Туннельден шығатын су ағынының артық энергиясын бәсеңдету



Дата05.12.2018
өлшемі40.15 Kb.
#56705

УДК 333.93(574.52)
Туннельден шығатын су ағынының артық энергиясын бәсеңдету
Канд.техн. наук Р.А.Джурумбаева

Г.Е.Кожамкулова.


Бәлекей өзенмен төменгi бьефтегi тастау ағынының түйiндесiн осы бапта қаралады. Туннелдi су жiберуден шығуда тастау сiрнесi сөндiру үшiн ғана емес бұл конструкция құламаның вихровогосы жаңа конструкция эксперименталдi зерттеулер негiзiнде қолданылады ағынның энергиясын сөндiредi, бойынша қажеттi бұрышқа оның бұрылысын қамтамасыз етедi және меншiктi шығындар кенет төмендетедi.
Тар жартастарда (шатқалдарда) орналасқан су тораптарында туннельдік су ағындары кеңінен пайдаланылады. Кез келген туннельдік су ағындарының соңғы конструктивтік торабы өзен аңғарына тунннельден түскен судың қосылған жері /1 . Мұндай тораптарға мынадай талаптар қойылады:

  1. Туннельдегі су ағынының жылдамдығы үлкен (15 20 м/с астам), ал салыстырмалы шығыстар бірнеше ондаған, тіптен жүздеген м/с, сондықтан да қосылатын торап ағынның жылдамдығын тұрмыстық өзендерге жақын шамаға дейін төмендетілуін қамтамасыз етуі және үлесті шығыстарды төмендетіп, ағынды кеңейтуі тиіс;

  2. Екі ағын қосылған кезде толқындар мен өзеннің немесе арнаның жоғарғы жағына соғуы пайда болады, сондықтан да ағыстың өзенге қосылған жеріндегі ағын режимінің табиғи жағдайын қамтамасыз етуі тиіс;

  3. Қосылған торап ағынның қажетті бағытқа бұрылуын қамтамасыз етуі тиіс, ол тунельден түсетін су бөгетке жақын болуына мүмкіндік береді. Бұл су түсетін ұзындықты қысқартуға мүмкіндік береді;

  4. Ағып түсетін су сутораптың басқа қондырғыларының тұрақтылығына қолайсыз жағдай туғызбауы тиіс.

Жоғарыда атап көрсетілген талаптарға сай болуы үшін көптеген сутораптарда барлық су ағып түсетін туннельдер қондырғылырдың жармасынан алыс болуы тиіс, олардың көпшілігі өзен арнасымен  бұрышта қиылысады. Туннельдік ағын суларда кездесетін осы екі ерекшелік жоғарыда атап көрсетілген талаптарды сақтамауға әкеліп соғады.

Шындығында да, қондырғыдан үлкен қашықтықтан түсетін су қондырғының жарма аймағындағы (судың құлауы, гидравликалық шапшыма, толқындардың пайда болуы) динамикалық процестерді алыстатады. Бұл аймақта өзен арнасын бұзады, ол әрине қажет емес. Мұндай схема су жинайтын туннельдің трассасын ұзартады, бұл қондырғының үнемділігін төмендетеді.

Осылайша тунельден түсетін су ағыны үшін шағын конструкция әзірлеу қажет, ол түсетін ағынның артық энергиясын бәсеңдету, оның қажетті бұрышқа бұрылуын және үлесті өтімдерді күрт азайтуды қамтамасыз етеді.

Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институтында арыны төмен – құйынды құлама қондырғысы әзірленді /2/. Ол (1-сурет) жеткізуші туннельден немесе ашық каналдан, иірмелі камерадан, қысқа цилиндрлі шахтадан және ағын су өзенге түсетін бәсеңдеткіш камерасынан тұрады.

Иірмелі камерада айналған ағын шахта арқылы бәсеңдеткіш камерасына түседі, мұнда шеңберлі гидравликалық шапшыма пайда болады. Иірмелі камера мен шахта ағысты бастапқы бағытынан кез келген бұрышқа бұруды қамтамасыз етеді. Бәсеңдету камерасында ағын күрт кеңиді және энергиясы бәсеңдетіледі. Камераның соңғы жағында тіліктері бар су соғатын қабырға орнатылады, ол бәсеңдеткіш камерасынан шығатын жаққа бағытталған шапшыманы сумен толтырады. Тіліктер үлесті өтімдерді біркелкі бөлу және су жоқ кезде камераның босатылуы үшін қажет.


Сурет – 1. 1 – шахта осі, 2 – бәсеңдеткіш камерасының осі, 3 – тістемелі бәсеңдеткіш, 4 – бәсеңдеткіш камера, 5 – спиралды камера, 6 – төмендетілген учаскедегі жылжымалы камера, 7 – спиралды камераның шыға берісіндегі камера.

Бұл камераның жұмысы Бестөбе суторабының су тастағыш құрылымдарының жұмысызбаларын әзірлеу кезінде пайдаланылды. Қондырғы арқылы /с жіберіліп отырды. Зерттеулер көлеміндегі модельде жүргізілді. Тәжірибелер көрсеткендей, құйынды құламадан төмен орналасқан арнаны су шайып кеткен. Су шаюдың дәрежесін азайту үшін биіктігі 2 м, терезелерінің тесіктерін 1 х 1 м болатын су табанының қабырғалары пайдаланылды. Эксперименталды зерттеулер незінде арнаның басталатын жерін тау жыныстарымен күшейту ұсынылды. Құйынды құламанын жаңа конструкцияларын әзірлеу бойынша жүргізілген осы зерттеулермен қатар біз туннельдің шығаберісінде қисық жолмен шығатын тұмсық-трамплин болған кезде су қосылатын жердегі жағдайларды зерттедік. Тәжірибелер көрсеткендей, су жіберу көлемінің ұлғаюына қарай су тұмсықтан жылға болып ағып шығады да алысталған сорғы түріне қарай төменгі бьефпен жанасады. Мұнда бекітілмеген арнаны су шайып кетуі байқалады. Су арнадан шыққан толқындар оң жақтағы жағалауды шайып кетеді.

Құйынды құлама-бәсеңдеткішті қолдану қолайсыз құбылыстарды болдырмайды, ондай құбылыстар тұмсық-трамплинмен жанасқан кезде байқалады және туннельден шығатын жылдамдықты, бәсеңдету камерасынан шығатын ағыстың күрт кеңеюі есебінен болатын үлесті өтімдердің көлемін төмендетуге; ағып шығатын су мен оның шайып кету қабілетін анықтайтын топографиямен белгіленген, ағысты қажетті бұрышқа бұруға мүмкіндік береді.
Әдебиет


  1. Гальперин Р.С., Розанов Н.Н., Золотов Л.А., Цедров Г.Н. Гашение энергии высокоскоростного потока в туннельных водосбросах. Гидротехническое строительство, М. 19.72 №4.

  2. Перепад водосброса. Ахмедов Т.Х., Джартаева Д.К., Бельгибаев Б., Джурумбаева Р. Положительное решение на заявку №960390.1



Гашение энергии сбросного потока на выходе

из туннельного водосброса.
Р.А.Джурумбаева

Г.Е.Кожамкулова


В данной статье рассматривается сопряжение сбросного потока в нижнем бьефе с руслом реки. Для гашении сбросного патока на выходе из туннельного водосброса применяется новая конструкция вихрового перепада на основании экспериментальных исследований эта конструкция не только гасит энергию потока, по обеспечивает его поворот на необходимый угол и резко снижает удельные расходы.

Clearing of energy of a flow on an output(exit) from tunnel
R.A.Dzhurumbaeva

G.E.Kozhamkulova


In given clause the interface of a flow in bottom with a channel of the river is considered(examined). The new design of difference is applied to clearing патока on an output(exit) from tunnel on the basis of experimental researches this design not only extinguishes energy of a flow, on provides his(its) turn on a necessary corner and sharply reduces the specific charges.
Каталог: rus -> all.doc -> Vest11 -> 2-2011
2-2011 -> Информатика, есептеу техникасы және басқару
2-2011 -> Диффузияның жартылай эмпирикалық теңдеуі бойынша қоспа концентрациясының сандық есептеулері
2-2011 -> Автоматтандырылған 330, 430 кл машиналарының ине механизмінің синтезі
2-2011 -> Салықтық бақылауды дамыту мәселелері
2-2011 -> Мақта саласында рыноктық қатынастарға өту реформалары және рыноктың қалыптасуы
2-2011 -> Биология ғылымдары
2-2011 -> Гидротехника қҰрылыстары
2-2011 -> Туризм саласындағы ақпараттық технологиялар


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет