Төрағасының 2018 жылғы № бұйрығына 2-қосымша


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ



жүктеу 0.6 Mb.
бет2/4
Дата21.04.2019
өлшемі0.6 Mb.
1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ


СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

МАГИСТРАЛДЫҚ ҚҰБЫР ЖОЛДАРЫ
МАГИСТРАЛЬНЫЕ ТРУБОПРОВОДЫ


1

ҚОЛДАНУ САЛАСЫ





1.1 Осы нормалар болат магистралдық құбыр жолдарыды жаңадан жобалау, кеңейту және қайта құру кезінде және олардан номиналды диаметрі DN 1400 миллиметров (бұдан әрі – мм) дейін және ортаның қысымы 1,2 мега Паскаль (бұдан әрі – МПа) жоғары, 10 МПа дейінгі құбырды жекелеп тармақтану кезінде немесе техникалық дәлізде қою кезінде таралады.

1.2 Осы құжат магистралдық құбыр жолдарыдың сызықтық бөліктерін жобалау нормаларын анықтайды.

    1. Қалалар мен басқа да елді мекендерге, теңіз акваторяларына және өнеркәсіптерге төселетін құбырларды, сондай ақ құбырлардың метталына коррозиялы әсер ететін немесе алу 40 градус Цельсий (бұдан әрі - °С) температурадан төмен салқындатылған газ, мұнай, мұнай өнімдерін және өртелген көмірсутек газдарын тасымалдауға тағайындалған құбырларды жобалау және салуға осы нормалар қолданылмайды.

2

Нормативтік сілтемелер


Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін келесі сілтемелік заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілер керек:

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексі.

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңы.


Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген «Электр қондырғыларын орнату қағидалары». Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелді (бұдан әрі - Электр қондырғыларын орнату қағидалары).



3

ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР


Осы құрылыс нормаларында тиісті анықтамалары бар келесі терминдер қолданылады:

    1. айдап қотару станциясы - магистральдық мұнай өнімі құбырының объектісі, оның құрамына магистральдық мұнай өнімі құбыры бойынша мұнай өнімдерін қабылдау, жинақтау, есепке алу және айдап қотаруға арналған ғимарттар, құрылыстар мен құрылғылар кешені кіреді.

    2. анодты жерге тұйықтау - қорғанау тоғының жерге ағуын қамтамасыз ететін құрылғы.

    3. байпас - технологиялық құрылғының кірісі мен шығысын байланыстырып тұратын тиекті-реттеуіш арматуралы, және айдап қотарылатын өнім ағымын толығымен немесе оның бөлігін осы құрылғы бойынша айналымға жіберуге, оның ішінде қызмет көрсету кезінде немесе құрылғы тоқтап қалған кезде өнімді құрылғыдан шығаруға арналған құбыр.

    4. бөлектеуші жалғастырғыш - құбырдың электрикалық үздңксіздігін бұзатын құбырдың екі учаскесі арасындағы қосымша.

    5. біріктіріп қорғау блогы - әр түрлі электрикалық көрсеткіштері бар екі және одан да көп жерасты коммуникацияларын біріктіріп қорғау кезінде қорғаныс тоғын өлшемі және бағыты бойынша реттеуді қамтамасыз ететін құрылғы.

    6. вантуз - зауытта жасалған құбыр жүйесінің бөлімдері арқылы құбырға жалғастырылған зауытта жасалған құрылғы, ол өнімді (су, мұнай, мұнай өнімдері) айдап шығару-жүктеп алуға, жоспарлық және апаттық жұмыстарды орындау кезінде құбырға ауаны жіберуге және/немесе құбырдан газдыауалы қоспаны шығаруға тағайындалған.

    7. дренажды кабель - тұрақты ток көзінің алу клеммасын құбырмен (катодты дренажды кабель) және қосу клеммасын – анодты жерге тұйықтаумен (анодты дренажды сызық) байланыстыратын өткізгіш.

    8. дренажды қорғанысты орнату: құбырдан тоқты бұруды (дренаж) жерге немесе қаңғыма тоқтарға жүргізуді қамтамасыз ететін дренаж және дренажды желіден тұратын құрылғылар кешені.

    9. дренаж нүктесі - электрохимиялық қорғау кезінде құбырдан тоқты бұру орыны.

    10. жалғастыру бөлшектері - құбыр осінің бағытын өзгертуге, ондан тармақ шығаруға, оның диаметрін өзгертуге арналған құбыр элементтері.

    11. жалғастыру бөлшектері - құбыр осінің бағытын өзгертуге, одан тармақ бөліп шығаруға, оның диаметрін өзгертуге, оның қабырға қалыңдығы мен аңылаусыздығын өзгертуге арналған құбыр элементтері (бұрма, құбыр жүйесінің бөлімдері, ауысым, ауысым сақинасы, түп).

    12. жерге тұйықтау кедергісі - жерге тұйықталған электрод (электродтар) кедергісі, оның құрамына жердегі ағу токтарының кедергісі және электрод-грунт шекарасындағы байланыс кедергісі кіреді.

    13. жобалық қорғанысты орнату - бірнеше параллель жұмыстайтын протекторлардан тұратын қондырғы.

    14. жұмыс қысымы - жоба бойынша алдын ала қарастырылған құбырдың барлық стационарлы жұмыс режимдерінде құбырдың берілген нүктесіндегі ең көп артық қысым.

    15. иілгіш құбырдың бүгілуі - бұрмаларды қолданбастан құбыр осінің бағытын өзгерту (вертикалды немесе горизонталды жазықтықта).

    16. катодты қорғаныс - құбырдың жалаңаштанған учаскелерінің потенциялын теріс мағыналы мәндерге қарай қозғау арқылыкКоррозиялық үрдіс жылдамдығын тоқтату.

    17. катодты станция - құбырдың сыртқы тоқпен катодты поляризациялауға арналған ғимараттар мен жабдықтар кешені.

    18. кедергілер -табиғи кедергілер – өзендер, су қоймалары, каналдар, көлдер, тоғандар, бұлақтар, ағыстар мен шалшықтар, жыралар мен сайлар; жасанды кедергілер – темір және автокөлік жолдары, электр беру желілері, әр-түрлі қиылысатын құбырлар, байланыстар.

    19. кезбе тоқтар - тұрақты немесе ауыспалы кернеудің жат көздерінің (электрлендірілген транспорт, пісіру агрегаттары, жат ғимараттарды ж.т.б. электрохимиялық қорғау құрылғылары) жұмыстауы (электрохимиялық қорғалатын объект тоқтарына салыстырғанда) нәтижесінде пайда болатын өздеріне тағайындалмаған тізбектер бойынша ағатын жердегі тоқтар.

    20. компенсатор - берілген қисықтығы бар арнайы конструкция немесе құбыр учаскесі, ол температураның ауысуын қабылдауға тағайындалған.

    21. компрессор станциясы - магистральдық газ құбырының объектісі, оның құрамына магистральдық газ құбыры бойынша газды қабылдау және айдап қотаруға арналған ғимарттар, құрылыстар мен құрылғылар кешені кіреді.

    22. қабырға қалыңдығы -

номинальдық – МемСТ, ТШ және құбыр спецификацияларында көрсетілген;

есептік – төзімділікке есептеумен анықталады;

минимальдық – номинальдық минус құбыр қабырғасының жуандығына

жіберу.


    1. қорғанысты жерге тұйықтау - электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен орындалатын жерге тұйықтау.

    2. қорғаныс зонасы - құбырдың қорғаныс потенциалдары қамтамасыз етілген бөлігі.

    3. қорғаныс қабаты - құбырдың сыртқы немесе ішкі бетін сыртқы немесе ішкі ортадан оқшаулап тұратын конструкция.

    4. қоршаған орта - табиғи орта, табиғи және табиғи-антропогендік объектлер, сонымен қатар антропогендік объектлер кешенінің жиынтығы.

    5. қоршаған ортаға әсер етуін бағалау - жоспарланған шаруашылық немесе басқа қызметті жүзеге асыру мүмкін немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдау мақсатында сол қызметтердің қоршаған ортаға әсер етуінің тура және жанама салдарын анықтау, талдау және есепке алу қызметінің түрі.

    6. қорғаныс потенциалы - коррозиялық үрдісті тоқтатуды қамтамасыз ететін катодты потенциал.

    7. құбырдың ауалық (балочный, вантовый) - жасанды немесе табиғи кедергілер арасынан төселген жер үсті құбырының учаскесі.

    8. құбырды балансқа келтіру - трассаның суландырылған бөліктеріндегі құбырлардың жобалық жағдайын қамтамасыз ететін құрылғыны құбырға орнату.

    9. құбырдың жерасты өткелдері - жасанды немесе табиғи кедергілерден өтетін құбырдың жерасты учаскесі.

    10. құбырдың жоспарлық өткізу қабілеттігі - айдап қотарылатын өнімнің жобалық көрсеткіштері (тұтқырлығы, тығыздығы) кезінде жылдық уақыт қоры ішінде құбыр өткізуге тиіс өнімнің берілген көлемі.

    11. құбырдың суасты өткелі - өзен немесе су сабасының ені 30 м (газ құбырлары үшін) және оданда жоғары немесе ені 10 м жоғары (мұнай құбырлары үшін) және тереңдігі 1,5 м жоғары суат арқылы төселген құбыр учаскесі.

    12. құбырды тереңдету - құбырдың жоғарғы бетінен жердің бетіне дейінгі ара қашықтық; балласт болған жағдайда – жер бетінен балластайтын констукциядың жоғарғы бетіне дейінгі ара қашықтық.

    13. қысым толқындарын тегістеу жүйесі - ауыспалы үрдіс кезінде аралық мұнай айдау станциясы (бұдан әрі – МАС) кірісінде қысымның көбею жылдамдығын төмендетуді жүзеге асыратын жабдықтар мен ғимараттар кешені.

    14. құбыр трассасы - құбыр осінің орналасуы, ол оның проекция жерінде горизонтальды және вертикальды жазықтықпен анықталады.

    15. құбыр (учаске) категориясы - құбырдың мықтылығы мен сынау қысымының өлшеміне қойылатын талаптарды анықтайтын құбырдың (учаскенің) сипаттамасы.

    16. лупинг: негізгі құбырмен параллель төселген және магистральдық құбырдың өткізу қабілетін көбейту мақсатында негізгі құбырмен байланыстырылған құбыр.

    17. магистральдық құбыр - техникалық регламенттердің және ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін өнімнің қауіпсіз тасымалдануын қамтамасыз ететін желілі бөліктен және объектілерден тұратын бірыңғай өндірістік-технологиялық кешен.

    18. магистралдық құбыр жолдарының жасанды кедергілерден өтуі - автожолдар немесе темір жолдар, немесе су қоймасы, немесе каналмен қиылысатын және оның күзет зонасында орналасқан құбыр учаскесі.

    19. магистралдық құбыр жолдарының табиғи кедергілерден өтуі - өзен, канал, жыра, шалшық учаскелерімен қиылысатын құбыр учаскесі.

    1. магистральдық құбырдың сызықтық бөлігі - тікелей көліктік өнімді жүзеге асыратын жер асты, жер төле, жер беті, жер үстіндегі құбырлар.

    1. магистральдық құбырдың күзет зонасы - құбыр трассасының бойындағы және оның технологиялық объектлері айналасындағы территория, ол Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңымен анықталған тәртіппен жерді пайдаланудың ерекше шарттары анықталатын көрсетілген құбырлар мен объектлерді экплуатациялау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті.

    2. металл коррозиясы - сыртқы ортамен химиялық немесе электрохимиялық әсер ету нәтижесінде металлдар мен құйындылардың бұзылуы, оның нәтижесінде металлдар тотығады немесе өздеріне тән қасиеттерін жоғалтады.

    3. механикалық қауіпсіздік - магистралдық құбыр жолдарыдың және оның құрамына кіретін ғимараттар мен құрылыстардың, оның ішінде инженерлік-техникалық қамтамасыз ету жүйелерінің жағдайы, бұл құбырлардың, ғимараттардың, құрылыстардың немесе олардың бөліктерінің қирауы немесе тұрақтылығының жойылуы нәтижесінеде адам өмірі немесе денсаулығына зиян келтірудің, мүлік пен қоршаған ортаға зақым келтірудің алдын алумен сипатталады.

    4. микротоннель - құбырды төсеуге арналған құбыр, оған адамдардың қолы жетпейді және оған қызмет көрсету үшін техниканың қолы жетпейді.

    5. номиналды диаметр - шамамен құбырдың ішкі диаметріне тең, миллиметрмен өлшенеді және анықталған тәртіппен қабылданған сандар қатарынан ең жақынына сәйкес келеді.

    6. оқшаулаушы қосылыс - құбырдың электрикалық үздіксіздігін бұзатын құбырдың екі учаскесінің арасындағы ендірме.

    7. өрт қауіпсіздігі - магистралдық құбыр жолдарыдың және оның құрамына кіретін ғимараттар мен құрылыстардың, оның ішінде инженерлік-техникалық қамтамасыз ету жүйелерінің жағдайы, бұл өрттің алдын алу және өрттің қауіпті факторларының адам, мүлік және қоршаған ортаға зиянды әсер етуінің алдын алу мүмкіндігімен сиптталады.

    8. протектор - қорғалатық құбырдан қарағанда терісрек потенциалы бар материалдан немесе құйындыдан жасалған электрод (тәжірибеде болат құбырлардың коррозиядан қорғау кезінде негізінен магниден жасалған құйындыларды қолданады, алюминий немесе цинктен жасалған құйындылар сирек қолданылады).

    9. протектор қорғанысы - құбырды протекторлар көмегімен коррозиядан қорғау.

    10. сақтық желісі - трубопровод, проложенный параллельно магистральному трубопроводу, подключается на случай повреждения магистрального трубопровода.

    11. саңылаусыздығын тексеру - құбырдан өнімнің кеміп қалуын болдырмауға кепілдік беру мақсатында құбырды статикалық ішкі қысыммен сынау.

    12. сусіңгіш сызығы - тұрақты ток көзінің алу клеммасын құбырмен (катод сусіңгіш сызығы) және қосу клеммасын анодты жерге тұйықтағышпен қосатын электрберу сызығы.

    13. сынау қысымы - құбырдың берілген бөлігін сынудың максималды қысымы.

    1. техникалық коридор - магистралды құбыр немесе магистралды құбырлар мен коммуникациялар қатар салынған жүйелер өтетін аумақ.

    1. технологиялық магистральдық мұнай құбырының учаскесі - резервуар паркі бар мұнайды айдап қотаратын бір станциядан келесі станцияға дейін резервуар паркі бар станция ағыны бойынша немесе сонғы пунктке дейін мұнайды (мұнай өнімдерін) жеткізетін магистральдық мұнай құбырының учаскесі.

    2. технологиялық резервке қою - біреуі тоқтап қалған жағдайда келесісін жұмысқа қосуға арналған өзара резервте сақтау технологиялық агрегаттардың болуы.

    3. тиекті арматура - құбырларға, оның бөлек учаскелері мен тармақтарына орнатылатын тең өткелді шүмектер мен ысырмалар.

    4. төзімділігін сынау - құбырдың конструкциондық бүтінділігін растау мақсатында ішкі статистикалық қысыммен сынау.

    5. траншей - құбырларды жерастына төсеу мақсатында шұңқыр түрінде салынған уақытша жер ғимараты.

    6. траншея жиегі - траншея қабырғасының жер бетімен қиылысу сызығы.

    7. трасса бойындағы жол - магистральдық құбыр объектісі, ол магистральдық құбырды салу және эксплуатациялау кезеңінде жүк пен жұмысшыларды магистральдық құбыр трассасының бойымен тасымалдауға арналған.

    8. туннель - созылған жерасты құрылысы, ол құбырларға техникалық қызмет көрсету кезінде адамдардың қолы жетуін қамтамасыз ететін құбырлар мен ілеспелі байланыстарды төсеуге арналған.

4



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет