Кеше Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің 1-курс студенті тәуліктік кезекшілік қызметіне кірісіп, өзіне оқ атып, қаза тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: infoliepaja.lv

“13 ақпанда Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжде 1-курс кадеті тәуліктік кезекшілік міндетін өтеуге кірісу барысында бекітілген қарудан өз-өзіне оқ атып, мерт болды. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – делінген қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемесінде. 

Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.

“Қорғаныс министрлігі басшылығы және әскери колледждің жеке құрамы кадеттің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады”, делінген хабарламада. 

Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжі Ақмола облысының Щучинск қаласында орналасқан. Колледж – қарулы күштер құрамына кәсіби сержанттарды дайындайтын негізгі орталық. 

Бұған дейін Астана маңында мерзімді әскери қызметші парашютпен секіру кезінде қаза тапқанын хабарлаған едік. 

 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.