Танымал қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман Оспанов UFC-дегі екінші жекпе-жегін өткізеті Асу Алмабаевтың чемпиондыққа жету мүмкіндігі мол екенін айтты. Бұл туралы спортшы арнайы Stan.kz ақпарат агенттігіне мәлімдеді.

Фото: Arlan MMA

“Сұңқар” лақап атымен танылған спортшы Асу Алмабаевтың босаңсымай, қатаң тәртіппен жаттықса, жақсы жетістіктеріне көрінетініне сенімді. 

“Асу Алмабаев қазір жақсы келе жатыр. Ешнәрсе алаңдамай, дәл осы қарқынмен жаттығуын тоқтатпаса, ұзаққа барады. Қазақта той-томалақ көп қой, сондай нәрседен аулақ болып, көп қызық қуып кетпеу керек. Өз басымнан өткендіктен айтып жатырмын. Барлық назарды тек жаттығуға қойып, темірдей тәртіпті ұстану керек. Сөзсіз, бұл қағида өз жемісін беретіні анық” – деді жауынгерлік самбодан үш дүркін әлем чемпионы. 

"Қызықтыратындай ұсыныс болса, төбелесуге дайынмын": Арман Оспанов шаршы алаңға қашан оралатыны туралы пікір білдірді

Айта кетейік, Асу Алмабаев 10 наурыз жылдың ең үздік турнирі саналатын UFC 299 турнирінде америкалық Си Джей Вергараға (12-4-1) қарсы жұдырықтасады.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.