Петропавлда су құбыры жарылып, бүтін бір көше тұрғындары сусыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Су жүйесінің шүмегі істен шығып, су сыртқа төгілген. Салдарынан ондаған тұрғын үй тіршілік нәрінен қағылды. Ал көшеге жайылған су лезде қатып, көлік жүргізушілеріне ыңғайсыздық туғызған. 

“Апат таңғы төртте болды. Біз шүмекті ауыстырып, суды қайта жібердік. Жұрт екі сағат сусыз отырды. Бізден кейін коммуналдық кәсіпорындар көшені жинастырып, жолды қалпына келтірді”, – деді “Қызылжар су” ЖШС бас инженері Ербол Нәбиев. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.