Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақысылықов коммуналдық қызметтердің тарифі әлі де қымбаттайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бірақ дәл қанша процентке өсетінін айта алмайтынын мәлімдеді.

"Баға қымбаттауы болады. Дәл қандай болатынын мен сізге айта алмаймын. Еліміз өте үлкен. Бізде аймақтар да көп, монополистер де көп, сәйкесінше тариф те көп", — деді ол. 

Журналистер 90 мың теңгенің бренд көзілдірігін киетін шенеуніктер осындай айлыққа бір ай өмір сүретін халықтың қымбатшылықтың қыспағында қалғанын түсінбейтінін айтты. “Жалақы бір қалыпта тұраған кезде тариф неге үнемі қымбаттай береді?” деген сауалға ол тарифті қымбаттатпасақ, Екібастұздағыдай апат қайталанады деп жауап берді. 

"Сапа көтерілу үшін инвестиция салынуы керек. Қазір тарифті қамбаттатып, жаңартулар жүргізбесек, Екібастұздағыдай апат қайталанады", — деді ол. 

Айта кетейік, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкіметте коммуналдық тарифтер жеті жыл бойы кезең-кезеңмен өсе беретінін айтқан болатын. Тарифтерді қымбаттату бойынша министрлік жоспарына сәйкес, орташа есеппен 20-30% қымбаттау болатыны туралы ақпарат берілді. Бірақ ақпан айының басында қаңтар айына коммуналдық төлемдер қағазын алған қазақстандықтар тарифтің 30%-дан көбірек қымбаттағанын айтып, шағымданып жатыр.

Бұған дейін Алматыда 1 наурыздан бастап электр қуаты қымбаттайтынын жазған болатынбыз.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.