Тобылов Қ. Т., Даулетбаев Б. Т. ҚАржылық бақылау және аудит


Жарғылық капиталдың операциондық аудиті



жүктеу 1.4 Mb.
бет7/8
Дата22.09.2017
өлшемі1.4 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

11.2 Жарғылық капиталдың операциондық аудиті
Жарғылық капиталды енгізу мерзімдерінің толықтылығы мен қадағалануының тексеруі арқылы келесілерді бекіту жоспарланады:

- жарғылық капитал толығымен құрылды ма;

- қатысушылардың нақты салымдары құрылтайшылық құжаттар шарттарына сәйкес келе ме;

- заңнамаман және құрылтайшылық құжаттармен бекітілген жарғылық капиталға салымдар салу мерзімдері сақтала ма.

Жарғылық капиталға салымдар ақша, бағалы қағаздар, ақшалай құндылықты иеленетін басқа заттар немесе меншік құқықтары немесе басқа құқықтар арқылы жасалуы мүмкін. Аудиторға қатысушылар салымдарының дұрыс ақшалай бағалануын тексеру маңызды. Шаруашылық субъекттің қатысушысы салымының ақшалай бағалануы субъект құрылтайшыларының арасындағы келісім негізінде жүргізіледі, ал заңмен қарастырылған жағдайларда тәуелсіз эксперттік бағалауға жіберіледі.

Жарғылық капиталдың синтетикалық және аналитикалық есеп жүргізуінің дұрыстығын тексеру ұйымда қолданылатын есеп нысанына байланысты регистрлер мәліметтері бойынша жүргізіледі.


11.3 Резервтік капиталдың, қосымша капиталдың,

бөлінбеген табыстың (шығынның) операциондық аудиті
Акционерлік қоғамдарда резервтік капиталды құру міндетті болып табылады, өйткені заң белгілегендей оның шамасы жарияланған жарғылық капиталдың 15% төмен болмайтын деңгейде қадағалануы тиіс. Субъекттің бөлінбеген кірісі негізінде құрылады және жарғылық капиталды қолдауға, табыс жеткілікті болмаса акциялар бойынша дивидендтер төлеуге арналған.

Қосымша төленбеген капитал негізгі қаражаттарды қайта бағалау нәтижесінде және олардың шығып кету сәтіне дейін «Негізгі қаражаттарды қайта бағалаудан қосымша төленбеген капитал» шотында саналады. Тек қана негізгі қаражаттардың ликвидациясы, жүзеге асырылуы және басқа шығу процессінде осы капиталдың сәйкес бөлігі субъект кірісі болып есептеледі.

Сәйкесінше, аудитор меншікті капиталдың құрылу көздерін, құрамын мұқият тексеруі, Бас кітап пен бухгалтерлік есептегі регистрлер мәліметтерімен баланстағы қалдықты сәйкестендіруі тиіс.

Бөлінбеген табыс – бұл субъекттің барлық салықтар мен міндетті төлемдерді төлегеннен кейінгі табысы. Ол бухгалтерлік есеп стандарттарымен анықталатын субъект шығындары мен кірістері арасындағы айырма ретінде есептеледі.

Субъекттің негізгі және негізгі емес қызметінен алынатын барлық табыс есеп беру кезеңі барысында бухгалтерлік есеп шоттарының Типтік жоспар бөлімінің кредит шоттары бойынша саналады, ал жыл соңында осы шоттардың дебетінен «Қорытынды табыс(шығын)» шотына аударылады.

Аудитор бірнеше этапта «есепті жылдың бөлінбеген табысы(жабылмаған шығын)», «алдыңғы жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған шығын)» шоттары бойынша сальдоның дұрыстығын тексереді. Бірінші кезекте аудиторға тексеру қажет:



  • есептегі кірістер мен шығындардың дұрыс көрініс табуы;

  • «Қорытынды табыс(шығын)» шотында қаржылық нәтижелердің дұрыс шығарылуын;

  • «есепті жылдың бөлінбеген табысы(жабылмаған шығын)» шотындағы мәліметтердің объективтілігі және қаржылық есеп беруге дайындық кезінде олардың дұрыс қолданылуы;

  • «есепті жылдың бөлінбеген табысы(жабылмаған шығын)», «алдыңғы жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған шығын)» шоттары бойынша мәліметтердің нақтылығы. Бұл шамалар субъекттің қаржылық шаруашылық қызметі туралы тарихи анықтамалар береді.

11.4 Міндеттемелердің операциондық аудиті
Банктік және банктік емес мекемелер аудиті барысында аудитор тексереді:

- кредиттік келісім шарттарының орындалуын;

- кредиттің уақытылы қайтарылуы мен пайыздарды төлеуді;
- бухгалтерлік және салықтық есептерде пайыздардың дұрыс есептелуін;

- кредиттердің мақсатты қолданылуы, ол үшін субъектілерге кредиттің қолданылуы мен алынуы айқын болатын ссудалық шот ашуға кеңес беріледі;

- кредитті алу кезінде банкке ұсынылғандай, аудиторлық тексеруге де баланс баптарының растылығы;

- несиелер үшін төленетін пайыздардың объективтілігі, төмен пайыздық мөлшерлеме де, жоғары пайыздық мөлшерлеме де күдік туғызуы керек;

- несиелік операциялардың құжаттық рәсімделенуі, олардың заңға сәйкестілігі мен мақсатқа сайлылығы;

Аудитор корпоративтік табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысуын тексергенде келесіні анықтау керек:



  • корпоративтік табыс салығын есептеу дұрыстығы, ол үшін 11 «Табыс салығы бойынша есеп» стандартымен анықталған тұрақты және уақытша болған өзгертулермен байланысты операцияларды зерртеу керек;

  • Айыппұл мен айыптөлемдерді болдырмау мақсатында жылдың басында корпоративтік табыс салығын есептеу объективтілігі.

  • Аванстық төлемдерді енгізу мен салықтық органдарға есеп беруді ұсыну уақтылығы;

  • «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларациясын» ұсыну уақтылығы мен растылығы;

Жеке табыс салығы байынша бюджетпен есеп айырысу аудиті барысында аудитор келесіні тексеруі қажет:

  • жеке тұлғаның табысын (жалақы, демалыс ақысы және т.б.) есептеудін уақтылығы мен дұрыстығы;

  • жеке тұлғаға салынатын салықтың анықтау дұрыстығы, зейнетақы төлемдері басқа да жеңілдіктер саналмауы;

  • қызметтерді атқару кезінде табысты есепте дұрыстығы;

  • жеке табыс салығының бюджетке төлеу уақтылығы;

  • жеке табыс салығын есептеудің алгоритмін сақтау тәртібі;

  • Бухгалтерлік есептеу регистрындағы жазулардың нақтылығы мен уақтылығы;

  • Баланстағы жеке табыс салығы мәліметтері бойынша қалдықтарының регистрлік есеп мәліметтерімен сәйкестілігі;

ҚҚС есептеу барысында аудитор келесіні тексеруі керек:

- Айыппұлдарды алдын ала болжау мақсатында «Қосылған құн салығы бойынша декларациясын» ұсыну кезеңділігін анықтау дұрыстылығы;

- субъектінің қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу, сонымен бірге бизнес серітестерін тіркеу;

- диффереенциалдық мөлшерлеме бойынша салынатын айналымдардың тізімі;

- тауарлар мен қызметтерді иемдену және бұлар бойынша салықтық шот-фактураның бар болуы;

- «Төлеуге арналған ҚҚС»шоты бойынша бухгалтерлік өткізулерді бір ай ішінде ұсыну дұрыстығы;

- ҚҚС бойынша декларацияны құру кезінде «Төлеуге арналған ҚҚС» шоты бойынша есепті кезеңнің соңында сомманы анықтау


  • баланстағы ққс бойынша қалдықтарының регистрлік есеп мәліметтерімен сәйкестілігі;

  • Акциздерді тексеру кезінде аудитор келесіні бекіту тиіс;

  • Акцизделген тауарлар мен қызметтердің тізімін анықтау дұрыстылығы;

  • Бюджетке акциздердің төлеу уақтылығы, акциз бойынша декларацияны құру және ұсыну;

  • Акциздерді есептеу нақтылығы, акциздік маркілерді есептеу мен олар бойынша есепберу;

  • Акциз бойынша есептік мәліметтердің растылығы;

  • Акциздер бойынша бухгалтерлік өткізулерді ұсыну дұрыстылығы;

ҚР Кодексімен бекітілген «Бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер» бойынша әлеуметтіксалықтың көлемі 21 пайызға тең. Салық Кодексінің 316 бабы бойынша әлеуметтік салықтың объектісі табыс ретінде жұмыскерлерге төленетін жұмыс берушінң шығындары болып табылады.

Аудитор келесіні тексереді:



  • әлеуметтік салықтың объектісін анықтау дұрыстығын;

  • бюджетке төленетін әлеуметтік салықтың төлемдерін көрсетудің толықтылығын;

  • әлеуметтік салық бойынша декларацияны ұсыну және дайындау уақтылығы;

  • ҚР-ның азаматтарының, шетел мамандарының, және қызметкерлердің еңбегі үшін төленетін төлемдер қорынан алынатын әлеуметтік салықты есептеу нақтылығы;

  • Бухгалтерлік өткізулердің дұрыстығын, «Әлеуметтік салық»субшоты, «Бюджетпен басқа да есепайырысулар» шоты бойынша қалдықтарының растылығын

Жер салығын тексеру кезінде аудитор келесіні тексеруі керек:

  • Жер салығы бойынша салықтық мөлшермесінің қолдану дұрыстығын;

  • Салық салынатын объектінің растылығы ( жер учаскісінің көлемі, оны иемдену құқығы);

  • әрбір жер учаскісі бойынша жер базасына салынатын жер салығын салық мөлшерлемесіне сәйкес есептелуін анықтау;

  • базалық салықтық мөлшерлемесінде түзетулердің жүргізілуін анықтау;

  • бюджетке төленетін жер салығын есептеу нақтылығын;

  • жер учаскісінің орналасу орны бойынша жер салығын бюджетке төлеуін анықтау;

  • жер салығы бойынша декларациясын ұсыну уақтылығы;

Көлік құралдарына салық қуаттың әрбір килловатынан минималдық есептік көрсеткішінен алынатын пайызбын берілетін айлық есептік көрсеткіштердегі қуаттан (жұмыс істейтін двигателдің көлемі см куб бойынша) шыға отырып есептелінеді.

Көлік құралдарының шығу мерзімі мен шығу тегіне байланысты түзетулер енгізіледі.

Сондықтан аудитор «Бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер» ҚР-сы кодексінің 13 бөліміне сәйкес бюджетке төленетін көлік құралдарына салықты есептеу мен төлеу дұрыстығын тексеру тиіс.

Мүлікке салынатын салық бухгалтерлік баланстың мәліметтеріне сәйкес есептеленеді.

Аудитор келесіні тексеру қажет:


  • бухгалтерлік баланс мәліметтері бойынша мүлік салығын төлеу мен есептеу дұрыстығын;

  • мүлік салығы бойынша аванстық төлемдердің уақтылығы;

  • мүлік бойынша декларацияны ұсыну уақтылығы;

  • « Мүлік салығы» субшотында, «Бюджетпен басқа да есепайырысулар» шотында мүлікке төленетін салықтың сомасын көрсетудің нақтылығын;

  • Баланстағы мүлік салығы бойынша қалдықтарының регистрлік есеп мәліметтерімен сәйкестілігі;

Мердігерлермен және жеткізушілермен есепайырысу аудиті келесі бағыттарды жүзеге асырылуы тиіс:

  • тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге келісім-шартының болуы;

  • тауарлы – материалдық қорларды алу бойынша рәсімделген біріншілік құжаттардың бар болуы мен дұрыстығы;

  • тауарлы – материалдық қорларды кіріске жазып қоюды тексерудің толықтылығы;

  • тауарлы-материалдық қорларды иемдену үшін берілетін сенімхаттардың есеп жүргізуін анықтау;

  • арнаулы тіркелу журналында сенімхаттар қолдануды уақытында жазу;

  • бойынша синтетикалық пен аналитикалық есепті жүргізудің дұрыстығы;

  • Бас кітабында және бухгалтерлік баланста көрсетілген «Жеткізушілер мен мердігерлермен есепайырысу» шоты бойынша журнал – ордеріндегі жазулардың сәйкестілігі;

  • «Жеткізушілер мен мердігерлермен есепайырысу» шоты бойынша бухгалтерлік өткізулерді құру дұрыстығы;

Басқа кредиторлық берешек аудит кезінде айқындалады:

  • кредиторлық берешектің құрылу күні;

  • кредиторлық берешектің субъект табысы ретінде қарастыру уақтылығы;

  • инвентаризациялау арқылы кредиторлық берешектің дәлділігі;

  • талап етілген жұмыстың жағдайы мен оның субъектімен қанағаттандырылуы;

  • үшінші тұлға пайдасына жұмыскерлердің жалақыларынан ұсталымдарының себептілігі және бұл соманың алушыға аудару уақтылығы;

  • коммунадық қызмет үшін есепайырысудың дұрыстығы;

  • жұмыскерлерге берілген пайызсыз ссудаларды есептеудің толықтылығы, бұл ссудалардың негізделуі, оларды уақытында өтелуі.



Бақылау сұрақтары:

  1. Меншікті капитал мен міндеттемелер аудитінің мақсаттары мен міндеттері.

  2. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің операциондық аудиті мен бақылаудың ерекшеліктері.

  3. Бюджетпен есеп айырысу түрлері. Оларды тексеру әдістері.

  4. Мердігерлер және жабдықтаушылармен есеп айырысу аудитінің негізгі бағыттары.


Өзін-өзі тексеру тест тапсырмасы:

  1. Меншікті капиталдың аудиторлық тексеруінің мақсатын көрсетіңіз:

А) меншікті капиталдың жағдайын көрсететін қаржылық есеп беру көрсеткіштер мәліметтерінің растылығы туралы пікірді қалыптастыру табылады, және де оны есептеу әдістемесінің нормативтік актілерге сәйкес келуі;

В) дебиторлық берешектің нақты сальдосы туралы мәліметтер, төлем мен есепайырысу тәртібін ұстаудың жауапкершілігін жоғарлату және аудирленетін субъектінің қаржылық жағдайының жақсарту табылады;

С) негізгі құралдар инвентаризациясы құрылған коммиссия арқылы объектілерді қарастырады, олардың аттары бойынша тізім құрастыру арқылы территориялық орналастыру инвентаризациясын жүзеге асырады;

D) жеке кәсіпкердің реквизиттер, тауарлы-материалдық қорға төленген сомалар және бағасы, саны көрсетілетін сату актілерімен расталады;

Е) субъект басшының шешімі бойынша субъектінің табысы болып табылатын белгілі–бір пайызды төлеумен сатылады.
2. «заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі және бекіту шарасының қадағалануы және сәйкес құжаттардың бар болуын бекіту;


  • аудирленетін субъект жарғысымен танысу;

  • құрылтайшылар санын және субъекттің жарғылық капиталындағы олардың салым үлестерін тексеру ;

  • жарғылық капиталға салымдарды салудың мерзімдерін қадағалау және толықтылығын айқындау», бұл меншікті капитал аудитінің ......?

А) мақсаты;

В) функциялары;

С) міндеттері;

D) принциптері;

Е) қағидалары.
3. Меншікті капитал аудитінің ақпараттық базасының құрамына не кіреді?

А) кәсіпорынның есептік саясаты;

В) жарғылық капиталдың есебі мен құрылу сұрақтарын, ұйымның құқықтық мәртебесін реттейтін негізгі заңнамалық және нұсқаулық құжаттар;

С) құрылтайшылық құжаттар; меншікті капитал есебінің аналитикалық және синтетикалық регистрлері;

D) меншікті капиталды құру бойынша біріншілік құжаттар: жарғылық капиталға салымдарды салу фактілерін айқындайтын құжаттар (қосылатын актілер, төлем тапсырмалары, кассалық кіріс ордерлері және т.б.),

Е) барлығы дұрыс


4. Жарғылық капиталды енгізу мерзімдерінің толықтылығы мен қадағалануының тексеруі арқылы қанша бекітулер жоспарланады?

А) 2


В) 6

С) 4


D) 3

Е) 8
5. Акционерлік қоғамдарда резервтік капиталды құру міндетті болып табылады ма?

А) жоқ;

В) ия;


С) ол мүлдем керек емес;

D) оны қажет етпейді;

Е) дұрыс жауап жоқ
6. Бөлінбеген табыс дегеніміз не?

А) есептегі кірістер мен шығындардың дұрыс көрініс табуы;

В) субъекттің барлық салықтар мен міндетті төлемдерді төлегеннен кейінгі табысы;

С) келешектегі шығындар табысы;

D) кредиттік келісім шарттарының орындалуы;

Е) несиелік операциялардың құжаттық рәсімделенуі, олардың заңға сәйкестілігі мен мақсатқа сайлылығы;


7. Қандай табыс бухгалтерлік есеп стандарттарымен анықталатын субъект шығындары мен кірістері арасындағы айырма ретінде есептеледі?

А) қорытынды табыс;

В) шекті табыс;

С) бөлінбеген табыс;

D) табыс;

Е) қайтарылған табыс.


8. ҚР Кодексімен бекітілген «Бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер» бойынша әлеуметтік салықтың көлемі қанша пайызға тең?

А) 25


В) 15

С) 11


D) 21

Е) 9
9. Кәсіпорынның есептік саясаты; жарғылық капиталдың есебі мен құрылу сұрақтарын, ұйымның құқықтық мәртебесін реттейтін негізгі заңнамалық және нұсқаулық құжаттар;құрылтайшылық құжаттар; меншікті капитал есебінің аналитикалық және синтетикалық регистрлері меншікті капитал аудитінің қандай құрамына кіреді?

А) ақпараттық базасының құрамына;

В) принциптер құрамына;

С) бухгалтерлік баланс құрамына;

D) құжаттамаларға;

Е) Бас кітап құрамына.
10. Ұйымдастырушылық құжаттарға қандай құжаттар кіреді?

А) меншікті иелену құқығы туралы куәлік,

В) қосылатын актілер, төлем тапсырмалары,

С) ұйымның құқықтық мәртебесін реттейтін негізгі заңнамалық және нұсқаулық құжаттар;

D) дұрыс жауап жоқ

Е) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік; бұйрықтар мен өкімдер; құрылтайшылар және акционерлермен хат алмасу;


11. Субъект кірісі ретінде кредиторлық қарызды уақытылы қабылдау және талап мерзімдерін сақтау мерзімін көрсетіңіз?

А) салықтық есепте 5 жыл аяғында, бухгалтерлік есепте – 3 жыл;

В) салықтық есепте 3 жыл аяғында, бухгалтерлік есепте – 3 жыл;

С) салықтық есепте 2 жыл аяғында, бухгалтерлік есепте – 3 жыл;

D) салықтық есепте 10 жыл аяғында, бухгалтерлік есепте – 2 жыл;

Е) салықтық есепте 4 жыл аяғында, бухгалтерлік есепте – 3 жыл;


12. Шаруашылық субъекттің қатысушысы салымының ақшалай бағалануы субъект құрылтайшыларының арасындағы келісім негізінде жүргізіледі, ал заңмен қарастырылған жағдайларда қайда жіберіледі?

А) аудитор бағалауына;

В) тәуелсіз эксперттік бағалауға;

С) Үкімет бағалауына;

D) таңдамалы бағалауға;

Е) жүйелі бағалауға.


13. Басқа кредиторлық берешек аудит кезінде айқындалатындарды көрсетіңіз?

А) кредиторлық берешектің субъект табысы ретінде қарастыру уақтылығы;

В) инвентаризациялау арқылы кредиторлық берешектің дәлділігі;

С) коммунадық қызмет үшін есепайырысудың дұрыстығы;

D) талап етілген жұмыстың жағдайы мен оның субъектімен қанағаттандырылуы;

Е) барлық жауап дұрыс


14. Мердігерлермен және жеткізушілермен есепайырысу аудиті қандай бағытты жүзеге асыруы тиіс?

А) Баланстағы мүлік салығы бойынша қалдықтарының регистрлік есеп мәліметтерімен сәйкестілігі;

В) жұмыскерлерге берілген пайызсыз ссудаларды есептеудің толықтылығы, бұл ссудалардың негізделуі, оларды уақытында өтелуі.

С) коммунадық қызмет үшін есепайырысудың дұрыстығы;

D) тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге келісім-шартының болуы; «Жеткізушілер мен мердігерлермен есепайырысу» шоты бойынша бухгалтерлік өткізулерді құру дұрыстығы;

Е) үшінші тұлға пайдасына жұмыскерлердің жалақыларынан ұсталымдарының себептілігі және бұл соманың алушыға аудару уақтылығы;


15. Айыппұлдарды алдын ала болжау мақсатында «Қосылған құн салығы бойынша декларациясын» ұсыну кезеңділігін анықтау дұрыстылығы қандай аудитор есебіне жатады?

А) Жеке табыс салығы байынша бюджетпен есеп айырысу аудиті

В) Аудитор корпоративтік табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу

С) Банктік және банктік емес мекемелер аудиті

D) ҚҚС есептеу барысында аудитор тексеруі

Е) аудиттік есеп



Тарау12 Шығындар мен кірістердің операциондық аудиті


Мақсаты: Шығындар мен кірістер бақылауы мен аудитін жүргізудің міндеттері және әдістемесімен танысу.
Жоспар:

12.1 Есеп берудегі ақпараттық көрініс табуы бойынша есептік саясат пен нормативті – құқықтық актілердің талаптарын орындалуын қадағалау

12.2 Кірістердің операциондық бақылауы мен аудиті

12.3 Шығындардың операциондық бақылауы мен аудиті



12.1 Есеп берудегі ақпараттық көрініс табуы бойынша есептік саясат пен нормативті – құқықтық актілердің талаптарын орындалуын қадағалау
Бухгалтерлік есептің «Кіріс» стандарты кірістердің бағалануы мен мойындау шарттарын, сонымен қатар кірістерді мойындаудың қаржылық есептегі маңызды аспектілерін ашуды анықтайды.

Шығындар мен кірістер аудитінің міндеттері болып табылады:



  • бухгалтерлік есептің «Кіріс», «Тауарлы материалдық қорлардың есебі» стандарттарының қадағалануы;

  • субъекттің негізгі және негізгі емес қызметінің кірістерінің дұрыс анықталуы;

  • өнімді жеткізу (тауарды), жұмысты орындау және қызмет көрсету үшін келісім шарттардың уақытылы жасалуын және келісім шарт міндеттерінің нақты қадағалануы;

  • субъект шығындарының түрлер бойынша жіктелуі;

  • бухгалтерлік есептің регистрлері және корреспонденттік шоттарында шығындар мен кірістердің нақты көрініс табуы;

  • қызмет түрі бойынша кірістерді және өнімдер, тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулердің өзіндік құнының есебі бойынша шығындарды, сонымен бірге кезең шығындарын мойындау үшін қабылданған есептік саясаттың дұрыс қалыптасуы.

Шығындар мен кірістер аудитінің ақпараттық базасының құрамына кіреді: кәсіпорынның есептік саясаты; бухгалтерлік баланс; Бас кітап; №5, 6, 9, 10, 11, 14 журнал – ордерлері (есептің қолдан жүргізілуінде) немесе машинограммалар (компьютеризация кезінде); біріншілік құжаттар; субъекттің меншік құқықтарын растайтын құжаттар; инвентаризациондық тізімдеме; негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің амортизациясын есептеудің есеп беруі; материалдық емес активтерді есептеу ведомосі және т. б.
12.2 Кірістердің операциондық бақылауы мен аудиті
Кірістердің аудиті барысында аудитор келесілерді анықтауы қажет:

- кірістерді түрлер бойынша толық және дұрыс есептелуін;

- дайын өнімді, тауарларды және қызмет көрсетулерді жүзеге асырудан түскен кірістердің бухгалтерлік есептің «Кіріс» стандартының талаптарына сай келетінін;

- сатушы мен сатып алушының арасында жасалған, мәмілені жасау кезінде кіріс соммасы үлкен дәрежеде нақты бағалануын;

- мәмілемен байланысты экономикалық пайданың субъекттімен алыну мүмкіндігі бар ма;

- тауарды өткізуден кірістерді мойындау болып табыла ма: сатып алушыға меншікті иелену құқығын беру, осыған орай барлық маңызды қатерлер мен мәміле бойынша сыйақылар; мәміле бойынша фактілік және күтілетін шғындардың бағалануы үлкен дәрежедегі сенімділікпен жүргізіледі; бартер негізінде келісім шарт жасасуда, егер тауар бірдей тауарға айырбасталатын болса, онда мұндай айырбас кіріс әкелмейтін мәміле болып саналады, ал бірдей емес тауарларға айырбас кезінде мәміле бойынша кіріс алынған тауарларды өткізу құны бойынша бағаланады және мойындалады;

- кірістер пайыз, роялти және дивиденттер түрінде мойындалады ма, егер келесідей шарттар орындалса: пайыз активтен нақты кірісті есептейтін уақытша қатынастың негізінде мойындалуы тиіс; роялти келісім шарт мазмұнына сәйкес есептеу әдісі бойынша мойындалуы керек; дивидендтер оларды алуға акционердің құқығы бекітілген жағдайда мойындалуы қажет;

- қаржылық есеп беруге жасалған анықтамалық хатта келесі жағдайлар қарастырыла ма : қызмет түрі бойынша кірістерді мойындау үшін қабылданған есептік саясат; есеп беру кезеңінде айқындалған кірістің әрбір маңызды түрлерінің соммасы, тауарларды өткізу, қызмет көрсету, пайыздар, роялти, дивидендтер нәтижесінде пайда болатын кірістерді қоса алғанда және олардың ішінен әрбір маңызды кіріске енгізілген тауарлар және қызмет көрсетулермен айырбас нәтижесінде пайда болатын кіріс соммасы;

- бухгалтерлік есеп шоттарының Типтік жоспарындағы «Негізгі қызметтен кірістер» бөлім шоттарында негізгі қызметтен түсетін кірістер санала ма;

- сатылған тауарлардың қайтарылуымен, сату және бағадан жеңілдік ұсынумен байланысты субъект кірістерінің кемуі туралы ақпарат қалыптаса ма, және де бухгалтерлік есеп шоттарының Типтік жоспарындағы «Сатылған тауарлардың қайтарылуы және сатудан жеңілдіктер, сонымен бірге бағадан жеңілдіктер» бөлім шоттарында осы операциялар есептеле ме;

- бухгалтерлік есеп шоттарының Типтік жоспарындағы «Кірістер» бөлімінің шоттары қорытынды кірістердің ұлғаюына есептелген соммаларды есептен шығару жолымен есеп беру кезеңінің аяғында жабылады ма («Сатылған тауарлардың қайтарылуы және сатудан жеңілдіктер, сонымен бірге бағадан жеңілдіктер»бөлім шоттарынан басқа), осының нәтижесінде кезең аяғына осы шоттар бойынша қалдықтар боллмауы тиіс;

- «Қаржылық- шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есеп беруде» келтірілген мәліметтердің растылығы, және оларды бухгалтерлік есеп регистрлері және Бас кітаптың мәліметтерімен сәйкестендіру;

- жалпы көлемдегі кірістердің пропорциялары мен үлес салмағы, бұл субъекттің алдағы тіршілігі туралы жабық ақпарат береді және аудитор тоқтамау принцибін бағалай алады;

- бухгалтерлік баланста кірістер баптарының көрсетілуі және салықтық заңнама жағдайларымен сәйкес болуы;

- «заңды тұлғаның жылдық жиынтық кірістері және жыл бойына жасалған есептеулер туралы Декларацияны» құрудың анықтылығын бағалау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет