Израиль билігі Палестинаның мемлекеттігін “біржақты мойындаудан” ресми түрде бас тартты. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху бұл шешімді министрлер кабинетінде дауысқа салды және оны бәрі бірауыздан қолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Associated Press

Нетаньяху отырыс басталар алдында бүгін осы мәселе бойынша үкіметтің декларативті шешімін шығаратынын айтты. 

"Израиль палестиналықтармен тұрақты келісімге келуге қатысты халықаралық диктанттан үзілді-кесілді бас тартады. Мұндай келісімге алдын-ала шарт қоймай, тараптар арасындағы тікелей келіссөз арқылы ғана қол жеткізіледі. Израиль Палестина мемлекетін біржақты мойындауға алда да қарсы бола береді. 7 қазандағы қырғыннан кейін мұндай мойындау терроризмді қолдау саналады және болашақта кез келген бейбіт келісімге кедергі келтіреді", — делінген министрлер кабинеті мақұлдаған мәлімдемеде. 

Сонымен қатар, Reuters дипломаттарға сілтеме жасай отырып, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі сейсенбіде Газадағы атысты тоқтату туралы қарарға дауыс беруі мүмкін деп хабарлады. Қарарды ұсынған Алжир ұйымның 15 мүшесін Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыста атысты тоқтатуды талап етуге шақырды.

Америка Құрама Штаттары вето құқығын пайдаланатынын білдірді.

Алжир екі аптадан астам уақыт бұрын қарардың бастапқы жобасын ұсынған. Бірақ АҚШ-тың БҰҰ-дағы Елшісі Линда Томас-Гринфилд бұл мәтін соғысқа үзіліс қою келіссөзіне қауіп төндіруі мүмкін екенін айтты.

Дипломаттардың айтуынша, сенбіде Алжир жобаны сейсенбі күні дауысқа салуды өтінді. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарын қабылдау үшін Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері — АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай және Ресейден кемінде тоғыз "иә" деген дауыс жиналып, вето болмауы қажет.

"Америка Құрама Штаттары қарардың осы жобасы бойынша шешім қабылдауды қолдамайды. Егер ол дәл осы күйінде дауыс беруге шығарылса, қабылданбайды", — деді Томас-Гринфилд сенбіде жарияланған мәлімдемесінде.

Бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ХАМАС ұсынған атысты тоқтату шарттарын қабылдамаған еді. Ол Газа секторында бірнеше айда жеңіске жететініне сенімді.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.