Төлем карточкаларын пайдалана отырып, қолма-қол жасалмайтын есеп айырысулардың дамуы туралы



жүктеу 21.58 Kb.
Дата13.05.2019
өлшемі21.58 Kb.


Төлем карточкаларын пайдалана отырып, қолма-қол жасалмайтын есеп айырысулардың дамуы туралы

Тургаева А.М., «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Қарағанды филиалының экономикалық талдау және статистика бөлімінің жетекшi маман - экономисі.
2015 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша төлем карточкаларын шығаруды іс жүзінде 26 банк және «Қазпочта» АҚ жүзеге асырады..

Аталған ұйымдар халықаралық жүйелердің төлем карточкаларын шығарады және таратады (олардың үлесі – 93,5%): VISA International, MasterCard Worldwide, American Express International және UnionPay International. Бұдан басқа Қазақстан банктері жергілікті жүйелердің төлем карточкаларын шығарады: Altyn Card – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ; SmartAlemCard – «Казкоммерцбанк» АҚ және Ситибанк Қазақстан жергілікті карточкасы - «Ситибанк Қазақстан» АҚ.

2015 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша банктер 16,7 млн. төлем карточкаларын шығарды, ал бұл карточкаларды ұстаушылар саны – 14,6 млн. адам болды (2014 жылғы осындай күнгі жағдаймен салыстырғанда – тиісінше 1,9% және 2,5% азаю). Ең қолайлы таралған карточкалар дебеттік карточкалар болып табылады, олардың үлесі 78,6%, кредиттік карточкалардың үлесі – 15,3%. Кредиттік лимиті бар дебеттік карточкалардың және алдын ала ақысы төленген карточкалардың үлесіне тиісінше 2,0% және 4,0% сәйкес келеді.

2015 жылғы қазанында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған транзакциялардың көлемі 710,2 млрд. теңге болды (2014 жылғы қазан айымен салыстырғанда өсу 3,2%). 2015 жылғы қазан айында транзакциялар саны 23,3 млн. транзакция болды және 2014 жылғы қазан айымен салыстырғанда 11,5% ұлғайды. Бұл ретте қолма-қол жасалмайтын төлемдер санының және сомасының өсуі 33,2% (транзакциялардың саны 7,5 млн. транзакция болды) және 13,1% (транзакциялардың көлемі 94,0 млрд. теңге болды), ал қолма-қол ақшаны алу бойынша операциялардікі тиісінше 3,6% (транзакциялардың саны 15,9 млн. транзакция болды) және 1,9% (транзакциялардың көлемі 616,3 млрд. теңге) болды.

Қолма-қол жасалмайтын төлемдердің негізгі үлесі POS-терминалдар (қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы санынан және көлемінен 55,7% және 66,1%) және банкоматтар (тиісінше 17,3% және 16,1%) арқылы жасалды. Қолма-қол ақшаны беру операциялары негізінен банкоматтар арқылы жасалды (қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялардың жалпы санынан және көлемінен 95,8% және 86,2%).

Қарағанды облысы бойынша 2015 жылғы 1 қарашадағы жағдай төмендегідей:

- Айналымдағы карточкалар саны – 1163,3 мың бірлік.

- Карточка ұстаушыларының саны – 1040,1 мың адам.

- Қолданылған карточкалардың саны – 626,8 мың бірлік.

- POS – терминалдар саны – 5661 дана.

- Банкоматтар саны – 728 дана.

- Сауда кәсіпорындарының саны – 3421 бірлік.

- Банк киоскілерінің саны – 145 дана.

- Төлем терминалдарының саны – 1614 дана.

2015 жылдық қазан айында қолма-қол жасалмайтын есеп айырысулары 205,4 мың транз. сомасы 2836,3 млн. теңге, қолма-қол ақшаларды беру операцияларының саны 1377,7 мың транз. сомасы 49304,6 млн. теңге.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> География пәнінен облыстық олимпиада
2015 -> Сыздыкова Гульжанар Каримовна карабаева Самал Сериковна Исетова Венера Мухаметжановна Список граждан, допущенных к собеседованию на объявленный конкурс
2015 -> Ибраев Жомарт Омашұлы; Результат конкурса по осуществлению отбора кандидатов на занятие
2015 -> Географиядан теориялық тур сұрақтары ( 9 сынып) Аудандық олимпиада 2014 – 2015 оқу жылы
2015 -> Биографическая справка
2015 -> Bala Turkvizyon 2015» Түрік әлемі әндерінің Ұлттық іріктеу турының ережесі Байқауды ұйымдастырушылар: «Bala Turkvizyon 2015» Ұлттық Түрік әлемі әндері байқауының (ары қарай Байқау) ұйымдастырушылары «rimas televiziyon Radyo Produksyon A


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет