Торайғыров атындағы Павлодар


Қолдану нұсқаларының моделін жасау



бет14/20
Дата25.01.2023
өлшемі0.86 Mb.
#181891
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Байланысты:
Ақпараттық жүйелерді жобалау силлабусы 2023
8 keste 2022

Қолдану нұсқаларының моделін жасау.


Қатысушы актерлер:



  • Студент (Student) – курсқа жазылады.

  • Профессор (Professor) – оқытуға курсты таңдайды.

  • Тіркеуші (Registrator) – оқу жоспарын және курстар каталогын құрастырады, курстар, профессорлар және студенттер туралы барлық мәліметтерді жүргізеді.

  • Есептік жүйе (Billing system) – жүйеден курстарға төленген ақы туралы ақпарат алады.

  • Курстар каталогы (Course Catalog) – униерситет ұсынатын курстар каталогынан ақпаратты жүйеге береді.

Rational Rose ортасында жүйеге қатысушы (әрекет етуші) кейіпкерлерді жасау.
Браузерге әрекет етуші тұлғаларды орнаастыру үшін:

  1. Браузерде қолдану нұсқаларын көрсету пакеті бойынша жанама мәзірді шақыру керек.

  2. Мәзірден New – Actor командасын аламыз.

  3. Браузерде NewClass атымен жаңа әрекет етуші тұлға пайда болады. Оның атының сол жағынан UML-дің әрекет етуші тұлғасының пиктограммасы көрінеді.

  4. Жаңа әрекет етуші тұлғаны ерекшелей отырып, оған ат енгізуге болады.

  5. Әрекет етуші тұлғаларды енгізіп болғаннан кейін модельді сақтау керек (File – Save).

Бұл жүйеде әрекет етуші тұлғалардың қажеттілігінен келесі қолдану нұсқаларын алуға болады:

  • Логин, яғни жүйеге кіру (Login);

  • Курсқа тіркелу (Register for Courses);

  • Үлгерім табелін қарау (View Report Card);

  • Оқытылу үшін курс таңдау (Select Courses to Teach);

  • Бағаларды қою (Submit Grades);

  • Профессорлар туралы ақпарат жүргізу (Maintain Professor Information);

  • Студенттер туралы ақпарат жүргізу (Maintain Student Information);

  • Тіркеуді жабу (Close Registration);



  1. Rational Rose ортасында қолдану нұсқаларын жасау.


Браузерде қолдану нұсқаларын орналастыру үшін:



    1. Браузерде қолдану нұсқаларын көрсететін пакет бойынша жанама мәзірді шақыру.

    2. Мәзірден New – Use Case командасын таңдау.

    3. Браузерде NewUseCase атымен жаңа қолдану нұсқасы пайда болады. Оның сол жағында UML-дің қолдану нұсқасының пиктограммасы көрінеді.

    4. Жаңа қолдану нұсқасын ерекшелей отырып, оның атын енгізіңіз. Қолдану нұсқаларының диаграммасы.

Тіркеу жүйесі үшін қолдану нұсқаларының диаграммасын жасаңыз.
Rational Rose ортасында қолдану нұсқаларының диаграммалары қолдану нұсқаларының көрсетілімімен жасалады. Басты диаграмма (Main) бастапқы жағдаймен бірден ұсынылады. Жүйені модельдеу үшін содан кейін толықтырылған диаграммаларды қажетінше әзірлеуге болады.
Қолдану нұсқаларының басты диаграммасына кіру үшін:

  1. Браузердегі қолдану нұсқаларының көрсетілімінің жанындағы «+» таңбасына баысп, осы көрсетілімді ашыңыз.

  2. Тышқанды екі рет басу арқылы басты диаграмманы ашыңыз: [Use Case Diagramm: Use Case view / Main] фразасын қамти отырып, атаулар жолы өзгереді.

Қолдану нұсқаларының жаңа диаграммаларын жасау үшін:

  1. Браузерде қолдану нұсқаларын көрсету пакеті бойынша жанама мәзірді шақыру.

  2. Мәзірден New – Use Case Diagram командасын алу.

  3. Жаңа диаграмманы ерекшелеп, жаңа атты енгізіңіз.

  4. Браузерде осы диаграмманың атына тышқанды екі рет шерту арқылы оны ашыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет