Тұтап шығып сөзі ойдан, аһ дегенде пеш-демі



жүктеу 6.74 Kb.
Дата09.05.2019
өлшемі6.74 Kb.

ҚАСЫМ АҒА

Тұтап шығып сөзі ойдан,


аһ дегенде пеш-демі,
Жалын айдап шығатын –
Уа, ақ жалын, кеш мені,
Ұшқын ұшса жалыннан
ойып түсіп бір түрлі,
бетіңе леп ұратын
қағаз күйген сықылды.
Әр жолының астына
Қалың мағына қапты ұйып,
теңеулері сондықтан
көрінеді баттиып.
Үтірлері – тұлпардың ізі сын-ды бір ұлы,
нүктелерінің өзі
жұдырықтай жұмулы.
Телі-тентек сөздерді
айдап келіп қамарда,
жақшалары ұқсайды
Тәңір соққан қамалға.
Сәл шытынса қабағын
Шыңдарына қар түсіп,
Сәл жымиса – Африка,
Антарктида шарпысып
сықырлайды мұз болып,
Әлемнің бір жартысы,
Мұзға қарсы жалын боп
шарпысады жартысы...
О, космос ақыны!
Ашық бояу өртенген,
жалт етіп бір құйрықты
жұлдыз сынды ерте өлген, –
Жоқ, өлген жоқ, ізі, әне –
Жосып жатыр – саспаңдар,
Құдай тартқан секілді
бір сызықты ақ бормен,
Қара тақта – аспанға!

Жұмекен НӘЖІМЕДЕНОВ



Орталық Қазақстан. - 2011. - 24 мамыр (№ 81). - 4 б.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет