Тобылов Қ. Т., Даулетбаев Б. Т. ҚАржылық бақылау және аудит


Шығындардың операциондық бақылауы мен аудиті



жүктеу 1.4 Mb.
бет8/8
Дата22.09.2017
өлшемі1.4 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

12.3 Шығындардың операциондық бақылауы мен аудиті
Аудиторлық бақылау кезінде аудитор келесілерді анықтайды және зерттейді:

- кезең шығындары аналитикалық есебінің баптар мазмұны мен номенклатурасын, экономика салаларының спецификасы мен кәсіпорынның қызметі арқылы бұл номенклатураның өзгеруін және толықтырылуын;

- шығындардың әрбір баптарының мақсатқа сайлығын, сонымен бірге олардың есептік саясатының белгілі бір шотына жатқызылатындығын және құжаттық рәсімдеуге негізділігін;

- тауарлы-материалдық қорлары бойынша шығындардың кезең шығындарына, әкімшілік шығындардың өндірістік шығындарға, капиталдық салымдарды кезең шығындарына жатқызылуын;

- шығындарды сәйкес жатқызылуын, белгілі бір шектеулер негізінде салық салу мақсатында

барлық сома бойынша шығындар бухгалтерлік есептен шығырылады.

Бұларға тұрақты және уақытша өзгешеліктерін жатқызамыз:


  1. негізгі қаражаттарының амортизациясы бойынша амортизациялық төлемдер «Бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер» ҚР-ң Кодексінің 107 бабына сәйкес жоғарытылған сомма салық салу кірісіне қайтарылуы тиіс.

  2. Негізгі құралдарды өңдеуге кеткен шығындары баланс құнының 15 пайызынан асатын болса, онда ол баланс құнының өсуіне аударылады.

  3. Үкіметпен бекітілген нормалар шегіндегі іссапар шығындары.

  4. төленген салықтар.

  5. Бюджеттік түсімдерді санамағанда есептелген сомалар шегінде төленген айыппұл төлемдері.

  6. Жұмыс берушінің өзәінң жұмыскері үшін толықтырған шығындары.

  7. Өндірістік емес меншік бойынша салықтар.

- бухгалтерлік есепте есептелген корпоративтік табыс салығы көлемінің нақтылығы. Бухгалтерлік есептегі табыс салығы салықтық заңнамаға сәйкес анықталатын корпоративтік табыс салығы көлемімен сәйкес келмейді;

- бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарындағы «Шығындар» бөлімінің шоттарында шығындардың нақты көрініс табуын;

- бухгалтерлік есеп шоттарының Типтік жоспарындағы «Шығындар» бөлімінің шоттары қорытынды кірістердің ұлғаюына есептелген соммаларды есептен шығару жолымен есеп беру кезеңінің аяғында жабылады ма, осының нәтижесінде кезең аяғына осы шоттар бойынша қалдықтар боллмауы тиіс;

Өндірістік шығындар ҚР-сы қаржылық – шаруашылық қызмет субъектілерінің бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарындағы «Өндірістік есеп шоттары» бөлімінің шоттарында есептелінеді.
Бақылау сұрақтары:

1. Шығындар мен кірістер қаржылық бақылау мен аудитінің мақсаттары.

2. Шығындар мен кірістерді мойындау.

3. Шығындар мен кірістер аудитінің міндеттері қандай?

4. Кірістердің аудиті барысында аудитор нені анықтайды?

5. Өндірістік шығындардың есебі.


Өзін-өзі тексеру тест тапсырмасы:

1. Кірістердің бағалануы мен мойындау шарттарын, сонымен қатар кірістерді мойындаудың қаржылық есептегі маңызды аспектілерін ашуды анықтайтын бухгалтерлік есептің стандарты:

А) 7 «Тауарлы материалдық қорлардың есебі»

В) 4 «Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептемесі»

С) 11 «Табыс салығы бойынша есеп»

D) бас кітап

Е) 5 «Кіріс»
2. Шығындар мен кірістер аудитінің ақпараттық базасының құрамына кіреді:

А) №5, 6, 9, 10, 11, 14 журнал – ордерлері

В) №5, 10, 11, 14 журнал – ордерлері

С) №5, 6, 3, 10, 11, 15 журнал – ордерлері

D) №5, 6, 9, 8, 11, 20 журнал – ордерлері

Е) барлық жауабы дұрыс


3. Шығындар мен кірістер аудитінің ақпараттық базасының құрамына кіреді:

А) №5, 6, 9, 10, 11, 14 журнал – ордерлері

В) Бас кітап

С) бухгалтерлік баланс

D) кәсіпорынның есептік саясаты

Е) барлық жауабы дұрыс


4. Шығындар мен кірістер аудитінің ақпараттық базасының құрамына кіреді:

А) біріншілік құжаттар

В) субъекттің меншік құқықтарын растайтын құжаттар

С) инвентаризациондық тізімдеме

D) материалдық емес активтерді есептеу ведомосі

Е) барлық жауабы дұрыс


5.Негізгі қаражаттарының амортизациясы бойынша амортизациялық төлемдер «Бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер» ҚР-ң Кодексінің нешінші бабына сәйкес жоғарытылған сомма салық салу кірісіне қайтарылуы тиіс.

А) 100- бап

В) 97-бап

С) 110-бап

D) 107-бап

Е) 115-бап


6. Негізгі құралдарды өңдеуге кеткен шығындары, баланс құнының қанша пайызынан асатын болса, онда ол баланс құнының өсуіне аударылады.

А) 15 %


В) 10 %

С) 5 %


D) 11 %

Е) 2 %
7. Өндірістік шығындар ҚР-сы қаржылық – шаруашылық қызмет субъектілерінің бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарындағы қай бөлімінің шоттарында есептелінеді.

А) «Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептемесі»

В) «Шаруашылық есеп шоттары»

С) «Шығындар есеп шоттары»

D) «Өндірістік есеп шоттары»

Е) «Тауарлы материалдық қорлардың шоты»
8. Бухгалтерлік есептің 5 «Кіріс» стандарты нені анықтайды?

А) Шығындар мен кірістер аудитінің ақпараттық базасының құрамын

В) Үкіметпен бекітілген нормалар шегіндегі іссапар шығындарын

С) Кірістердің бағалануы мен мойындау шарттарын, сонымен қатар кірістерді мойындаудың қаржылық есептегі маңызды аспектілерін

D) бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарындағы «Шығындар» бөлімінің шоттарында шығындардың нақты көрініс табуын

Е) барлығы дұрыс


9. Шығындар мен кірістер аудитінің міндеттері болып табылады:

А) бухгалтерлік есептің 5 «Кіріс», 7 «Тауарлы материалдық қорлардың есебі» стандарттарының қадағалануы

В) субъекттің негізгі және негізгі емес қызметінің кірістерінің дұрыс анықталуы

С) субъект шығындарының түрлер бойынша жіктелуі

D) бухгалтерлік есептің регистрлері және корреспонденттік шоттарында шығындар мен кірістердің нақты көрініс табуы

Е) барлық жауабы дұрыс


10. «Өндірістік есеп шоттары» бөлімінің шоттарында есептелінеді:

А) өндірістік шығындар

В) материалдық емес активтер

С) кірістер

D) амортизациялық шығындар

Е) өндірістік емес шығындар


11. Кірістердің бағалануы мен мойындау шарттарын, сонымен қатар кірістерді мойындаудың қаржылық есептегі маңызды аспектілерін ашуды анықтайтын бухгалтерлік есептің стандарты:

А) 7 «Тауарлы материалдық қорлардың есебі»

В) 4 «Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептемесі»

С) 11 «Табыс салығы бойынша есеп»

D) 5 «шығындар»

Е) дұрыс жауабы жоқ


12. Кірістердің аудиті барысында аудитор келесілерді анықтауы қажет:

А) кірістерді түрлер бойынша толық және дұрыс есептелуін

В) дайын өнімді, тауарларды және қызмет көрсетулерді жүзеге асырудан түскен кірістердің бухгалтерлік есептің 5 «Кіріс» стандартының талаптарына сай келетінін

С) сатушы мен сатып алушының арасында жасалған, мәмілені жасау кезінде кіріс соммасы үлкен дәрежеде нақты бағалануын

D) бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарындағы «Негізгі қызметтен кірістер» бөлім шоттарында негізгі қызметтен түсетін кірістер саналуын

Е) барлық жауабы дұрыс



Тарау13 Қаржылық жағдайдың операциондық аудиті


Мақсаты: қаржылық жағдайдың операциондық аудитін жүргізудің ақпараттық базасымен, міндеттермен танысу.
Жоспар:

13.1 Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағадайының аудиті мен операциондық бақылаудың ақпарат көздері, міндеттері, объектілері

13.2 Бухгалтерлік балансты бағалау

13.3 Қаржылық жағдайды талдау


13.1 Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағадайының аудиті мен операциондық бақылаудың ақпарат көздері, міндеттері, объектілері
Балансты құрудың дұрыстығына көп көңіл аудару керек. Бұл орайда балансты құрудың дұрыстығы келесі жағдайларға негізделетінін ескеруіміз қажет:

1) кезең басындағы баланс баптарының мәліметтері алдыңғы кезеңнің баланс баптарының мәліметтеріне сәйкес болуы тиіс. Жылдың басындағы

кіріспе балансын есептік кезеңмен салыстырғанда, өзгерістер бар болса, онда ол алдыңғы жылдың мәліметтермен түсіндірілуі тиіс.


  1. есептік кезеңнің соңына келетін баланс баптарының мәліметтері инвентаризация нәтижелеріне негізделуі тиіс.

  2. қаржылық, салықтық органдарымен, банк мекемелерімен есеп айырысқанда баланс баптарының сомалары олармен келісілген түрде болуы тиіс.

4) кезең аяғындағы қорытынды баланстың мәліметтері бас кітабы немесе басқа да сондай бухгалтерлік есептің регистріндегі шот айналымына мен қалдықтарына сәйкес болуы тиіс.

5) кезең басындағы мен кезең аяғындағы баланс мәліметтері салыстырмалы түрде болуы тиіс. Кіріспе мен қорытынды баланстарының бірдей баптарын құрудың әдістемесінде болған айырмашылықтар түсіндірілу тиіс.


13.2 Бухгалтерлік балансты бағалау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.

Баланс - есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесігіде дүрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушьшар қаржылық талдаудьщ бағытьш анықгайды.

Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарынын мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, кеп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды


баланстық талдау деп атайды. Бухгалтерлік баланс - қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағьшдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.

Бухгалтерлік баланс арқылы есептік күнге субъект меншігінің құрылымы мен құрылысын, ағымдағы активтердің өтімділігі мен айналымдылығын, меншікті капитал мен міндеттердің бар болуын, кредиторлық және дебиторлық берешектің жағдайы мен динамикасын, кәсіпорынның төлемқабілеттілігі мен өтімділігін анықтауға болады. Баланс мәліметтері субъектінің капиталын орналастырудың тиімділігін,т ағымдағы және келешек қызметіне оның жеткіліктілігін, қарыздық көздерінің құрылысы мен көлемін, сонымен бірге оларды тартудың тиімділігін анықтайды.

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге
мүмкіндік береді. Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағыуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.
13.3 Қаржылық жағдайды талдау
Профессор Н.А Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетгі қаржы ресурстармен "қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруа-шылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржьшық ұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді".

В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорыннын қаржылық жағдайы "қаржы ресурстарының қалаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп жазады.

М. Н. Крейнина, А.И. Ковалев және В.П. Привалов қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: "Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы".

Баланс мәліметі негізінде сыртқы қолданушылар әріптес болатын шаруашылық жүргізуші субъектілермен жүргізген қызметінің мақсаттары мен шарттары туралы шешімдерді қабылдай алады. Баланстың маңыздылығы соншалықты арнайы әдебиеттерде қаржылық жағдайды талдау баланс талдауы деп атайды, және оның маңызды міндеттеріне келесіні жатқызуға болады:



  1. баланс өтімділігін талдау;

  2. капитал тиімділігін бағалау;

  3. субъектінің іскерлік (шаруашылық) белсенділігің дәрежесін бағалау;

  4. субъектінің төлемқабілеттілігін және нарықтағы тұрақтылығын бағалау.


Бақылау сұрақтары:

  1. Міндеттемелердің, меншіктік капиталдың, активтердің жағдайын тексеру.

  2. Меншікті және қарыз қаражаттарын қолдану тиімділігін бағалау,

  3. Қаржылық тұрақтылық, іскерлік белсенділік, қызмет тиімділігі коэффициенттерін есептеу.


Өзін-өзі тексеру тест тапсырмасы:


  1. Балансты құрудың дұрыстығы келесі жағдайларға негізделуі қажет:

А) кезең басындағы баланс баптарының мәліметтері алдыңғы кезеңнің баланс баптарының мәліметтеріне сәйкес болуы тиіс

В) есептік кезеңнің соңына келетін баланс баптарының мәліметтері инвентаризация нәтижелеріне негізделуі тиіс

С) қаржылық, салықтық органдарымен, банк мекемелерімен есеп айырысқанда баланс баптарының сомалары олармен келісілген түрде болуы тиіс

D) кезең аяғындағы қорытынды баланстың мәліметтері бас кітабы немесе басқа да сондай бухгалтерлік есептің регистріндегі шот айналымына мен қалдықтарына сәйкес болуы тиіс

Е) барлық жауабы дұрыс
2. Қандай құжат арқылы есептік күнге субъект меншігінің құрылымы мен құрылысын, ағымдағы активтердің өтімділігі мен айналымдылығын, меншікті капитал мен міндеттердің бар болуын, кредиторлық және дебиторлық берешектің жағдайы мен динамикасын, кәсіпорынның төлемқабілеттілігі мен өтімділігін анықтауға болады?

А) бухгалтерлік баланс

В) бас кітап

С) шот-фактуралар

D) журнал-ордерлер

Е) барлық жауап дұрыс


3. Қандай құжаттар мәліметтері субъектінің капиталын орналастырудың тиімділігін,т ағымдағы және келешек қызметіне оның жеткіліктілігін, қарыздық көздерінің құрылысы мен көлемін, сонымен бірге оларды тартудың тиімділігін анықтайды?

А) бухгалтерлік баланс

В) меншікті капитал есебі

С) шот-фактуралар

D) журнал-ордерлер

Е) дұрыс жауабы жоқ


4. Қаржылық жағдайды талдауды басқаша қалай атауға болады?

А) шығындарды талдау

В) кірістерді талдау

С) аудит


D) балансты талдау

Е) барлық жауабы дұрыс


5. Қаржылық жағдайды талдаудың маңызды міндеттеріне келесілер жатады:

А) баланс өтімділігін талдау

В) капитал тиімділігін бағалау

С) субъектінің іскерлік (шаруашылық) белсенділігің дәрежесін бағалау

D) субъектінің төлемқабілеттілігін және нарықтағы тұрақтылығын бағалау

Е) барлық жауабы дұрыс


6. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін қандай құжат атқарады?

А) бухгалтерлік баланс

В) бас кітап

С) шот-фактуралар

D) журнал-ордерлер

Е) барлық жауап дұрыс


7. Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің қандай арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді?

А) абсолютті және ықтималды

В) салыстырмалы

С) абсолютті және салыстырмалы

D) абсолютті

Е) салыстырмалы және ықтималды


8. Қаржылық есептің маңызды элементі

А) бухгалтерлік баланс

В) актив

С) журнал-ордер

D) Бас кітап

Е) бастапқы құжат



Тарау14 Қаражаттық бақылаудың және аудиторлық тексеру нәтижелерінің жалпылауы


Мақсаты: аудиторлық нәтижені және оны дайындаудың ретін зерттеп, білу.
Жоспар:

14.1 Аудиторлық нәтиже және оны дайындаудың реті

14.2 Аудиторлық нәтиженің құрылымы және оның түрлері
14.1 Аудиторлық нәтиже және оны дайындаудың реті
Аудиторлық тексерудің нәтижесі аудиторлық қорытынды (АҚ) болып табылады – барлық заңгерлік және физикалық беттерге арналған заңгерлік мағына болатын және өкімет органдарының, сот органдарының басқару құжаты. Аудиторлық нәтиженің бөлім құрастырылуы және дайындалу реті

ҚР-да аудиторлық қызмет уақытша ережелерімен айқындалады, ол ҚР Президентінің қаулымымен бекітілген 22.11.1993 ж. № 2263.

АҚ (есептеу нәтижесі) үш бөлімнен тұрады : кіріспе, аналитикалық және қорытынды. Кіріспе бөлімінде аудитор туралы жалпы мәліметтер көрсетіледі. Аналитикалық бөлімінде экономикалық субъект туралы мәліметтер, қаржылық есептеудің аудиторлық тексерулерінің нәтижесі, тексеру барысында бухгалтерлік есептеуде анықталған маңызды бұзулар, қайсылары яғни оның анықтығына әсер ететіндер, ҚР – ның заң шығарушы қаржылық – шаруашылық операцияларын іске асыру барысында, меншік иелерінің экономикалық субъект назарларына зиян келтіретін, мемлекетке және басқа адамдарға әсер етеді. Қорытынды бөлімінде экономикалық субъектінің бухгалтерлік (қаржылық) есептеулердің анықтылығы туралы растауы жазылуы болады.

Аудиторлық қызметтің комиссиясымен ҚР Президентінің жанында № 1 протокол аудиторлық қызметте қолдану үшін рұқсатылып, ұсынылған «АҚ бухгалтерлік есептеуі туралы құрастыру реті».

Бұл құжатқа сәйкес АҚ:


  • Жағымды – аудитор, қаржылық есептің барлық маңызды аспектілері анық болатынын жазады.

  • Сәйкесінше жағымды – аудитор өзінің қаржылық есептің келіспеушілік фактілерін экономикалық субъектінің басшысымен бірге көрсетеді, жұмыста шек қоятын орын бар болғанын түсіндіреді, бөлек позицияларының есептеулерінде болған сенімсіздікті айтып, барлық қалған қаражаттық есептердің аспектілерінде қалған анықтылықтарды жазады.

  • Жағымсыз – жағымсыз қорытынды келіспеушілік немесе жұмысқа шек қою нәтижесінде, аудиторға қаражаттық есептің қорытындысын жасауына рұқсат етпеген жағдайда құрастырылады.

Аудитордың пікір айтуынан бас тартуға құқығы бар. Егер оның қаржылық есептің анықтығында сенбеушілігі болса, бірақ ол мүмкін болатын барлық процедураларды орындалатын болса. «Аудитолық қызмет туралы» заңға сәйкес, экономикалық субъект қызығушылығы бар адамдарға тек қана қорытынды бөлімді АҚ міндетті түрде пайдалануға береді. Аудитті өткізу барысында, аудиторлар, тексерушінің өз бетімен қорытынды есептің дайындалғанынын үздіксіз қызмет туралы жорамалдың барысынан көреді.

Егер аудирленетін тұлғаның қаржылық пен меншік жағдайында кемшіліктер болса,яғни келесі есептік кезеңнің кем дегенде 12 айдың ішінде өзінің міндеттерін атқаруында және де өзінің қызметін жүзеге асыруы мүмкіншілігінде күдіктер бар болса, онда бұл кемшіліктер орын алуының себебі бар.Аудиторларда қызметті тоқтаудағы күдіктер келесі жағдайда пайда болады:



  1. таза активтерінің тиімсіз мөлшері кезінде

  2. Аудирленген тұлғаның жағдайын сипаттайтын негізгі коэффициенттер мәнінің маңызды аутқуы кезінде

Негізгі қызметінен маңызды шығындар кезінде:

1)белгілі бір кезеңге дейін кредиторлық берешекті қайтарудың қабілетсіздігі

2) Маңызды өтім нарығының жоғалуы

3) соттық істі қарауда аудирленетін тұлға жауап беруші ретінде болады, соттың шешімі жауап беруші тұлғаның жағында болмаса , онда бұл шешім жүзеге асырылмайды.

4) тағы басқалары

Аудиторлық нәтижеде қызмет тоқтауының күдіктері көрсетілмесе де, бұл қолданушы үшін кәсіпорынның өзінің қызметін және де міндеттерін кем дегенде 12 айдың ішінде жалғастыратынының кепілі емес.

Егер аудиторда қызмет тоқталмауы туралы керекті құжаттардың тізімі болмаса, онда ол бұл мәселе жайында бухгалтерлік есеп беруде қарастырылуы қажет.
14.2 Аудиторлық нәтиженің құрылымы және оның түрлері
Аудиторлық нәтиженің, оның мазмұнынының мен формасының талаптары 6 стандартта белгіленген. Стандартқа сай аудиторлық нәтиже аудирленетін тұлғалардың есеп беруін қолданатын тұлғаларға арналған ресми құжат болып табылады, аудиторлық фирма немесе жеке аудитор бұл құжатты ҚР заңнамасы сәйкес есеп жүргізуі тиіс.

Сапалық қателер бұл – бухгалтерлік есеп жүргізудегі қателер

Сандық қателер бұл – сандық көрсеткіштердегі қателер.

Аудиторлық нәтиженің негізгі элементтеріне келесіні жатқызуға болады:



  • Аудитор туралы мәліметтер: атауы, құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны, орналасу жері, нөмірі мен куәліктің, мемлекеттік тіркеудің күні, нөмірі мен лицензияны беру күні;

  • Аудирленген тұлға туралы мағлұмат;

  • Кіріспе бөлімі

  • Аудит көлемін сипаттайтын бөлігі

  • Аудиторлық нәтиженің күні мен аудитордың қолы.

Ереже бойынша аудиторлық нәтиже аудирленген тұлғаның иесіне, директорлар кеңесіне арналған және т.б.

Аудиторлық нәтижеде белгілі бір есептік кезеңінде тексерілген есеп беру тізімі болу керек. Аудиторлық нәтижеде бухгалтерлік есепті жүргізу мен есеп беруді дайындау ,ұсыну жауапкершілігі аудирленетін тұлғаға түсетіні туралы өтініші және аудитордың жауапкершілігі пікірді білдіруде ғана екендігі көрсетілуі тиіс.

Аудиторлық нәтиже ҚР заңнамасын, стандартқа,ішкі стандарқа сай жүргізілуі тиіс, нәтижеде аудиттің алдын ала жоспарлаған мақсатымен емес, аудиттің нақты бұрмалаушылықтары жоқ екендігі туралы сеніммен жүргізілуі тиіс. Сонымен бірге нәтижеде аудиттің пікірді білдіру үшін жеткілікті негіз құрайтынын көрсету керек.

Нәтижеде аудирленетін тұлғада бухгалтерлік есепті жүргізудің принциптері мен тәсілдері нақты түрде көрсетілуі тиіс.Нәтижеде аудиттің жүргізілген күні көрсетілуі керек. Бұл қолданушыға аудитордың нәтижеде бұл күнге дейін жүргізілген операцияларды кіргізгенін көрсетеді. Аудиторлық нәтижеде аудиторлық ұйым басшының қолы мен аудитті жүргізген тұлғаның қолы болу тиіс.

Аудиторлық нәтижеге ҚР заңнамасына сәйкес күні көрсетілген, аудирленетін тұлғаның қолымен және мөрімен бекітілген есеп беру қосылуы керек.

Нәтиже мен есеп беру біртұтас пакетке жиналуы тиіс, беттері нөмірленген, пакеттегі жалпы беттер саны көрсетілген аудитордың мөрімен басылған болуы тиіс.

Қарастырылады:

А) мінсіз оң нәтиже және модифицирленген нәтиже

Егер аудитордың пікіріне ықпал етпецтін, бірақ белгілі бір жағдайда сатып алушының көңілін аудару мақсатымен аудиторлық нәтижеде көрсетілетін факторлар пайда болса нәтижені модифицирленген деп санайды.

Б) Кемшілігі бар пікірге, пікірден бас тартуға немесе теріс пікірге әкелетін аудитордың пікіріне ықпал ететін факторлар.

Аудиторлық пікірге ықпал етпейтін бөлім әдетте пікір көрсетілетін бөлімнен кейін қойылады. Аудитор келесі жағдайларда мінсіз оң пікір көрсетпеуі қажет:

а) аудит көлеміне шектеулер бар болса;

б) таңдалған есеп саясаты немесе оны қолданудың әдістемесі бойынша басшылықпен келіспеушіліктер бар болса, сонымен бірге есеп берудегі ақпараттың адекватты бөлінуі.

Көрсетілген жағдайлар

а) пікірмен келіспеушілікке немесе пікірді білдіруден бас тартушылыққа;

б) теріс көзқарасқа әкелуі мүмкін. Пікірден бас тартушылық келесі жағдайда орын алады: егер аудитор аудит көлемінің шектеуі тым айқын болғандықтан, есеп берудің растылығын айқындайтын пікірді білдіру үшін жеткілікті дәлелдемелерді ала алмаса.

Егер аудитор мінсіз оң пікірден өзгеше пікір білдірсе, онда ол нақты түрде осының барлық себептерін сипаттап, мүмкіндігінше есеп беруге табылған қателердің мүмкін ықпалының сандық бағасын беруі тиіс. Әдетте, бұл ақпарат пікір білдіру бөлімінің алдында тұратын бөлек бөлімде көрсетілуі тиіс.

ҚР Президенті қарамағындағы аудиторлық қызмет бойынша комиссиямен мақұлданған «Аудитті жүргізудің нәтижелері бойынша экономикалық субъекттің басшылығына аудитордың жазбаша ақпараты» ереже-стандартына сәйкес міндетті аудитті жүргізудің барлық жағдайларында аудиторлық ұйым осындай есеп беруді дайындауы тиіс.

Осы есеп берудің мақсаты – аудирленетін тұлға басшылығына бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйесіндегі кемшіліктері және аудиторлардың бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылауды жетілдіру бойынша кеңестері туралы ақпараттар жеткізу. Бұл есеп беруде міндетті түрде есеп берудің растылығына айқын ықпал ететін немесе ықпал ете алатын қателер мен бұрмалаушылықтар көрсетілуі тиіс.

Жазбаша ақпарат барлық нақты кемшіліктер туралы толық есеп беру ретінде қарастырыла алмайды. Ол тек қана тексеру барысында табылғандарына ғана арналады. Сонымен қатар жалпы тәртіпте табылған қателердің қайсысы нақты, ал қайсысы жоқ екені көрсетілуі тиіс.

Мінсіз оң пікірден, нәтижелеуде аудитордың осындай пікірге әкелген себептерінің толық ашылған дәлелдемелері болуы тиіс.

Жазбаша ақпарат келесі тұлғаларға ғана берілуі мүмкін:



  • келісім шартқа қол қойған тұлғаға;

  • келісім шартта осы ақпараттың тікелей алушысы ретінде көрсетілген тұлғаға;

  • егер аудиторлық ұйым келісім шартқа қол қойған тұлғамен қолы қойылған сәйкес жазбаша нұсқауды ұсынса, онда кез-келген басқа тұлғаға.

Жазбаша ақпарат кем дегенде 2 данада құрылады – аудирленетін тұлғаға және аудиторлфық ұйымға. Оны ол жұмыс құжаттамаларына қосады. Аудиторлық ұйымды өзгерту жағдайында, аудирленетін тұлға басшылығы жаңа аудиторлық ұйымға кем дегенде алдыңғы 3 қаржылық жылдың жазбаша ақпаратының көшірмесін ұсынуы міндетті.
Бақылау сұрақтары:

  1. Аудиттің жалпы жоспарын әзірлеу.

  2. Компьютерлік әрлеу жағдайындағы аудит.

  3. Аудиторлық пікір және оны құрау тәртібі.

  4. Бухгалтерлік есеп жүйесін (БЕЖ) бағалау мақсаты.


Өзін-өзі тексеру тест тапсырмасы:
1. ҚР-да аудиторлық қызмет уақытша ережелерімен айқындалады, ол ҚР Президентінің қаулымымен қашан бекітілген?

А)1993 ж. № 2263

Б)1995 ж. № 2263

С)1991 ж. № 2263

D)1997 ж.№ 2263

Е)1992 ж.№ 2263


2. Аудиторлық қызметтің комиссиясымен ҚР Президентінің жанында № 1 протокол аудиторлық қызметте қолдану үшін рұқсатылып, ұсынылған «АҚ бухгалтерлік есептеуі туралы құрастыру реті».

құжатқа сәйкес АҚ табыныз;

А) Жағымды – аудитор, қаржылық есептің барлық маңызды аспектілері анық болатынын жазады.

Б) Сәйкесінше жағымды – аудитор өзінің қаржылық есептің келіспеушілік фактілерін экономикалық субъектінің басшысымен бірге көрсетеді, жұмыста шек қоятын орын бар болғанын түсіндіреді, бөлек позицияларының есептеулерінде болған сенімсіздікті айтып, барлық қалған қаражаттық есептердің аспектілерінде қалған анықтылықтарды жазады

С) Жағымсыз – жағымсыз қорытынды келіспеушілік немесе жұмысқа шек қою нәтижесінде, аудиторға қаражаттық есептің қорытындысын жасауына рұқсат етпеген жағдайда құрастырылады.

D) дұрыс жауабы жок

Е) барлығы дұрыс
3. Аудиторларда қызметті тоқтаудағы күдіктер келесі жағдайда пайда болады:

А) таза активтерінің тиімсіз мөлшері кезінде

Б) Аудирленген тұлғаның жағдайын сипаттайтын негізгі коэффициенттер мәнінің маңызды аутқуы кезінде

С) Маңызды өтім нарығының жоғалуы

D) А, Б жауабы дұрыс

Е) барлығы дұрыс


4. Аудиторларда негізгі қызметінен маңызды шығындар кезінде

А) белгілі бір кезеңге дейін кредиторлық берешекті қайтарудың қабілетсіздігі

Б) Маңызды өтім нарығының жоғалуы

С) соттық істі қарауда аудирленетін тұлға жауап беруші ретінде болады, соттың шешімі жауап беруші тұлғаның жағында болмаса , онда бұл шешім жүзеге асырылмайды.

D) барлығы дұрыс

Е) дұрыс жауабы жок


5. Аудиторлық нәтиженің негізгі элементтеріне келесіні жатқызуға болады:

А) Аудитор туралы мәліметтер: атауы, құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны, орналасу жері, нөмірі мен куәліктің, мемлекеттік тіркеудің күні, нөмірі мен лицензияны беру күні;

Б) Аудирленген тұлға туралы мағлұмат;

С) Кіріспе бөлімі

D) Аудит көлемін сипаттайтын бөлігі

Е) Барлығы дұрыс

6. Аудитор келесі жағдайларда мінсіз оң пікір көрсетпеуі қажет:

А) аудит көлеміне шектеулер бар болса

Б) таңдалған есеп саясаты немесе оны қолданудың әдістемесі бойынша басшылықпен келіспеушіліктер бар болса, сонымен бірге есеп берудегі ақпараттың адекватты бөлінуі.

С) пікірмен келіспеушілікке немесе пікірді білдіруден бас тартушылыққа;

D) А,Б дұрыс

Е) А,С дұрыс


7. Жазбаша ақпарат келесі тұлғаларға ғана берілуі мүмкін:

А) келісім шартқа қол қойған тұлғаға;

Б) келісім шартта осы ақпараттың тікелей алушысы ретінде көрсетілген тұлғаға

С) егер аудиторлық ұйым келісім шартқа қол қойған тұлғамен қолы қойылған сәйкес жазбаша нұсқауды ұсынса, онда кез-келген басқа тұлғаға.

D) Барлығы дұрыс

Е) А , Б жауабы дұрыс


8. Аудиторлық нәтиженің, оның мазмұнынының мен формасының талаптары неше стандартта белгіленген?

А)3


Б)4

С)5


D)6

Е)7
9. АҚ (есептеу нәтижесі) неше бөлімнен тұрады?

А) 1

Б) 2


С) 3

D) 4


Е) 5
10. АҚ (есептеу нәтижесінің) 3 бөлімін көрсетіңіз

А) кіріспе, аналитикалық және қорытынды

Б) кіріспе, негізгі және қорытынды

С) аналитикалық негізгі және қорытынды

D) барлығы дұрыс

Е) дұрыс жауабы жок


11. Жазбаша ақпарат кем дегенде неше данадан құрылады?

А) 1


Б) 2

С) 3


D) 4

Е) 5
12. Жазбаша ақпараттың даналарын көрсет

А) аудирленетін тұлғаға және аудиторлық ұйымға

Б) аудиторлық ұйымнан және тұлға басшылығынан

С) аудирленетін тұлғаға және тұлға басшылығынан

D) барлығы дұрыс

Е) дұрыс жауабы жоқ

13. Аудиторлық ұйымды өзгерту жағдайында, аудирленетін тұлға басшылығы жаңа аудиторлық ұйымға кем дегенде қанша қаржылық жылдың жазбаша ақпаратының көшірмесін ұсынуы міндетті?

А) 1

Б)2


С)3

D)4


Е)5

Тарау15 Банк қызметінің қаржылық бақылауы мен аудиті



Мақсаты: банктік аудитінің міндеттері, түрлері және әдістерімен танысу
Жоспар:

15.1 Банк жүйесіндегі қаржылық бақылау мен аудиттің функциялары мен ұйымдастырылуы

15.2 Банк аудитінің түрлері мен әдістері
15.1 Банк жүйесіндегі қаржылық бақылау мен аудиттің функциялары мен ұйымдастырылуы
Аудиторлық қызметтің бір түрі болып банк аудиті табылады. ҚР «Банктер және банк қызметтері туралы» Заңына сәйкес коммерциялық банктердің қаржылық қызметі ҚР ҰБ-нің несиелік ұйымдардың бақылауы мен аудитін жүргізуге лицензиясы бар аудиторлық фирмамен (өз бетінше жұмыс істейтін аудитормен) жыл сайын аудиторлық тексеруден өтуі тиіс.

Аудиторлық тексеру жүргізудің міндеттері болып табылады, негізінен: аудиторлық тексеру барысында аудиторлық фирма (аудитор) қарастырады:

1. несиелік ұйымның жасайтын операцияларының ҚР ҰБ нормативтік актілері мен заңнамаға сәйкес болуын;

2. несиелік ұйымның жасайтын операциялары бойынша бухгалтерлік есеп пен есеп берудің жағдайын;

3. ҚР ҰБ бекітілген экономикалық нормативтердің орындалуын;

4. несиелік ұйымды басқару сапасы, соның ішінде ішкі бақылаудың жағдайы:

- несиелік ұйымның жасайтын операцияларының көлемдері мен түрлерін басқару құрылымының адекваттылығы (басқару органдарының шешім қабылдауға қатысу, басқарушылар арасында міндеттердің бөлінуі, құрылымдық бөлімшелер мен қызмет лауазымының нұсқаулары туралы ережелердің болуы);

- несиелік саясат пен несиелік қатерлерді басқару сапасын бағалау (несиелік комитеттің болуы; несиелік өтінішті қарастыру процедурасы; несие алушы туралы жеткілікті және қажетті ақпараттың болуы; ссуданың қамтамасыз етілуі, кепілдік міндеттемелердің дұрыс құрастырылуы; несиелердің уақытылы қайтарылуын бақылау, соның ішінде инсайдерлер және несиелік ұйымның қызметкерлерімен; ссудалардың мерзімін ұзартудың дәлелділігі; исктік жұмыстың қойылуы және жүргізілуі; ссудалар бойынша мүмкін айыруларға байланысты резервтердің толық түрде құрылуы);

- бағалы қағаз нарығында мамандырылған қызмет түрлері бойынша ішкі есеп пен есеп берудің жағдайы;

- бағалы қағаз нарығында несиелік ұйымның жасайтын операциялары кезіндегі қатерлерді басқару, бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты резервтің толық түрде құрылуы;

- бухгалтерлік есепте барлық операциялардың көрініс табуына және дәлелді есеп беруді дайындауға бақылауды ұйымдастыру; тексерулер мен ревизияларды жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; филиалдардың қызметіне бақылауды ұйымдастыру;

5. алдыңғы аудиторлық тексерудің ұсынымдарды орындау.


15.2 Банк аудитінің түрлері мен әдістері
Несиелік ұйымдарда аудиторлық қызметті регламенттейтін аудиторлық қызмет пен нормативтік құжаттар тәжірибесінде принципті түрде бір-бірінен бөлінетін бақылау мен аудиттің екі түрі ажыратылады – бұл ішкі және сыртқы аудит. Сыртқы бақылау мен аудит келісім шарт негізінде тәуелсіз аудиторлық фирмамен (аудитормен) бухгалтерлік есеп пен есеп беру жағдайының дәлелділігін объективті бағалау, сонымен қатар коммерциялық банктің қаржылық жағдайын жақсарту бойынша ұсынымдарды шығару, банк қызметінің тиімділігін жоғарлату мақсатымен жүргізіледі. Ішкі бақылау мен аудит банкте арнайы құрылған басқармаға тікелей бағынышты басқару аппаратының бөлімшелерімен жүзеге асырылады.

Ішкі бақылау мен аудит аудиторлық қызмет ережесіне (стандартына) сәйкес экономикалық субъектпен ұйымдастырылған, оның ұйым басқарушылары немесе иемденушілерінің қажеттіліктеріне сай қызмет атқаратын, ішкі құжаттар мен регламенттелген субъекттің қызмет атқаруының сенімділігіне және бухгалтерлік есеп жүргізудің орнатылған тәртібін орындауға ішкі бақылау жүйесі түрінде айқындалады. Сонымен, ішкі бақылау мен аудит экономикалық субъект құрылымының барлық салалары қызметінің тиімділігіне істі бақылау жүргізу жүйесі болуы тиіс.

Банктегі ішкі бақылау мен аудит келесі міндеттерді атқаруы тиіс:


  • орындалатын банктік және шаруашылық операциялар бойынша заңнама мен ҚР ҰБ нормативтік актілерінің қадағалануын тексеру;

  • бухгалтерлік есепті және есеп беруді жүргізу бөлігіндегі талаптардың қадағалануын тексеру;

  • банктің есептік саясаты талаптарының, еңбек ережелері мен нұсқаларына, банк басқармасы мен иемденушілер жарлықтары мен шешімдерінің қадағалануын тексеру;

  • басқарудың түрлі салалар қызметтерін тексеру;

  • банктің филиалдары мен бөлімшелерінде бақылау тексерілуін жүргізу;

  • жеке жағдайлардың арнайы тергеуін жүргізу, мысалы шамадан тыс қолданудан күдіктену;

  • бөлімшелер басшыларын, банк мамандары мен қызметкерлерін, құрылтайшыларын ұйымдастыру және басқару, құүқықтар, банк қызметін талдау және т.б. сұрақтар бойынша анықтамалау;

  • сыртқы бақылау мен аудит жүргізуге, сыртқы бақылаудың салықтық және басқа органдарымен тексеруіне дайындауды ұйымдастыру;

  • ішкі бақылау механизмі тиімділігін бағалауы және талдауын жүргізу, оның жетілдірілуі бойынша ұсынымдарды құрастыру.

Жоғарыда айтылғандай банк қызметінің сыртқы бақылау мен аудиті келісім (ақылы) негізінде ҚР ҰБ-ның осы қызметті жүзеге асыруы үшін сәйкес лицензиясын иеленетін арнайы аудиторлық ұйымдармен жүргізіледі. Сыртқы аудиторлық тексерудің мақсаты – банкпен заңнаманың орныдалу фактін бекіту, банктік есеп берудің дәлелділігін бекіту және банктің қаржылық-шаруашылық қызметінің талдауын жүргізу. Бірақ та ішкі және сыртқы бақылау мен аудиттің мақсаттары бөлек болса да, ішкі және сыртқы аудиторлық тексерулерді жүргізу әдістемесінде көп ортақ жағдайлар бар. Сонымен қатар ішкі бақылау мен аудит салмақты дәрежеде сыртқыны жүргізу үшін ақпаратттық база болып табылады.

Классификациондық белгілер көзқарасынан сыртқы бақылау мен аудиттің келесі түрлері ажыратылады: міндетті және инициативтік (өз еркімен); бастапқы және қайталанатын (периодтық); қаржылық, операциондық (басқарушылық) және талаптарға сәйкестік бақылауы мен аудиті; дәлелдейтін, жүйелі-бағытталған бақылау мен аудит және қатерге негізделген аудит.


Бақылау сұрақтары:

1. Банк аудитінің мақсаттары мен міндеттері.

2. Банк аудитінің түрлері мен әдістері.
Өзін-өзі тексеру тест тапсырмасы:

1. Аудиторлық қызметтің түрлерін атаңыз?

А) банк аудиті

В) сыртқы бақылау

С) ішкі бақылау

D) тікелей бақылау

Е) жанама бақылау
2. Аудиторлық тексерудің неше міндеті бар?

А) 1


В) 2

С) 3


D) 4

Е) 5
3. Бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты резерф қандай түрде құрылады?

А) толық түрде

В) ашық түрде

С) құжат түрінде

D) есеп түрінде

Е) дұрыс жауабы жоқ
4. Ішкі бақылау мен аудит аудиторлық қызмет ережесіне сәйкес қандай субъектпен ұйымдастырылады?

А) әлеуметтік

В) экономикалық

С) бухгалтерлік

D) есептік

Е) экологиялық


5. Бағалы қағаз нарығында мамандандырылған қызмет түрлері бойынша не болады?

А) ішкі есепп пен есеп берудің жағдайы

В) сыртқы есеп пен есеп берудің жағдайы

С) сыртқы бақылау мен аудит

D) ішкі бақылау мен аудит

Е) дұрыс жауап көрсетілмеген


6. Несиелік ұйымда аудиторлық қызметті регламенттейтін аудиторлық қызмет пен нормативтік құжаттар тәжірибесінде принципті түрде бір – бірінен бөлінетін бақылау мен аудиттың екі түрі ажыратылады, соларды атаңыз?

А) жанама және ішкі аудит

В) сыртқы және жанама аудит

С) ішкі және сыртқы аудит

D) тікелей және жанама аудит

Е) тікелей және сыртқы аудит


7. Банктегі ішкі бақылау мен аудиттің міндеттері нешеге бөлінеді?

А) 5


В) 6

С) 7


D) 8

Е) 9
8. Банкте арнайы құрылған басқармаға тікелей бағынышты басқару апппаратының бөлімшелерімен жүзеге асыратын бақылау мен аудит түрін атаңыз?

А) сыртқы бақылау мен аудит

В) ішкі бақылау мен аудит

С) жанама бақылау мен аудит

D) тікелей бақылау мен аудит

Е) көлденен бақылау мен аудит
9. Ішкі құжаттар мен регламенттелген субъекттің қызмет атқаруының сенімділігіне және бухгалтерлік есеп жүргізудің орнатылған тәртібі қандай түрде айқындалады?

А) сыртқы бақылау

В) іщкі бақылау

С) тікелей бақылау

D) жанама бақылау

Е) көлденен бақылау


10. Сыртқы аудиторлық тексерудің мақсатын атаңыз?

А) банк пен заңнаманың орындалу фактісін бекіту

В) банктің филиалдары мен бөлімшелерін бақылау

С) тексерулер мен ревизияларды жүргізу

D) барлық жауап дұрыс

Е) дұрыс жауап көрсетілмеген


11. Ішкі бақылау мен аудит салмақты дәрежеде сыртқыны қандай база арқылы жүргізеді?

А) әлеуметтік

В) экономикалық

С) бухгалтерлік

D) есептік

Е) ақпараттық


12. Классификациондық белгілер көзқарасынан сыртқы бақылау мен аудит түрлері нешеге бөлінеді?

А) 1


В) 2

С) 3


D) 4

Е) 5
13. Банк аудиті қандай қызмет түрі болып табылады?

А) аудиторлық

В) қаржылық

С) операциондық

D) несиелік

Е) базалық
14. Несиелік ұйымды басқару сапасы, сонын ішіндегі ішкі басқару жағдайы нешеге бөлінеді?

А) 1


В) 2

С) 3


D) 4

Е) 5
15. Классификациондық белгілер көзқарасына сыртқы бақылау мен аудит түрін атаңыз?

А) міндетті және инициативтік

В) бастапқы және қайталанатын

С) қаржылық, операциондық және талаптарға сәйкестік бақылау мен аудит

D) дәлелдейтін, жүйелі – бағытталған бақылау мен аудит және қатерге негізделген аудит

Е) барлық жауабы дұрыс

Тарау16 Инвестициялық қызметтің қаржылық бақылауы мен аудиті


Мақсаты: Инвестициялық қызметтің қаржылық бақылауы мен аудитінің мақсаттары және әдістемесімен танысу.
Жоспар:

16.1Қаржылық инвестицияларды аудиторлық тексерудің мақсаттары мен ақпараттың қайнар көздері

16.2 Қаржылық инвестицияны бағалау нақтылығының аудиті

16.3 Қаржылық инвестициялардың аудиті

16.4 Инвестициялар аудиті
16.1Қаржылық инвестицияларды аудиторлық тексерудің мақсаттары мен ақпараттың қайнар көздері
Қаржылық инвестиция аудитінің мақсаттары болып табылады:


  • Инвестицияның категорияларға классификациялауының дұрыстығы (қысқамерзімдік және ұзақмерзімдік);

  • Инвестицияны категориядан категорияға аударудың нақтылығы

  • Инвестиция бағалауының нақтылығын тексеру;

  • Қаржылық инвестиция құнының төмендеуінің қайтарымсыздығын зерттеу.

Инвестиция аудитінің ақпараттық базасына келесіні жатқызуға болады: кәсіпорынның есептік саясатын; бухгалтерлік балансты;негізгі кітабын; №12 журнал ордері және қаржылық инвестицияларды олардың түрлері және осы инвестициялар (бағалы қағазын сатушы кәсіпорындар; өнеркәсіп қатысушы болып cаналатын басқа да өнеркәсіптер) немесе машинограммаларда (компьютеризациялау кезінде) жүзеге асырылған объектілерінің есебі бойынша ведомосын;
16.2 Қаржылық инвестицияны бағалау нақтылығының аудиті
Қаржылық инвестиция есебінің маңызды бөлігі - оның бағалануы. Инвестицияларды бағалаудың әдістемесі 8 «Қаржылық инвестиция есебі», 14 «Тәуелді шаруашылық серіктестігіндегі инвестицияның есебі» бухгалтерлік есебінің стандарты бойынша анықталады.

«Қаржылық инвестиция есебі» бухгалтерлік стандартына сәйкес қаржылық инвестиция иемденуінің мерзімі бойынша келесі категорияларға бөлінеді :



  • қысқамерзімді қаржылық инвестициялар - иелену мерзімі 1жыл;

  • ұзақмерзімді қаржылық инвестициялар - иелену мерзімі 1 жылдан артық.

Қысқамерзімді қаржылық инвестициялар ағымды есепте және қаржылық есеп беруде ағымдағы құны мен сатып алу құнының төмен бағасы бойынша көрсетілуі тиіс.

Ұзақмерзімді қаржылық инвестициялар ағымдағы есепте және қаржылық есеп беруде сатып алу құны бойынша, қайтабағалауды қосқандағы құны бойынша, портфель негізінде анықталатын ағымдағы құны мен сатып алу құнының төмен бағасы бойынша көрсетілуі тиіс.




16.3 Қаржылық инвестициялардың аудиті
Қаржылық инвестиция аудиті негізінде аудитор келесіні тексереді:

  • қаржылық инвестициялардың классификациялаудың дұрыстығын, оған олардың бағаларының нақтылығы тәуелді;

  • қаржылық инвестицияның орналасуы сенімді тұлғадан инвентаризациялау арқылы олардың бар болуын анықтайды;

  • қаржылық инвестицияларды қайтабағалаудың себептері мен нәтижелері, және олардың есептегі оң көрінісі;

  • шығындарды алып тастағандағы (брокер мен дилердің қызметі) сатудан түскен табыс пен баланстық құнының арасындағы айырмашылықты қаржылық инвестициялардың шығып кетуі кезінде кіріс пен шығын қарастырылатынын;

  • егер қысқамерзімді қаржылық инвестициялар ағымдағы құны мен сатып алу құнның төмен бағасы бойынша есептелетін болса, онда ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды баланстық құны мен сатып алу құнының төмен бағасы бойынша қысқа мерзімділер категориясына аударуы жүзеге асырылатындығын;

  • егер олар бұрын бұл құнда көрсетілетін болса, онда қысқамерзімді қаржылық инвестицияларды баланстық құны мен сатып алу құнының төмен бағасы бойынша ұзақ мерзімділер категориясына аударуы жүзеге асырылатындығын;

  • бухгалтерлік есеп регистріндегі жазу тәртібінің дәлділігі мен уақтылығы;

  • есеп регистрі мен басты кітабының мәліметтері мен қалдығын салыстыру бойынша қаржылық инвестициялардың бухгалтерлік баланста көрсетілуінің дұрыстығын;


16.4 Инвестициялар аудиті
Бухгалтерлік есеп шотының типтік жоспарында инвестицияларды есептеу үшін шоттардың «Инвестициялар» баптарын жатқызуға болады: «Еншілес серіктестіктерге инвестициялар», «Тәуелді серіктестіктерге инвестициялар», «Бірге бақылауға алынатын заңды тұлғаларға инвестициялар», «Басқалар».

Бақылауды қамсыздандырылатын инвестицияларға жарғылық капиталдағы 50% артық инвестицияларды және субъектілердің иелігіндегі 50% артық дауыс беретін акцияларды жатқызылады. Бақылауға алынатын субъектілер инвестор үшін еншілес заңды тұлғалар болып табылады.

«Тәуелді шаруашылық серіктестігіндегі инвестицияның есебі» бухгалтерлік есебінің стандартына сәйкес заңды тұлғалардың жарғылық капиталының 20-50% инвестордың салымы құрайтын болса немесе оның дауыс беретін акциялардың 20-50% инвестордың иелігінде болса, онда заңды тұлғалар инвесторлар үшін тәуелді тұлғаларға айналады.

Аудиторға келесілерді анықтау қажет:



  • инвестициялардың еншілес немесе тәуелді серіктестіктерге қатыстылығын, сонымен қатар бірге бақылауға алынатын заңды тұлғалардың инвестордың айналымға түспейтін активтеріне қатыстылығын, өйткені бұл инвестициялар айналымға ұзақ мерзімде қатыспайды, және бұл көрсеткіштердің қаржылық есеп беруге дұрыс енгізілуін;

  • еншілес, тәуелді және бірге бақылауға алынатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына акциялар мен салымдарды иелену, сонымен қатар қайта бағалау негізінде еншілес және тәуелді серіктестіктердің таза активтеріндегі инвестор үлесінің өзгеруімен байланысты инвестициялардың ұлғаюы «Инвестициялар» бабының шоттарындағы дебет жағы бойынша есептелуін;

  • инвестициялардың шығуы немесе басқа да жүзеге асырулар кезінде инвестициялардың баланстық құнын есептен шығару инвестициялар бабының шоттарындағы кредит жағы бойынша көрініс табуын;

  • инвестицияларды есептеу кезінде қандай тәсілдерді қолдану керектігін: а) үлестік қатысу тәсілі; б) құн тәсілі

  • субъекттің инвестицияларды есептеу және бағалау бойынша таңдаған тәсілінің есептік саясатта белгіленуін.


Бақылау сұрақтары:

  1. Аудит бағыты мен сатып алу шоттарының байланысы.

  2. Сатып алу аудиті кезіндегі ақпараттың қайнар көздері.

  3. Қаржылық есеп берудің сатып алулар цикілінің шоттар дұрыстылығының критерийлері.

  4. Бақылау көздерін тестілеу.

  5. Аудиттің ақпараттық базасына негізгі талаптары.


Өзін-өзі тексеру тест тапсырмасы:


  1. Қаржылық инвестиция есебінің маңызды бөлігі ...... болып табылады?

А) сараптануы

В) бақылануы

С) бағалануы

D) саралануы

Е) дұрыс жауабы жоқ


  1. Инвестицияларды бағалаудың әдістемесі бухгалтерлік есебінің қандай стандарттары бойынша анықталады?

А) 5 «Қаржылық инвестиция есебі», 11 «Тәуелді шаруашылық серіктестігіндегі инвестицияның есебі»

В) 6 «Қаржылық инвестиция есебі», 10 «Тәуелді шаруашылық серіктестігіндегі инвестицияның есебі»

С) 4 «Қаржылық инвестиция есебі», 12 «Тәуелді шаруашылық серіктестігіндегі инвестицияның есебі»

D) 8 «Қаржылық инвестиция есебі», 14 «Тәуелді шаруашылық серіктестігіндегі инвестицияның есебі»

Е) 10 «Қаржылық инвестиция есебі», 15 «Тәуелді шаруашылық серіктестігіндегі инвестицияның есебі»


  1. 8 «Қаржылық инвестиция есебі» бухгалтерлік стандартына сәйкес қаржылық инвестиция иемденуінің мерзімі бойынша келесі категорияларға бөлінеді :

А) қысқамерзімді және ұзақмерзімді

В) ұзақмерзімді және ортамерзімді

С) қысқамерзімді және ортамерзімді

D) қысқамерзімді,ұзақмерзімді және ортамерзімді

Е) В және С жауаптары дұрыс


  1. Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың иелену мерзімі?

А) 1,5 жылдан артық

В) 2 жыл


С) 1 жылдан артық

D) 1,5 жыл

Е) 1 жыл



  1. Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың иелену мерзімі?

А) 1,5 жылдан артық

В) 2 жыл


С) 1 жылдан артық

D) 1,5 жыл

Е) 1 жыл


  1. Ағымды есепте және қаржылық есеп беруде ағымдағы құны мен сатып алу құнының төмен бағасы бойынша көрсетілуі тиіс қандай қаржылық инвестициялар?

А) ұзақ мерзімді

В) орта мерзімді

С) орта және ұзақ мерзімді

D) қысқа мерзімді

Е) А және Д жауптары дұрыс


  1. Ағымдағы есепте және қаржылық есеп беруде сатып алу құны бойынша, қайтабағалауды қосқандағы құны бойынша, портфель негізінде анықталатын ағымдағы құны мен сатып алу құнының төмен бағасы бойынша көрсетілуі тиіс қандай қаржылық инвестициялар?

А) ұзақ мерзімді

В) орта мерзімді

С) орта және ұзақ мерзімді

D) қысқа мерзімді

Е) А және D жауптары дұрыс


  1. Бухгалтерлік есеп шотының типтік жоспарында инвестицияларды есептеу үшін шоттардың қандай баптарын жатқызуға болады?

А) «Қысқа мерзімді инвестициялар»

В) «Ұзақ мерзімді инвестициялар»

С) «Қысқа және ұзақ мерзімді инвестициялар»

D) «Инвестициялар»

Е) дұрыс жауабы жоқ



  1. Қаржылық инвестиция иемденуінің мерзімі 1 жыл болған жағдайда қандай категорияға жатады?

А) ұзақ мерзімді

В) орта мерзімді

С) орта және ұзақ мерзімді

D) қысқа мерзімді

Е) А және D жауптары дұрыс


  1. Қаржылық инвестиция иемденуінің мерзімі 1 жылдан артық болған жағдайда қандай категорияға жатады?

А) ұзақ мерзімді

В) орта мерзімді

С) орта және ұзақ мерзімді

D) қысқа мерзімді

Е) А және D жауптары дұрыс
11. Бақылауға алынатын субъектілер инвестор үшін еншілес қандай тұлғалар болып табылады?

А) жеке тұлға

В) заңды тұлға

С) жеке және заңды тұлғалар

D) А және В жауаптары дұрыс

Е) дұрыс жауабы жоқ




  1. «Тәуелді шаруашылық серіктестігіндегі инвестицияның есебі» бухгалтерлік есебінің стандартына сәйкес заңды тұлғалардың жарғылық капиталының 20-50% инвестордың салымы құрайтын болса немесе оның дауыс беретін акциялардың 20-50% инвестордың иелігінде болса, онда заңды тұлғалар инвесторлар үшін қандай тұлғаларға айналады?

А) тәуелсіз

В) еншілес

С) тәуелді

D) тәуелді және тәуелсіз

Е) дұрыс жауабы жоқ


  1. Қаржылық инвестиция аудитінің мақсаттары нешеге бөлінеді?

А) 3

В) 5


С) 6

D) 2


Е) 4



  1. Қаржылық инвестиция иемденуінің мерзімі бойынша қысқа және ұзақмерзімді категориялар қандай бухгалтерлік стандартына сәйкес бөлінеді ?

А) 6 «Қаржылық инвестиция есебі

В) 9 «Қаржылық инвестиция есебі

С) 7 «Қаржылық инвестиция есебі

D) 8 «Қаржылық инвестиция есебі

Е) 10 «Қаржылық инвестиция есебі


  1. Ұзақмерзімді қаржылық инвестициялардың иелену мерзімі?

А) 1 жыл

В) 2 жыл

С) 2,5 жыл

D) 6 ай


Е) дұрыс жауабы жоқ

Ұсынылған әдебиеттер тізімі
Негізгі:

  1. Адамс Р. Основы контроля и аудита. Пер. – М.: Аудит, ЮНИТИ, 1995г.

  2. Аудит: Учебник для вузов / Под ред.проф. В.И.Подольского. – М.: ЮНИТИ-Дана, 2000г.

  3. Андреев В.Д. и др. Практикум по аудиту: Учебное пособие – М.: Финансы и статистика,1999г.

  4. Аренс А. Лоббек Дж. Контроль и аудит – М. : Финансы и статистика ,1995г.

  5. Барышников Н.П. Организация и методика проведения общего контроля и аудита. М.: Иид Филинь, 1998.

  6. Венедиктова В.Н. Ревизия и контроль в акционерных обществах и товариществах .- М. Институт новой экономики, 1995.

  7. Мельников В.Д., Ильясов К.К.Финансы. – Алматы : Экономика, 1997г.

  8. Радостовец В.К. Бухгалтерский учет на предприятии. –Алматы: ЦентрАудит-Казахстан, 1998.

  9. Шохин С.О, Воронина Л.М. Бюджетно-финансовый контроль и аудит. М. Финансы и статистика, 1997.

  10. Лабынцев Н.Т. Стандарты аудиторской деятельности: Учебное пособие.- М. Издательство «Приор», 2000.


Қосымша:

  1. МЭН Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі

  2. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы Заңы» 1998 жылғы 2 шілде

  3. «Мемлекеттік қызмет туралы Заңы» 1999 жылғы 23 шілде

  4. Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын бекіту туралы» Жарлығы

  5. Қаржылық бақылау комитеті туралы ереже Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 202 бұйрығы

  6. Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2007 жыл 24 сәуір N 303

  7. Жеке кәсіпкерлік туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2006 жыл 31 қантар № 124

  8. Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 2 наурыздағы N 235 Қаулысы

  9. Аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасы 1998жылы 20 қарашадағы № 304-1 Заңы

  10. Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде

ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң  136-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫСЫ

  1. Указ президента РК, имеющий силу закона «О бухгалтерском учете» от 26.12.95г.

  2. Международные стандарты контроля и аудита. – Алматы: ЮСАИД – «Карана», 2000г.

  3. О платежах и переводах денег. – Закон РК от 29 июня 1998г.

  4. Об упорядочении государственных и надзорных функций. – Указ президента РК от 7 сентября 1999г. №205.

  5. О стандартизации. Закон РК от 16 июля 1999г. №433-1.

  6. О сертификации. – Закон РК от 16 июля 1999г.№434-1.

  7. Правила проведения хозяйствующих субъектов, подлежащих проверке налоговыми органами. – Приказ Мингосдоходов РК № 1308 от 29 октября 1999г.

  8. Об утверждении правил «О порядке представления и регистрации документов первичного учета проверок деятельности малого предпринимательства». – Приказ Генеральной прокуратуры РК № 83 от 29 сентября 1999г.



Тобылов Қуаныш Тобылович


Даулетбаев Балға Тобылұлы


ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ АУДИТ

Оқу құралы

Формат 60х84⅛. Бумага офсетная № 1.

Гарнитура Times New Romen.

8,6 усл.п.л. Печать офсетная. Тираж ___ экз

Заказ № ___. Цена договорная.

Отпечатано с готовых файлов заказчика

в типографии КГУ им. А.Байтурсынова

110000, г. Костанай, ул. Байтурсынова, 47



тел. 8(7142) 51-11-19




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет