Түшкіргенде қатты дауыс шығару әдепсіздікке жатады. Бірақ дәрігерлер түшкірікті мүлдем тежеп тастауға да болмайтынын, оның денсаулыққа зиян екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

pixabay.com

Мамандардың айтуынша, түшкірікті тежегенде құлақтағы дабыл жарғағы, көздегі қан тамырлары жарылып кетуі мүмкін. Салдарынан мұрыннан қан кетеді, мұрын қуысы зақымданады, сондай-ақ жиі бас ауруына әкеледі.

“Тыныс жолдарындағы жоғары қысым адам өміріне қауіпті ми аневризмасының жарылуына әкелуі мүмкін”, – дейді сарапшы.

  • Смартфон мен микротолқынды пеш қатерлі ісік тудыра ма – Мамандар жауап берді
  • Дәрігер арықтауға көмектесетін шайдың 6 түрін атады

Дұрыс түшкіру үшін орамал мен бір рет қолдануға арналған майлықтарды пайданғаныңыз жөн. Сарапшылар қолданған соң майлықты лақтырып, міндетті түрде қолды сабынмен жууға кеңес береді.

Бұған дейін маман “Еттен кейін Coca-Cola ішу дұрыс па?” деген сауалға жауап берген еді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.