Түрі: спорттық сайыс Өтетін орны: спорт зал Мақсаты



жүктеу 29.37 Kb.
Дата08.05.2018
өлшемі29.37 Kb.

Тайпақ орта жалпы білім беретін мектебі

Шараның тақырыбы: «Толағай» отбасылық сайысы

Түрі: спорттық сайыс

Өтетін орны: спорт зал

Мақсаты: Отбасындағы тәрбиенің маңыздылығын, ата – ана мен балаға еліміздің ертеңі – дені сау азаматтың қолында екендігін түсіндіру және салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Жүргізілу барысы:

1 – жүргізуші: Армысыздар қадірменді қонақтар! Құрметті ата – аналар, ұстаздар мен оқушылар!

2 – жүргізуші: Тәуелсіздік – аңсап жеткен елдігім,

Қуанышпен тойлауда енді, ел бүгін.

Мүмкіндік бар айтуға да, жазуға

Тарихымды, аға ұрпақтың ерлігін!

Биыл Отанымыз өзге елдермен терезесі тең, иықтас, өз алдына дербес тәуелсіз мемлекет болғанымызға – 25 жыл.

1 – жүргізуші: Халқымыз халық болғалы ұрпақ қамын алғашқы кезекке қойып келеді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев биік тігілген көк байрағымыз астында болашақтың тізгінін жастарға қамдауда. Өнер, білім, салауаттылық қай елдің болмасын баға жетпес байлығы. Осы бағытта 80 жылдың үстінде үздіксіз білім мен тәрбие беріп, жаңа қоғамға жас ұрпақ өсіріп келе жатқан білім шаңырағы – Тайпақ ОЖББ мектебі.

2 – жүргізуші: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толуына орай мектебімізде өтіп жатырған «Ұлы Дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты шаралардың бірі – «Толағай» отбасылық спорттық сайысына қош келдіңіздер!

1 – жүргізуші: Бәйгенің аттарындай шабыстары,

Білімнің ұшқыр болсын табыстары

Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық

Сайысқа қатысушы жанұяны.



2 – жүргізуші: Сайысқа қатысушы отбасыларды ортаға шақырайық:

  1. «Қыран» тобы - Жұмағалиевтар отбасы

  2. «Сұңқар» тобы - Көтергеновтер отбасы

  3. «Барыс» тобы - Қожахметовтар отбасы


1 – жүргізуші: Қайырлы күн, ұстаздарым, ардақты

Шәкірттерім білім қуған жан – жақты

Кәрі – жас та, үлкен – кіші қаумалап

Жанұялар сайысына кеп қалды.



2 – жүргізуші: Қандай сайыс болсада қашпайық біз,

Қиындықтан қорқып тасып – аспайық біз

Ал енді сіздер рұқсат етсеңіздер

Отбасылық «Толағай» сайысын бастайық біз



1 – жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалсын.

Мемлекеттік Әнұран орындалады



2 – жүргізуші: Сайыскер топтарымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздыр:

  1. Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі – Нұрғалиев Қуаныш Қадырханұлы

  2. Дене шынықтыру пәні мұғалімі – Кажушев Алпамыс Қадырұлы

  3. Бастауыш сынып мұғалімі – Шайхиева Марзия Тұрсынғалиқызы

(Толағай спорттық сайысына Ұландар ұйымы мүшелерінің сәлемдемесі)

1 – жүргізуші: «Толағай» отбасылық спорттық сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар:

  1. Кедергі

  2. Кенгуру

  3. Жүргізуші

  4. Тасымал

  5. Ұяшық

  6. Секіртпе

  7. Мергендер

2 – жүргізуші: Сайысымыздың шарттарымен таныс болсаңыздар, «Сымбат» бишілер тобының өнерін тамашалайық. «Сымбат» бишілер тобы спорттық биімен ортада.

Сайыс кезеңдері өткізіледі.

Әр сайыс кезеңдерінен соң әділқазы алқасы бағалап отырады.

Қорытынды:

Ұшқыр ойға серік болған шеберлік,

Сөз кезегін қазыларға берелік

Жанұялар өнерлі де мықты екен



Бұл сайыстың нәтижесін көрелік – деп сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Марапаттау кезеңі.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет