Ақпан айында жаңбырдың мол жаууына байланысты еліміздің оңтүстігі мен шығысында су тасқыны күтілуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

"Қазгидромет" ақпан айында күн жылыса, таулы аймақтарда жағдай қиындайтынын айтады. Толассыз жауған жаңбыр тау басында жиналған қарды ерітіп, көршілес елдімекендерге қауіп төндіруі мүмкін.

Синоптиктер қауіпсіздік мақсатында бассейндерге су қорын жинап жатқанын мәлімдеді. Дегенмен ауа температурасы көтеріліп, онымен қоса жаңбыр тоқтамаған күндері таулы аймаққа барудан сақ болу керек екенін ескертеді.

Шығыс Қазақстанда облыс әкімінің бұйрығымен облыс аумағында 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап су тасқыны кезеңіне жоғары дайындық режимі енгізілді. Облыста су тасқыны қаупі бар 71 елді мекен бар. Құтқарушылар үйлерді аралап, су басу қаупі төнген халыққа нұсқаулық бермек.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.