Ақтөбе облысындағы Шалқар көлінде адамы бар көлік суға батып кетті. Бір адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ктк арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет pexels-тен

Құтқарушылардың мәліметінше, көлік мұз астына батқан.

"8 қаңтарда сағат 15:52-де Шалқардағы көлде ВАЗ-2110 көлігі мұз астына құлап кетті. Оның ішінде үш адам болған. Олардың 44 және 53 жастағы екеуі жағаға шыға алған. Ал 52 жастағы үшінші ер адам суға батып кетті. Сағат 17:45-те құтқарушылар оның денесін мұз астынан алып шықты", – делінген сейсенбіде.

Қазір көлік әлі де су астында. Құтқарушылар оны жер бетіне шығару үшін шаралар қабылдауда.

  • Ойынның соңы қайғылы оқиғаға алып келді: Батыс Қазақстан облысында көлік капотына отырып сырғанаған қыз қаза тапты

  • Абай облысында мұз жарылып, суға батып кеткен 5 жасар баланың денесі табылды


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.