Атырауда әйелін өзі босандырып алған азамат жедел жәрдем қызметіне наразы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

(Үйде босанған келіншектің күйеуі Мереке Құмаров)

Атырауда 29 жастағы келіншек алтыншы баласын өз үйінде өмірге әкелді. Ана мен бала дін аман. Кешігіп жеткен жедел жәрдем оларды перзентханаға жеткізіпті. Бүгін Атырауда екі әйел дәл осындай жағдайда үйде босаныпты. Себеп —жедел жәрдемнің уақтылы келмеуі.

"Қабылдаған диспетчерлердің сылбырлығы деп ойлаймын. Мен ол кісілерге аты-жөні мен диагнозын толық айтқан кезде қайталап кері сұрап, одан кейін жасын, тағы да басқа қосымша ақпарат сұрап жатыр. Жедел түрде, бала шығып жатыр дегеннен кейін. Білмеймін, жедел жәрдем дереу қабылдау керек деп ойлаймын. Мекенжайды беріп тұрмын. Егер жалған ақпар берсем, онда заңға тартуларына болады”, – дейді келіншектің күйеуі Мереке Құмаров.

Әйелін өзі босандырып алған азамат жедел жәрдем қызметіне наразы. 103 операторлары бірнеше минут бойы түрлі сұрақ қойып, еш асықпаған. "Амалсыз кинодан көргенімді, бар білгенімді жасадым" дейді ол. Осылайша алтыншы сәбиі өз отбасында шыр етіп дүниеге келіпті. Ал жедел жәрдем станциясының басшылары әйелдердің үйде босануы дүрбелең жасайтын дүние емес деп отыр. Тіпті Еуропа тәжірибесінен мысал келтірген директор медицина мамандары санатқа сай, уақытымен барды дейді.

“Әйел босануыдеген физиологияда қалыпты жағдай болып есептеледі. Сіз сияқты дүрбелең жасайтын патология емес. Бізде бес минутта жетіп келу керек деген түсінік бар. Ондай емес. Бізде шақырту санаттары бар. 1,2,3,4 санаттар деп атаймыз. Сол бойынша жедел жәрлем уақытында барған. Мен ешқандай кешігу көріп тұрған жоқпын”, – дейді Атырау облысы жедел жәрдем станциясының директоры Азамат Ерболов.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.