Тұрғындар үшін жаднама



жүктеу 34.66 Kb.
Дата21.09.2017
өлшемі34.66 Kb.

Тұрғындар үшін жаднама

Бруцеллезді алдын алу
Қаңтардан бастап осы уақытқа дейін Бородулиха ауданы аумағындағы жеке қосалқы шаруашылықтарда ІҚМ және ҰМ бруцеллезі тіркелді.

Бруцеллез-инфекциялық ауру, қызудың көтерілуімен жүйке немесе басқа да жүйелерді, сүйек-буындарды, көбінесе қимыл-тірек аппараттарын зақымдаумен сипаталады.

Адамдар үшін бруцеллез инфекциясының негізгі көзі ұсақ, ірі қара мал және шошқа болып табылады. Бруцеллездің адамдарға солтүстік бұғылардан жұғу жағдайлары байқалған. Жылқыдан, түйеден, қодастан және жануалардың кейбір түрлерінен жұғу сирек кездесетін жағдай. Жануарлардағы ауру, қысыр қалу, іш тастау, өмір сүре алмайтын төлдің тууы, өсімділіктің төмендеуінен байқалады. Ауруға шалдыққан жануарлар бұзаулаған және төлдегенде, туу кезінде және төлдегенде жолдас, қағанақ суымен қоршаған ортаға қоздырғыштардың көп көлемде бөлінуі кезеңде үлкен қауіп төндіреді. Микробтар қоршаған ортаға бұзаулаған немесе төлдеген кезде ғана емес, сонымен қатар сүтпен, жыл бойғы несеп, нәжіс арқылы да тарайды.

Адамдарға жұғу, туғанда көмек көрсету, іш тастау, сою және ұшаны өңдеуде, жүн қырқуда, жануардан бөлінген нәрселермен бүлінген заттармен байланыста болған жағдайда, тамаққа термиялық өңдеу толық жүргізілмеген етті, қайнатылмаған сүтті немесе шикі сүттен әзірленген сүт өнімін (сүзбе, ірімшік және т.б.) пайдаланғанда болады.

Бруцеллездің қоздырғышы әртүрлі субстраттарда ұзақ уақыт сақталуға қабілетті. Тоңазытқышта сақталған шикі сүтте бруцеллездің қоздырғышы 10 күнге дейін сақталады, сары майда -4 аптадан аса, үйдің ірімшігінде-3 апта, сүзбе ірімшікте- 45 күн, айран (ұйыған сүт), қаймақта- 8-15 күн, қымыз, шұбтта (ашыған түйе сүті)- 3 тәулікке дейін; етте-12 күнге дейін; ауруға шалдыққан ұшаның ішкі ағзаларында, сүйегінде, бұлшықет пен лимфалық түйіндерінде- 1 ай және одан артық; қой жүнінде, елтіріде- 1,5 айдан 4 айға дейін. Ауруға шалдыққан мұздатылған ет және сүт өнімдерінде бруцелланың өмірге қабілеттілігі сақталу кезеңі бойына сақталады.

Адамдағы жасырын кезең (жұқтырғаннан ауырғанға дейін)1-2 аптаны құрайды, кей жағдайларда екі айға дейін созылады, бұл ағзаға түскен қоздырғыш мөлшеріне, оның уыттылығына және ағзаның күресуіне байланысты болады. Ауру әдеттегідей, 7-10 және одан артық күн аралығында дене қызуының +39-40 °С (қызудың көтерілуі кешкі және түнгі уақытқа сипатты) көтерілуден басталады, кейбір жағдайда тиісті терапия көрсетілмесе 2-3 айға дейін сақталады. Безгек тоңып дірілдеу, тер басу және жалпы интоксикалық белгілері байқалады. Ары қарай қимыл-тірек аппараттарын, жүрек-тамыр, жүйке және басқа да органдардың жүйесін (артрит, спондилит, ишиорадикулит, менингоэнцефалит, миокардит және басқа клиникалық байқалулар) зақымдану белгілері қосылады. Жоғары температура жағдайында ауру өзін қанағаттанарлық сезіну бруцеллезге тән сипат.

Ауру адам қоршаған ортаға қауіп төндірмейді!

Бруцеллез ауруын алдын-алу үшін, жеке қосалқы аулаларда мал ұстайтын тұлғаларға:

1. Жануарларды ветеринарлық мекемелерде, КМК (ШҚО Бородулиха ауданының ветеринарлық қызметі) тіркеуге, ветеринарлық паспорт берумен жануарға бірдейлендіру нөмірін алу;

2. Сатып алу, сату, союға өткізу, өріске шығару, жайылымға жіберу және басқа да қозғалыстарды ветеринарлық қызметтің рұқсатымен ғана жүргізу;

3. Қайтадан сатып алынған жануарға ветеринарлық тексеру және өңдеу жүргізу үшін карантинге қою;

4. Бруцеллезге күдікті барлық ауру жағдайлары (іш тастау, өмір сүре алмайтын төлдің тууы) туралы ветеринарлық қызметін хабардар ету;

5. Ветеринарлық қызметтің жануарды күтіп-бағу бойынша ұсынымдарын сақтау қажет.


Тұрғындар арасында бруцеллез жұқтыруды алдын алуға мүмкіндік беретін ұсынымдар:
1. Өнімді арнайы орындардан сатып алу (базар, дүкен, шағын маркет және т.б.).

2. Жеке тұлғалардан сатып алынған шикі сүтті қолдануға жол бермеу.

3. Етті дайындағанда-бір сағаттан кем емес термиялық өңдеумен кішкене кесекпен дайындау.

4. Бруцеллезге шалдыққан мал анықталған жағдайда, он бес күн мерзімінде жануарды сою қажет (сою қатаң мал сою алаңында), ал ауру жануар ұсталған қора-жайға механикалық тазарту жүргізіп, дезинфекция жасау.



Сонымен қатар, алдын алу үшін медициналық мекемелерде жылына бір рет эпидемиялық көрсеткіштерге келесі жұмысты атқаратын тұлғалар тексеруден өту қажет:

  • бруцеллезге шалдыққан жануарлар тіркелген шаруашылықтардан алынған малтектес шикізат пен өнімдерді дайындау, сақтау және өңдеу бойынша;

  • бруцеллезбен ауыратын жануарды сою, одан алынған ет және ет өнімдерін дайындау және қайта өңдеу бойынша;

  • бруцеллезбен ауыратын жануар иелері.


Бөлім басшысы-Е. Шәкенов

Тел: 2-20-56


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет