Halyk Bank және "Халық" қоры су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек ретінде өз қаражатынан 1 млрд теңге бөлу туралы бірлескен шешім қабылдады.

Фото pixabay.com

Тимур мен Динара Құлыбаевтар негізін қалаған Halyk тобы және "Халық" қоры мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шараларымен қатар, бұл жағдайға бей-жай қарамайтын азаматтар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен жасалып жатқан бұл қадам табиғи апаттың зардабынан тезірек қалпына келуге көмектеседі деп үміттенеді.

Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Алматы, Павлодар, Ұлытау және Абай облыстарында болған жаппай су тасқыны салдарынан үйлер су астында қалды. Бүгінде 12 мыңнан аса адам эвакуацияланып, уақытша орналастыру пункттеріне жеткізілді.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.