Төрағасының 2018 жылғы № бұйрығына 2-қосымша


МАҚСАТЫ МЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАРЫ



жүктеу 0.6 Mb.
бет3/4
Дата21.04.2019
өлшемі0.6 Mb.
1   2   3   4

МАҚСАТЫ МЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАРЫ





4.1 Нормативтік талаптардың мақсаты

Құбырлар, құрылыс конструкциялары немесе негіздер болуы тиіс емес шекті жағдайға жетуі мүмкін болғандықтан құрылыс және эксплуатация үрдісі кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығына, мүлік пен қоршаған ортаға зиян келтіру қауіп-қатерлері төнбеу мақсатында, өртке қарсы талаптар мен санитарлы-техникалық талаптарды ұстана отырып құбырлардың, ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс конструкцияларының, инженерлік-техникалық жүйелер мен желілер элементтерінің механикалық қауіпсіздігін, сенімділігін, төзімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету осы нормативтік талаптардың мақсаттары болып табылады.





4.2

Функционалдық талаптары





Техникалық, технологиялық және экологиялық көрсеткіштері бойынша магистралдық құбыр жолдарыдың құрамына кіретін құбырлар, ғимараттар мен құрылыстар, құрылыс конструкциялары, инженерлік-техникалық жүйелер мен желілер элементтерін магистралдық құбыр жолдарыдың объектлерінің құрылысы және эксплуатациясы кезінде келесі функциональдық талаптарды қамтамасыз ететіндей етіп жобалау қажет:

магистральдық құбыр объектлерінің механикалық қауіпсіздігі – құрылыс үрдісінде және есептік қызмет мерзімі ішінде пайда болуы мүмкін жағымсыз ауырлықтар мен әсерлердің пайда болған кезінде объектлер талап етілген төзімділікті және тұрақтылықты болуы тиіс; сонымен қатар магистралдық құбыр жолдарыдың төзімділігі мен тұрақтылығы ерекше (апаттық) ауырлықтар мен әсерлермен қамтамасыз етілген болуы тиіс, оның ішінде транспортен соғысу, жарылыс, жабдықтардың апаты, көтеруші конструкцияның жұмысы тоқтап қалу және т.б нәтижесінде пайда болған жағымсыз жағдайлар;

магистралдық құбыр жолдары объектлерінің сенімділігі – қызмет етудің есептік мерзімі ішінде ең жағымсыз есептік ауырлықтар әсер ету кезінде объектлердің шектік жағдайдан аса алмауы, яғни әсер ету эффектлерінің есептік мәндері (күш, кернеу, деформация, орыны ауысу) жобалау нормаларымен анықталатын шектік мәндерден аып кетпеуі тиіс;

магистралдық құбыр жолдарыдың төзімділігі – магистралдық құбыр жолдарыдың объектлері жобаланған кезде олардың эксплуатациялық сипаттамасы қызмет етудің есептік мерзімі кезінде жобалық дәрежеден төмендемейтіндей етіп жобалануы тиіс;

магистральдық құбырдың өрт қауіпсіздігі – магистралдық құбыр жолдарыдың ғимараттары мен құрылыстары өрттің пайда болу қауіпін алдын алатындай және оның пайда болу қауіпін төмендететіндей етіп, ал өтр пайда болған жағдайда адамдар, мүлік пен қоршаған ортаны өрттің қауіпті факторларынан қорғайтындай өтіп жобалау қажет;

магистралдық құбыр жолдарыдың өртке тұрақтылығы – магистральдық құбыр объектлерінің ғимараттары мен құрылыстарының, олардың құрылыс конструкциялары мен ішкі инженерлік жүйе элементтерінің өртке тұрақтылығы уақтылы эвакуациялауға мүмкіндк болмаған адамдарды қауіпсіз зонаға көшіру және адамдарды құтқару уақытында конструкция тұрақтылығы талаптарына сәйкес келуі, сонымен қатар өрт кезінде ғимараттар мен құрылыстардың бүтіндігін қамтамасыз ету және келтірілген шығындарды азайту бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі туралы Ереженің 17-тармағы 443-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін ғимараттар мен имараттардың өрт қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік норматив талаптармен экономикалық негізделген болуы тиіс;

санитарлық-гигиеналық шарттар, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, энергетикалық ресурстарды ептеп жұмсау бойынша талаптарды;

қоршаған ортаға кері әсер етудің алдын алу бойынша талаптарды ұстану қажет.



5

МАГИСТРАЛДЫҚ ҚҰБЫР ЖОЛДАРЫДЫҢ ЖҰМЫС СИПАТТАМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР





5.1

Магистралдық құбыр жолдарыдың механикалық қауіпсіздігі, сенімділігі мен төзімділігі бойынша талаптар







5.1.1 Құрылысы кезінде жіберілуге тиіс емес адам өмірі мен денсаулығына, мүлік пен қоршаған ортаға қауіп төнгенде, құбырлар, құрылыс конструкциялары немесе олардың негіздері жібреілуге тиіс емес шектік жағдайға жеткен кезде магистралдық құбыр жолдарыдың құрамына кіретін құбырлар, ғимараттар мен құрылыстар, құрылыс конструкциялары, нженерлік-техникалық қамтамасыз ету жүйелері мен желілерінің элементтері талап етілетін тұрақтылық пен төзімділікті болуы тиіс.

Есептік жағдайлар келесі факторларды ескеруі тиіс:

магистралдық құбыр жолдары объектлерінің функциональдық тағайындалуы мен конструктивті шешімдеріне сәйкес барлық ауырлықтар мен әсерлер түрлерін;

климаттық және қажетті ауырлықтар мен әсерлерді;

құрылыс конструкцияларының, негіздері мен геометриялық өлшемдерінің ауытқуының деформациясы нәтижесінде туындайтын күштерді;

қауіпті табиғи үрдістер мен көріністердің әсері және техногенді әсерлерді.

Жобалау тапсырмасымен анықталатын жағдайларда магистралдық құбыр жолдарыдың төзімділігі мен тұрақтылығы да ерекше (апаттық) ауырлықтар мен әсерлердің әсер етуімен, оның ішінде транспортен соғысу, жарылыс, жабдықтардың апаты, көтеруші конструкцияның тоқтап қалуы ж.т.б. нәтижесінде пайда болған әсерлермен қамтамасыз етілген болуы тиіс.

5.1.2 Есептерде ескерілетін және магистралдық құбыр жолдары объектлері мен негіздер жетуге тиіс емес шектік жағдайлар ауырлықтар мен әсерлердің есептік мәндері мен қызмет етудің есептік мерзімі кезінде келесідей сипатталады:

құбырлардың, түгел ғимараттың немесе олардың бөліктерінің бұзылуымен, оның ішінде жергілікті бүлінулер нәтижесінде қарқынды дамып келе жатқан бұзылулар, құбырлардың, құрылыс конструкциялары мен негіздердің болуы мүмкін емес деформациясымен, сонымен қатар жалғасатын территорияның геологиялық массивтерінің деформациясымен және объектлерді содан әрі эксплуатациялауды тоқтатуға әкелетін басқа да бүлінушіліктермен;

объектіні экплуатациялауды уақытша тоқтатуға және/немесе олардың қызмет мерзімін қысқартуға әкелетін магистралдық құбыр жолдары объектлерінің, олардың негіздері, құрылыс консрукциялары немесе ішкі инжеренерлік жүйелердің эксплуатациялық жарамдылығының төмендеуімен.

5.1.3 Ерекше қауіпті категорияға жатқызылатын магистралдық құбыр жолдарыдың объектлері жобалау тапсырмаларында анықталатын, осындай объектлердің құрылыс және эксплуатация шарттарын ескерген қосымша талаптарға сай болуы тиіс. Негізделген жағдайларда осындай объектлерді қауіпті табиғи үрдістер мен көріністер әсер ететін қиын табиғи жағдайларда салуға шектеулер орнатылады.

5.1.4 Магистральдық құбыр мен негіздердің сенімділігін құрылысты дайындау, оны жобалау, оның конструктивті элементтерін дауындау, салу және эксплуатациялау кезеңдерінде қамтамасыз етіп отыру қажет.

5.1.5 Қабылданған жобалық және конструктивті шешімдер олардың конструктивті элементтері мен байламдарының жалпы шектік жағдайлары бойынша есептелген нәтижемен негізделген болуы тиіс, сонымен қатар қажет болған жағдайда магистралдық құбыр жолдарыдың құрылыс объектлерінің негізгі көрсеткіштері, көтеру қабілеттілігі мен олар қабылдай алатын әсерлер экспериментті зерттеулер мәліметтерімен негізделуі тиіс.

5.1.6 Магистральдық құбырды есептеу кезінде келесі есептік жағдай қарастырылған болуы тиіс:

анықталған жағдай – құрылыс объектісінің қызмет мерзіміне жақын ұзықтығы бар (мысалы, екі күрделі жөндеулер арасындағы немесе екі технологиялық үрдістердің өзгеруі арасындағы эксплуатация) және эксплуатацияның қалыпты шарттарына сәйкес келетін жағдай;

ауыспалы жағдай – құрылыс объектісінің қызмет мерзімімен салыстырғанда ұзақ емес жалғасатын жағдай (мысалы, құрылыс объектлерін дайндау, тасымалдау, монтаждау, күрделі жөндеуден өткізу және қайта құру);

апаттық – айтарлықтай әлеуметтік, экологиялық және экономикалық шығындарға әкеле алатын және құрылыстың ерекше жұмыстау шарттарына (оның ішінде ерекше әсер ету жағдайларында) сәйкес келетін жағдай.

5.1.7 Есептік жағдайлар магистралдық құбыр жолдарыды салу және эксплуатациялау уақыты кезінде пайда болуы мүмкін барлық жағымсыз шарттарды ескеруі тиіс.

5.1.8 Магистралдық құбыр жолдары объектлерін жобалау және салу кезінде олардың жақында орналасқан ғимараттар мен құрылыстарды эксплуатацияға қалай әсер ететіндігін ескеру қажет.

5.1.9 Жобалау кезінде бұрын мақұлданбаған конструктивті шешімдер қолданылған немесе есептеудің сенімді әдістері жоқ жоғары дәрежелі жауапкершілікті ғимараттар үшін модельдер немесе натуралы конструкциялардағы экспериментальдық зерттеулер мәліметтерін пайдалану қажет.

5.1.10 Динамикалық және цилиндрлік аурлықтарды немесе әсерлерді қабылдайтын магистралдық құбыр жолдары объектлерін жобалау кезінде болуы мүмкін кернеу концентраторларын және, қажет болған жағдайда арнайы қорғаныс іс-шараларын (тербелістерді сөндіргіштер, оқшаулаушы конструкциялардың перфорациясы, виброоқшаулау ж.т.б.) қолдануды қарастырмау қажет. Цилиндрлік ауырлықтарды қабылдайтын конструктивті элементтерді жобалау тексеру есептерінің нәтижелерін ескере отырып жүргізілуі тиіс.

5.1.11 Магистралдық құбыр жолдарыдың объектлерін жобалау кезінде оларға агрессивті орта шарттарының кері әсер етуін ескеру қажет (ауыспалы қатыру және еріту, қатуға қарсы реагенттердің болуы, теңіз суының, өнеркәсіптік өндіріс қалдықтарының ж.т.б. әсері).

5.1.12 Материалдың тозу дәрежесін конструкцияны есептеу нәтижелері, оларды тәжірибелік зерттеу нәтижелері, бұрын салынған құрылыстарды эксплуатациялау тәжірибесі негізінде бағалауға болады.

5.1.13 Конструкция мен құрылыстың төзімділігін қамтамасыз ету бойынша қажетті іс-шаралар, сонымен қатар олардың қызметінің есептік мерзімдерін тапсырыс берушінің келісімі бойынша бас жобалаушы анықтауы тиіс.






5.2

Магистралдық құбыр жолдарының өрт қауіпсіздігі талаптары







Магистралдық құбыр жолдары объектлерінің ғимараттары мен құрылыстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі туралы Ереженің 17-тармағы 443-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін ғимараттар мен имараттардың өрт қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік норматив өртке қарсы қорғаныс талаптарына және келесі талаптарға сай болуы тиіс:

өрт және жарылу қауіпі бар объектілер елді мекендерден алыс орналауы тиіс, ал бұл шартты орындау мүмкін емес болса – онда көршілес ғимараттар мен құрылыстарға әсер етудің талап етілетін дәрежесіне дейін шектеу қажеттілігін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі туралы Ереженің 17-тармағы 443-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас жоспарлары, мұнай және мұнай өнімдерінің қоймалары бойынша мемлекеттік нормативтер талаптарын ескере отырып;

ғимараттар мен құрылыстарға апаратын өткелдер, кірістер мен есіктер өрт техникасы мен құтқару техникалық құралдары және медициналық қызметтің қол жетімділігін қамтамасыз етуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі туралы Ереженің 17-тармағы 443-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас жоспарлары бойынша мемлекеттік норматив талаптарына сәйкес болуы тиіс;

ғимараттар мен құрлыстарға өрт бөлімшелерінің және құтқару қызметтерінің жеке құрамдары кедергісіз жете алатын, сонымен қатар қимараттар немесе құрылыстардың қайсы бір бөлмесіне өрт сөндіру құралдарын оңай жеткізе алатын және адамдарды құтқару мақсатында өрт сөндіру заттарын өрт ошағына бере алатындай болуы тиіс;

құбырлардың, ғимараттар мен құрылыстардың көлемді-жоспарлау және конструктивті шешімдері, өртк қарсы кедергілер, өрт бөліктері мен секцияоары, құрылыс конструкциялары, оның ішінде эвакуация жолдарындағы конструкцияларды әрлеу және қаптау жұмыстары, қолданылатын құрылыс материалдары мен бұйымдары, сонымен қатар инженерлік қамтамасыз етудің ішкі жүйелерінің элементтері өрт және оның қауіпті факторларын өрт шығу ошағынан шет жаюға шектеу қою талаптарын, сонымен қатар адамдарды құтқару іс-шараларын жүргізуге мүмкіндік беруді қамтамасыз етуі тиіс;

магистралдық құбыр жолдары объектлерінің құрылыс конструкцияларының отқа төзімділігі және өрт қауіпсіздігі олардың функциональдық тағайындалуы, негізгі көрсеткіштері мен сипаттамаларн, оның ішінде өндірістік және қойма ғимараттары мен бөлмелеріндегі құбырлардағы технологиялық үрдістерінің өртті-жарылысты қауіпсіздігі сипаттамаларын ескерген талаптарға сәйкес болуы тиіс;

ғимараттардан, құрылыстар мен олардың бөлмелерінен шығатын есіктер мен эвакуациялық жолдары өрт кезінде адамдарды ең аз уақыт ішінде, кедергісіз эвакуациялау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс;

эвакуациялық жолдар мен шығыстар арқылы адамдарды толық көлемде қауіпсіз эвакуациялауды қаматмасыз ету мүмкіндігі болмаған жағдайда ғимараттар мен құрылыстарда адамдарды коллективті түрде қорғау жүйесі болуы тиіс, бұл жүйе өрттің дамуы мен өні сөндіру уақыты ішінде, немесе адамдарды қауіпсіз зонаға көшіргенге қажетті уақыт ішінде адамдардың өмірін сақтап тұруы тиіс;

магистралдық құбыр жолдары объектлерінің ғимараттары мен құрылыстары өртті анықтау жүйелерімен, белгілі бір объект шарттарында адамдарды уақтылы және қауіпсіз эвакуациялауды ұйымдастыру мақсатында өрт туған кезде адамдарды хабарландыру және эвакуациялауды басқару жүйелерімен, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі туралы Ереженің 17-тармағы 443-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін ғимараттар мен имараттардың өрт қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік норматив талаптарына сәйкес өрт сөндірудің автоматтандырылған құрылғыларымен жабдықталған болуы тиіс;

ғимараттар мен құрылыстардың электр құрылғылары өздері орнатылған ортаның жарылысты-өрт және өрт қауіпі сипаттарына сәйкес келуі тиі, және Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес олар өрттің пайда болуының және оның жайылуының алдын алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс;

өрт бөлімшелерінің ғимараттары Қазақстан Республикасы заңнамасында анықталған нормативтерден аспайтын ара-қашықтықтағы территорияларда орналасуы тиіс.





5.3

Жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар







5.3.1

Жалпы ережелер мен талаптар










5.3.1.1 Магистралдық құбыр жолдарыды (газ құбырлары, мұнай құбырлары мен мұнай өнімдері құбырлары) жерастына төсеу қажет.

Жер бетінде (жер үсті төсеу) немесе тіректер үстінде (жерде төсеу) құбырларын орналастыру 5.3.1.7 тармағында негізізделгендерге сәйкес болған жағдайларда бірыңғай рұқса етіледі. Бұл жағдайда, жоба құбырларды сенімді және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін шараларды қамтуға тиiс.

5.3.1.2 Құбырларды жеке-жеке немесе басқада қолданыстағы немесе жобаланып жатқан құбырлармен параллель техникалық коридорларда төсеуге болады.

Кейбір жағдайларда техникалық-экономикалық негізделген және құбырлардың жұмыстау сенімділігін қамтамасыз ету шарттары орындалған кезде мұнай құбырлары (мұнай өнімдері құбырлары) мен газ құбырларын бір техникалық коридорда біріктіріп төсеуге рұқсат беріледі.

5.3.1.3 5.3.1.7 т. келтірілген жағдайларда басқа кезде магистралдық құбыр жолдарыды елді мекендер, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындары, аэродромдар, теміржол станциялары, теңіз және өзен порттары, жағажайлар мен басқа ұқсас объектлердің территориясы бойынша төсеуге рұқсат етілмейді.

5.3.1.4 Магистралдық құбыр жолдары мен олардың объектлерін эксплуатациялаудың қалыпты шарттарын және олардың бұзылуының алдын алуды қамтамасыз ету үшін олардың айналасына қорғаныс зоналарын орнатады, бұл зоналардың өлшемдері және бұл зоналарда ауылшаруашылық және басқа жұмытарды жүргізу магистралдық құбыр жолдарыды қорғау ережелерімен регламенттеледі.

5.3.1.5 Құбырларға түсіп тасымалданатын өнімдердің температурасы өнімді тасымалдау мүмкіндіктеріне байланысты және оқшаулау жабындарының қауіпсізігіне қойылатын талаптарға байланысты анықталады. Тасымалданатын өнімді салқындату қажеттілігі мен салқындату дәрежесі жобалау кезінде анықталады.

5.3.1.6 Магистральдық мұнай құбырларын мұнайды өңдеу, айдап қотару және сақтау өнеркәсіптеріне байланыстыру үшін магистральдық мұнай құбырларын қалалар мен басқа да елді мекендердің территориялары бойынша төсеген кезде келесі қосымша талаптар орындалуы тиіс:

мұнай құбырының номинальдық диаметрі DN 700-ден артық емес болуы тиіс;

жұмыс қысымы 1,2 МПа артық емес болуы тиіс, бұл кезде құбырдағы кернеу құбырлар метталы аққыштығының нормативтік шегінің 30 % аспауы тиіс;

мұнайды өңдеу, асыра тиеу және сақтау бойынша елді мекенді озық дамыту шектерінен бастап кәсіпорынның сақтандырғыш қақпақтарының торапына дейінгі шектердегі құбырлардың учаскесі В категориясын қабылдауы тиіс;

құбырларды тереңдікке жылжыту 1,2 м кем емес қабылдануы тиіс;

табиғи және жасанды кедергілер (канал, автожолдар, теміржол, трамвай жолы) айқаса ұшырасқан жағдайда құбырды болат қорғанысты қаптамада, микротунельдеу, еңісті-бағыттамалық бұрғылау, көлбеу-бағыттамалық бұрғылау тәсілдерімен төсеуді, құбырды темірбетон тақталармен қорғауды мұнай құбырының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа да техникалық шешімдерді қолдануды қарастыру керек.

Селитебті территориялар бойынша магистральдық мұнай құбырларын төеуге жол берілмейді.

5.3.1.7 Құбырларды және олардың имараттарын олардың сапалы әзірленуін қамтамасыз ететін зауыттарда немесе стационарлық жағдайларда әзірленген стандартты және типтік элементтер мен бөлшектерден блогты-кешенді орындалған зауыттық оқшаулауы бар құбырларды және құрастырмалы конструкцияларды қолдану есебінен құрылыс-монтаж жұмыстарын барынша индустрияландыруды ескере отырып жобалау керек. Бұл тұста жобалық құжаттамада қабылданған шешімдер құбырды тоқтаусыз және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс.

5.3.1.8 МАҚС және айдау станциясыдан (бұдан әрі – АС) құбырларын жобалау шешімдеріне сәйкес өнеркәсіптік алаңшалардың аясында жерастына және/немесе жерүстіне төсеуге болады.

5.3.1.9 Құбырларға қызмет көрсетуге арналған трасса бойындағы өткел жоспарлау тапсырмасына сәйкес трассаның жетуі қиын учаскелерінде қарастырылуы тиіс.








5.3.2

Магистралдық құбыр жолдарыдың жауапкершілік дәрежелері










5.3.2.1 Ғимараттардың тағайындалуы, сонымен қатар олардың көтеруші элементтерінің бүліуі мен бұзылуының салдары қандай әлеуметтік, экологиялық және экономикалық шығындарға әкелетініне байланысты магистралдық құбыр жолдарыдың құрамына кіретін әр құрылыстың классын (КС-1, КС-2 немесе КС-3) анықтау қажет.

5.3.2.2 Құрылыстардың класстары мен олардың жауапкершілік дәрежелері тапсырыс берушінің келесімі бойынша, бас жоспарлаушының тапсырмасы мен жобалау нормаларында анықталады.

5.3.2.3 Құрылыстың жауапкершілік дәрежесі келесі факторлармен анықталады:

құрылыстың жалпы жауапкершілік дәрежесімен және (немесе);

оның көтеруші конструктивті элементтерінің жауапкершілік дәрежесімен.

5.3.2.4 Әр құрылыстың жауапкершілік дәрежесін таңдау кезінде ең маңызды факторлар ескерілуі тиіс, оның ішінде:

шектік жағдайға жетудің болуы мүмкін себептері мен оған жету әдістері;

адам өміріне қауіпті немесе адамды жарақаттау, сонымен қатар болуы мүмкін экономикалық зияндарды ескере отырып тоқтап қалудың болуы мүмкін салдары;

бұзылудың әлеуметтік салдары;

бүліну қауіпін төмендетуге қажетті шығындар мен іс-шаралар.









5.3.3

Магистралдық құбыр жолдарының жіктелуі мен категориясы










5.3.3.1 Құбырдағы қысымға байланысты магистральдық газ құбырлары келесідей жіктеледі:

Класс I – жұмыс қысымы 2,5-тен жоғары 10,0 МПа дейін;

Класс II – жұмыс қысымы 1,2-тен жоғары 2,5 МПа дейін.

5.3.3.2 Құбырдың диаметріне байланысты магистральдық мұнай құбырлары мен мұнай өнімдері құбырлары 4 класқа жіктеледі:

Класс I – номинальдық диаметрі DN 1000-нан DN 1200 дейін;

Класс II – сол сияқты, DN 500-ден жоғары DN 1000 дейін;

Класс III – сол сияқты, DN 300-ден жоғары DN 500 дейін;

Класс IV – DN 300 және одан төмен.

5.3.3.3 Магистралдық құбыр жолдары мен олардың учакелері категорияларға бөлінді, бұл категорияларға қойылатын жұмыс шарты, пісірілген қосылыстарды бұлдырмей бақылау көлемі және сынау қысымының өлшемі талаптары.








5.3.4

Құбырлар трассасына қойылатын негізгі талаптар










5.3.4.1 Құбырлардың трассасын таңдау берілген бірнеше болуы мүмкін варианттардан экономикалық мақсатқа сай және экологиялық мүмкін вариантты таңдау арқылы жүргізіледі, бұл кезде территорияның табиғи ерекшеліктері, елді мекендердің орналасуы, сонымен қатар магистралдық құбыр жолдарыға кері әсер ете алатын көлік жолдары мен коммуникациялар ескеріледі.

5.3.4.2 Құбырларды салуға арналған жер учаскелерін Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексімен қарастырылған талаптарға сәйкес таңдаған жөн.

5.3.4.3 Құбыр құрылысына жерді бөліп беру кезінде жер пайдаланушыларға келтірілген зиянның, ауылшаруашылық өнідірісінің шығындарының, балық шаруашылығына келтірілген зиянның орнын толтыруды белгіленген тәртіппен анықтаған жөн.

5.3.4.4 Құбырларға өту жолдары ретінде жалпы желідегі қолданыстағы жолдар барынша пайдаланылуы тиіс. Құбырларды салу кезеңінде және оларды эксплуатациялау кезіңінде қолданылатын жолдар, трасса бойындағы және технологиялық өткелдерді салу қажеттігі жобалау тапсырмасымен анықталады.

5.3.4.5 Құбыр трассасын таңдап алу кезінде қалалар мен басқа елді мекендердің, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындардың, темір және автокөлік жолдары мен басқа объектлер және жоспарланатын құбырлардың жақын 25 жыл ішінде перспективалы жамуын, сонымен қатар құбырларды салу және эксплуатациялау (бар, салынып жатқан, жобаланудағы және қайта құрылудағы ғимараттар мен құрылыстар, батпақталған жерлер мелиорациясы, шөлейт және дала жерлерінің сулануы, су объектлерін пайдалану ж.т.б.) кезеңінде оларға қызмет көрсету шарттарын ескеру қажет, магистралдық құбыр жолдарыды салу және эксплуатациялау үрдісі кезінде табиғи шарттардың өзгеруін болжау қажет.

5.3.4.6 Магистралдық құбыр жолдарыды темір және автокөлік жолдары туннельдеріне, сонымен қатар басқа ұйымдарға, коммуникация және құрылыстар меншік иелеріне тиесілі электрикалық кабельдер мен байланыс кабельдерімен бірге және басқа мақсатқа тағайындалған құбырлармен бірге туннельдерде төсеуге жіберілмейді.

5.3.4.7 Барлық категориядағы темір және автокөлік жолдары орналасқан көпірлер бойынша және электрикалық кабельдермен, байланыс кабельдерімен және басқа құбырлармен бірге бір траншеяда келесі жағдайлардан басқа кезде төсеуге тиым салынады:

берілген құбырдың технологиялық байланыс кабелін суасты өткелдерінде (бір траншеяда) мен темір және автокөлік жолдары арқылы өтетін өткелдерде (бір құтыда);

номинальдық диаметрі DN 1000 дейін, ал қысымы 2,5 МПа дейін газ құбырларын және номинальдық диаметрі DN 500 және төмен мұнай құбырлары мен мұнай өнімдері құбырларын III, IV және V категориялы автокөлік жолдары көпірлері бойынша. Бұл кезде көпір бойынша және 6 кестеде көрсетілген ара-қашықтықтардағы кірістерге төселетін құбырлар учаскелерін І категорияға жатқызған жөн.

5.3.4.8 Қалааралық байланыс кабельдері төселген көпірлер бойынша (5.3.4.7 келтірілген жағдайларда) құбырларды төсеуді тек байланыс операторы – коммуникация иесінің келісімімен ғана жүргізуге болады.

5.3.4.9 Жылжымалы учаскелерге құбырларды төсеу кезінде сырғанау айнасынан төмен немесе тіректердің жылжуы болмайтындай тереңдіктегі сырғанау айнасынан төмен тереңдікте орналастырылған тіректерге орнатуды қарастыру қажет.

5.3.4.10 Сел ағындарымен қиылысатын құбырлардың трассасын ағынның динамикалық соғысынан тыс зонадан таңдау қажет.

5.3.4.11 компрессорлық станциядан (бұдан әрі – КС), газ тарату станциясыдан (бұдан әрі – ГТС), МАС, АС-дан өндірістік кәсіпорындарға, ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі ара қашықтықты газ құбырының диаметрі мен классынан бастап, және МАС, АС деңгейіне байланысты және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне қарай қабылдау керек.

5.3.4.12 Жобаланушы құбырлар, ережеге сәйкес, бүкіл созылымында қолданыстағы құбырлардың бір жағынан, параллельді салынымы кезінде, төселуі тиіс.

5.3.4.13 Берілген құбырлардан белгілерінен құбырлардың номиналды диаметрі DN 700 болған кезде, 500 м кем емес ара қашықтықта орналасқан, ал құбырлардың номиналды диаметрі DN 700 жоғары болса, 1000 м кем емес ара қашықтықта орналасқан өндірістік кәсіпорындар мен елді мекендердің маңынан мұнай өнімдері құбыры мен мұнай құбырларын төсеу кезінде, төтенше жағдай орын алғанда, төгілген өнімді ағызып алуға мүмкіндік беретін, құбырдың астыңғы жағынан қорғаныштық вал мен канава құрылғылары қарасытырылуы керек. Төгілген өнімді жинау қорғаныштық қамбаларға жүзеге асырылуы керек, ол өнімнің су арналары мен елді мекендердің территориясына таралуына жол бермеуі керек.

5.3.4.14 МАС, АС орналастыру орындары жобалық құжаттарда, магистральдық мұнай құбырының тас жолының саласы мен мүмкін болатын ауытқуларды есепке ала отырып, инженерлік зерттеулер құжаттарында анықталынады.

5.3.4.15 110 кВ қысымындағы электр тасымалдау желілері мен магистальдық құбырладың қиылысу орындарында, құбырлардың тек жер астылық, 60° кем емес бұрышында ғана төсемдер салу қарастырылуы керек.

5.3.4.16 6 (10) кВ қысымындағы электр тасымалдау желілеріне параллельді құбырларды салу төсеміне арналған аумақтың ені, орманды қорлардың жерлерін кесіп өтетін болса, Электр қондырғыларын орнату қағидаларының талаптарына сәйкес, тас жолдың тар телімдеріне арналғандай етіп қабылданады.









5.3.5

Құбырларға қойылатын құрастырушылық талаптар










5.3.5.1 Құбырлар диаметрі технологиялық жобалау талаптарына сәйкес анықталынуы керек.

5.3.5.2 Өнімдерді кері бағытта тасымалдау қажеттілігі болмаған жағдайда, құбырларды қабырға қалыңдығы әр түрлі болатын, құбыр ұзындығы бойынша жұмыс қысымның түсу ерекшеліктері мен эксплуатациялау шарттарына байланысты жобалау қажет.

5.3.5.3 Фланцтар көмегімен байланыстырылатын кептелістік арматураны орнатуды құдықтарда, жер бетіндегі желдетілетін дүңгіршектер мен қоршауларда жүзеге асыру керек. Құдықтар, жер бетіндегі желдетілетін дүңгіршектер мен қоршауларды жанбайтын материалдардан жобалау қажет.

5.3.5.4 Тік және көлденең жазықтықтардағы құбырдың мүмкін болатын икелім радиусын, орналасу беріктігі мен құбыр қабырғаларының жергілікті беріктігі мен сенімділік шарттарын ескере отырып анықтау қажет. Құбырдың икелімінің минималды майысу радиусы, тазалағыш құрылғылардың өту шартын ескере отырып, оның номиналды диаметрінің DN бесеуінен кем болмауы тиіс.

5.3.5.5 Құбырға жабыстырылатын, құбыршалардың (тікелей орнатылымдардың) ұзындығы 250 мм кем болмауы керек. Номиналды диаметрі DN 500 артық емес болатын, ұзындығы 100 мм кем емес тікелей орнатылымдарды қондыруға жол беріледі.

5.3.5.6 Құбырларда тазалағыш және бөлгіш құрылғыларды босататын және қабылдайтын, құрастырылымы жобалық құжаттарда анықталған, тораптар қарастырылуы керек.

Бір тазаланушы аумақ шеңберінде құбыр тұрақты ішкі диаметр мен құбырдың ішкі жағына шығып тұратын тораптар мен бөлшектерсіз, тең өтпелі сызықтық арматураға ие болуы керек.

5.3.5.7 Негізгі құбырдан тең өтпелі тармақтар тораптары мен номиналды диаметрі негізгі құбырдың номиналды диаметрінен 0,3 артық болатын, тең өтпелі емес тармақтар торабын жобалау кезінде, тазалағыш құрылғының тармақтарға түсіп кетуіне жол бермейтін жобалық шешімдер қарастырылуы керек.

5.3.5.8 Диаметрі негізгі құбыр диаметрінен ерекшеленетін табиғи және жасанды кедергілерден өтетін құбырлардың өтпелері аумағында тазалағыш құралдарды босату және қабылдаудың еркін тораптарын қарастыруға жол беріледі.

5.3.5.9 Құбыр және тазалағыш құралдарды босату және қабылдау құрылғылары тазалағыш құралдардың өткендігін тіркейтін, дыбыстық құралдармен жабдықталынуы керек.

5.3.5.10 Магистралдық құбыр жолдарыдың компрессорлық станциялардың байланыстық құбырларына, МАС, АС, НС, тазарту диагностика құралдары (бұдан әрі - Т(Д)Қ) қабылдау және босату тораптарында, су кедергілерінен бір немесе одан да артық желілердің өтуі, құбырларды қосу орындарында, құбыр металлдарының температурасының өзгерісі мен ішкі қысымның әсерінен құбырлардың жанасушы аумақтарының бойлай жылжуының көлемін анықтау керек. Бойлай жылжулар берілген құбырларға жабыстырылатын құрастырушылық элементтерді есептеу барысында назарға алынуы тиіс. Құбырлардың бойлай жылжуын азайту мақсатында арнайы іс-шараларды қарастыру қажет, оның ішінде П тәрізді (яғни, грунтталмаған), Z формалы немесе өзге де формалы немесе осындай конфигурациядағы жер астылық тірек компенсаторларды орнату.

Жиырылу қасиеті төмен жер астылық номиналды диаметрі DN 1000 және одан да астам құбырларды төсеу кезінде, жобалық құжаттарда құбырдың беріктігін қамтамасыз ететін арнайы шешімдер қабылдануы тиіс.

5.3.5.11 Құбыр тас жолында биіктігі жер бетінен 1,5-2 м болатын танымдық белгілерді (нұсқағыш қораптары бар) орнату қарастырылуы керек. Белгілер көріну аймағында, 1 км кем емес жерде орналастырылады, сонымен қатар бұрылыс бұрыштарында орнатылады.

5.3.5.12 Құбырларда есептеу арқылы анықталынатын кептелістік арматураның қондырылымын да қарастыру керек, алайда 30 км артық емес.

Сонымен қатар кептелістік арматураның орнатылымын 5 кестеде көрсетілген аумақтар деңгейі үшін де қарастыру керек:

екі торапты немесе одан да артық желілі құбырлармен және В деңгейінің жекелеген өткелдерінде құбырлармен қиылысқан жағдайда 5.3.7.15 п. талаптарына сәйкес су бөгеттерінің екі жағалауында;

монтаждық торапты орнату, оны жөндеу және қауіпсіз эксплуатациясына мүмкіндік беретін, құбырдың әрбір тармақталуының басында;

тармақтың ұзындығы 1000 м жоғары ГТС тармақталуларында, және ГТС дан 300-500 м қашықтықта;

газ құбырларының газды кешенді дайындау қондырғысы (бұдан әрі – ГКДҚ), КС, газды жер астында сақтау станциясы (бұдан әрі – ГЖСС) кірісі мен шығысында және бас ғимараттардың келесідей қашықтықтан кем емес:

номиналды диаметрі DN 1400 мм – 1000 м газ құбыры;

номиналды диаметрі DN 1400 мм -ден DN 1000 мм-ге дейін, қоса алғанда – 750 м, газ құбыры;

номиналды диаметрі DN 1000 мм – 500 м кем газ құбыры (күзет крандары);

автокөлік көпірлерінің екі жағы бойынша (олар бойынша газ құбырларын тарту жағдайында) 250 м кем емес ара қашықтықта ;

қалалар, елді мекендер және өзге де өндірістік кәсіпорындардың белгілерінен жоғары жерлерден өтетін мұнай және мұнай өнімдерінің құбырлары бір немесе екі ұшында – жергілікті аймақтың жер бедерінің ерекшеліктеріне байланысты жобамен белгіленген ара қашықтықта;

су кедергілерін бір желіден кесіп өткен кездегі мұнай және мұнай өнімдерінің құбырларында– кеплелістік арматураны орналастыру орны, берілген жағдайда, жергілікті аймақтың жер бедерінің ерекшелігіне байланысты, өтпелге жанасатын, су қоймасына тасымалданушы өнімнің таралауының алдын алатын қажеттіліктерге байланысты қабылданады.

Су кедергілері арқылы өтетін газ құбырларының су астылық жекелеген өтпелдерінде кептелістік арматураның орнатылымы қажет болған жағдайда қарастырылады.


Ескертпелер

1 Мұнай өнімдеріне арналған кептелістік арматураны орнату орны, әдетте қабырғаларының қалыңдығы әр түрлі болатын құбырларды жанастыру орындарымен сәйкес келуі тиіс.

2 Бас ғимараттардан күзет крандарын орналастыру орыны территориясынан бастап қабылданады, КС – магистральге КС-ны қосу торабынан ( сорушы газ құбырларының сыртқы шекті оймаларының осінен). 700 м қашықтығынан астам болатын магистральдық газ құбырын КС жою кезінде, табиғи кедергілердің ( шатқалдар, қиын бедерлер ж.т.б.) бар болуы кезінде кептелістік арматураны желдетуші шырақтармен орнатуды қарастыру керек (БӨЖ және магистральдық газ құбырына КС торабында аналогы бойынша автоматикасы ), КС сорып алушы және қысушы газ құбырлары КС қоршауынан 250 м қашықтықта.
5.3.5.13 Сызықтық кептелістік екі немесе одан да көп газ құбырларының торабын параллельді төсеу кезінде, жекелеген желілерді ара қашықтықты 100 м кем емес қашықтықта көшіруге жол беріледі. Тас жолдың қиын жағдайларында (таулы аймақ, батпақ, табиғи және жасанды кедергілер) берілген ара қашықтықты 50 м. Дейін қысқартуға жол беріледі.

Бір тармақталушы газ құбырының екі немесе одан да көп газ құбырының негізгі желілеріне параллельді жалғастыру кезінде немесе тармақталудың бірнеше желілерін бір газ құбырына қосқан кезде, сызықтық кептелістік арматураның желілерін бір-бірінен 30 м кем емес қашықтыққа жылжыту керек.


Ескертпе - Берілген бөлім талаптары қосудың сызықтық кептелістік арматурасының желілеріне таралмайды.
5.3.5.14 Номиналды диаметрі DN 400 болатын кептелістік арматуралар тығыздалған негіздемеге орнатылатын фундаменттік тақталарға орнатылуы керек.

5.3.5.15 Қысымда орналасқан кептелістің сызықтық арматура тораптары мен газ құбырларын – қорлар, желдеткіш желілерді жер астылық қолданыста құдықсыз құрылғылар крандарымен қарастырған жөн.

Қызмет көрсетуші персоналдың қол жетімі тек арматураның тоғына дейін болуы керек.

5.3.5.16 Кептелістік арматураның арасындағы газ құбырларының екі ұшында да, КС қосу желілерінде және тазалағыш құрылғыларды босату және қабылдау желілерінде,газ құбырының номиналды диаметрі DN 1000 дейін болғанда, 15 м кем емес және номиналды диаметрі DN 1000 артық болғанда 50 м кем емес болатын желдеткіш шырақтардың орнатылымын ара қашықтықта қарастыру керек.

5.3.5.17 Өткізгіш шырақтың диаметрін газ құбырының телімінің кептелістік арматура арасында 1,5-2 сағ. Аралығында атқылайтындығын ескере отырып анықтау керек. Кептелістік арматура мен желдеткіш шырақтардың құрылысын газ құбырына жатпайтын, ғимараттар мен құрылыстардан 300 м кес емес қашықтықта орналасады деген есеппен орнату қажет.

Газ құбырларын автокөлік жолдары мен теміржолдарға, электр тасымалдау желілеріне және байланыстарға параллельді түрде төсеу барысында, желдеткіш шырақтары бар кептелістік арматураны жолдар мен желілерден газ құбырларын орналастырғандай етіп салу қажет.

Газ құбырларының автокөлік және теміржолдармен, электр тасымалдау желілері мен байланыстармен қиылысу жағдайында, желдеткіш шырақтардан берілген құрылыстарға дейінгі ара қашықтық, оларды параллельді төсеу кезіндегі белгілерден кем болмауы тиіс.

Барлық айтылған жағдайларда кептелістік арматураның желдеткіш шырақтарынан көпірлерге дейінгі ара қашықтық 300 м кем болмауы тиіс.

Жоғары қысымды электр тасымалдаудың әуе желілерінің шеткі бөлігінен магистральдық газ құбырларындағы желдеткіш шырақтардан ара қашықтықты 300 м кем емес мөлшерде қабылдау қажет. Тар тас жолдар телімінде, жоғары қысымды электр тасымалдау желілері үшін берілген ара қашықтық 150 м дейін қысқартылуы мүмкін, тек жалпы және де жекелеген тіректерде де орналасатын көптізбекті әуе жоғары қысымды электр тасымалдау желілеріне қолданылмайды.

Желдеткіш шырақтың жер деңгейінен биіктігі 3 м кем болмауы керек.

5.3.5.18 Конденсатқа бақылау жасау үшін және оларды газ құбырларында өткізу үшін, конденсат жинағыш құрылғылардың орнатылымын қарастыру керек. Конденсат жинағыш құрылғыларды орнату жерлері жобалық құжаттар бойынша анықталады.

5.3.5.19 Бір арналымда параллельді салынып жатқан құбырлар бір бірімен байланыстырғыштармен өзара байланысуы тиіс.

5.3.5.20 Кептелістік арматура құрылғыларының тораптары бірегейлендірілген дайындамалардан жобалануы керек.

5.3.5.21 Мұнай құбырларында, мұнай өнімдерін тасымалдау құбырлары мен сұйытылған газ құбырларында орнатылатын кептелістік арматура қашықтықтан басқаруға мүмкіндік беретін құрылғылармен жабыдықталынуы керек. Кептелістік арматураның электр өткізгіштері КЕП –да орнатылған, сыртқы босату құрылғысына ие болуы керек.

5.3.5.22 Су кедергілері арқылы өтіп орнатылатын кептелістік арматура:

Номиналды диаметрі DN 1000 және одан да артық I класс газ құбырлары үшін төтенше жабылу автоматтандырмасымен жабдықталуы тиіс;

Мұнай құбырлары мен мұнай өнімдері құбырлары үшін қуаттандыруды автоматты түрде қалпына келтіретін құрылғылары бар тәуелсіз өзара қор жинақтаушы екі электр жабдықтаушысымен қамтамасыз етілуі тиіс (электр қамтамасыз етудің бірінші категориясының тұтынушылары).

5.3.5.23 Су астылық өткелдерге келіп тірелетін мұнай құбырлары, мұнай өнімдері құбырлары және сұйытылған көмірсутегі газдарының құбырларының аумағында, су кедергілері арқылы өтетін өткелдердегі құбырларда газ немесе ауаның жинақталуына жол бермейтін құрылғыларды қарастыру қажет.









5.3.6

Құбырларды коррозиядан сақтаудың талаптары










5.3.6.1

Жалпы ережелер













5.3.6.1 Болат құбырларды (жер асты, жердегі, жер үстіндегі және түбіне тереңдетілген жер асты)жер асты және атмосфералақ коррозиядан қорғау құралдарын жобалау кезінде белгіленген тәртіптегі бекітілген, басқа нормативтік құжаттарды басшылыққа алу керек.

5.3.6.2 Құбырлардың салыну тәсіліне қарамастан коррозияға қарсы қорғау пайдалану мерзімі бойы апатсыз(корррозия себебінен) жұмысты қамтамасыз етуі тиіс.

5.3.6.3 Құбырларды жер асты коррозиясынан қорғау(жер бетіндегілерден басқа) салыну ауданына және топырақтың коррозиялық күшіне қарамастан кешенді түрде: қорғаныс жамылғыларымен және электрлі-химиялық қорғаныс құралдарымен жүзеге асырылуы тиіс.

5.3.6.4 Құбырлардың нақты салыну жағдайлары мен пайдаланылуына байланысты қорғаныс жамылғысының:күшейтілген және қалыпты екі түрін қолдану қажет.

Қорғаныс жабындарының күшейтілген түрін сығымдалған көмірсутегілер құбырларында, DN 1000 номинальды диаметрлі құбырларда, сонымен қатар:

солтүстік ендіктен 50° оңтүстікке қарай;

еліміздің кез-келген ауданының тұзды топырақтарында(сортаңды,тұзды, ащы, тақыр, сор ж.т.б.);

батпақты, батпақталған және суармалы топырақтарда, сонымен қатар келешекте суарылатын телімдерде;

өзендердің жер асты өткелдері мен жайылмаларында, сонымен қатар темі жол мен автомобиль жолдарының өткелдерінде, оның ішінде құбырлардың қорғаныс қабына жобалау кезінде белгіленген қашықтық шегінде, оларға жапсарлас орналасқан;қиылысу орнынан екі жағына қарай 20 метрден-түрлі құбырлардың қиылыстарында;

өнекәсіптік және тұрмыстық ағындар, қоқыс пен күл үйінділері телімдерінде;

адасқан токтар телімдерінде;

40 °С және одан жоғары тасымалданатын өнім температурасы бар құбырлар телімдерінде;

өзендер, каналдар, көлдер, су қоймаларынан, сонымен қатар елді мекендер мен өнекәсіптік кәсіпорындардың шекараларыннан 1000 метрден кем емес қашықтықта салынатын мұнай және мұнай өнімдері құбырлары телімдерінде;

басты сорғы станциялары, мұнай таситын және аралас станциялар, магистральды сорғы станциялары және резервуарлы парк аймақтарында қолдануға болады.

Қалған барлық жағдайларда қалыпты түрдегі қорғаныс жабындары қолданылады.











5.3.6.2

Жер үстіндегі құбырларды атмосфералық коррозиядан қорғау













5.3.6.2.1 Құбырлардың коррозияға қарсы жабындары үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі туралы Ереженің 17-тармағы 443-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін құрылыс конструкцияларын тот басудан қорғау бойынша мемлекеттік норматив талаптарына бойынша материалдарды қолдану керек.

5.3.6.2.2 Құбырлар жер үстінде салынған кезде атмосфералық коррозиядан лакты бояулармен, шынылы эмальдармен, металл жабындармен немесе консистентті майлы жабындарымен қорғалуы тиіс.

5.3.6.2.3 Лакты бояулар 200 микрометрден (бұдан әрі - мкм) кем емес жалпы қалыңдықта және тұтастығы қалыңдығына 1 кВ-дан кем емес болуы тиіс.

5.3.6.2.4 Лакты бояулы жабындардың бақылауын: қалыңдығы бойынша –қалыңдық өлшегішпен, ал тұтастығы бойынша- ұшқынды дефектоскоппен жүргізу керек.

5.3.6.2.5 Шынылы эмальды жабындардың қалыңдығы 500 мкм-ден кем емес, тұтастығы қалыңдығына 2 кВ –дан кем емес болуы тиіс.

5.3.6.2.6 Консистентті майларды ауа температурасы 60 °-тан кем емес аудандардағы, құбырларды пайдалану температурасы 40 °С-дан жоғары емес телімдерде қолдану керек .

5.3.6.2.7 Жер үсті құбырларының тіреулерінің және басқа металл құрылғыларының коррозияға қарсы қорғанысын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі туралы Ереженің 17-тармағы 443-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін құрылыс конструкцияларын тот басудан қорғау бойынша мемлекеттік норматив талаптарына бойынша орындау керек.











5.3.6.3

Жер асты коррозиясынан құбырлардың электрлі -химиялық қорғанысы













5.3.6.3.1 Жоғары коррозиялық қауіп жағдайларында: 20 Ом·м-ге дейінгі топырақ кедергілері бар топырақтарда, жер асты сулары деңгейі жылына 6 айдан кем емес құбырдың төменгі құрамынан жоғары болса, құбырлардың пайдалану температурасы + 40 °С және одан жоғары телімдерде, микробиологиялық коррозиясы бар телімдерде электрлі химиялық қорғаныс құралдарын сақтауды, қорғаныс тогының күшін қашықтықтан бақылауды, электрлі химиялық құралдардың коррозиялық мониторингінің кернеуі мен параметрлерін алдын-ала қарастыру керек.

5.3.6.3.2 КС, ГТС, МАС және осыған ұқсас алаңдарда орналасқан технологиялық жабықтың қорғаныс жерге қосуларының контурлары, жер асты коммуникациясының электрлі химиялық жүйесіне экрандау әсерін жасамауға тиіс.

5.3.6.3.3 Катодты-қорғалатын құбырларға қосылатын, қорғаныс жерге қосулар құрылғыларын Электр қондырғыларын орнату қағидаларының талаптарына сәйкес қара металдардың мырышталған илемінен жасау қажет.

5.3.6.3.4 Коррозиядан қорғаудың жағдайын бақылау үшін жобалау құжаттамасында бақылау-өлшеу пункттері қарастырылуы тиіс.Олардың орналасу орындары мен құрылымдық орындалу талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі туралы Ереженің 17-тармағы 443-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін құрылыс конструкцияларын тот басудан қорғау бойынша мемлекеттік норматив талаптарына бойынша белгіленеді.

5.3.6.3.5 Анодты жерге қосулар мен протекторларды орнатуды ең аз шекті кедергісі бар жерлерде, топырақтың қататын тереңдігінен төмен қарастыру қажет.

5.3.6.3.6 Анодты жерге қосуға сорғыту кабелін қосқан жерлерде тану белгісінің қондырғысы қарастырылуы тиіс.

5.3.6.3.7 Анодты жерге қосудың сорғыту кабелі немесе қосу сымжелісін катодты станцияның тогының ең көп көлеміне есептеу және бұл есепті кернеудің шекті түсуі бойынша тексеру қажет.

5.3.6.3.8 Электродтардың қосылымының зауытта жасалмаған анодты жерге қосуларын электрлі химиялық қорғанысы үшін пайдаланған кезде қимасы 6 мм2 (мысқа арналған) кабельмен қарастыру қажет.

5.3.6.3.9 Коксты құюлары бар анодты жерге қосуларды жобалаған кезе кокс ұнтағының түйіршіктелуі 10 мм-ден аспауы тиіс.

5.3.6.3.10 Электрл химиялық қорғаныстың жүйелеріндегі барлық байланыс құрамалары, сонымен қатар кабельдің құбыр мен анодты жерге қосуларға қосылған жерлері қосу кабельдерінің оқшаулануы үшін зауыттың қабылдаған беріктігі мен ұзақ мерзімділігінен төмен болмауы тиіс.

5.3.6.3.11 Анодты жерге қосу-катодты қорғаныс қондырғысы- құбыр тізбегіндегі қосу кабелінің жер асты салымдарының телімдерінде тек екі қабатты полимерлі оқшаулауы бар кабельді қолдануды қарастыру қажет.

5.3.6.3.12 Құбырлардың катодты қорғанысы қондырғыларының электрмен жабдықталуы 0,4; 6,0; 10,0 кВ кернеуімен іс жүзіндегі ЭБЖ-тің II-санаты бойынша немесе ЭБЖ жолдарының бойында жобалануы немесе автономды көздерден жүзеге асырылуы тиіс.

5.3.6.3.13 Құбырлардың технологиялық байланысының кабельдерінің электрлі химиялық қорғанысын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі туралы Ереженің 17-тармағы 443-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін құрылыс конструкцияларын тот басудан қорғау бойынша мемлекеттік норматив талаптарына сәйкес жобалау керек.








5.3.7

Магистральды құбырлардың байланыс желілеріне қойылатын талаптар










5.3.7.1 Магистральды құбырлар байланыс желілерімен жабдықталуы тиіс. Байланыс желілерін жобалауды белгіленген тәртіпте бекітілген, және осы бөлімдегі байланыс жүйелері мен желілерін жобалау жөніндегі іс жүзіндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізу қажет.

5.3.7.2 Магистральды құбырлардың байланыс жүйелері мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

магистральды құбыр нысандарының орталықтан басқарылуы;

автоматтандырылған басқару жүйесін технологиялық үрдіспен жұмыс істеуін;

диспетчерлік қызмет қызметкерлерінің жедел байланысы;

магистральды құбырдың желілік бөлігінің әрбір нүктесіндегі пайдалану және жөндеу қызметкерлерінің қызметтік байланысы;

мүмкін болатын апатты жою жағдайында қарым-қатынас жасау және жедел қызметтерді шақыруға арналған басқа операторлардың каналдарына шығу мүмкіндігі;

магистральды құбыр көлігінің нысандары аймағындағы өндірістік байланыспен;

ұйымның стандарттарымен сәйкес ақпаратты беру және ақпараттық желілердің қызмет етуі;

күзеттің техникалық құралдармен, хабарландырылу, белгі беру желілермен жұмыс істеуі және басқарылуы;

мүмкін болатын апаттар мен оқиғалар туындаған кезде технологиялық үрдісті басқару.

Байланыс желілерін жасау үшін қолданатын технологияларды, топологияларды және байланыс құралдарын, сонымен қатар оларды салу қағидаттарын магистарльды құбыр көлігінің кәсіпорындары белгілейді.

5.3.7.3 Құбырлардың байланысының магистральдық желілерін онық ұзына бойына құбырды бойлай өтетін, желі түрінде қарастыру керек:

құбыр арматуралары мен жабдықтарының орналасу орындарындағы кабельді түрінде;

құбырдың барлық нысандарынан кіруге мүмкіндігі бар радиорелейлі түрінде.

Байланыс түрін таңдау техникалық-экономикалық есепппен негізделуі тиіс.

5.3.7.4 Байланыс желілері мыналардан тұрады:

ұйымдастыру жағынан – байланыс тораптарынан, радиорелейлі станциялардан, байланыс және қосылу желілерінен;

технологиялық жағынан – алғашқы және екінші желілерден.

5.3.7.5 Байланыс желісін басқару үшін, аппаратты-бағдарламалық кешен мен байланыс желілерінің жабдықтарын басқару арасындағы аппаратты-бағдарламалық кешен мен байланыс каналдарынан тұратын басқару жүйесі жасалады.

5.3.7.6 Құбырлардың байланыс тораптарын магистральды құбырдың нысандары аймағында орналастыру керек.Радиорелейлі байланыс құралдарын тиекті арматура тораптарына тікелей жақын және құйылу және қабылдау-беру пункттерінің МАС,КС,АС алаңдарында орналастыру керек.

Радиорелейлі байланыс аппаратурасы күрделі түрдегі жеке ғимараттардың құрылысын болдырмайтын, бөлінген үй-жайда немесе зауытта жиналған ғимараттарда орналастырылып, автоматтандырылған болуы тиіс.

5.3.7.7 Бірнеше кезекте салынатын магистральды құбыр нысандарында бірінші кезек берілісімен байланыспен қамтамасыз етілуі тиіс.

5.3.7.8 Радиорелейлі желілердің аралық станцияларын байланыс аппаратураларының қалыпты жұмысын, мүмкіндігінше желілік құрылымдарға(тиектік арматураға) жақындығы және байланыс желілерінің құрылысы мен пайдаланылуының ыңғайлылығын қамтамасыз ететін орындарда, құбырдың бойында орналастыру қажет.

5.3.7.9 Байланыстың кабельді желілерін, номиналды диаметрі DN 500 –ге дейінгі құбыр білігінен 8 метрден кем емес және номиналды диаметрі DN 500 –ден астам құбырды 9 метрден кем емес қашықтықта, өнімнің бағыты бойынша магистарльды құбырдың сол жағынан қарастыру керек. Желілік телемеханика кабельдерін бір мезгілде салу кезінде кабельді байланыс желісімен бір орда салуға рұқсат етіледі.

Күрделі жағдайларда салу кезіндегі және лажсыз шегіну жағдайындағы магистральды құбырдың қашықтығы жобалау құжаттамасында негізделеді.

5.3.7.10 Кабельді найзағай соғудан арнайы қорғау құрылғысының қажеттігі жобалау құжаттамасында негізделеді.

5.3.7.11 Техникалық шешімдері мен салыну жағдайларына байланысты кабель түрлері жобалау құжаттамасында белгіленеді.

5.3.7.12 Байланыс кабелінің топырақтағы терендігі 1,2 метрден кем емесболып және салыну жағдайын ескеріп белгіленеді.

Ауылшаруашылығы жерлеріндегі байланыс кабелінің салыну тереңдігі ауылшаруашылығы жұмыстарын жүргізу және мүмкін болатын топырақ эрозиясы кезінде кабельдің бүлінбеуін сақтауды ескеріп орнатылуы тиіс.

5.3.7.13 Жергілікті жердегі жер асты байланыс желісі өлшеу бағаналарымен өлшеніп, төмендегідей орнатылуы тиіс:

тікелей көрінуді қамтамасыз ету үшін бір-бірінен 300 метрден алыс емес тас жолдың түзу телімдерінде және әрбір муфтыға қарама-қарсы;

муфтылардың арасындағы түзу желіден тас жолдың ең көп ауытқушылығы(2 м астам) бар жерлеріндегі тас жолдың қисық сызықты телімдерінде;

су кедергілері арқылы өтетін өткелдерде;

автомобиль және темір жолдардың қиылыстарында және жолдардың екі жағынан төмен түсіп;

түрлі мақсаттағы жер асты байланыстарының қиылыстарында;

найзағайдан қорғай сымжелелерінің ұштарында;

жылу құрылғылары блоктары орнатылған орындарда.

Егістік жерлерде өлшеу бағаналары орнатылмайды.

5.3.7.14 Бір желілі құбырлардың жер асты өткелдерінде құбырдың диаметрінің инженерлік-геологиялық және гидрологиялық жағдайларына байланысты құбырдың білігінен қашықтықта, сонымен қатар жұмыс өндірісінің қабылданған технологиясына байланысты, бірақ 10 м кем емес етіп қарастыру керек. Көп желілі жер асты өткелдеріндегі құбырдың шеткі білігінен қашықтығы 10 метрден кем болмауы тиіс.

Нгіздемеге сәйкес, ерекше жағдайларда байланыс кабелін құбырмен бір орда салуға, сонымен қатар кабельді тікелей құбырдың тұтас бетон жабынында немесе арнайы кабель-каналдарда тұтас бетонды жабынның ішінде салуға рұқсат етіледі. Кабельдің сақтық сымын салу қажеттігі жобалау құжаттамасында негізделеді.

5.3.7.15 Темір жолдар қиылыстарында байланыс кабельдерін салуды құбырдың қорғаныс қабында орналасқан, құбырларда(қаптарда) қарастыруға рүқсат етіледі.

Кабельді құбырдың қорғаныс қабының сыртында салған жағдайда, оны 1 метрден кем болмайтын ұзындықтағы жыраның далалық қасында немесе құбырдың екі жағының табанының үйіндісіне құбырдың ұштарын шығарып, құбырдың білігінен 8 метрден кем емес қашықтықта орналасқан, диаметрі 100 мм полимерлі немесе хризотилцементті түтіктерде салу керек.

5.3.7.16 Су кедергілері арқылы кабельдік өткелдерді төмендегідей орындауға рұқсат етіледі:

көлденең-бағытталған бұрғылау әдісімен салынған кабельдермен;

топыраққа тереңдетіліп су астында салынатын кабельдермен;

көпірле арқылы салынатын кабельдермен;

тіректердегі аспалы кабельдермен.

5.3.7.17 Тұрақты арналы су кедергілері арқылы өтетін өткелдерде байланыс кабельдерін 1 метрден кем емес тереңдікте орналастыруы тиіс. Арнасы өзгеріп отыратын және ерекше гидрогеологиялық жағдайдағы өзендер арқылы өтетін өткелдерде кабельдің тереңдетілуі жобалау құжаттамасында белгіленеді, сонымен бірге кабельдің салынуы түбінің шайылып кету мүмкіндігі жақын 25 жылға есептік белгіден төмен 0,5 метрден кем емес тереңдікте жүргізілуі тиіс.

5.3.7.18 Темір жолдармен және автомобиль жолдарымен қиылыстардағы байланыс кабельдерін жол жанындағы жыраның түбінен 0,8 метрден төмен емес тереңдікте салу керек. Жырыдағы механикалық зақымданулардан кабельді қосымша қорғау қажет болатын жағдайда бұл қашықтықты 0,4 метрге дейін азайтуға рұқсат етіледі.

Темір және автомобиль жолдарымен қиылысу бұрышы 90°, бірақ 60° -тан кем болмауы тиіс.

Байланыс кабелінің құбырлармен қиылысу бұрышы 60º -тан кем болмауы тиіс.

Байланыс кабельдері инженерлік байланыстармен қиылысқан кезде оларды жарыққа тікелей аралықтағы хризотилцементті немесе полимерлі құбырларда төмендегіден кем болмайтындай етіп салу керек:

жанармай немесе тез жанатын заттар тасымалдайтын құбырлармен, су жүретін және кәріздік құбырлармен, жылу желісі құбырларымен - 0,15 м;

220 кВ дейінгі кернеудегі кұш беретін кабельдермен - 0,53 м;

байланыс кабельдерімен - 0,15 м;

радио тарату желілері кабельдерімен - 0,25 м.

5.3.7.19 Топырақтың өзгерісінің мүмкін өтеміне қажетті, ұзындық қорын қамтамасыз ету үшін ордағы кабельді топырақтың ықтимал өзгерісін теңгеру үшін «жылан» түрінде салу керек.

5.3.7.20 Кабельдің сақталуын қамтамасыз ету үшін, ордағы байланыс кабелінің үстінен белгі беру-іздеу лентасын салу керек.

5.3.7.21 Кабельді механикалық зақымданулардан қосымша қорғау қажет болатын жағдайда кабельді темір-бетонды науаларда, хризотилцементті, полимерлі немесе болат құбырларда салуды қарастыру қажет.

5.3.7.22 Радиорелейлі байланыс желісін жобалау кезінде іс жүзіндегі электр тарату желілерінің құбырының қажеттігі үшін жасалатын,қоректендіру қорын торлықтай пайдалануды қарастыру қажет.

Радиорелейлік желінің қызмет көрсетілмейтін аралық электр құрылғыларын қоректендіру үшін, құбыр бойынша тасымалданатын өнім пайдаланылуы мүмкін.









5.3.8

Сығымдалған көмірсутегі газдарын жобалауға қойылатын талаптар










5.3.8.1 С3 және С4 фракцияларының сығымдалған көмірсутегі газдары мен оның қоспаларын, тұрақсыз жанармайды және тұрақсыз конденсатты (бұдан әрі - СКГ) тасымалдауға арналған құбырларды жобалауды магистральды газ құбырларының, сонымен қатар осы бөлімнің талаптарына сәйкес орындау қажет.

Аталған құбырларды жобалау кезінде сонымен қатар СКГ құбырларын технологиялық жобалау нормаларын және белгіленген тәртіпте бекітілген басқа нормативтік құжаттарды басшылыққа алу керек.

5.3.8.2 СКГ тасымалдауға арналған құбырлар(әрі қарай-құбырлар) В санатында қарастырылуға тиісті телімдерден басқа, олардың диаметрі мен салыну түріне қарамастан I санатта болуы тиіс:

I және II санаттағы жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары, жалпы желідегі темір жолдар арқылы ұзіндіқтағы телімдердің екі жағынан осы өткелдерге қабысып тұратын кеме жүзетін су бөгеттері;

МАС, АС аймақтары шегіндегі, сонымен бірге ғимарат ішіндегі құбырлар;

5.3.8.6 тармақтары бойынша телімдердегі құбырлар;

5.3.8.3 Ғимараттар мен құрылыстардың, қалалар мен басқа елді мекендерге дейінгі жер асты құбырларының білігінен қашықтығы құбырдың диаметріне, нысанның жауапткершілік дәрежесі мен ұзындығына, жер бедеріне, тасымалданатын СКГ түрі мен қасиетіне, сонынмен қатар бұл нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы қайнау температурасына қабылдану тиіс.

5.3.8.4 Құбырдың құбыр үстіне дейінгі салыну тереңдігін 1,5 м кем болмайтындай етіп қабылдау қажет.

5.3.8.5 Нақтылы диаметрі DN 150-ге дейінгі бірнеше құбырды бір мезгілде салған жағдайда, оған қоса оларды бір орда бір-бірінен 0,5 метрден кем емес қашықтықта орналастыруға рұқсат беріледі. Сонымен бірге нысан мен оған жақын жержегі құбырдың арасындағы қашықтық DN 150 нақтылы диаметріндегі құбырға арналған сияқты орнатылады.

5.3.8.6 Ғимараттар мен құрылыстардың, елді мекендердің бірдей немесе жоғары бағалауларында орналасқан жерлерде салынатын құбырлар телімдері екі жағындағы ұзындыққа тең проекцияяға қабысып жатқан және құбырдың нысанының проекциясыы шегіндегі В санатына жатады.

Егер табиғи бөгеттер болмаса, СКГ төгілген жағдайда телімдерді бойлай оларды қауіпсіз жерге бұрып жіберуге арналған жыралар қарастырылуы тиіс.

5.3.8.7 5.3.5.12-ге сәйкес құбырларды орнатуда қарастырылатын бекіту арматурасын, II-санатты телімнің шекарасы жанына тікелей орналастыыру керек.

5.3.8.8 Желілік бекіту арматурасы ретінде, құдықсыз орнатуға арналған, біліксіз құрыфлымдағы арматураны қарастыру қажет.

5.3.8.9 Бекіту арматурасы болаттан болуы және құбырлармен дәнекерлерудің көмегімен біріктірілуі тиіс.

Фланец арматурасын құрылғыларға жөндеу жұмыстарын жасау кезінде, сонымен бірге жабдықтарға құбырларды қосу үшін қолдануға рұқсат етіледі.

Бекіту арматурасының жапқыштары жоғарғы А класының герметикалығына Қазақстан Республикасының құбыр жабатын клапан бойынша норматив талаптарына сәйкес болуы тиіс.

5.3.8.10 Құбырда орнатылатын желілік бекіту арматурасының арасындағы қашықтық 10 км-ден аспауы тиіс.

5.3.8.11 Желілік бекіту арматурасының, сонымен бірге В санатындағы телімдердің шекарасында орнатылатын бекіту арматурасының, технологиялық жобалау нормаларына сәйкес қашықтықтан басқарылуы болуы тиіс.

5.3.8.6-да ескертілген телімдер үшін,СКГ ағып кету жағдайында бекіту арматурасын автоматты түрде ажырату қарастырылуы тиіс.

Ағып кетуді табу әдістері технологиялық жобалаудың нормалары тәртібімен белгіленеді.

5.3.8.12 Құбырларды параллель түрінде салу кезінде желілік бекіту арматураларының тораптары бір-біріне қатысты 50 метрден кем болмайтындай жылжытылып орналасуы тиіс.

5.3.8.13 Бекіту арматурасының әрбір торабының СКГ бір телімнен екінші телімге тасымалдау мен жіберу және қайта өңдеудің түгендеу құрылғысын қосу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, нақтылы диаметрі DN 100-150 құбырларымен байламы болуы тиіс.

5.3.8.14 Сығымдалған көмірсутегі газдары үшін, темір және автомобиль жолдары арқылы өткелдерде қарастырылатын қаптамалардан өнімдерді жинауға арналған құдықтарды орнатуға рұқсат етілмейді.

5.3.8.15 Нақытылы диаметрі DN 150 және одан асатын құбырлар тазалау құрылғыларының қабылдау және қосу тораптарымен жарақтандырылуы тиіс.Бұл тораптардың орналасу орындары жобалау құжаттамасында құбырдың нақты пішініне байланысты, бірақ бір-бірінен 100 км-ден аспайтындай етіліп белгіленеді.

Көршілес құбырлардағы Т(Д)Қ қосу мен қабылдау тораптарын параллель түрде салу кезінде олар бір-біріне қатысты 150 метрге жылжытылуы тиіс. Тазалау мен диагностика құралдарын қосу мен қабылдау камераларын СКГ-нан босату технологиялық жобалау нормаларына сәйкес жүргізіледі.

5.3.8.16 Тазалау құрылғыларының қабылдау және қосу тораптарымен жарақталған құбырлардың барлық элементтері тең өтілетін болуы тиіс.

5.3.8.17 Тазалау құрылғыларының қабылдау және тазалау тораптарының бекіту органдарымен жарақталған қашықтықтан басқару пункттері шекарадан тыс орналасуы тиіс (қосу торабы үшін-тазалау құрылғысының қозғалыс бағытында, қабылдау торабы үшін- тазалау құрылғысынан қарама-қарсы бағытта)

5.3.8.18 Ғимарат пен құрылыстан 2000 метрден кем болмайтын қашықтықта орналасқан сорғы станциялары, осы нысандарға қатысты ең төмен белгілерде орналасуы тиіс.

5.3.8.19 Тәртіп бойынша, басты сорғы станцияларын осы кәсіпорындардың ыдыстарын, энергия және сумен жабдықтау жүйелерін және басқа қосалқы қызметтерін пайдаланып, жеткізуше-зауыттардың алаңдарында орналастыру керек.

5.3.8.20 Аралық сорғы станциялары технологиялық жобалау нормаларының талаптарын ескере отырып, арнайы бөлінге аймақтарда орналасуы тиіс. Сорғы станцияларын ені 200 метрден асатын өзен арқылы өткелдердің алдында орналастыруға рұқсат етілмейді.

5.3.8.21 Сорғы станцияларынан елді мекендерге, жекеленген ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі ең аз қашықтықты,сорғы станциясына жататын құбырларға арналған сияқты қабылдау керек.

5.3.8.22 Соратын және айдайтын коллекторлары бар сорғылардың бұрылыстарындағы бекіту арматурасын қашықтықтан басқарылатын етіп қарастырылуы тиіс: жедел жұмыстар үшін-сорғы станциясының ғимаратының ішінде, апаттың ажыыратулар үшін- сорғы станциясының ғимаратының қабырғасынан 50 метрден аспайтын және 3 метрден кем болмайтын қашықтықта сыртында орналасуы тиіс.

5.3.8.23 Сорғы станциясының резервуарларын, сорғыларын және құбырларын үрлеу кезіндегі газдарды жағуға арналған шырақ осы нысандарға жылу ағымының рұқсат етілген әсеріне байланысты, сорғы станциясының жақын ғимараттан, құрылыстан, машина немесе сорғы станциясының аппаратынан 60 метрде кем емес қашықтықта орналасып, 10 метрден кем болмайтын биіктікте болуы тиіс.

5.3.8.24 Өнеркәсіптік алаңдарының шегіндегі сорғы станцияларының құбырларын эстакадалар немесе жеке тұрған тіректерге жер үсті етіп төсеу керек. Құбыр өткізгіштерінде өнімнің еркін ағып кетуіне кедергі келтіретін тік жазықтығында иілетін жерлері болмауы керек.

5.3.8.25 Құбырдың аралық сорғы станцияларына қосылу тораптары жұмысын тоқтатпастан құбырдан сорғылық ажыратылуы үшін аралықтан басқарылатын арматурамен жабдықталуы керек.

5.3.8.26 Құбырдың кез келген нүктесіндегі минималды қысым (екі фазалы ағынның жасалуының алдын алу мақсатында) 0,5 МПа өнімінің бу тығыздығынан жоғары болу керек.

5.3.8.27 Жалпы желі бойынша құбырлардың өтетін жерлерінде белгі бағандарын орнату және оларды ресімдеу қажеттілігі теміржол көлігінің облысында атқарушы биліктің органымен келістіру бойынша шешіледі.

5.3.8.28 СУГ тасымалдау процесін басқару, қауіпсіздік, автоматика жүйесі технологиялық жобалау нормаларына сәйкес қарастырылуы керек.

5.3.8.29 Көміртекті сұйық газдың құбырлары орнатылған тәртіпте бекітілген арнайы техникалық шарттар бойынша әзірленген құбырлардан жарақталуы керек.

5.3.8.30 Орман және елді мекен арқылы өтетін құбыр жолдарында құбырларды ақаулардан қорғау қарастырылуы керек (қорғаныс металл сауыттарда төсем, темірбетон плиталарымен жабылуы ж.т.б.).

5.3.8.31 Кеме жүретін және балқыма су өткелдері арқылы құбырлардың су асты өткізгіштері, әдетте «құбыр ішінде құбыр» құрылымымен жасалуы керек.


6




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет