Торайғыров атындағы Павлодар


Білімге, іскерлікке, дағдысына, құзыретке қойылатын талаптар



бет3/20
Дата25.01.2023
өлшемі0.86 Mb.
#181891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Ақпараттық жүйелерді жобалау силлабусы 2023
8 keste 2022

Білімге, іскерлікке, дағдысына, құзыретке қойылатын талаптар


Курстың оқылу нәтижесінде студенттер түсінуі қажет:

  • экономикалық–математикалық әдістері мен есептеу техникасын қолдануға негізделген БАӨКЖ жобалау принциптерін, күрделі жүйені талдау және синтездеу концепциясын және әдістемесін;

білуі қажет:

  • ақпараттық жүйелерді макро және микродеңгейде жобалау әдістемесін;

  • жүйелердің иерархиялық принциптерін;

  • жүйелік талдауды;

қолдана білуі:

  • жобалаудың барлық кезеңдерінде ақпараттық жүйелерді тиімді жобалау мақсатымен жүйелерді декомпозиция әдістерін қолдануды;

  • ақпараттық жүйелердің ұйымдастырушылық және функционалды құрылымдарын жобалаудың формальды әдістерін қолдануды;

меңгеруі қажет:

  • күрделі жүйелердің эскизді жобалауын іске асыруды және

  • жобаланған жүйенің сенімділігі мен сапасын бағалауды;

құзіретті болу:

  • жаңа ақпаратты технологияларды және жүйелерді жобалаудың инструментальды құралдарын қолдану арқылы ақпаратты жүйелерді жобалаудың барлық түрлерін қамтамасыз етуге.



  1. Пәннің тақырыптық жоспары


№ р/с

Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша сағаттардың саны

дәріс

практ

СӨЖ

1

Кіріспе

2,5

2,5

5

2

Ақпараттық жүйелерді жобалаудың концепциясы

5

5

20

3

Ақпараттық жүйелерді жобалаудың
әдістемелік принциптері

5

5
20




4

Ақпараттық жүйелердің компоненттерін жобалаудың

5

5

20




модельдері мен әдістері










5

Корпоративті ақпараттық жүйелерді
жобалаудың технологиясы

5

5

25




Барлығы:

22,5

22,5

90




  1. Дәрістер мазмұны

Кіріспе


Ақпараттық жүйелер әдеттегі бағдарламалық өнім болғанымен де олар стандартты қолданбалы бағдарламалар мен жүйелерден бір қатар ерекшеленеді.


Пәндік аймағы бойынша ақпараттық жүйелер өзінің қызметіне, архитектурасына, жүзеге асуына байланысты айырмашылығы бар.
Ақпараттық жүйелер ақпаратты жинауға, өңдеуге және сақтауға арналған. Сондықтан олардың әрқайсысының негізінде сақтау ортасы мен мәліметтерге қатынау жатады.
Бүгінгі таңда адам қызметінің кез келген саласының компьютерленділуін еске алсақ, онда ақпараттық жүйелер көп жағдайда есептеуіш техника аймағында аса біліктілігі жоқ соңғы қолданушыларға арналғандығын байқай аламыз. Сол себепті қолданушылардың осы тобына қызметтерін мейлінше ыңғайлы, тиімді ұйымдастыруы үшін ақпараттық жүйелердің интерфейсінің жеңіл, қарапайым, ыңғайлы болуы маңызды орын алады. Осы айтылғандарға байланысты ақпараттық жүйелерді әзірлеу барысында ақпаратты сақтауға арналған мәліметтер қорын әзірлеу және соңғы қолданушыларға графиктік интерфейсті әзірлеу есептері шығарылады.
Бұл оқу құралында ақпараттық жүйелерді жобалаудың теориялық және тәжірибелік жақтары қарастырылған.


  1. тақырып. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың технологияларының негізгі түсініктері


Ақпараттық жүйелер дегеніміз ақпаратты жинауға, сақтауға, іздеуге, талдауға және таратуға бағытталған қолданбалы бағдарламалық өнім. Ақпараттық жүйелер кіріс ақпаратты (қандайда бір мәліметтер, нұсқаулар) және шығыс ақпаратты (есептеу, есептеулер) қамтиды, яғни ақпараттық жүйелер кіріс ақпараттарды өңдеп, шығыс ақпараттарды нәтиже ретінде береді. Амалдарды, әрекеттерді бақылап отыратын кері байланыс механизмі де жүзеге асырылынады. Басқа жүйелер сияқты ақпараттық жүйелер де қоршаған ортада болады.



1-сурет. Ақпараттық жүйелердің сызбасы


Ақпараттық жүйелердің құрамына кіретін типтік бағдарламалық компоненттер жүзеге асырады:



  • енгізу/шығару диалогын;

  • диалог логикасын;

  • мәліметтерді өңдеудің қолданбалы логикасын;

  • мәліметтерді басқару логикасын;

  • файлдармен немесе мәліметтер қорын басқару әрекеттерін;

Соңғы уақыттарда мекемелерде корпоротивті ақпараттық жүйелерді тұрғызу маңыздылығы қазіргі таңдағы шарттарда бизнесті басқарудың қажетті инструменті ретінде қарастырылып отыр.
Корпоративті ақпараттық жүйелер – бағдарламалық қамтамасыздандыру орнатылған және бапталған арнайы бағдарламалық өнім және есептегіш аппараты платформаның жиынтығы.
Корпоротивті ақпараттық жүйелерге маңызды әсер ететін 3 факторды ерекше атауға болады;

  1. мекемені (кәсіпорынды) басқарудің әдістемесін дамыту;

  2. компютерлік жүйелердің жалпы мүмкіндіктері мен өнімділігін дамыту;

  3. ақпараттық жүйелердің элементтерінің техникалық және бағдарламалық жүзеге асырылу тәсілдерін дамыту;

Әр факторды жекелей қарастырайық:

  1. Мекемені басқарудың теориясы өте кең пән ретінде қарастырылады, сондықтан үнемі оқып үйрену мен дамытуды талап етеді. Бәсекелестіктің өсуіне байланыстыкомпания жетекшілеріне нарықты өздерінің бар болуын сақтап қалатын жаңа әдістерді іздеуге мәжбүрлейді . Сол себептен қазіргі

замандық ақпараттық жүйелер менеджмент теориясы мен практикасындағы жаңа кірістірулермен қатар жүру керек;

  1. Компютерлік жүйелердің қуаттылығы мен өнімділігі прогресі, желілік технологиялар мен мәліметтерді жіберу жүйесінің дамуы, компютерлік техниканың әртүрлі жабдықтармен интеграциясының кең мүмкіндіктері қпараттық жүйелердің өнімділігі мен қызметін үнемі дамытып отыруды талап етеді..

  2. Ақпараттық жүйелердің аппараттық бөлігінің дамуы мен бірге соңғы жылдары ақпараттық жүйелердің бағдарламалық – технологиялық жүзеге асырылуының жаңа, неғұрлым ыңғайлы және әмбебап әдістерін іздеу тұрақты жүріп жатыр. Соңғы уақытта ақпараттық жүйелердің дамуына үлкен әсер еткен маңызды жаңалықтар мыналар болды:

  1. Бағдарламалаудың жаңа тәсілі , яғни объектілі – бағдарлы бағдарламалау тілінің пайда болуы.

  2. Желілік технологиялардың дамуына байланысты локальді ақпараттық жүйелер клиент – серверлік және көп деңгейлі ақпараттық жүйелермен ауыстырулыда.

  3. Интернеттің дамуы қашықта орналасқан бөлімшелермен жұмыс жасау мүмкіндігін берді. Интернет арқылы сатып алушыларға қызмет көрсете отырып, электронды комерцияның келешегін ашып берді. Мекеменің ішкі желісінде интернет технологияларында, яғни интернет - технологияларды қолдану жетістіктерін берді.

Корпоративті ақпараттық жүйелердің негізгі құраушылары :

  1. Мекеменің компютерлік инфрақұрылымы. Ол желілік, телекомуникациялық, бағдарламалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық инфрақұрылымдар жиынтығы.

Мекеменің компютерлік инфрақұрылымын корпоративті желі деп те атайды.

  1. Өзара байланысқан қызметтесішкі жүйелер: Бұл мекеменің есептерін шешуді және мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді.

Ақпараттық жүйелердің жіктелуі.
Ақпараттық жүйелер әртүрлі белгілеріне байланысты жіктеледі:

  1. Масштабы бойынша жіктелуі.

  • дара ақпараттық жүйелер;

  • топтық ақпараттық жүйелер;

  • корпоративті ақпараттық жүйелер.


2-сурет. Ақпараттық жүйелердің масштабы бойынша жіктелуі



  1. Ұйымдастырушылық құрылымы бойынша жіктелуі.

Әдетте мекеме мынандай құрылымдық бөлімшелерден тұрады: бөлімдер, топтар, департаменттер. Мысалы: ПМУ → факультет → кафедралар.

  • Департаменттер үшін ақпараттық жүйелер – бірнеше қолданбалы бағдарламалар бір қызмет аймағында н/е департаментте қолданылуы мүмкін және олар бір-бірімен тәуелді болуы мүмкін н/е тәуелді болмауы да мүмкін.

  • Мекеменің/кәсіпорынның ақпараттық жүйелері – департаменттердің барлық қосымшаларының жиынтығы;

  • Ұйымдар (мекемелер/кәсіпорындар) арасындағы ақпараттық жүйелер бірнеше мекемелерді (партнерларды) байланыстырады.

  1. Қызмет аймағы бойынша жіктелуі.

  • Партнерларды өңдеу жүйесі – қайталанатын, көп есептерді және әрекеттерді қолдайды, сондай-ақ орындаулар штатын. Транзакцияларды өңдеу жүйесі мәліметтерді өңдеу жылдамдығына байланысты пакетті ақпараттық жүйелер және жедел ақпараттық жүйелер деп бөлінеді.

Ұйымдастырушылық басқарудағы ақпараттық жүйелерге транзакцияларды өңдеудің оперативті режимі қолданылады. (OLTP – Online Transaction Proccessing) - уақыттың сәтінде пәндік аймақтық өзекті жағдайын бейнелеу. OLTP жүйесі үшін қарапайым транзакциялардың (тапсырыстар, төлемдер, сұраныстар) жеткілікті түрдегі қарқынды ағыны сәйкес келеді.
Қойылатын талаптардың маңыздылығы:

  1. транзакцияларды өңдеудің жоғары өнімділігі;

  2. телекоммуникация бойынша мәліметтер қорына қашықтан кіруде ақпараттың жету кепілдемесі.

  • Менеджменттің ақпараттық жүйесі – менеджменттердің қызметтік әрекеттерін қолдайды;

  • Офистік автоматтандырылған жүйе - офистік қызметкерлер үшін;

  • Шешімдерді қабылдау жүйесі - менеджерлер мен аналитиктердің шешімдер қабылдануында қолданылады;

  • Орындаушылық ақпараттық жүйелер – жоғары басқарушылардың шешімдерін қолдайды.

  • Интеллектуалды ақпараттық жүйелер.

  • Ақпараттық – анықтамалық жүйелері.

5) ақпараттық жүйелердің ұйымдастыру тәсілі бойынша жіктелуі.

  • файл-сервер архитектурасы;

  • клиент-сервер архитектурасы;

  • көпдеңгейлі архитектурасы;

  • Интернет/Интернет технологиялары негізінде.

Ақпараттық жүйелерді жобалау негізгі үші аймақты қамтиды:

  • мәліметтер қорында жүзеге асатын мәліметтер объектілерін жобалау;

  • мәліметтерге сұранысты орындайтын бағдарламаларды, экрандық формаларды, есептерді жобалау;

  • нақты ортаны немесе технологияны есепке алу, атап айтқанда, желі топологиясы, архитектураны, таратылған мәліметтерді өңдеуді, параллельді өңдеуді қолданатын аппараттық құралдардың конфигурациясы (файл-сервер немесе клиент-сервер).

Ақпараттық жүйелерді жобалау жобаның мақсатын анықтаудан басталады. Жобаның мақсаты - жүйені бастау сәтіндегі және оны қолданатын барлық уақыт ішінде қамтамасыздандырылуды қамтитын бір қатар өзара байланысқан есептердің шешімі.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет