақыны есептеу

D) ұстап қалулар жүзеге асырылады

Е) кассадан есеп айрысу жүзеге асырылады



Тарау 9 Ұзақ мерзімді активтер және басқалары


Мақсаты: Ұзақ мерзімді активтерді аудит және бақылауының мақсаттары мен міндеттерімен танысу
Жоспар:

9.1 Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерінің бақылау немсе аудитінің мндеті, ақпарат көздері мен бақылау сатылары

9.2 Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер инвесторизациясы

9.3 Ұзақ мерзімді активтер бақылау мен аудитның қозғалысы

9.4 Ұзақ мерзімді активтер бақылау мен аудитның тозуы

9.1 Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерінің бақылау немсе аудитінің мндеті, ақпарат көздері мен бақылау сатылары
Негізгі құралдар аудитінің мақсаты – топтардың дұрыстығын тексеру, негізгі материалдар мен амортизациялық аударымдардың толығы мен қозғалысын бақылау

Негізгі құралдар аудитінің міндеттері келесідей:



  • субъектінің есептеу саясатымен танысу немесе келейлерді тексеру:

негізгі құралдардың дұрыс бағалануы; негзгі құралдардың қызмет ету мерзмі мен өнімділігінің қалай немесе кіммен реттелетінің қарастыру; материалдық жауапкершілік кмге жүктелгенің және баға беру мен инвенторизация өткізуі; негізгі құралдарға амортизациялық аударымдардың топтар бойынша қалай бөлнетінің.

  • қалдықтардың дұрыстығы мен молықтылығы туралы жыл басына және жыл аяғына қандай екенің қарау, аналитикалық есептерді бір – басып кітап бойынша салыстыру;

  • инвентарлық карточкаларындағы жазулардың уақыттылығы мен толықтылығын тексеру, негізгі құралдардың мінездеменің дұрыстығы (бастапқы құның, жинағын және айлық амортизация, қызмет ету мерзімі, өтмділік көрсеткіші). Сонымен қатар негізгі құралдарға жаңартулар мен тағы басқа қарастырылады.

  • негізі құралдың бастапқы бланк құжаттары, дұрыс есептеулері тексеріледі.

  • белгілі бір негізгі құралдар объектісіне мақсатты қолданылған амортизациялық аударымдар бағаланады.

  • амортизациялық аударымдар құжаты немесе өзіндік құны қымбат объектілерге амортизациялық аударымдардың есептеуі қарастырылады.

  • салыстыру уақыты және дұрыс төленуі, бюджетке деген аударымдарды, (құралдарын, көлік құралдарына, жерге) қорытылады.

Негізгі құралдар аудитінің жіктелуі келесідей сатылардан өтеді:

- инвентаризациялық есептеулер мен қорытындыларымен танысу, объектілердің орналасу жерлері бойынша инвентаризация қарастырылады;

- өткен жылдың негізгі құралдардың кірісі мен шығысы туралы құжаттарды қарау. Ол келесі жағдайларға көңіл бөледі: а) бастапқы құнның дұрыстығы, өйткені негізгі құралдарды иелену барысында шығындар субъектінің ағымдағы шығындарына қосылу мүмкін. б) негізгі құралдар бойынша баланс өтімділігі мен баланс дұрыстығын тексеру.

- салық төлеу мақсатында негізгі құралдарға аммортизациялық аударымдардың дұрыстығы, жөндеуге кеткен баланс шығындарының есебі, құнның бағалануы және т.б.

- бухгалтерлік есептің кәсіпорынның негізгі құралдарының жағдайын тетілеу.

Материалдық емес активтер дегеніміз – физикалық, натуралды формаға ие емес активтер, бұл активтер материалды заттай емес тұрғыда болады, сонымен қатар бұл активтер субъектіге тұрақты және ұзақ мерзімді табыс әкеліп отырады.

Материалдық емес активтер міндеттері келесідей:


  • материалдық емес активтердің түрлері бойынша классификациялық дұрыстығы.

  • материалдық емес активтердің инвентаризациясын тексеру.

  • материалдық емес активтердіңбазасын тексеру.

  • Қызмет ету мерзімін белгілеу.

  • материалдық емес активтер бойынша бастапқы құжаттардың қозғалысы туралы қорытынды және тлдау.

  • материалдық емес активтерге амортизациялық аударымдардың дұрыстығын тексеру.

  • бухгалтерлік есептің дұрыстығын және уақытылы толтырылуын тексеру.

  • материалдық емес активтердің баланста дұрыс көрсетілуін және бухгалтерлік есепжүргізудің Басты кітаппен сәйкес келуі.

Материалдық емес активтер аудитінің ақпараттық базасы өзіне келесілерді қамтиды: кәсіпорын есептік саясатын; бухгалтерлік баланс, Басты кітап; журнал-ордер №12; материалдық емес активтер инвентарлық карточка есебін немес машинаграммалар; техникалық құжаттамасы; құжаттар – субъектінің құралдарға иелену құқық беретін; инвентаризациялық аударымдар; материалдық емес активтерге аударымдар; материалдық емес активтерге амортизациялық аударымдар туралы есебі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет