Төрағасының 2018 жылғы № бұйрығына 2-қосымша


ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ РАЦИОНАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯНЫ ТҰТЫНУДЫ ҮНЕМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР



жүктеу 0.6 Mb.
бет4/4
Дата21.04.2019
өлшемі0.6 Mb.
1   2   3   4

ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ РАЦИОНАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯНЫ ТҰТЫНУДЫ ҮНЕМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР





6.1

Магистральды құбырлардың объектілерінің құрылыстары мен ғимараттардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар








6.1.1 Магистральды құбырлардың объектілерін жобалау кезінде энергеткикалық тиімділікті қамтамасыз ету үшін инженерлі-техникалық жабдық жұмысын бақылау мен басқарудың зияткерлік жүйелерін қолдану, энергияның балама және жаңартылатын көздерін пайдаланудың мүмкіндіктері барынша Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңының талаптарын ескерілуі қажет.

6.1.2 Қайтадан салынатын, реконструкцияланатын және күрделі жөндеуден өткізілетін ғимараттар мен имараттар қолданысқа енгізу сәтінен бастап және пайдалану процесі кезінде энергияны үнемдеу сұрақтары жөніндегі нормативті құжаттар мен техникалық регламентте қарастырылған талаптарға сәйкес келуі керек, оның ішінде:

жабдықтар мен құбырлар, ғимараттар мен имараттар бөліктері, құрылыс құрылымдарының элементтерінің жылу қорғау қасиеттері мен меншікті энергетикалық ресурстарының көрсеткіштері ;

энергияны үнемдейтін жабдықты қолдану, ғимараттар мен құрылыстарда энергеткиалық ресурстардың шығынын азайтуға бағытталған көлемді-жоспарлау, сындарлы және басқа шешімдерді пайдалану;

энергетикалық ресурстарды шығындау есебі;

ғимаратқа жылу тасушыларды беруді рететуді қамтамасыз ету, құрылыстар және сыртқы ауа температурасына сәйкес жайлар, жай ішіндегі қажетті температура, энергетикалық ресурстарды шығындау есебі.






6.2

Табиғи ресурстарды рационалды пайдалану талаптары







Магистральды құбырлардың объектілерінің ғимараттары мен құрылыстары табиғи ресурстарды қолдану рационалды болатындай етіп құрылуы және жобалануы керек, жекелеі алғанда қамтамасыз етілуі керек:

құрылыс пен ғимараттың қызметінің есептік мерзімі ағымында құрылыс құрылымдары, материалдар мен бұйымдардың қажетті қасиеттерін сақтау;

құрылыс сынығын қайта өңдеу өнімдері, өнеркәсіптік және құрылыс өндірісінің қалдықтарынан әзірленген құрылымдар мен құрылыс материалдарын пайдалану ;

құрылыс құрылымдарын және олардың элементтерін қайтадан пайдалану.

Металл құрылымдары элементтерін қайталап қолдану (сұлбалар, арқалықтар, тұрбалар, табақтар, шпунттар, свай ж.т.б.) жобалау ұйымымен (жоба авторы) келісусіз құрылыс процесінде қайтадан қолдануын алдын алу, осы нормативті құжат, жобалау және жұмыс құжаттамасының талаптарының көрсетілген элементтерінің ерекшеліктері мен қалдық қасиеттер сынауларын міндетті растау шарттары кезінде инженерлік-техникалық қамтамасыз ету жүйелерінде, ғимараттар мен имараттар фундаменттері мен тасушы құрылымдарында рұқсат етіледі.


7

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТАЛАПТАРЫ




7.1 Қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптарды жобаға жеке тарау қылып қосу керек, ал сметаларда қажетті шығындарды қарастыру керек.

7.2 құбырларды жер асты және жер үсті төсеу кезінде жергілікті материалдарды қолдана отырып эрозияға қарсы шараларды қарастыру керек, ал тік құлама, аңғарлар, суару арналары мен кюветтердің қиылысу жерлерінде құбырлардың бойлай таралуы мен судың траншеясына енуінің алдын алатын бөгеттер қарастыру керек.

7.3 Құбырларды арқалық, құлама мен жылғалар арқылы қиылысуында жер үйінділерінде төсеу кезінде суды өткізу құрылғыларын қарастырған жөн (орам, құбыр және т.с.с) Су өткізетін құрылыстардың көлденең қиылысын 50 жылда бір рет қайталау арқылы судың максималды шығыны бойынша анықтау керек.

7.4 Жер асты құбырларымен қиылысу орындарында су баспайтын жағалауларды бекітуді құламаға толқынның биіктігі 0,5 м және 50 жылда бір рет қайталанатын есептік көкжиек үстінен 0,5 м кем емес көтерілетін белгіге дейін қарастыру керек.

Су жайылған жағалауларда құлама бөлігінен басқа 1-5 м ұзындығы бар құлама жанындағы учаскеде жайылма бөліктері бекітілуі керек.

Жағалаудың бекітілетін жолының ені геологиялық және гидрогеологиялық шарттарға байланысты жоба арқылы анықталады.

7.5 Жылжымалы аудандарда төсеу бойынша жобалау шешімдері:

Табиғи шарттарды (терең діңгектелген және бұрғыланған діңгектер мен бағандар және т.с.с) бұзу мүмкіндігін болдырмау шарттарынан қабылдануы керек );

Жылжу шараларының барлық кешенін қамтып алуы керек (ерекше күзетілетін аумақтар, су объектілері, бақылаушы қауіпсіз өзгерістер қарастырылуы керек),

құрылыс және әрі қарай пайдалану кезінде құбырлардың қауіпсізідгін сипаттайтын, параметрлердің рұқсат берілген өзгеру шектері туралы ақпаратты қамтуы керек.

7.6 Құбырларды солифлюкциялық және қауіпті термоэрозиялық еңістерде термоабразионды жағалауда төсеу кезінде қарастырылуы керек:

техногенді бұзылуының алдын алу бойынша арнайы инженерлік шешімдер, өсу жабынның максималды сақталуы бойынша шаралар;

күп болмайтынға топырақты алмастыру және топырақ үю;

ағын суларды бұру және дренаждау;

құбыр үстінен топырақ валигін тығыздау және тегістеу.

7.7 Криогенді күп болу байқалған жерлердің шегінде төселетін құбырлардың тас жолы учапскелерінде, негіздемелердің (маусымдық еру тереңдігінің азаюы, күп болуға қарсы жастықтар құрылғысы және т.с.с) өзгеруінің алдын алатын жобалау шешімдерін қарастыру керек.

Құбырлардың тас жолының жанында орналасқан эрозия ойықтары мен аңғарлары.

7.8 Құбырларды төсеу кезінде топырақтың өнімді қалпына келтірілуін қарастыру керек.

7.9 Гидравликалық сынаулар мен қалпына келтіруге қойылатын талаптар өзіндік ішкі тараулар түрінде жобада реттелуі керек.

7.10 магистральды құбырлардың құрылысы бойынша жобалау шешімдері кему жерлерін анықтау мен бақылаудың тиімді әдістерімен жабдықтауды қарастыруы керек.

7.11 Құбырдың желілік бөлігінің төсемін орындаушы құрылыс компаниясы, қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық келісімдер мен мемлекеттік заңнаманың сақталуы, қоршаған ортаны қорғау бойынша жобалау шешімдерінің сақталуы үшін жауапты болады.

7.12 Магистральды құбырлар құрылысының уақытына жерді бұру жолдарының ені магистральды құбырлар үшін жерді бұру нормаларына сәйкес жобамен анықталады.

7.13 Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау, машиналар мен механизмдердің қозғалысы, жұмыстарды орындау жобасымен қарастырылмаған материалдарды сақтау және қоймалау, жұмыстарды орындау жобасымен қарастырылмаған монтаждау жұмыстарын іске асыруға тыйым салынады.

7.14 Жұмыстарды орындау үшін механизацияның әдістері мен құралдарын таңдау кезінде қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық келісімдер мен мемлекеттік заңнама, ресурсты үнемдеу мен энергия талаптарын басшылыққа алу керек.

7.15 Топырақтың эрозиясы, аңғардың пайда болуының алдын алу шаралары, сондай-ақ опырылуға қарсы қорғаныс шаралары жобалау шешімдеріне қатаң сәйкестікте орындалуы керек.

7.16 негізгі жер жұмыстары басталғанға дейін котловандар мен орлармен алынатын ауданның топырағының өнімді қабаты алынуы керек және қалпына келтірілуі үшін үйіндіге үйілуі керек. Көрсетілген жұмыстарды жасау кезінде қалпына келтіру жобасының талаптарын сақтау керек.

7.17 Топырақтың қабатының кері салынуы, сақталуы, тасымалдануы мен алынуы сапалық көрсеткіштерінің төмендеуін болдырмайтын әдістер арқылы орындалуы керек.

7.18 Құрылыс мақсаттарына арналған жер құрылысы мен құю, су өткізбейтін бөгеттің құрылысына арналған топырақтың құнарлы қабатын пайдалану.

7.19 Алдын ала тазартусыз құбырдан шығарылған суды өзен,көлдерге және басқа су қоймаларына құюға болмайды.

7.20 Негізгі жұмыстар аяқталғаннан кейін құрылыс ұйымы су жинайтын орларды, дренажды жүйелерді, жерді бұру жолдары шегінде орналасқан және осы жолды қиып өтетін қар ұстайтын құрылыстар мен жолдарды қалпына келтіруі керек, сондай-ақ жергілікті орынға жобалау рельефін беріп, табиғи түрін қалпына келтіру керек.

7.21 Криогенді күп болу байқалған жерлердің шегінде төселетін құбырлардың тас жолы учапскелерінде, негіздемелердің (маусымдық еру тереңдігінің азаюы, күп болуға қарсы жастықтар құрылғысы және т.с.с) өзгеруінің алдын алатын жобалау шешімдерін қарастыру керек.

Құбырлардың тас жолының жанында орналасқан ойықтар мен эрозия аңғарлар бекітілуі керек.




ӘОЖ 621.643.053 МСЖ 01.120: 91.040.01

Негізгі сөздер: магистралдық құбыр жолдары, механикалық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, құрылыс талаптары, ережелер жиыны, функционалдық талаптар, жіктеу, есептер, жобалау, талаптар, ықпалдар, жүктемелер, кедергілер, траншея, протектор, тоннель, қосалқы құбыр, технологиялық құбыр, құбыр алқабы, сорғыш станциясы, техникалық дәліз, жұмыс өндірісі, қорғаныштық қаптама, қысым, байланыс, өткізгіштік қасиет, құбыр сынағы, металлдар қасиеттері, байланыстырғыш материалдар, құбырларды пайдалану, бағытталған бұрғылау, электрохимиялық қорғаныш, қоршаған ортаны қорғау, жерлерді рекультивациялау, бауланыстар желісі, мұнай, мұнай өнімдері, сұйытылған көмірсутегі газы, кептегіштік арматура, электр желілері, тасымалдау, энергетикалық тиімділік, сапа бақылауы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет