Тайванда президент және парламент сайлауы өтіп жатыр. Ел президенттігіне негізгі үміткерлер – Демократиялық прогрессивті партия атынан қатысқан қазіргі вице-президент Лай Циндэ мен консервативтік партия атынан Гоминьдан Хоу Юи. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Сурет: Reuters

Негізгі екі үміткерден бөлек Тайвань президенттігіне үшінші үміткер бар, ол – Кэ Вэньчжэ. Елде 24 миллион халық, оның ішінде дауыс беруге құқылы 19,5 миллион адам екен. Бюллетеньдерді қолмен санағаннан кейін алғашқы нәтиже 13 қаңтарда кешке хабарлануы керек.

Парламентте 113 орын бар. Бір мандатты округ депутаттарына оның 73-і бөлінген, 34 депутат жалпыұлттық сайлау арқылы таңдалса, 6 орын аралдың байырғы тұрғындарына арналған.

Парламенттегі орынға Тайванның 16 саяси партиясының өкілдері таласып жатыр. Көп дауыс жинаған үміткер президент сайлауының жеңімпазы атанады, екінші тур болмайды. Тайвань президенті төрт жыл мерзімге сайланады және тек бір рет қана қайта сайлауға түсу мүмкіндігі бар.

Алдын ала есеп бойынша 64 жастағы Лай Циндэ алда келе жатыр, оған 1 миллион адам дауыс берген. Ал қарсыластарына 850 мың және 770 мың сайлаушы дауыс беріпті. 

Қытай бұл сайлауды “бейбітшілік немесе соғыс” арасындағы таңдау деп атаған. Сондай-ақ халықты “дұрыс таңдау жасауға шақырып”, Демократиялық прогрессивті партияға қарсылық танытқан. Соңғы тәулікте ғана аралға 8 Қытай ұшағы мен 6 әскери кеме жақындапты. Қытай әскерін жақындата түскенімен, нақты қимылға әзірге көшпеді. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.