Тобылов Қ. Т., Даулетбаев Б. Т. ҚАржылық бақылау және аудит


Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер инвентаризациясы



жүктеу 1.4 Mb.
бет6/8
Дата22.09.2017
өлшемі1.4 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

9.2 Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер инвентаризациясы
Негізгі құралдардың инвентаризация жүргізу алдында келесілерге тексеріс өткізіледі: инвентаризация қарастырылады:

1) Инвентаризация жағдайы мен карточкаларға, инвентаризциялық жазуларға және негізгі құралдар тізіміне;

2) Техникалық құжаттарға және олардың жағдайына;

3) Негізгі құралдар құжаттарына, сақтауға берілген субъектілердің алынған және берілген арендалық обьектілерге. Құжаттар болмаған жағдайда оларды міндетті түрде ұсыну қажет.

Негізгі құралдар инвентаризациясы құрылған коммиссия арқылы объектілерді қарастырады, олардың аттары бойынша тізім құрастыру арқылы территориялық орналастыру инвентаризациясын жүзеге асырады. Инвентаризациялық тізім сириялық жүйе арқылы негізгі құралдарға құрастырылады.

Негізгі құралдар объектісі инвентаризация кезінде орналасу орындары ағымды уақытта әр жерде болады (темір жол қозғалысы, автокөлік, жөндеуге жіберілген құралдар мен техника және т.б.).

Аяқталмаған құрылысқа инвентаризация жүргізген кезде инвентаризациялық коммиссия объектінің уақытша неге тоқталғаны туралы қарастырады. Инвентаризация қортындысы аяқталған ай соңында сол айдың есебінде жазылуы тиіс, ал жылдық инвентаризация сәйкесінше сол жылдың қаржылық есебінде көрсетіледі.

Материалдық емес активтер инвентаризациясы жүргізілген кезде келесі жағдайларды қарастырады:



  • кәсіпорын меншігіндегі материалдық емес активтердің бар болуы

  • олардың дұрыстығымен уақытында кәсіпорын баланысында көрсетілуі

  • материалдық емес активтерге аммортизациялық аударымдардың дәл болуы

  • тозға материалдық емес активтердің уақытында жұмыстан шығарылуы

Материалдық емес активтерге инвентаризация жүргізген кезде кәсіпорынның меншігіндегі құралдарға иелену құқығы бар құжаттар тізімі болуы тиіс. Оларға материалдық емес активтер объектісін сипаттайтын тізімі бар құжаттар және иелену құқығы бар құжаттар жатады.
9.3 Ұзақ мерзімді активтер бақылау мен аудитның қозғалысы
Тексеріс кезінде келесілер қарастырылады:

- негізгі құрал объектілерінің белгілі бір категорияға дұрыс жатқызылуы, кәсіпорын басшыларының объектінің қызметке қосуы туралы рұқсаттама берілген құжат.

- негізгі құралдардың қызмет ету сферасы бойынша топтастырылуы (өндірісті және әлеуметтік). Бұл арқылы амортизациялық аударымдар көздері мен аударк жолдары көрсетіледі.

- негізгі құралдардың жұмыс істеу принциптері және қандай жағдайларға байланысты тоқтатылғаны немесе тоқтатылмағаны қарастырылады.

- негізгі құралдарға жауапты субъектілердің бар болуы.

- ең соңғы рет өткізілген инвентаризация және оның қорытындысы.

- негізгі құралдардың бағасы өзіндік құнымен сәйкестігі.

- аренда ретінде алынған негізгі құралдар қарастырылады (аренда бойынша келісім шарт, арендалық төлем, аренданы төлеу мерзімі).

Материалдық емес активтер қозғалысын тексерген кезде қарастырылатын:


  • материалдық емес активтердің кірісі мен шығысы, яғни материалдық емес активтерді іске қосуға берілген уақыты, объектіге сипаттамасы, оның бастапқы құны, амортизациялық аударымдар және т.б.

  • объектілерді беру кезінде кірісжәне шығыс туралы актінің жазылуы

  • объектілердің кірісі және шығысы кезіндегі актілік құжаттардың бухгалтерияға уақытында есеп беруі. Объектілерге берілген сипаттамасы мен олардың қызметке қосу жолдары, кәсіпорынның активке деген құқығы мен жауапкершілігі.

  • бухгалтерияда әр материалдық емес активтерге инвентарлық есептің ашылуының жүргізілуі.

  • ивентарлық есептің дұрыс топтастырылуы, оларда материалдық емес активтердің аты, ай соңындағы және басындағы қалдық сомасы және ағымдағы айдағы қозғалысы көрсетіледі.

  • материалдық емес активтердің пайда болу көздері (сатып алу, кәсіпорындардың бірлестігі, айырбастау т.б).

  • материалды емес активтердің жойылуы.

  • материалдық емес активтердің қызмет етіп, тозуына байланысты жұмыстан шығарылуы.

  • баланстағы және Басты кітаптағы есептерінің сәйкестігі.


9.4 Ұзақ мерзімді активтердің тозуының бақылау мен аудиті
Бухгалтерлік есепте амортизациялық аударымдардың бес жолы бар. Кез келген кәсіпорын осы аударымдардың бір жолын дұрыс таңдауы қажет.

Мысалы: Қызмет көрсету аясынан тез шығарылуы материалдық емес активтердің активті болуына байланысты, ол көлік құралдарына және офистегі жиһаздарға байланысты емес.

Салық салу мақсатында амортизациялық аударымдардың бір жолы қолданылады – қалдық құнының азаюы. Бұл жол бухгалтерлік есеп қалдық құнымен ұқсас болғанымен, ол тіптен басқаша. Сондықтан бухгалтерлік есеп және салық салу мақатындағы амортизациялық аударымдар нәтижесінде екеуі әр түрлі қорытынды береді.

Материалдық емес активтерге амортизациялық аударымдар белгілі бір мөлшерде ай сайын аударылып отырады. Ол материалдық емес активтердің бастапқы құны мен қызмет көрсету уақытына байланысты.

Кез келген шаруашылық жүргізуші субъект материалдық емес активтер түрлеріне қызмет ету уақытын және одан пайда алу мерзімін белгілеуі қажет:

а) материалдық емес активтер бойынша, олардың пайда әкелуіне байланысты қолдану мерзімі (патент, лицензия т.б), қолдану мерзімі көбінесе патент және лицензияда көрсетіледі – 1, 5, 10, 15 жыл.

б) материалдық емес активтер бойынша, қолдану мерзімі дәл қойылмайтын объектілер, мұндай мерзім 10 жылдан артық қойылмайды.

в) материалдық емес активтер бойынша, кәсіпорын меншігінде пайда болу көзі және жарғылық апиталда көрсетілген кәсіпорынның жұмыс істеу уақытына байланысты қойылады, бірақ кәсіпорынның қызмет ету уақытынан артық болмауы тиіс.


Бақылау сұрақтары:

  1. Ұзақ мерзімді активтер бақылау және аудитінің мақсаттары мен міндеттері.

  2. Ұзақ мерзімді активтер қозғалысы туралы құжаттар.

  3. Ұзақ мерзімді активтерге амортизациялық аударымдардың жолдары.


Өзін-өзі тексеру тест тапсырмасы:

1.Негізгі құралдар аудитінің мақсаты:

А) субъектінің есептеу саясатымен танысу немесе келейлерді тексеру

В) негізі құралдың бастапқы бланк құжаттары, дұрыс есептеулері тексеріледі

С) топтардың дұрыстығын тексеру, негізгі материалдар мен амортизациялық аударымдардың толығы мен қозғалысын бақылау

D) белгілі бір негізгі құралдар объектісіне мақсатты қолданылған амортизациялық аударымдар бағаланады

Е) салыстыру уақыты және дұрыс төленуі, бюджетке деген аударымдарды, (құралдарын, көлік құралдарына, жерге) қорытылады.
2. Топтардың дұрыстығын тексеру, негізгі материалдар мен амортизациялық аударымдардың толығы мен қозғалысын бақылау.......

А) міндеттері

В) белгілері

С) топтары

D) мақсаты

Е) дұрыс жауабы жоқ


3. Негізгі құралдар аудитінің жіктелуі неше сатыдан өтеді:

А) 2


В) 4

С) 3


D) 6

Е) 5
4. Физикалық, натуралды формаға ие емес активтер, бұл активтер материалды заттай емес тұрғыда болады, сонымен қатар бұл активтер субъектіге тұрақты және ұзақ мерзімді табыс әкеліп отыратын активтердің түрі?

А) материалдық активтер

В) негізгі құралдар

С) аммортизациялық аударымдар

D) материалдық емес активтер

Е) дұрыс жауабы жоқ
5. Материалдық емес активтерге амортизациялық аударымдар белгілі бір мөлшерде қалай аударылып отырады?

А) тоқсан сайын

В) жыл сайын

С) 2 жыл сайын

D) ай сайын

Е) В,С жауаптары дұрыс


6. Бухгалтерлік есепте амортизациялық аударымдардың жолы нешеге бөлінеді?

А) 5


В) 4

С) 3


D) 2

Е) 6
7. Материалдық емес активтерге инвентаризация жүргізген кезде кәсіпорынның меншігіндегі қандай құжаттар тізімі болуы тиіс?

А) құралдарды сату туралы құжаттар

В) тауарларды экспорттауға рұқсат беретін құжаттар

С) тауарларды импорттауға рұқсат беретін құжаттар

D) дұрыс жауабы жоқ

Е) құралдарға иелену құқығы бар құжаттар
8. Материалдық емес активтерге инвентаризация жүргізген кезде кәсіпорынның меншігіндегі материалдық емес активтер объектісін сипаттайтын тізімі бар құжаттар және иелену құқығы бар құжаттарға қандай құжат жатады?

А) құралдарды сату туралы құжаттар

В) тауарларды экспорттауға рұқсат беретін құжаттар

С) тауарларды импорттауға рұқсат беретін құжаттар

D) дұрыс жауабы жоқ

Е) құралдарға иелену құқығы бар құжаттар


9. Салық салу мақсатында амортизациялық аударымдардың бір жолы бар сол жолды көрсетіңіз?

А) қалдық құнының көбеюі

В) қалдық құнының тепе- теңдігі

С) қалдық құнының азаюы

D) бастапқы құнының көбеюі

Е) бастапқы құнының азаюы


10. Бухгалтерлік есеп және салық салу мақатындағы амортизациялық аударымдар нәтижесінде екеуі қандай қорытынды береді?

А) С және Д жауаптары дұрыс

В) әр түрлі

С) бірдей

D) ұқсас

Е) дұрыс жауабы жоқ


11. Материалдық емес активтердің бастапқы құны мен қызмет көрсетуі неге байланысты?

А) мөлшеріне

В) көлеміне

С) мақсатына

D) уақытына

Е) міндеттеріне


12. Инвентаризация қортындысы аяқталған ай соңында қай айдың есебінде жазылуы тиіс?

А) 2 айдың

В) 3 айдың

С) сол айдың

D) 4 айдың

Е) 6 айдың


13. Инвентаризация қорытындысы бойынша жылдық инвентаризация қай жылдың есебінде көрсетіледі?

А) 2 жылдың

В) 3 жылдың

С) 4 жылдың

D) сол жылдың

Е) 6 жылдың


14. Материалдық емес активтер дегеніміз?

А) барлық жауаптары дұрыс

В) Д және Е жауаптары дұрыс

С) жеке кәсіпкердің реквизиттер, тауарлы-материалдық қорға төленген сомалар және бағасы, саны көрсетілетін сату актілерімен расталады

D) материалдық емес активтер бойынша бастапқы құжаттардың қозғалысы туралы қорытынды және талдау

Е) физикалық, натуралды формаға ие емес активтер, бұл активтер материалды заттай емес тұрғыда болады, сонымен қатар бұл активтер субъектіге тұрақты және ұзақ мерзімді табыс әкеліп отырады


15. Кез келген шаруашылық жүргізуші субъект материалдық емес активтер түрлеріне қандай мерзім белгілеуі қажет:

А) қызмет ету уақытын белгілеу қажет

В) пайда алу мерзімін белгілеу қажет

С) шығындарын белгілеу қажет

D) қызмет ету уақытын және одан пайда алу мерзімін белгілеу қажет

Е) А және С жауаптары дұрыс



Тарау 10 Дебиторлық берешектің аудиті және бақылауы


Мақсаты: дебиторлық берешектің аудиті мен бақылауды жүргізудің әдістер мен нысандарымен танысу.
Жоспар:

10.1 Дебиторлық берешек және оның түрлері. Дебиторлық берешекті тексерудің негізгі нысандары

10.2 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есепайырысудың бақылауы мен аудиті

10.3 Басқа да дебиторлық берешектің аудиті мен бақылауы



10.1 Дебиторлық берешек және оның түрлері.

Дебиторлық берешекті тексерудің негізгі нысандары
Дебиторлық берешектің мақсаты болып дебиторлық берешектің нақты сальдосы туралы мәліметтер, төлем мен есепайырысу тәртібін ұстаудың жауапкершілігін жоғарлату және аудирленетін субъектінің қаржылық жағдайының жақсарту табылады.

Дебиторлық берешек аудитінің нысаны келісідей:



  • сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есепайырысудың инвентаризациясын жүргізу;

  • дебиторлық берешектің синтетикалық және аналитикалық есеп жүргізудің дұрыстығы;

  • күмәнді борыш бойынша резервті құрудың және қолданудың заңдылығын тексеру;

Дебиторлық берешек аудитінің ақпараттық базасы келесілерді кіргізеді: кәсіпорынның есептік саясатын; бухгалтерлік баланс; Бас кітапты; № 7,8,11 журнал – ордерді немесе машинограммаларды; шот-фактураны, салықтық шот – фактураны; коносаменет; толық материалдық жауапкершіліктің келісім-шарттарын; есепайырысу чектарын; вексель; комиссия келісім-шартын және консигнацияны; инвентаризация нәтижелерін жүргізу актісін және т.б
10.2 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есепайырысудың бақылауы мен аудиті
Белгілі – бір күнге, ережеге сай, айдың бірінші күнінің жағдайы бойынша дебиторлық берешектің нақтылығы мен дұрыстылығын анықтау мақсатында дебиторлық берешектің аудитін сатушылар мен ұсыныс берушілермен есепайырысудың инвентаризациясын жүргізуінен бастау керек. Аудирленетін субъект ұйымдар мен кәсіпорындар арасында есепайырысулардың тексеруді кем дегенде тоқсанда бір рет өзі жеке жүргізуі тиіс.

Дебиторлық берешектің аудиторлық тексеріс процессінде келесілер бекітіледі:



  • берешектің пайда болуының күні;

  • күдікті қарыздар бойынша келесі әдістер бойынша резервтеді құру: а) тауарды өткізу, жұмысты орындау және қызмет көрсету көлемінен пайыз әдісі; б) төлемдер мерзімі бойынша шоттар есебінің әдісі.

  • өткен кезеңдерде пайда болған борыштарды өндіріп алудың нәтижелері;

  • баланстағы, Бас кітабында және бухгалтерлік есеп регистріндегі дебиторлық берешек қалдығының теңдістігі және т.б.


10.3 Басқа да дебиторлық берешектің аудиті мен бақылауы
Басқа да дебиторллық борыш есептік соммалар, материалдық зиянды өтеу, кредитке сатылған тауарлар бойынша субъект алдында жұмысшылар мен басқа тұлғалардың міндеттерін кіргізеді.

Аудитор есеп беруге тиісті тұлғалармен есепайырысулар бойынша келісілерді анықтайды:



  • іссапарды жүзеге асыру үшін себеп (өндірістік қажеттілік), бұйрықтың, аванстанған және өндірістік есепайырысулардың бар болуы;

  • бухгалтерлік есептегі субъектінің шығындарында іссапарлық шығындар соммасын есептен шығару;

  • құжаттар мен есепте тауарлы-материалдық қорлардың көтере сатып алуының дұрыстығы;

  • есеп айырысулар мерзімін ұстау мен қолданылмаған есеп беруге тиісті соммаларды қайтару;

  • баланс бойынша қалдықтардың бухгалтерлік есеп регистрлерінің мәліметтеріне сай болуы;

Қызметкерлік іссапармен байланысты шығындар қызметкермен ҚР Үкіметімен бекітілген нормалар шегінде, немесе субъектінің басшыларының қарастырылған нормалар шегінде өтеледі. Іссапарлық шығындар есебіне келісілер енгізілуі тиіс: екі жақтың жол ақысы,тұрғын үйді жалға алу бойынша шығындар, тәуліктік, шаруашылық шығындар.

Екі жақтың жол ақысы қоғамдық транспортта жол жүру билеті бойынша төленеді, таксиді есепке алмағанда. Іссапарлық куәлікте іссапардың әрбір пунктіне келуі мен кетуі туралы жазылуы тиіс және олар жол жүру құжаттында берілген күндерге сай болуы тиіс.

Тұрғын үйді жалға алу шығындары қонақ үй шоты бойынша өтеледі, егер олар болмаса, онда тәуліктіктің 50 пайыз шегінде.

Сонымен қатар байланысқа кеткен шығындар өтеледі, егер олар өндірістік сұрақтармен байланысты болса, экономикалық әдебиеттерді сатумен байланысты болса.

Атап кеткен шығындар барлық құжаттармен есеп беруге тиісті тұлғаның аванстық есепте тіркелуі тиіс, және олар іссапарды жүзеге асырудан кейін 3 жұмыс күн ішінде бухгалтерияға тапсырылуы тиіс.

Тауарлы-материалдық қорларды сату жеке кәсіпкердің реквизиттер, тауарлы-материалдық қорға төленген сомалар және бағасы, саны көрсетілетін сату актілерімен расталады.

Материалдық зиянды өтеуге байланысты дебиторлық берешек тауарлы-материалдық қорлардың жетіспеушілігін байқау кезінде пайда болады. Бұларды өндіріп алудың негізі болып субъект басшының немесе соттың шешімі табылады. Жетіспеген сома қосылған сомаға салынған салықты есепке алынған нарықтық баға бойынша өндіріп алынады.

Кредиттегі тауарлар субъект басшының шешімі бойынша субъектінің табысы болып табылатын белгілі–бір пайызды төлеумен сатылады. Аудитор бұл операциялардың құжаттық рәсімдеуінің дұрыстығын, есептегі төлемді бөліп-бөліп төлеумен тауарды өткізуден түскен табыстың көрсетілуінің дәлділігін тексереді.

Келешек кезең шығындары- есептік кезеңде жүзеге асырылатын шығындар, бірақ олар өндірістік шығындарға немесе келесі есептік кезеңдегі шығындарға кіргізіледі. Оларға бірнеше айларға, жылдарға төленген шығындар жатады (газетке,журналдар жазылу, сақтандыру жарналар,жалғжалгерлік төлемдер және т.б.)

Сомалары төленген кезеңдердің ұзақтығына байланысты ұзақ мерзімді (бір жылдан артық) және қысқа мерзімді (бір жылға дейін) келешек кезең шығындары болып бөлінеді.

Аудитор келесілерді тексереді: 1) келешек кезең шығындарын пайда болудың негізділігін және қажеттілігін, себебі бұл мақсатта субъектінің айналымнан қолма-қол ақшаны аударылуы жүзеге асырылады; 2) бұл шығындардың күнтізбелік күннің келуі бойынша кезең шығындарына жатқызылуының немесе сәйкес табыстың алып тастаудың дұрыстығын. Сонымен аудитор аталған баланс бабының дәлділігін бекітеді және субъектінің табысын жасыруын ескертеді.
Бақылау сұрақтары.


  1. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есепайырысудың инвентаризацисын өткізудің әдістері.

  2. Басқа дебиторлық берешектің түрлері.

3. Дебиторлық берешек аудитінің нысандары.

4. Дебиторлық берешектің аудиторлық тексеріс процесінде бекітілетін ақпарат.

5. Аудитор есеп беруге тиісті тұлғалармен есепайырысулар бойынша анықтайтын ақпарат.

6. Келешек кезең шығындарына жататын шығындар түрлері.


Өзін-өзі тексеру тест тапсырмасы:

1. Дебиторлық берешектің мақсаты...

А) В және Д жауаптары дұрыс

В) дебиторлық берешектің синтетикалық және аналитикалық есеп жүргізудің дұрыстығы;

С) дебиторлық берешектің нақты сальдосы туралы мәліметтер, төлем мен есепайырысу тәртібін ұстаудың жауапкершілігін жоғарлату және аудирленетін субъектінің қаржылық жағдайының жақсарту болып табылады.

D) күмәнді борыш бойынша резервті құрудың және қолданудың заңдылығын тексеру;

Е) дұрыс жауабы жоқ
2. Аудирленетін субъект ұйымдар мен кәсіпорындар арасында есепайырысулардың тексеруді қандай кезеңде кем дегенде бір рет өзі жеке жүргізуі тиіс?

А) тоқсанда

В) 1 жылда

С) 2 жылда

D) 1 айда

Е) В,С жауаптары дұрыс


3. Екі жақтың жол ақысы қоғамдық транспортта не арқылы төленеді?

А) жеке куәлік

В) студенттің билеті

С) жол жүру билеті

D) оқырман билеті

Е) дұрыс жауабы жоқ


4. Екі жақтың жол ақысы қоғамдық транспортта жол жүру билеті бойынша төленеді, нені есепке алмағанда?

А) автобусты

В) тракторды

С) дұрыс жауабы жоқ

D) газельді

Е) таксиді


5. Тұрғын үйді жалға алу шығындары қонақ үйдің нелері бойынша өтеледі?

А) нөмері

В) шоты

С) сомасы

D) көлемі

Е) ставкалары


6. Іссапарлық куәлікте іссапардың әрбір пунктіне не туралы жазылуы тиіс?

А) келуі туралы

В) келуі мен кетуі туралы

С) келмеуі туралы

D) кетуі туралы

Е) А және С жауаптары дұрыс


7. Тұрғын үйді жалға алу шығындары қонақ үй шоты бойынша өтеледі, егер олар болмаса, онда тәуліктіктің қанша пайыз шегінде төленеді?

А) 30%


В) 40%

С) 50%


D) 60%

Е) 20%
8. Егер өндірістік сұрақтармен байланысты және экономикалық әдебиеттерді сатумен байланысты болса байланысқа кеткен шығындар не істейді?

А) өзгеріссіз болады

В) өтелмейді

С) өзгереді

D) өтеледі

Е) төленбейді
9. Іссапарды жүзеге асырудан кейін неше жұмыс күн ішінде бухгалтерияға тапсырылуы тиіс?

А) 2


В) 4

С) 6


D) 5

Е) 3
10. Жеке кәсіпкердің реквизиттер, тауарлы-материалдық қорға төленген сомалар және бағасы, саны көрсетілетін сату актілерімен расталады....ол?

А) Кредиттегі тауарлар

В) Материалдық зиянды өтеуге байланысты дебиторлық берешек

С) Тауарлы-материалдық қорларды сату

D) Келешек кезең шығындары

Е) Дұрыс жауабы жоқ
11. Тауарлы-материалдық қорлардың жетіспеушілігін байқау кезінде пайда болады....ол?

А) Кредиттегі тауарлар

В) Материалдық зиянды өтеуге байланысты дебиторлық берешек

С) Тауарлы-материалдық қорларды сату

D) Келешек кезең шығындары

Е) Дұрыс жауабы жоқ


12. Субъект басшының шешімі бойынша субъектінің табысы болып табылатын белгілі–бір пайызды төлеумен сатылады....ол?

А) Кредиттегі тауарлар

В) Материалдық зиянды өтеуге байланысты дебиторлық берешек

С) Тауарлы-материалдық қорларды сату

D) Келешек кезең шығындары

Е) Дұрыс жауабы жоқ


13. Есептік кезеңде жүзеге асырылатын шығындар, бірақ олар өндірістік шығындарға немесе келесі есептік кезеңдегі шығындарға кіргізіледі....ол?

А) Кредиттегі тауарлар

В) Материалдық зиянды өтеуге байланысты дебиторлық берешек

С) Тауарлы-материалдық қорларды сату

D) Келешек кезең шығындары

Е) Дұрыс жауабы жоқ


14. Сомалары төленген кезеңдердің ұзақтығына байланысты келешек кезең шығындары қалай бөлінеді?

А) ұзақ мерзімді

В) орта мерзімді

С) ориа және ұзақ мерзімді

D) қысқа мерзімді

Е) А және Д жауптары дұрыс


15. Ұзақ мерзімді келешек кезең шығындарының төлеу мерзімі:

А) бір жылға дейін

В) екі жылдан артық

С) бір жылдан артық

D) үш жылға дейін

Е) үш жылдан артық


16. Қысқа мерзімді келешек кезең шығындарының төлеу мерзімі:

А) бір жылға дейін

В) екі жылдан артық

С) бір жылдан артық

D) үш жылға дейін

Е) үш жылдан артық



Тарау11 Меншікті капитал мен міндеттемелердің операциондық аудиті


Мақсаты: меншікті капитал мен міндеттемелер аудиті мен бақылауын жүргізу мақсаттары мен тәсілдерімен танысу.
Жоспар:
11.1 Меншікті какпитал мен міндеттемелерді тексеру тәртібі мен классификациясы, ақпараттың қайнар көздері

11.2 Жарғылық капиталдың операциондық аудиті

11.3 Резервтік капиталдың, қосымша капиталдың, бөлінбеген табыстың (шығынның) операциондық аудиті

11.4 Міндеттемелердің операциондық аудиті


11.1 Меншікті какпитал мен міндеттемелерді тексеру тәртібі мен классификациясы, ақпараттың қайнар көздері
Меншікті капиталдың аудиторлық тексеруінің мақсаты болып, меншікті капиталдың жағдайын көрсететін қаржылық есеп беру көрсеткіштер мәліметтерінің растылығы туралы пікірді қалыптастыру табылады, және де оны есептеу әдістемесінің нормативтік актілерге сәйкес келуі.

Меншікті капитал аудитінің міндеттері болып келесілер табылады:



  • қызметтің қойылған мақсаттарына жету мақсатымен заңды мәртебені және қызметтің жарғылық түрлерін жүзеге асыру құқығын, құрылтайшылар құрамын, ұйымның құрылымы мен басқармасын, сонымен қатар қаржылық мүмкіндіктерін тексеру;

  • заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі және бекіту шарасының қадағалануы және сәйкес құжаттардың бар болуын бекіту;

  • аудирленетін субъект жарғысымен танысу;

  • құрылтайшылар санын және субъекттің жарғылық капиталындағы олардың салым үлестерін тексеру ;

  • жарғылық капиталға салымдарды салудың мерзімдерін қадағалау және толықтылығын айқындау;

  • жарғылық, резервтік капиталдың, пайлық қор және т. б. өзгерістері және құрылуының негізделуін тексеру.

Меншікті капитал аудитінің ақпараттық базасының құрамына кіреді: кәсіпорынның есептік саясаты; жарғылық капиталдың есебі мен құрылу сұрақтарын, ұйымның құқықтық мәртебесін реттейтін негізгі заңнамалық және нұсқаулық құжаттар;құрылтайшылық құжаттар; меншікті капитал есебінің аналитикалық және синтетикалық регистрлері; меншікті капиталды құру бойынша біріншілік құжаттар: жарғылық капиталға салымдарды салу фактілерін айқындайтын құжаттар (қосылатын актілер, төлем тапсырмалары, кассалық кіріс ордерлері және т.б.), жарғылық капиталға салым ретінде енгізілетін меншікті иелену құқығын растайтын құжаттар (меншікті иелену құқығы туралы куәлік, жер участкелері, жол көліктері, интеллектуальды меншік және т.б.); ұйымдастырушылық құжаттар: мемлекеттік тіркеу туралы куәлік; бұйрықтар мен өкімдер; құрылтайшылар және акционерлермен хат алмасу; жабық жазылу нәтижелері, саудаласу, құрылтайшылар, акционерлер жиналыстары қорытындылары туралы хаттамалар;салық органдарына есепке тұрғаны, статистика органдарына тіркелгені туралы анықтамалар; заңнамаға сәйкес лицензиялауға жататын қызметтер түрлеріне лицензиялар; есеп беру нысанына қарамастан ашық акционерлік қоғамдар тексеруге акционерлер реестрін ұсынады; қаржылық есеп беру.

Міндеттемелер аудитінің міндеттері болып табылады:

  • кредиторлық қарыздың пайда болу күні бойынша есептің дұрыс жүргізілуі және оның объективті түрде Бас кітап пен бухгалтерлік есеп регистрлерінің мәліметтерімен қосылу жолымен баланста көрініс табуын;

  • субъект кірісі ретінде кредиторлық қарызды уақытылы қабылдау және талап мерзімдерін сақтау: салықтық есепте 2 жыл аяғында, бухгалтерлік есепте – 3 жыл;

  • шағымдық жұмыстың жағдайы және олардың субъектімен қанағаттандырылуы;

  • кредиторлық қарызды инвентаризация және есепеулерді келістіру жолымен растау.

Міндеттемелер аудитінің ақпараттық базасының құрамына кіреді: кәсіпорынның есептік саясаты; бухгалтерлік баланс; Бас кітап; №6,8 журнал-ордері (егер есеп қолмен жүргізілсе) немесе машинограммалар (компьютеризация кезінде); несиелік келісім шарт; шот-фактура; теміржолдың жүкқұжаты; көлік- тауарлық жүкқұжаты; коносамент; әуе жүкқұжаты; сәйкестік сертификаты; кеден декларациясын; сақтандыру полюсін; коммерциялық акт; сапа мен санның белгіленген бөлінуіне арналған акт; қабылдау акті; комиссия мен консигнация келісім шарты және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет