Президент жарлығымен Алмасадам Сәтқалиев энергетика министрі лауазымына, Ғани Бейсембаев оқу-ағарту министрі лауазымына қайта тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алмасадам Майданұлы 1970 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Назарбаев университетінің жоғары бизнес мектебін, Стэнфорд университетінің жоғары бизнес мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы жеке секторда бастаған.

1997-2001 жылдары "ҚазТрансОйл" ұлттық компаниясының менеджері, департамент бастығы, басқарушы директоры, вице-президенті болып жұмыс істеді.

2001-2006 жылдары "KEGOC" АҚ қаржы директоры, вице-президенті, бірінші вице-президенті болды.

2006-2007 жылдары "KEGOC" АҚ бойынша топ жетекшісі, "Самұрық" АҚ электро-энергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры болып жұмыс істеді.

2007 жылы Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

2007-2011 жылдары "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ тұңғыш вице-президенті, президенті, басқарма төрағасы, президенті болды.

2011-2012 жылдары "Самұрық-Қазына" АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды.

2012-2018 жылдары — "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы.

2018-2021 жылдары "KazEnergy" ЗТБ төрағасының орынбасары, "Самұрық-Қазына" АҚ активтерді басқару бойынша басқарушы директоры қызметтерін атқарды.

2021 жылғы наурыздан 2023 жылғы сәуірге дейін — "Самұрық-Энерго" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы.

2023 жылдың 4 сәуірінен бері энергетика министрі қызметін атқарған. 

Ал оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.

1989-1990 жылдары — қазақ тілі мұғалімі.

1990-1995 жылдары — орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

1995-1997 жылдары — орта мектеп директоры.

1997-2000 жылдары — ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, референті.

2000-2001 жылдары — Қапшағай қаласы Білім бөлімінің басшысы.

2001-2006 жылдары — Халықаралық қосымша білім беру орталығының директоры.

2006-2007 жылдары — Алматы технологиялық университеті Техникалық-экономикалық колледж директоры.

2007-2020 жылдары — Халықаралық білім беру орталығының бас директоры.

2020 жылы ҚР БҒМ "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болды.

2020-2022 жылдары — ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті.

2022 жылғы наурыздан бастап 2023 жылғы сәуірге дейін — ҚР білім және ғылым вице-министрі. 

2023 жылы сәуірде оқу-ағарту министрі қызметіне тағайындалған.  

Еске салсақ, бұған дейін Айдарбек Сапаровтың ауыл шаруашылығы министрі, Бағдат Мусин цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымында қалғаны туралы жазған едік.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.