Бүгін мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов кулуарға шығып, журналистердің сұрағына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Мәжіліс кулуары

“5 наурыз күні сіз жұмыс сапарымен Мәскеуге бардыңыз, сол күні Бектенов те барды. Бұл кездейсоқтық па? Қоғамда шенеуніктер неге Ресейге барғыштап кетті деген алаңдаушылық бар” сұрады тілшілердің бірі. 

Мәжіліс төрағасы бұл әдейі ұйымдастырылмағанын айтты. 

“Менің сапарым – көптен жоспарланған ресми сапар. Сапар барысында Ресейдің дума басшысы Володя әріптесіммен және федерация кеңесінің төрайымы Матвиенко ханыммен кездесу өткіздік. Заң шығару және екі мемлекет арасындағы басқа да жұмыстар бойынша мәселелер қаралды. Соның ішінде жүк тасушылардың шекарадағы мәселелері, Ресей мен Беларусь шекарасында, сонымен қатар Қазақстан мен Ресей шекарасында бірқатар проблема туындаған. Әскери оқу орындарында оқып жатқан кей студенттеріміздің де мәселесі айтылды. Оның бәрі алда шешіледі”, – деді Қошанов. 

Сонымен қатар тілшілер “ресейлік депутаттар Қазақстанның аумақтық тұтастығына қатысты қоқан-лоқы көрсететіні туралы сөйлестіңіздер ме” деп сұрады. 

“Бұл тақырып бойынша федерация кеңесінің төрағасы Матвиенкомен сөйлестік. Ол ештеңеге уәде берген жоқ. Бірақ екі жақтап тосқауыл қоямыз. Бірлесіп осы мәселе бойынша жұмыс істейміз”, – деді Ерлан Жақанұлы. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.